Главная страница
Навигация по странице:

  • Мойын бөлімінен шығатын нервтер мен тармақтар

  • Сұр дәнекер тармақтар(rami communicantes grusei

  • Ішкі ұйқы нерві ( nervus petrosus profunus)

  • Мойындырық нерві ( nervus jugularis)

  • Омыртқалық нерв( nervus vetebralis)

  • Сыртқы ұйқы нервтері ( nervi carotici externi)

  • Бұғана астылық тармақтар (rami subclavici)

  • анатомияя. Truncus sympathicus


    Скачать 133.47 Kb.
    НазваниеTruncus sympathicus
    Дата15.12.2020
    Размер133.47 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаанатомияя.docx
    ТипДокументы
    #160716

    1 сұрақ жауабы

    truncus sympathicus бұл бізде симпатикалық сабау.Орналасады омыртқа бағанының бүйірінде орналасады,жұп құрылым. Түйіндері ganglia trunci sympathici деп аталады.Симпатиқалық сабаудың 4 бөлімін ажыратамыз. Олар: мойын,кеуде,бел жән сегізкөз.

    Осындағы симпатикалық сабаудың мойын бөлімі үш түйіннен тұрады: жоғарғы мойын ( ganglion cеrvicale superius) ,ортаңғы мойын( ganglion cеrvicale medium) және мойын-кеуде немесе жұлдызды түйін ( ganglion cеrvicothoracium seu stellatum) .

    Мойын бөлімінен шығатын нервтер мен тармақтар:

    1. Түйінаралық тармақтар(rami interganglionares) мойын-кеуде түйіндерін өзара байланыстырушы тармақтар.

    2.Сұр дәнекер тармақтар(rami communicantes grusei) – симпатикалық сабауды мойын және жоғарға кеуде нервтерімен байланыстыратын талшықтар; rami communicantes grusei арқылы соманың вазомоторлық және трофикалық үрдістері қамтамасыз етіледі.

    3. Ішкі ұйқы нерві ( nervus petrosus profunus) – ішкі ұйқы өрімін ( plexus caroticus inyernus) түзеді. Ескеретін жағдай, терең тастақтық нерв бет нервісінің үлкен тастақтық нервімен қосылып,қанат тәрізді канал нервін түзеді де вегатативтік қанат-таңдай түйініне барады.

    4. Мойындырық нерві ( nervus jugularis) – жоғары мойын түйінінен басталады, мойындырық тесігі маңында екі тармаққа бөлінеді: бір тармағы кезбе нервтің жоғарғы түйініне,екінші тармағы – тіл жұтқыншақ нервінің төменгі түйініне барады.

    5.Омыртқалық нерв( nervus vetebralis) – омыртқалық өрімді (plexus vertebralis ) түзеді.

    6. Жүректің жоғарғы, ортаңғы және төменгі мойын нервтері ( nervus cardiacus cervicalis surperior,nervus cardiacus cervicalis medius et nervus cardiacus cervicalis inferior) – сәйкес мойын түйіндерінен басталады және жүректің нерв өрімінің құрамына кіреді

    7. Сыртқы ұйқы нервтері ( nervi carotici externi) – сыртқы ұйқы өрімін ( plexus caroticus externus) түзеді

    8. Көмей-жұтқыншақ тармақтары ( rami laryngopharingei) – жұтқыншақ өрімін (plexus pharingei) – түзуге қатысады.

    9. Бұғана астылық тармақтар (rami subclavici) – мойынкеуде немесе жұлдызды түйіннен ( ganglion cervicothoracicum seu stellatum) бұғаналық ілмек ( ansa subclavia) құрап шығады.



    2 сұрақ жауабы

    nn. thoracici бұл кеуде нервтері.Негізінен әрбір кеуде жұлын нерві аралас нерв болып келеді. Бұл нервтер омыртқааралық нервтен шығып, 4 түрлі тармақтар береді. Олар:

    • Менингеалдық тармақтар, rami meningei жұлынның қабықтарын нервтендіреді.

    • Дәнекер тармақтар, rami communicantes симпатикалық сабауға қосылатын тармақтар болып табылады.

    • Артқы тармақтар, rami dorsales.Осы артқы тармақ өз жолында екі тармаққа бөлінеді. Біріншісі медиалді тармақ, ramus medialis болса, екіншісі латералді тармақ, ramus lateralis болып табылады. Медиалді тармақ теріге кірмес бұрын артқы тармақтан шыққан соң m. multifidus және m.semispinalis арасындағы қылқан өсінді маңынан жүріп өтеді. Теріге енген сон артқы медиалді терілік тармақты, ramus cutaneus medialis береді. Қосымша айта кетер болсам, медиалді тармақтар mm. rotatores, multifidus, semispinalis thoracis сияқты бұлшықеттерге өз тармақатарын береді, яғни rami musculares – ті. Бұл тармақтар жоғарыда айтып өткен бұлшықеттерге сәйкес келетін тері аймақтарды иннервациялайды.

    • Және соңғысы алдыңғы тармақтар, rami ventrales.Қабырғааралык нервтері өз жолында келесі тармақтарды береді :

    • Дәнекер тармактар , rami communicantes , жоғарғы жатқан кабырғааралық нервтен төменгі жатқан нервтерге баратын жіңішке сабаушалар.

    • Бұлшықеттік тармактар

    • Өкпеқаптык және ішастарлық тармактар , rami pleurales et rami peritoneales

    • Терiлiк тармактар , rami cutanei , қабырғааралық нервтерден тармақталып , екі катар тар мактар - ірілеу латералді терiлiк тармақтар , rami cutaneі laterales , және ұсақтау алдыңғы терілік тармақтар , rami cutanei anteriores , түзеді .

    • Латералді терiлiк тармактар , rami cutanei laterales , олардың тармақталу аймақтарына сәйкес кеуделік терiлiк тармактарды , rami cutanei pectorales , және іштік терiлiк тармактарды , rami сulаnеt abcdominales , ажыратады .

    • Алдыңғы терiлiк тармактар , rami cutanei anteriores


    написать администратору сайта