Главная страница
Навигация по странице:

  • Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 8

  • Сабақ тақырыбы Компьютерлік желілер

  • Бағалау критерийлері

  • Тілдік мақсаттар Оқытудың тілдік мақсаты

  • Пәндік лексика және терминалогия Желі, желінің өткізу қабілеті, жергілікті желі, байланыс арнасыДиалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері

  • Пәнаралық байланыстар Физика Бастапқы білім

  • Сабақ кезеңдері : Сабақта орындалатын іс-әрекеттер Р есурс тар

  • Мұғалім түсіндіруі

  • Қосымша ақпарат Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз

  • Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

  • Желінің өткізу қабілеті

  • 1_1_Информатика_8сынып_Компьютер мен желілер_Компьютерлік желіле. за мерзімді жоспар блімі Компьютер жне желіні техникалы сипаттары


    Скачать 76.01 Kb.
    Названиеза мерзімді жоспар блімі Компьютер жне желіні техникалы сипаттары
    Дата08.02.2022
    Размер76.01 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1_1_Информатика_8сынып_Компьютер мен желілер_Компьютерлік желіле.docx
    ТипДокументы
    #354608

    Сабақ жоспары




    Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

    Компьютер және желінің техникалық сипаттары

    Мектеп:

    Күні:

    Мұғалімнің аты-жөні:

    Сынып: 8

    Қатысушылар саны:

    Қатыспағандар:




    Сабақ тақырыбы

    Компьютерлік желілер

    Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

    8.1.3.1 – желінің өткізу қабілетін анықтайды

    Сабақ мақсаты

    • желінің өткізу қабілетін анықтай алады

    • өткізу қабілетін анықтауға есептер шығарады

    Бағалау критерийлері

    • өткізу қабілетінің байланыс арнасын анықтайды

    • өткізу қабілетін анықтауға арналған есептер шығарады

    Тілдік мақсаттар


    Оқытудың тілдік мақсаты

    • «өткізу қабілеті», «байланыс арнасы» терминдерін пайдаланады

    • есепті шығару және түсіндіруде терминдерді дұрыс пайдаланады

    Пәндік лексика және терминалогия

    Желі, желінің өткізу қабілеті, жергілікті желі, байланыс арнасы

    Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

    • Жергілікті желінің ерекшелігі болып …. табылады

    • Желінің өткізу қабілеті дегеніміз .…

    • Желінің өткізу қабілеті …. өлшенеді

    Құндылықтарды дарыту


    Жеке тапсырмаларды орындау барысында бастамашы, креативті және шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған дағдылық құндылықтар жүзеге асады.

    Пәнаралық байланыстар

    Физика

    Бастапқы білім

    Желі топологиясы ұғымын біледі

    Сабақ барысы:

    Сабақ кезеңдері:

    Сабақта орындалатын іс-әрекеттер


    Ресурстар

    Сабақ басы

    0-5 мин

    1. Миға шабуыл

    Оқушылар суреттерді қарастырады. Келесі сұраққа жауап береді:

    • Бұл суреттерді не байланыстырады? Бір сөзбен айтыңыз.


    Сабақтың негізгі түсінігін анықтайды. Мұғалім келесі слайдтардағы ақпаратты талдай отырып, сабақтың тақырыбын анықтауды сұрайды.

    Содан соң, мұғалім компьютерлік желі және оның түрлерін анықтау үшін сұрақтар қояды.


    Презентация


    Сабақ ортасы

    6-20 мин

    1. Мұғалім түсіндіруі: Жергілікті (локалды) желі ұғымын түсіндіреді.




    1. Жергілікті желі туралы бейнетаспа көру

    Оқушылар бейнетаспаны талқылап, қоршаған ортада жергілікті желіні қолдануға байланысты өз мысалдарын келтіреді.


    1. Мұғалім түсіндіруі: желінің өткізу қабілетінің не екенін және ол қалай өлшенетінін түсіндіреді.


    Сынып мұғаліммен бірге сұрақтарды талқылайды
    Мұғалім өткізу қабілеті неліктен бит секундпен өлшенетінін түсіндіреді
    Сынып нақты мысал келтірілген есептерді талқылайды.

    Презентация

    Қосымша 1

    Практикалық жұмыс

    21-30 мин

    1. Қалыптастырушы бағалау


    №1-2 тапсырманы оқушылар тапсырманы жеке-жеке орындайды
    №3 тапсырма дифференциалды болғандықтан, оқушылар жұппен орындайды


    Таратпа

    материал


    Тапсырма

    31-37 мин

    1. Қосымша тапсырма

    Келесі тапсырмалар тобы «Қай жұп жылдам?» екенін анықтауға арналған. Қай жұп тапсырманы жәлдам әрі дұрыс орындайтын болса, сол жұп жеңген болып саналады.

    Таратпа материал


    Сабақ соңы

    38-40 мин

    1. Рефлексия.

    Оқушылар кезек-кезек фразаларды таңдап алып, сөйлемдерді жалғастырады:

    • Мен білдім…

    • Маған қызықты болды…

    • Маған қиын болды…

    • Мен түсінбедім…

    • Мені таңқалдырған…

    • Енді мен білемін…

    • Мен сұрағым келеді…

    • Мен түсіндім…




    Презентация


    Қосымша ақпарат

    Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

    Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

    Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

    Барлық оқушы жергілікті желі, желінің өткізу қабілеті ұғымдарын біледі, қарапайым есептер шығара алады

    Кейбір оқушылар қиындатылған есептерді шығара алады

    Жұптық жұмыс кезінде талдауға қатысады.

    Жекелей шығарған есепті өзара, сыныпта тексереді

    Жұппен жұмыс барысында, өзгенің ойын тыңдай білу, әркімнің идеясына сыйластықпен қарауға үйренеді.



    Қосымша 1
    Жергілікті желіде бірнеше компьютерлер байланыс желісінің сымдары арқылы жалғанған. Желінің өткізу мүмкіндігіне сай, байланыс желісі арқылы ақпарат таратылады.

    Желінің өткізу қабілеті – бұл уақыт бірлігі арқылы байланыс арнасынан өтетін ақпараттың саны.

    Өлшем бірліктері Кбит/сек, Мбит/сек, Гбит/сек

    Желінің өткізу қабілеті жалпы, секундына байтпен емес, секундына битпен өлшенеді.

    Бұл компьютердің ішіндегі құрылғылардың арасында деректердің желі бойынша біртіндеп бит арқылы таратылатындығында, яғни байтпен паралелді емес.


    написать администратору сайта