Главная страница
Навигация по странице:

  • Жұмыс 2 . Этил ацетатын алу.

  • Жұмыс 4 . Уротропинді алу және оның гидролизі.

  • Жұмыс 5. Натрий ацетатынан ацетонды алу.

  • зертханалык. №8 зертханалық жұмыс. Зертханалы жмыс Карбонилді осылыстарды аn жне sn реакциялары


    Скачать 19.64 Kb.
    НазваниеЗертханалы жмыс Карбонилді осылыстарды аn жне sn реакциялары
    Анкорзертханалык
    Дата22.10.2021
    Размер19.64 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла№8 зертханалық жұмыс.docx
    ТипДокументы
    #253195

    Зертханалық жұмыс: Карбонилді қосылыстардың АN және SN реакциялары.

    Жұмыс 1. Қымыздық қышқылын кальций тұзы түрiнде ашу.

    Пробиркаға бiр қалақша қымыздық қышқылын салып, толық ерiгенше 4-5 тамшы су қосыңдар. Пипеткамен 1 тамшы ерiтiндiнi алып, шынының бетiне тамызыңдар. Оған 1 тамшы натрий хлоридi ерiтiндiсiн қосыңдар. Кристалл тұнба түзiледi, оны микроскоп арқылы зерттеңдер.

    Кальций оксалаты кристалдарын несептi клиникалық зерттеулер кезiнде байқауға болады. Олардың формасы почта конвертiне ұқсас келедi және микроскоппен жақсы анықталады.

    Сұрақтар:

    1. Кальций оксалаты түзiлу реакциясының схемасын жазыңдар.

    Жұмыс 2. Этил ацетатын алу.

    Құрғақ пробиркаға сусыз натрий ацетаты ұнтағын салыңдар (биiктiгi шамамен 2 мм) және 3 тамшы этил спиртiн құйыңдар.

    Сонан соң 2 тамшы концентрациялы күкiрт қышқылын қосып, спиртовка жалынында абайлап қыздырыңдар (ерiтiндi шашырауы мүмкiн!).

    Бiрнеше секундтан кейiн этилацетаттың хош иiсi сезiледi.

    Реакция этил спиртiн ашу үшiн қолданылады.

    Сұрақтар:

    1. Этил ацетаты түзiлу реакциясы схемасын жазыңдар.

    2. Ол қандай механизм бойынша атқарылады?

    3. Этерификациялау реакциясында концентрациялы күкiрт қышқылы қандай роль атқарады?

    Жұмыс 3. Ацетонды иодоформға өткiзу арқылы анықтау.

    Бұл реакция клиникалық зертханаларда қолданылады және қантты диабет диагностикасы үшiн үлкен практикалық маңызы бар.

    Пробиркаға I тамшы калий иодидiндегi иод ерiтiндiсiн құйып, түссiзденгенше тамшылатып 10%-тiк натрий гидроксидi ерiтiндiсiн қосыңдар. Түссiз ерiтiндiге I тамшы ацетон қосыңдар. Қолдың жылуымен ептеп қыздырғанда ақшыл-сарғылт түстi өзiне тән иiсi бар иодоформ тұнбаға түседi.

    Сұрақтар:

    1. Иодоформ түзiлуi реакциясын жазыңдар.

    2. Этил спиртiнiң иодоформ түзу қабiлетi бар ма?

    3. Иодоформ сынамасы көмегiмен қандай қосылыстарды анықтауға болады? Олардың құрамында қандай құрылымдық фрагмент болу керек?

    Жұмыс 4. Уротропинді алу және оның гидролизі.

    Пробиркаға бір тамшы фенолфталеин ерітіндісін салып, 0,5 мл-ден формальдегид ерітіндісі мен аммиак ерітіндісін қосыңдар. Таңқурай түсті жойылмайтын түс пайда болғанға дейін тағы да бірнеше тамшы аммиак ерітіндісін қосыңдар (артық мөлшердегі аммиак).

    Ерітіндінің бірнеше тамшысын зат шынысына тамызып, спиртшамның жалынында абайлап уротропиннің (гексаметилентетрамин) кристалдары пайда болғанша буландырыңдар. Уротропиннің ерітіндісін екіге бөліңдер. Бір пробиркаға шайқай отырып 1-2 тамшы натрий гидроксидінің ерітіндісін, ал екінші пробиркаға қайната отырып тұз қышқылының тамшысын қосыңдар. Гидролиздену өнімдерін олардың иісі бойынша немесе фуксинкүкіртті қышқылмен реакциясы бойынша табуға болады.

    Сұрақтар:

    1. Уротропинді синтездеудің теңдеулерін жазыңдар. Алынған өнім кристалдарының түсі қандай? Уротропинді алғаш алған кім?

    2. Уротропиннің сулы ерітіндісінің реакциясы қандай?

    3. Буландыруды неліктен абайлап жүргізу керек?

    4. Уротропиннің гидролиздену теңдеуін құрастырыңдар. .

    Жұмыс 5. Натрий ацетатынан ацетонды алу.

    Құрғақ пробиркаға сусыздандырылған натрий ацетатын салыңдар (қабатының биіктігі 8–10 мм), газ шығатын түтігі бар тығынмен жабыңдар. Түтіктің шетін 1 мл суы бар пробиркаға батырыңдар. Қабылдағыш пробирканы салқын суы бар стаканға салып салқындатыңдар. Тұзды спиртшамының жалынында қыздырыңдар.

    Сұрақтар:

    1. Ацетонды алу теңдеуін жазыңдар. Бұл реакциялардың қандай түріне жатады?

    2. Ацетонның түзілуін қандай белгілері бойынша дәлелдеуге болады?

    3. Ацетонның суда ерігіштігі қандай?


    написать администратору сайта