Главная страница
Навигация по странице:

  • Жүргізуші

  • Салт-дәстүр

  • Қолөнер 1. Қыз балалардың, ұзатылатын қыздың киетін бас киімі Сәукеле

  • Ақжайық аграрлық техникалық колледжі

  • «Табысты тәрбие мен құзырлы педагог» атты апталық аясындағы зияткерлік сайысы)Өткізген: Хасенов Т.Ю. Султанова С.К. 2022-2023 оқу жылы

  • Әлеуметтану курсы. ата салтым қазынам. " Ата салтым азынам " зияткерлік сайыс


    Скачать 1 Mb.
    Название" Ата салтым азынам " зияткерлік сайыс
    АнкорӘлеуметтану курсы
    Дата27.03.2023
    Размер1 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаата салтым қазынам.doc
    ТипДокументы
    #1017163

    " Ата салтым - қазынам "

    (зияткерлік сайыс)
    Ойынның мақсат-міндеттері:

    - Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін,наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,әрі дамыту және көркейту.

    - Студенттерге рухани, интелектуалдық жағынан тәрбие беріп, болашаққа деген көзқарасын арттыру:

    - Студенттердің танымын арттыра отырып, ізденімпаздыққа, белсенділікке,

    Ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
    Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме оқытушылар, студенттер! Бүгінгі «Ата салтым - қазынам» атты зияткерлік сайысымызды тамашалауға қош келдіңіздер.

    Бұл сайыс қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту үшін ұйымдастырылып отыр. Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыз айының 22-де күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік басталады. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі.

    Наурыз мейрамы — өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсымыз «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.

    Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазасызданбайды. Әр уақытта да батымды. Ендеше ортаға білімді топтарды таныстырамыз.

    Ойынға 4 топ қатысады. Ойын басталмас бұрын қазылар алқасын сайлап аламыз.










    1-айналым. "Бас қатырғыш" кезеңін бастайық.

    4 топ қатысады.
    Сайыс шарты бойынша алдарынызға әріптері араласып жазылған сөздер сұрағымен беріледі, соларды шапшан әрі қатесіз бірінші болып орындаған топқа 10 ұпай алады. Егерде қате болған жағдайда, әр қатеден 1 ұпайдан алынады.

    ХАДЕНАШІЛ – жаңа туған балаға арналған той

    ЛЫҚЗАРБА – алыстан жолаушылап келген адамның жақындарына және таныстарына әкелетін аса қымбатты емес сыйлық

    ҒАБАСЫ – аса құрметті қонақтар мен жақын ағайындар үшін үнемі сақталатын үлес

    АРАС – ежелден келе жатқан үлкен шаруа тұсында ауыл адамдарының бір-біріне сатусыз көмегі

    ІТКИ – құдалар кетердің алдында қалыңдықтың әкесі оларға сыйлықтар тартатын болған



    2– айналым «Белес» деп аталатын сайысымызды бастаймыз. Экраннан төрт тақырып берілген, әр тақырыптың сұрағы деңгейіне байланысты 1,2,3,4 ұпаймен бағаланады. Әр дұрыс жауап сол сұрақтың денгейіне байланысты ұпаймен бағаланады. Ендеше сайысымызды бастаймыз, сайысты ұпайы аз топ бастайды.


    Әдет-ғұрып

    1. “Жігіттің үш жұрты болады. Қалай аталады?

    2.Қалыңмал дегеніміз не?

    3.Наурыз парсы сөзі, қазақша айтқанда қалай деп аталады?

    4.Наурыз көже неше тағамнан жасалады, атап беріңіз?
    Мәдениет

    1. Қара үй (үш қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үзік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар. Не туралы айтылып тұр? Киіз үй

    2. Қазақтың музыкалық аспаптарын атап беріңіз?

    3. Халқымыз мініс аттарының ат-әбзелдері, ер-тұрмандары сән-салтанатты болуына ерекше көңіл бөлген. Қандай ат-әбзелдерді білесің?

    4.Ол халқымыздың музыкасын зерттеп, ел ішінен жинастырған музыка зерттеуші, музыкант-этнограф, «Қазақ халқының 500 ән-күйі» және «Қазақ халқының 1000 әні» атты кітаптарын жазған кім? Затаевич

    Салт-дәстүр
    1. Ұзатылатын қыздың анасына берілетін сый? Сүтақы

    2. Ерулік салты қай кезде жасалады?

    3. Жесір қалған әйелдің қайын аға не қайын інісіне некелесуі? Әмеңгерлік

    4. Дүниеге келген ұлға жас төлді атау салты? Бәсіре
    Қолөнер
    1. Қыз балалардың, ұзатылатын қыздың киетін бас киімі ? Сәукеле

    2. Қазақтар әртүрлі зергерлік бұйымдарды қандай материалдардан әзірлеген?

    3. Киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлігі? Шаңырақ

    4. Әшекей бұйымдарға нелер жатады?



    3-айналым "Мақал-мәтелді жалғастыр" деп аталатын сайысымызды бастайық.

    Сайыс шарты бойынша бұл айналымда 8 ұяшық берілген, әр санның астында берілген мақал-мәтелдерді жалғастыру қажет, жауабы дұрыс болған жағдайда 1 ұпай беріледі, сайысты 2-айналымда аз ұпай жинаған топ бастайды.


    1. Адамға келген он пәленің тоғызы – …… тілден

    2. Орамал тоң болмайды ..... болады. жол

    3. Әр елдің салты басқа иттері .......... қара қасқа

    4. Алты жасар бала алыстан келсе,
      …….. жасар кәрі алдынан шығар. 60

    5. Қолымен істегенді ......... көтер. мойныңмен

    6. Айтылған сөз атылған …….. тең . оқ

    7. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде .......... бол. сұлтан

    8. Алыстағы туыстан жақындағы ........ артық. көршің

    4-айналым “Мақал-тест” деп аталады. Сайыс шарты бойынша алдарынызға 8 мақал-мәтелдер беріледі. Соларды шапшан әрі қатесіз бірінші болып орындаған топқа 10 ұпай алады. Егерде қате болған жағдайда, әр қатеден 1 ұпайдан алынады.

    Наурыз бата  
    Наурыз айы оң болсын,

    Ақ пен астық мол болсын!

    Баршаңыздыаруақжебеп,

    Қайдабарсаңжолболсын!

    Айдан аман сақта,

    Жылдан есен сақта!

    Алла қолдап халқымды,

    Жүздеген қатерден сақта!

    Ұлыс күнi береке берсiн,

    Дұшпандарың жерге енсiн!

    Бақ пен дәулет қабат қонып,

    Ұрпақтарың өсiп-өнсiн!

    Абыройлы беделдi болып,

    Ризық, несебелерiң арта берсiн!

    Әумин! Наурыз құтты болсын!!! Барлықтарыңызға жақсы көңіл-күй, ашық аспан тілеймін! Өмірлеріңізде куантатын сәттер көп болсын!!

    Ақжайық аграрлық техникалық колледжі

    Бекітемін:

    Ақжайық аграрлық техникалық

    колледжі директорының оқу- тәрбие ісі

    жөніндегі орынбасары

    _________________Сарсенгалиев М.Т.



    («Табысты тәрбие мен құзырлы педагог»

    атты апталық аясындағы зияткерлік сайысы)
    Өткізген: Хасенов Т.Ю.

    Султанова С.К.

    2022-2023 оқу жылы


    написать администратору сайта