Главная страница
Навигация по странице:

  • Түрі

  • Г. Галилей 12. Картография ол қандай ғылым,нені зерттейді /(географиялық карталарды құрастыру ғылымы) 2- кезең

  • 3- кезең

  • 4

  • Гидросфера

  • 3

  • 6 кезең.

  • Солтүстік м ұ з д ы м ұ х и т 3. Ең үлкен аралГ р е л а н д и я 4. Ең терең шұңғымаМ а р и а н 5. Ең тұзды теңіз Қ ы з ы л т е ң і з

  • А р а б и я 12. Ең биік шыңД ж о м о л у н г м а «Алғырлар» тобы «Алғырлар» тобы «Алғырлар» тобы

  • «Қыран» тобы «Қыран» тобы «Қыран» тобы «Қыран» тобы «Қыран» тобы «Жігер» тобы «Жігер» тобы

  • Масаты Оушыларды пнге ызыушылыын арттыра отырып, а


    Скачать 29.09 Kb.
    НазваниеМасаты Оушыларды пнге ызыушылыын арттыра отырып, а
    Дата01.02.2022
    Размер29.09 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1589310388.docx
    ТипПрезентация
    #348105

    Тақырыбы: «Ғажайып алаң» атты интеллектуалды ойыны.

    Мақсаты: * Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану.

     * Оқушыларды адамгершілікке, шеберлікке, сөз сөйлеу мәнеріне, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
    Көрнекілік: жұмбақтар,үлестірме карточкалар, сұрақтар, суреттер, видеосұрақтар, презентация
    Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

    Ойын барысы
    Ұйымдастыру.
    Сәлеметсіздер ме, оқушылар? 
    Бүгінгі «Ғажайып алаң» атты интеллектуалды ойынымызды бастайық. 
    « Ғажайып алаң» атты сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Сайысымызды бастамас бұрын қатысушы оқушыларымызды 3 топқа бөліп отырғызып алайық ол үшін келіп осы жердегі топ аттарынан бір-бірден таңдауларыңызды сұраймын. Әр оқушы өзі таңдағандары бойынша көрсетілген топтарға («Алғырлар» тобы, «Қыран» тобы, «Жігер» тобы) бөлініп отырады.

    Сайыстың ретімен таныстырып өтейін. Сайыс 6 кезеңнен тұрады: 
    1. Ұшқыр ой
    2. «Полиглот» ойыны

    3. Жұмбақтар

    4. видеосұрақтар

    5. Ойын «Сиқырлы А әрпі» сұрақтар

    6. Шашылған әріптер арқылы сұрақтарға жауап


    1. кезең«Ұшқыр ой»

    Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.

    1. Алғашқы қазақ ғарышкері? / Әубәкіров Т.

    2. Экватор  дегеніміз не? / Жердің дәл  ортасынан 0 деп  алып шартты  түрде  жүргізілген сызық. 

    3. Жаратылыстану ұғымы  қандай сөздерден тұрады? / Жаратылыстану.

    4. Шартты белгі дегеніміз не? /(картада қолданылған барлық шартты белгілердің мағынасына түсіндірме беретін белгілер жиынтығы)

    5. Карта дегеніміз не? /(Жер бетінің кішірейтіліп,жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі)

    6. Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші ғалым?/ Ш. Уалиханов

    7. Бір жылда неше күн бар? 365

    8. Жердің Күнді белгілі бір уақытта толық айналып шығуын не дейміз / (жыл)
    9. Қар астында қыстайды, ақ пен бөркін тыстайды (бәйшешек)

    10. Көк лағым көгенде тұрып семірген (қарбыз)

    11. Телескопты алғаш ойлап тапқан кім? / Г. Галилей

    12. Картография ол қандай ғылым,нені зерттейді? /(географиялық карталарды құрастыру ғылымы)
    2- кезең«Полиглот» ойыны (слайдтта көрсетіледі)

    Бұл айналымда көп нүктенің орнындағы сөзді тауып оны үш тілде айтады. Барлық топтарға бірдей оқылады.

    1)...... анасы — бұлақ,
    Сөз анасы — құлақ. (су,вода, water)

    2)Құдық қазсаң ......ді қаз,
    ......суалмай суалмас  (көл, озера, Lake)

    3)...... ақса — көл, 
    Дария ақса — сел. (өзен, река, river)

    4)Туған жердің .....сы да шипа (ауа, воздух, air)
    3- кезең(жәшікте жұмбақтар таратылады)

    Сыр сандық құпиясы жұмбақ жасыру
    1) Бірде төмен,
    Бірде шығып жоғары.
    Сөз сөйлесең
    Қозғалыста болады. (тіл) 
    2) Бетін адам ашады.
    Білім нұрын шашады. (кітап)
    3) Ізі жоқ,түсі жоқ,
    Пайдаланбас кісі жоқ(су) 

    4) Суда қалқиды отта балқиды(мұз) 
    5)Зер-зер кілем,зер кілем
    Көтерейін десем зор кілем(жер) 
    6)Шөпшілердің шөбін шашты,
    Қалпағымды ала қашты(жел)

    7)Әдемі түнде,
    Мен жүрсем жүреді бірге (ай)

    8) Көкжиекті көмкеріп,
    Шатыр жайдым төңкеріп. (аспан)

    9) Бар ма жоқ па, 
    Оны ашық білмейсің,
    Ол жоқ жерде 
    Өмір сүріп жүрмейсің(ауа) 

    10) Ауыл сыртында сайда,
    Жатыр үлкен айна(көл)
    4-кезең. Видео сұрақ

    Оқушылардың сұрақтары шығады.


    1. Планетамыздағы суларды ғалымдар қалай атайды? Гидросфера

    2. Жердің барынша кішірейтілген дәл үлгісі? Глобус

    3. Табиғатта болатын өзгерістер? / құбылыс

    4. Табиғатта су қанша күйде болады? 3
    5кезең.

    Ойын «Сиқырлы А әріпі» (слайдтта көрсетіледі)

    1.Ауа қабаты қалай аталады? (Атмосфера)
    2.Қазақстанның батысындағы 5 әріпті қала (Ақтау)

    3.Ең кіші материк Австралия
    4.Оңтүстік Американы мекендейтін ең ірі жылан (айдаhар)

    5.Ең биік сарқырама (Анхель)
    6.Бақылау нүктесінен өтетін  жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттың вертикал жазықтығы арасындағы қос қырлы бұрыш. (Азимут)

    7.Жердің оңтүстік полюсінде орналасқан құрлық. (Антарктида)
    8.Жергілікті жердің теңіз деңгейінен биіктігі (Абсолюттік нүкте)
    9.Оңтүстік Америкадағы ең ұзын, әрі биік тау (Анд)
    10.Грецияның астанасы (Афины)

    11.Өте ұсақ ,көзге көрінбейтін бөлшектер? (атомдар)

    12.Ақпарат,дерек және мағлұмат берудің графикалық тәсілі? (Ақпараттық графика)
    6 кезең. Шашылған әріптер арқылы сұрақтарға жауап (үлестірме карточкалар ішінде сұрақтар мен әріптер беріледі)

    1. Ең кішкентай құс (Калибри)2. Ең кіші мұхит (Солтүстік мұзды мұхит)3. Ең үлкен арал(Греландия)4. Ең терең шұңғыма(Мариан)5. Ең тұзды теңіз (Қызыл теңіз)6. Ең биікте орналасқан астана (Ла - Пас)7. Ең тұзды мұхит (Атлант)8. Ең терең, ең үлкен шатқал (Колорада)9. Жер шарындағы ең биік тау(Гималай)10. Ең ұзын өзен (Ніл)11. Ең үлкен түбек (Арабия) 12. Ең биік шың (Джомолунгма)


    Қорытынды:
    Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті. Жинаған ұпай санына байланысты жеңген топты марапаттаймыз. Ендігі сөз кезегін сарапшыларымызға мұғалімдеріңе сөз кезегін береміз. Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге көп рахмет. Осымен ойын аяқталды.


    6 кезең. Шашылған әріптер арқылы сұрақтарға жауап (үлестірме карточкалар ішінде сұрақтар мен әріптер беріледі)
    1.Ең кішкентай құс
    К а л и б р и

    2. Ең кіші мұхит
    Солтүстік м ұ з д ы м ұ х и т
    3. Ең үлкен арал
    Г р е л а н д и я

    4. Ең терең шұңғыма

    М а р и а н
    5. Ең тұзды теңіз
    Қ ы з ы л т е ң і з
    6. Ең биікте орналасқан астана
    Л а - П а с
    7. Ең тұзды мұхит
    А т л а н т
    8. Ең терең, ең үлкен шатқал 
    К о л о р а д а
    9. Жер шарындағы ең биік тау
    Г и м а л а й


    10. Ең ұзын өзен
    Н і л

    11. Ең үлкен түбек
    А р а б и я

    12. Ең биік шың
    Д ж о м о л у н г м а

    «Алғырлар» тобы

    «Алғырлар» тобы

    «Алғырлар» тобы

    «Алғырлар» тобы

    «Алғырлар» тобы

    «Алғырлар» тобы

    «Алғырлар» тобы


    «Қыран» тобы

    «Қыран» тобы

    «Қыран» тобы

    «Қыран» тобы

    «Қыран» тобы

    «Қыран» тобы

    «Қыран» тобы

    «Жігер» тобы

    «Жігер» тобы

    «Жігер» тобы

    «Жігер» тобы

    «Жігер» тобы

    «Жігер» тобы

    «Жігер» тобы
    Бағалау парағы





    1. Ұшқыр ой


    2. «Полиглот» ойыны

    3. Жұмбақтар


    4. Видео сұрақтар


    5. Ойын «Сиқырлы А әрпі» сұрақтар


    6. Шашылған әріптер арқылы сұрақтарға жауап

    Қорытынды

    «Жігер» тобы






















    «Алғырлар» тобы






















    «Қыран» тобы























    написать администратору сайта