Главная страница
Навигация по странице:

  • Барысы Жүргізуші

  • Жүргізуші

  • «Сиқырлы ұяшықтар» кезеңі

  • «Терминдер»

  • Жүргізуші: І V кезең

  • Аттұлдау

  • Медресе

  • Пед.ринг. Педагогикалы ринг интеллектуалды сайыс Масаты


    Скачать 22.83 Kb.
    НазваниеПедагогикалы ринг интеллектуалды сайыс Масаты
    Дата14.12.2022
    Размер22.83 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаПед.ринг.docx
    ТипДокументы
    #844144

    «Педагогикалық ринг»

    интеллектуалды сайыс


    Мақсаты: Ұжым арасында интеллектуалды сайыс өткізіп, олардың белсенділіктерін танымдық коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту. Жас мамандардың бір-біріне деген сенімділік ахуалы қалыптасып,ұжым арасындағы қарым-қатынасы дамыта түсу болып табылады.


    Күтілетін нәтиже:

    -Педагогтардың көңіл-күйлері көтеріледі, кәсіби шеберліктері шыңдала топтық жұмыс жүйесі жетіле түседі;

    -Жас мамандардың бір-біріне деген сенімділік ахуалы қалыптасып,ұжым арасындағы қарым-қатынасы дами түседі;

    -Педагогтардың танымдылық, коммуникативтік құзіреттіліктері анықталады.


    Барысы
    Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап, сайысқа қатысушыларымыздың білімдерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық. (Әділқазылар алқасымен таныстыру)
    Жүргізуші: Бүгінгі біздің сайысымыз бірнеше кезеңнен тұрады, сайысқа 4 топ қатысады. (Қатысушылар http://flippity.net/ сайты арқылы топтарға бөлінеді)
    Жүргізуші: Сайысымыз бес кезеңнен тұрады

    1. «Суреттер сөйлейді» - суреттер арқылы мақал мәтелдерді табу, әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі;

    2. «Сиқырлы ұяшықтар» кезеңі – викториналық сұрақтар, әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 ұпайдан беріледі;

    3. «Полиглот» кезеңі – жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару, әр аудармаға 5 ұпайдан қойылады;

    4. «Сөзден сөз» кезеңі – «Қайырымдылық» сөзінен сөздер құрау керек, әр сөзге 1 ұпайдан беріледі;

    5. «Жарнама» кезеңі бір затқа жарнама жасау, дайындыққа 5 минут, жарнамалауға 2 минуттан беріледі

    6. «Терминдер» - ұпай саны төмен топ бастайды, берілген терминнің анықтамасын айту керек, әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі



    Жүргізуші «Сиқырлы ұяшықтар» кезеңі. (Викториналық сұрақтар, әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 ұпайдан беріледі)

    Жүргізуші: Келесі үшінші кезең «Полиглот» кезеңіне кезек берсек. (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару, әр аудармаға 5 ұпайдан қойылады)

    Жазда жатсаң, көлеңкесіне алады,

    Қыста жақсаң, жаның рахат табады. (ағаш-дерево-tree)
    Көз жасты – жылауық,
    Келе жатыр бір алып.
    Жабырқаса жылайды,
    Жадыраса тарайды. (бұлт- облако –cloud)
    Онда әкем - шешем тұрады,
    Ата - әже бауырым.
    Бәрі бірге қосылып,
    Бір ұғымды құрады. (отбасы-семья- family)
    Гуілдейді құлаққа
    Оны ешкім көрмейді. (жел-ветер-wind)
    Тілден ұшып,
    Құлаққа қонады. (сөз-слово-word)
    Қозғалмастан бір елі, Түні бойы жүреді. (сағат-часы-watch/clock)
    Түйістірді көзіңді көзіңе,

    Жолықтырды өзіңді өзіңе (айна-зеркало-mirror)
    Түсі бар көрінбейтін, бір тұтас бөлінбейтін.
    Тынысы ол тіршіліктің, ешқашан жерінбейтін (ауа-воздух-air)
    Таудан биік, теңізден терең (ақыл-ум-mind/intellect)
    Бір кітаптың парағы, күнде азайып барады (Күнтізбе-календарь calendar)
    Үнсіз тілдесесің,

    Өзімен күнде өсесің (кітап-книга-book)
    Ашылып жабылады
    Әр үйден табылады (есік-дверь-door)
    Өзімнен өзгенің бәрін көремін. (көз-глаз-eye)
    Жіпке ілдім мен өзін, Кіп-кішкентай күн көзін. (шам, лампочка, lamp)
    Жайған жастық сөгілді,

    Аппақ мамық төгілді. (қар-снег-snow)

    Жүргізуші: Ендігі кезекте «Сөзден сөз» кезеңі – «Қайырымдылық» сөзінен сөздер құрау керек, әр сөзге 1 ұпайдан беріледі;

    Жүргізуші: Келесі «Жарнама» кезеңі – бір затқа жарнама жасау, дайындыққа 5 минут, жарнамалауға 2 минуттан беріледі. Жарнамалар төмендегі критерийлер бойынша 1 мен 3 аралығында ұпайлармен бағаланады:

    1. Жарнама мәтінің мазмұны

    2. Креативтілік

    3. Сендіруі, сендіре білуі



    Жүргізуші: ІV кезең «Терминдер»

    Ұпай саны аз командадан бастаймыз, берілген терминнің анықтамасын айтып беру керек. Ақылдасуға 40 секунд уақыт беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.
    Би — дау — жанжалға бітім айтып, терелік жасаушы, ел ішіндегі әділ қазы, рубасы.

    Революция — қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс, төңкеріс.

    Диаспора — басқа мемлекеттің аумағында тұратын халықтың шағын бір бөлігі, бұрынғы өз Отанынан тысқары жерлерге қоныстанған адамдар.

    Дуал — балшықтан қаланып биік етіп салынған қоршау.

    Кісе — күміс, жез қаптырмалармен безендіріп, қалташалар салған жалпақ былғары белдік.

    Інжу – монғолдың «ханның жері» деген мағынадағы сөзі.

    Арыс —бірнеше рудың бірлестігі.Оны басқарған би.

    Кешіктен — ханның жеке басын қорғайтын жасауыл.

    Көген — қозы-лақ байлайтын ағытылмалы бұршағы бар, қыл арқанға тағылған қысқа жіптер.

    Аттұлдау — қайтыс болған ер адамның тірі кезінде мініп жүрген атының жал-құйырығын күзеп, жылына дейін құр жіберу(мінбеу), асына сою.

    Құйысқан — ат әбзелі. Ер-тоқымның алға сырғып кетпеуін қамтамасыз етеді.

    Медресе — Ислам дінің оқытатын орта және жоғары дәрежелі оқу орны.
    Қорытынды: Әділқазыларға сөз кезегін беру, марапатттау.


    написать администратору сайта