тщт. Практика ТЭА2 (2). дістемелікн с а у
Скачать 466.5 Kb.
|
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті Техникалық факультеті «Автокөлік және жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедрасы «Көлік техникасын техникалық пайдалану негізі» пәнінен практикалық жұмыстарды орындауға арналған Ә Д І С Т Е М Е Л І К Н Ұ С Қ А У 5В071300 - «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» Ақтөбе – 2020ж. №1 Практикалық жұмыс Автомобильдің КЖ дейінгі жүрісін және ТҚК мерзімділігін түзету. Жұмыстың мақсаты: Автомобильдің КЖ дейінгі жүрісін және ТҚК мерзімділігін түзетуді үйрену. Қажетті әдістемелер: Автомобильдің КЖ дейінгі жүрісінің және ТҚК мерзімділігінің нормативтері; түзету коэффициенттерінің кестелері. Жұмыстың орындалу реттілігі: Автомобильдердің КЖ-ге дейінгі жүрісін анықтау. Автомобильдің КЖ-ге дейінгі жүрісін анықтау АКК-дары өздерінің тұрған жерлеріне байланысты шарттары ерекше болады. Сондықтан жалпы жағдайда автомобильдің күрделі жөндеуге дейінгі жүрісін түзету коэффициенттері арқылы анықтайды. Сонымен автомобильдің КЖ-ге дейінгі жүрісі мына формуламен есептелінеді: LK=L(Н)K · K1 ·K2 ·K3, км мұндағы: L(Н)K– автомобильдің күрделі жөндеуге дейінгі нормативті жүрісі, км; (2-кесте) K1 - пайдалану жағдайына байланысты нормативті түзету коэффициенті; (4-кесте) K2 - жылжымалы құрамның түріне байланысты нормативті түзету коэффициенті; (5-кесте) K3 - табиғи-климаттық жағдайға байланысты нормативті түзету коэффициенті; (6-кесте) К3 =К3I · K3II мұндағы: К3I – табиғи-климаттық жағдайларды (ауданның сипаттамасын) ескеретін коэффициент; K3II - қоршаған ортаның зияндылығын ескеретін коэффициент. Бұл нормативті мәндердің барлығы «Автомобиль көлігі жылжымалы құрамының ТҚК және жөндеуі туралы нұсқауынан» алынады. Мысал: Салқын климаттық ауданда орналасқан АКК-да ЛАЗ-695 маркалы 56 автобус жолаушы тасымалын ұйымдастырады. Есептеуге қажетті алғашқы мәліметтер:Автомобиль маркасы…………………………………-ЛАЗ-695 Тізімдік саны, А-и…………………………...…………-56 дана Пайдалану басынан бергі жүрісі, LK ………………. -0,3 Орташа тәуліктік жүрісі, lсс ………………………-160 км Пайдалану категориясы ………………………………-IV Табиғи-климаттық жағдай.............................................-қалыпты Технологиялық карта жасауға қызмет көрсету түрі....-ТҚК-1 Автомобильдердің КЖ-ге дейінгі жүрісін анықтаймыз: LK= 300000 · 0,6 · 1 · 0,72 = 129600 км К3 = 0,8 · 0,9 = 0,72 Бір маркалы автомобильдердің жаңа және ескі топтарына екі есептеу жүргізбеу үшін және есептеуді оңайлату үшін автомобильдің цикл ішіндегі жөндеуаралық жүрісін Lксранықтаймыз (LКСР = LЦ) LКСР = (АИ 1· LK +АИ11 · LK/ ) / АИ , км мұндағы: АИ 1 – 1-ші КЖ-ге дейінгі жүрісі жоқ автомобильдер саны, барлық автомобильдің 10-25%; АИ11 – 1-ші КЖ-ге дейінгі жүрісі бар, пайдалануда жүрген автомобильдер саны; LK/ - кез келген толық күрделі жөндеуден кейінгі автомобильдің жүрісі, км. Ол былай анықталады: LK/=0,8· LK, км LK/=0,8·129600 = 103200 км LКСР = (0,25 · 56 · 129600 + 0,75 · 56 · 103200) / 56 = 109800 км |