Главная страница
Навигация по странице:

  • Иненің сынуы

  • Асқыну емі

  • Аллергиялық реакция

  • АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОК. Асқыну алдын-алу

  • Асқынуды емдеу

  • Анафилактикалық шоктың негізгі белгілері

  • Көктамырға дәрі жіберу кезіндегі асқынулар. 05. 11. 21ж. 15. Таырып Кктамыра дрі жіберу кезіндегі асынулар Асыну себептері


    Скачать 27.19 Kb.
    Название05. 11. 21ж. 15. Таырып Кктамыра дрі жіберу кезіндегі асынулар Асыну себептері
    АнкорКөктамырға дәрі жіберу кезіндегі асқынулар
    Дата07.12.2021
    Размер27.19 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаКөктамырға дәрі жіберу кезіндегі асқынулар.docx
    ТипДокументы
    #295439

    05.11.21ж.

    15.Тақырып: Көктамырға дәрі жіберу кезіндегі асқынулар
    Асқыну себептері:

    1.Асептика ережелерінің бұзылуы

    2.Инъекция орнын дұрыс таңдамау

    3.Егу жасау техникасының дұрыс сақталмауы

    Инъекция жасағанда түрлі асқынулардың болуы мүмкін. Олардың көбісі аталған манипуляцияларды орындау кезіндегі техникалық ақаулармен сабақтас болады. Нақты асқыну дәрілік препараттың инъекция жасалған сол ортаға емес енгізілуі немесе түсуі. Мысалы, тек венаның ішіне енгізілуге арналған кейбір дәрілік бұйымдардың (мәселен, кальций хлоридінің) тері астының майлы қабатына түсуі соңынан некрозды ілестіруі мүмкін. Ауалық эмболия кейде қан ағысына ауа көпіршіктері түскен кезде туындайды.
    Егер асептика мен антисептика ережелері сақталмаса, тіндердің ұшы мүжілген инелермен жарақаттануы, аса салқын ерітінділерді қолдану, әсіресе майлы инъекцияның орнында тығызданудың (инфильтраттардың) дамуы ықтимал.Кейбір жағдайларда олар іріңдеп, инъекциядан кейінгі абсцесске өтеді. Инъекция кезіндегі қан тамырларының зақымдануы кейін гематома түзілуімен бірге қан кетудің туындауына жетелеуі мүмкін. Венаның жақтауының қабынуымен және оның қуысының тромбозымен (флебит, тромбофлебит) асқынатын мұндай гематомалар кейде көктамырды сәтсіз пункциялауда байқалады (екі жақтауын тесіп өту).
    Кез келген инъекцияларды (теріастылық, бұлшықетішілік, венаішілік) орындау кезінде иненің сынуы мүмкін. Бұл асқыну иненің өзіндегі ақаудан және манипуляцияны дөрекі жүргізу нәтижесінде бұлшық еттердің күрт рефлекторлық жиырылуынан пайда болады. 
    Кейбір инъекциялық асқынулар дәрілік препаратты тікелей енгізумен сабақтас. Медициналық қызметкердің ұқыпсыздығынан науқасқа күшті әсерлі препараттың аса үлкен дозасының немесе қателесіп басқа препараттың енгізілуі мүмкін. 
    Дәрілік препаратты қолдану кезінде аллергиялық реакциялар да болады. Оларға жедел крапивница, Квинке ісігі, буылтықты эритема және т.б. жатады. Аса қауіпті аллергиялық реакция бұл – анафилактикалық шок. Мұнда шұғыл көмек көрсетілмесе адамның өліп кетуі мүмкін.       

    Иненің сынуы

    а)Инъекция жасауға ескі қалданыстан шыққан инелерді қолданылуы;

    б)Егер инъекция жасар алдында науқаспен психопрофилактикалық кеңес жүргізілмей,науқастың егу кезінде жамбас бұлшықеттерінің қатты жиырылуы

    в)Инені конюлясына дейін енгізген жағдайда

    Асқыну емі: Иненің сынығын емделушіден шығарып алу немесе хирургиялық ем

    Ауа эмболиясы

    Дәрі-дәрімектерді көктамырға енгізгенде шприц ішіне ауа түскенде және оны ине арқылы тамыр ішіне жібергенде болатын ҚАУІПТІ асқыну.Белгілері эмболияға ұқсас,бірақ тез: бір минут ішінде білінеді.

    Асқыну емі: дәрігер нұсқауымен.

    Жүйке сабының зақымдануы

    Бұлшық етке немесе көктамыр ішіне егу жасаған кезде егу жерді дұрыс анықтамай инемен механикалық зақымдау. Дәрілік депоның жүйке сабының қасында орналасуы нәтижесіндегі химиялық зақымдану. Жүйкені қоректендіруші тамырдың бітелуі . Асқыну зардаптары невриттен аяқ-қол параличіне дейінгі қауіпте болуы мүмкін.

    Асқыну емі: дәрігер нұсқауымен

    Тромбофлебит

    Көктамырдға егулерді бір жерге қайталап жасау немесе өткір емес инелерді қолдану салдарынан онда тромбтың пайда болуы. Тромбофлебит белгілері тамырдың жүрісімен ауырсыну,тері қанкернеуі (гиперимия), инфильтраттың вена бойымен пайда болуы.Дене қызуы субфебрильді болуы мүмкін.

    Асқыну емі: дәрігер нұсқауымен.
    Ұлпа некрозы

    Қателікпен венаға қатты тітіркендіретін дәрі енгізгенде болады. Көктамырға пунцкия кезінде тамырға иненің түспеуі немесе оны тесі өтіп шығуы кезінде препараттың теріастына енгізілуі. Көбіне 10% кальции хлорид ерітіндісін венопункция жасауды жетік білмегендіктен болады.

    Асқыну емі: егуді тоқтату, егу жасалған жерден жоғарырақ жгут салу және препараттың концентрациясын азайту мен ауырсынуды басу үшін инъекция орны мен оның айналасына 0,5 % новокайн немесе 0,9 % натрий хлориді ерітіндісін (максималді дозасы 50-80 мл) енгізуге болады.
    Гематома

    Венопункцияны дұрыс орындамау салдарынан тері асты қызаруы мен қан ұйылуы байқалады,бұл көктамырдың екі жақ қабырғасы зақымданып қаннық тері астына тіндеріне кетуі.

    Асқыну емі: Препаратты енгізуді тоқтату, тамырдың үстінен спирттелген мақтаны бірнеше минут бойы қысып ұстау,гематома жеріне жартылаы спиртті компресс қоюға болады. Қажетті көктамыр ішілік егуді басқа венаға жасайды.
    Аллергиялық реакция

    Ағзаның дәріге жеке кері әсері ететін сезімталдығы. Қышыну бөрітпелер, жедел тұмау,өткір конъюктевит Квинке ісінуі түріндегі белгілері көбіне егуден 20-30 минуттан кейін байқала бастайды. Аллергиялық реакцияның ең қауіпті формасы АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОК.

    Асқыну алдын-алу: 1)Инъекция жасар алдында емделушімен дәрілерге сезімталдығын сұрастырып анықтау

    2)Ауру тарихының бірінші бетінде қандай дәрілерді көтере алмайтындығы жөнінде мәлімет болуы мүмкін.

    3)НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Антибиотиктерді алғаш рет егі алдында сезімталдықты анықтау үшін тері ішіне сынама жасау керек.(тері ішіне)

    Асқынуды емдеу: емделушіні жалғыз қалдырмау, дәрігерді шақырту, дәрігер келгенше алғашқы көмек көмек корсету.

    Анафилактикалық шок

    Дәрілік препаратты енгізген сәттен бірнеше секунд немесе минут ішінде дамиды. Шоктың неғұрлым тез басталуы, нәтижелердің соғұрлым ауыр болуын түсіндіреді.

    Анафилактикалық шоктың негізгі белгілері:

    • Терінің жалпы қызару,бөрітпелер

    • Бас айналу, бас ауру

    • Кенет әлсіздік

    • Ентігу, жөтел ұстамасы

    • АҚ төмендеу, пульс аритмиясы

    • Құсу

    Ауыр жағдайларда бұл белгілерге коллапс симптомдары қосылады,науқас өлімге анафилактикалық шоктың алғаш белгілері пайда болғаннан бірнеше минут ішінде ұшырауы мүмкін. Анафилактикалық шок кезінде емдік шаралар дененің жалпы қызаруы байқалғаннан бастап жедел түрде өткізілуі қажет.

    СПИД

    В гепатит, ВИЧ инфекция сияқты адам өміріне АҚТҚ (Жұқтырылған иммунитет тапшылығы синдромы)ауруына әкелетін вирус. Қазіргі кезде ВИЧ инфекциясын жұқтырған адамдардың өлім мүмкіндігі 100%. Барлық жұқтырулар медициналық манипуляцияларды дұрыс орындамау: инемен егу жасау, пробиркалардың сынығымен зақымдану, зақымданған кілегейлі қабатпен қолғапсыз контакт болған жағдайда.

    ВИЧ инфекциясын жұқтырмау үшін медициналық қызметкер әрбір науқасты потенциалды ВИЧ вирусын тасымалдаушысы ретінде қарастыруы қажет,себебі науқас қанының ВИЧ инфекциясын анықтауға бағытталған зерттеу нәтижесі теріс болғанымен бұл нәтиже жалған теріс болуы мүмкін.

    Бұның себебі ВИЧ инфекцияның даму кезеңінің 3-ші аптасынан 6-шы аптасы аралығындағы симптомсыз өту кезеңінде,инфекцияланған адамның қан сарысуында ВИЧ анықталмайды.


    написать администратору сайта