АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ. 1. 2 Авторлы ыты объектілері жне объектілері болып табылмайтын
Скачать 82.42 Kb.
|
2.3 Сабақ құқықтарды қорғау Сабақтас құқықтарды қорғау Азаматтық кодекстің 48-бапта көзделген негізгі ережелер қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық туындайды [31,45б.]. Туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты: 1) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын қолдану арқылы белгіленген шектеулерді алып тастауға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруға; 2) егер мұндай іс-әрекеттер нәтижесінде авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын пайдалану мүмкін болмаған не осы техникалық құралдар аталған құқықтардың тиісті қорғалуын қамтамасыз ете алмаған жағдайларда кез келген құрылғыны немесе оның компоненттерін дайындауға, таратуға, прокатқа беруге, уақытша пайдалануға беруге, импорттауға, жарнамалауға, оларды пайда табу мақсатында пайдалануға не қызмет көрсетуге; 3) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз авторлық құқықтарды басқару туралы ақпаратты жоюға немесе өзгертуге; 4) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз мүліктік құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертілген туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты оларды қайта шығаруға, таратуға, тарату мақсатында импорттауға, көпшілік алдында орындауға, жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлауға немесе эфирде беруге, жалпы жұрттың назарына жеткізуге жол берілмейді. Сабақтас құқықтарды қорғауды сот жүзеге асырады. Сот: 1) құқықтарды тану; 2) құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру; 3) құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауiп төндiретiн әрекеттердi тыю; 4) айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың орнын толтыру; 5) құқық бұзушы авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу салдарынан тапқан табысты өндiрiп алу; 6) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген, ең төмен жалақының жиырмадан елу мыңға дейінгі мөлшерi сомасында өтем төлеу арқылы жүзеге асырылады. Зиянның орнын толтырудың немесе табысты өндiрiп алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi; 7) олардың құқықтарын қорғауға байланысты заң актiлерiнде көзделген өзге де шаралар қолдану арқылы жүзеге асырады. Iс қаралғанға дейiн судья авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк деп жорамалданған даналарын жауапкердiң дайындауына, көшiрмелеуiне, сатуына, пайдалануына тыйым салу туралы жеке-дара ұйғарым шығаруға құқылы. Судья авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк деп жорамалданған даналарын, сондай-ақ оларды дайындау мен көшiрмелеуге арналған материалдар мен жабдықтарды пайдалануға тыйым салу және алып қою туралы ұйғарым шығаруға да құқылы. Сот авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк даналарын, сондай-ақ оларды көшiрмелеуге пайдаланылатын материалдар мен жабдықтарды тәркiлеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк даналары оның талап етуi бойынша авторлық немесе сабақтас құқықтардың иесiне берiлуi мүмкiн не соттың шешiмi бойынша жойылуға тиiс. Оларды көшiрмелеуге пайдаланылған материалдар мен жабдықтар соттың шешiмi бойынша жойылуға не мемлекет кiрiсiне берiлуге тиiс. ҚОРЫТЫНДЫ Сонымен курстық жұмысымның тақырыбын зерттей келе, келесідей қорытындыға келдім: авторлық құқық өзіндік ерекшелігі бар сала ретінде шығармашылық, интеллектуалдық еңбекпен айналысатын адамдардың мүддесін қорғайды. Авторлық құқық материалдық зат ретінде әдеби жазба мен бейнені емес, керісінше ол оның ішіндегі рухани өнімді, яғни шығарманы қорғайды. Көптеген мәселелер заңнаманы қолдануға байланысты туындайды, оған енжар және қарама-қайшылыққа толы сот тәжірибесі дәлел бола алады. Туындайтын даулардың тез, объективті, әділ және заңды сот шешіміне қол жеткізу, судьяларды және заң қызметтерін мамандандыру арқылы қол жеткізуге болар еді. Сондай-ақ құқық иеленуші тұлғалардың соттарда өздерінің құқықтарын қорғауға кеткен уақытқа өтемақы алу, олардың өкілдерінің еңбекақысын төлеу мәселелерін шешу қажет. Мұндай көзқарас авторлық құқықтарды жай ғана ресми жариялау емес, оларды нақты жүзеге асыруды қамтамасыз етудің нәтижелі жұмысына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды бұзудың ең көп таралған түрлері болып, құқық иеленуші тұлғалармен шарттық қатынастарды рәсімдеусіз тиісті объектілерді пайдалану, туындыны қолдану кезінде автордың аты-жөнін көрсетпеу табылады. Ең алдымен сөз аудио- және видео өнімдерінің айналымы, компьютерлік бағдарламалар мен басылымды өнімдердің айналымы аясында авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы туралы болып отыр. Мұндай жағдай Қазақстанның барлық аймақтарында орын алады. Заңнама авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың объектілерін заңсыз пайдаланудан қорғаудың нәтижелі механизмдерін айтарлықтай жеткілікті түрде қамтиды, алайда олар тәжірибеде әрдайым жүзеге аса бермейді. Оның себептері тек экономикалық факторларда ғана емес, сонымен қатар сыртқы экономикалық факторларда да жасырынып жатыр. Қарастырылып отырған салада бұзылған құқықтарды қорғау механизмі нәтижесіз болып келеді. Техниканың дамуымен, авторлық ұйымдардың қызметін үйлестіру қажеттілігімен, авторлық және сабақтас құқықтардың саласында болатын бұзушылықтардың санының өсуімен және мұндай бұзушылықтарға қоғамның қарым-қатынасының өзгеруімен байланысты мәселелер, мемлекет ішіндегі және халықаралық заңнаманың қарқынды дамуы, қоғамдық игілікке айналған туындыларды қолдану мәселелері, амалсыз мемлекеттің авторлық құқықты қолдану аясындағы ролін нығайтуға әкеп соқтырады. Ол енді авторлық және сабақтас құқықтарды тек қана қорғаумен, сақтаумен және реттеумен шектелмеуі тиіс. Ішкі заңнаманың нормаларын өндеу мен халықаралық шарт арқылы интеллектуалдық меншікті қорғау атты екі әдеттегі функцияларға тағы бірнеше жаңа функциялар қосылады. Олардың біреуі болып - авторлық және сабақтас құқықтарының иеленушілерінің мүліктік құқықтарын басқаратын ұйымдарға қатысты үйлестіруші функция табылады. ҚР-ның «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 44-бабы бойынша, құқық иеленушілердің өздері мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың шектеусіз санын құра алады. Авторлық құқықтарды мұндай басқарудың мәселесі мынада: әрбір ұйым тиісті төлемдерді барлық құқық иеленушілерге беруге және пайдаланушылардан талап етуге болады деп санайды. Бұл үшін заңды кедергілер жоқ, сондықтан үйлестіруші рольден мемлекеттің бас тартуы, бір жағынан, бұл салада алаяқтықтың өсуіне, ал екінші жағынан, авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қалыпты жұмыс істей алмауына алып келеді. Мемлекет мұндай ұйымдарға қатысты нақты бір үйлестіруші функцияны орындауға тиісті. Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңына, «авторлық сыйақыны жинау бойынша қызметті» лицензиялауды көздей отырып, өзгерістер енгізу дұрыс болар еді. XX ғасырдың ортасынан интеллектуалдық қызметті қаржыландырудың жаңа қайнар көздерін игеру қажеттілігімен байланысты мәселелерді шешудің бір нұсқасы ретінде, «ақылы қоғамдық игілік» институтын енгізу туралы, мемлекеттің ұйымдастырушылық мүмкіндігін пайдалану туралы ұсыныстар жасалуда. Ақылы қоғамдық игілік институтын көздеген бірқатар елдерде, оның құрамындағы туындыларды еркін пайдалану жүйесі әрекет етуде. Мұндай тәртіп мысалы Аргентина немесе Италия заңдарымен бекітілген. Екінші шектеулі көзқарас, ақылы қоғамдық игілік аясындағы туындыларды коммерциялық пайдалану үшін, пайдаланушы мемлекеттік органның келісімін алуға тиіс. Мұндай жүйенің әрекетінің ұзақтығы не нақты бір мерзіммен шектеулі (Франция) не ең кең мағынада шектелмеген (Аргентина). Аударымдарды төлеу барлық түрдегі туындыларды пайдаланған үшін көзделуі мүмкін. Мұндай көзқарас Мексикада, Аргентинада тәжірбиеде қолданылады. Ол «адамзаттың барлық мәдени игілігін» қамтиды. Екінші нұсқа болып, туындылардың тек жеке бір категорияларын пайдаланған үшін аударымдар төлеу табылады (Франция, Португалия). Аударымдарды жинау жауапкершілігі құрылған қорларды басқару және жиналған қаржыны тағайындау не мемлекеттік органға, не авторлар мен орындаушылардың мүддесін білдіретін ұйымдарға жүктеледі. Құқық иеленушілерге-жеке тұлғаларға төленетін сыйақының мөлшерімен салыстырғанда, бұл аударымдардың мөлшерін азайту үшін ешбір объективті себептер жоқ. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың кез-келген объектілерін, олардың «қоғамдық игілік» категориясына жататынына немесе жатпайтынына қарамастан, пайдаланған үшін бірдей минималды ставканы бекітіп, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу дұрыс болар еді [42; 48 б.]Қалай болса да, қоғамдық игілікке ауысқан туындылар үшін авторлық сыйақыны жинау бойынша жұмысты ұйымдастырып, мәселені шешу қажет. Аударымдарды бұрыннан бері бар құрылымдар-авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқаруды ұйымдар арқылы жинау дұрыс болар еді. Сонымен қатар, заңда келесідей презумпция орнату қажет: мемлекет аударымдарды жинауды жүктеген, тек қана мүліктік құқықтарды басқаратын ұйым, мемлекеттің мүддесі секілді айрықша категориялардың барлық құқық иеленушілерінің (басқа ұйымдарға өздерінің құқықтарын басқаруды тапсырғандардан басқа) мүддесін білдіру тиіс. Басқа ұйымдар, тікелей оларға өздерінің құқықтарын басқаруды тапсырған құқық иеленушілердің мүддесін ғана білдіре алады. Бұл монополизмді енгізбей және авторлар мен өзге де құқық иеленушілердің құқықтарын шектемей, заңнамадағы айқын кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тек мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымның, барлық құқық иеленушілердің мүддесін білдіруге болады деп, пайдаланушылардан тиісті төлемдерді талап ететін жағдайларды өзгертуге болады. Осындай шешімнің тағы бір артықшылығы-мұндай жағдайда аударымдарды жинауға кеткен шығындар, тек басқа да әдіс-тәсілдермен аударымдарды жинауға кеткен шығындардан ғана емес, сонымен бірге, құқық иеленушілерге сыйақы жинауға кеткен шығындардан да аз болады. Соңғысы оны жинауға, тағайындауға және төлеуге кеткен шығындардан тұрады. Барлық жиналған сомалар не тиісті мемлекеттік органдарға, не оларға бағынышты арнайы құрылған бюджеттік емес қорларға аударылуға тиіс. Қаражат тек осы қорлар туралы ережелерде көзделген мақсаттарға ғана жұмсалуы керек. Қарап отырсақ, анағұрлым маңызды және өзекті сұрақтар болып мыналар табылады: жиналған аударымдар қандай мақсаттарға жұмсалуы тиіс? Олардың есебінен қызметтің (мысалы, мақсаттық бағдарламалар) немесе жеке бір ұйымдардың, шығармашылық одақтардың тек нақты бір түрлерін қаржыландыру қажет пе? Бұл қаражатты шығармашылық қызметті қолдауға ма, әлде шығармашылық қызметкерлердің өзін әлеуметтік қорғауға жұмсау керек пе? Өкінішке орай, қолданыстағы әлемдік тәжірибе белгілі бір мағыналы қорытындыға негіз бермейді. Дегенмен жалпы тенденция, жиналған қаражат қайтыс болған автордың туыстарын қамтамасыз етуге емес, тірі авторларды қолдауға жұмсалу керек деген пікірге тоқталады. Мұндай жүйе, кем дегенде, екі артықшылыққа ие. Біріншіден, қорғалмайтын туындыларды пайдалану тиімді болмайды, нәтижесінде қорғалатын туындыларды шығару және пайдалану жағдайлары арта түседі. Екіншіден, авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауға, тек мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдарды қолдауға, қоғамдық игілікке айналған туындыларды пайдаланған үшін аударымдарды уақытында және толық жинауға, демек, құқық иеленушілерге сыйақы жинауға да, туындылардың барлық түрлеріне мұндай жүйенің және олардың коммерциялық пайдаланудың әдіс-тәсілдерінің ақырындап таралуына, заңды және жеке тұлғалардың кең шеңберінің және мемлекеттік биліктің нақты органдарының авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауға қызығушылық пайда болады. Авторлық құқықтың пайда болуы және оны әрі жетілдіру, дамыту үшін ол туындыны тіркеу, өзге де арнайы ресімдеу немесе кез келген шарттылықтың жүзеге асуы басты талап емес. Авторлық құқықтың қолданылу аясына келетін болсақ, ол автордың бүкіл ғұмыр бойы және автор қайтыс болғаннан кейін елу жыл бойы күшін сақтайды. Автордың өзінің құқығын, оның есімінің құқығын және автордың беделін қорғау құқығын қорғауға шек қойылмайды. Белгілі бір туындыға авторлық құқықтың пайдалану уақытының бітуі олардың қоғамдық игілікке айналғандығын білдіреді. Біздің еліміздің аумағында қорғауға алынбаған туындылар да қоғамдық игілікке айналған болып табылады. Ал қоғамдық игілікке айналған туындыларды кез келген адам авторлық сыйақы төлемей еркін қолдана алады. Ондай жағдайда авторлық құқық автор есімінің құқығы мен беделін қорғау құқығы сақталуға тиіс. Негізінен авторлық құқық шарт бойынша және мұра ретінде беріледі және ол мұрагерлік тәртібімен заң бойынша немесе өсиет бойынша беріледі. Автордың құқығын қадірлеу және қорғау шараларын одан әрі дамыту, жетілдіру үшін болашақта бірқатар қосымша құжаттарды қабылдаумен сипатталады, өйткені автор құқығын қорғау – еліміздің мүддесін қорғаумен пара-пар. Қазіргі уақытта автордың құқығын бұзып, оның еңбегін, маңдай термен жеткен жетістігін өзгенің пайдалану жағдайлары әлі толастар емес. Солардың ішінде әсіресе авторлық құқық нысандарын пайдалану, музыка саласында, бұқаралық ақпарат құралдарында, кітап шығару ісінде кеңінен етек жайғаны да жасырын емес. Сол себептен де авторлық құқық дегеніміз – бұл жай ғана сөз, жалған жансыз түсінік емес, ол әрбір өнерге құштар адамның, ғалымның, өнертапқыштың толағай жемісі, еңбегінің нятижесі. Авторлық құқық - өнер мен әдебиетті, ғылымды өмірінің айнасы ретінде көретін адамның өмір сүруіне қажетті табыс көзі болуымен қатар, оның адами бейнесін, рухани жан дүниесін айрықша білдіретіндіктен бұл қасиетті ұғымның тамыры терең, аясы өте кең [43 ; 22б.] Қандай меншік түрі болмасын, санаткерлік меншікпен теңдестірілмейді. Өйткені, ол қанша мезгіл өтсе де тозбайтын, ескірмейтін қазына, халықтың рухани байлығы. Сол себептен де оны әрқашан қолдап, жұмыла қорғау – баршамыздың қасиетті борышымыз, міндетіміз болып қала бермек [44;] Қазақстанның “301 қара тізімнен” шығуы қабылданған шаралардың адекваттылығы екендігін мойындады. Бұл қара тізім қатарында Қазақстан 1999жылдан бастап тұрған. АҚШ сауда өкілдіктерінің жылдық есебінде жарияланатын бұл тізімге интеллектуалдық меншік құқығын қорғау сұрақтары бойынша жеткілікті көңіл аударылмайтын мемлекеттер кіреді. Осыған байланысты Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымының құрамына кіруге тағы бір кедергі шеттетілді, бұл біздің еліміздің рейтингін және инвестициялық тартымдылық деңгейін жоғарлатады. Біздің еліміз осы қол жеткізген табыстарымен тоқтап қалмай интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудың кепілдігі ретінде әлемдік қоғамдастықтардың мойындатуына қол жеткізеді [45;]. Осындай алдына қойған мақсатпен қазақстандық кедендік органдарға міндеті жүктелуде, бұл контрафактілік шығарылымдармен, өзіндік қылмыстық тергеу жүргізу белгілерімен интеллектуалдық меншік объектілерін құрайтын қосымша құзіреттермен тауарларды шығаруды тоқтату. Көрсетілген құзіреттердің заң шығарушылық бекітуі контрафактілік өнімдердің жолына тосқауыл қоюға мүмкіндік береді, сонымен қатар оның шығарылуын және әкелуін қысқартады. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар арқылы туындыларды қорғау, халықаралық танылған, әрдайым дамып жатқан құқықтық институт болып табылады. Және берілген салада құқықтық реттеуге жататын көптеген мәселелер, әлі де болса теорияда және тәжірибеде бір шешімін тапқан жоқ. Барлық елдердің заңгерлері, белсенді шығармашылық қызметпен байланысты нақты қоғамдық қарым-қатынастарға нәтижелі әсер етуге мүмкіндік беретін, бірдей құқықтық конструкциялар іздеуде. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: Жеті жарғы; Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (ҚР-ның 2004 жылғы 11 мамырдағы №552-ІІ Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулар) – Алматы: ЮРИСТ, 2004. – 309б. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 26.07.1999, №456-І Интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау концепциясын жариялау туралы ҚР Үкіметінің Қаулысы. 26.09.2001. №1249 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10.06.1996, №6-І «Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі N 146 бұйрығы. Рысбек Тасболатов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті Азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының магистранты. «Заң» Астана: «Арай», 5/2004, 52с. Гражданское право. Учебник. Часть III / Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого. - М.: Проспект, 1998. Гражданское право: Учебник. в 2т./ под ред. Е.А. Суханова, 1993. Закон РК «О присоединении РК к Бернской конвенции об охране литературных и художественных произведений» от 10.11.1998; Гаврилов Э.П. Комментарий к Закону об авторском праве и смежных правах. Судебная практика. - М.: Экзамен, 2002; Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть.) Комментарий. Изд.2-е испр. и доп., с использованием судебной практики. Отв. ред.: М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин. А., 2000; Комментарий: Гражданский кодекс Республики Казахстан. (Особенная часть). Отв. ред. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г.- Алматы: «Жеті жарғы», 2000 ж.; Ихсанов Е.У. Авторское право как субъективное гражданское право по законодательству Республики Казахстан.-Автореф. дис. к.ю.н.-Алматы,2001; Гражданское право. Том 1. Учебник для вузов (акад. курс). Отв ред.: М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин. А., 2000; Дозорцев В.А. Новая эра в охране исключительных прав // Право и экономика.1995.№15-16; Макагонова Н.В. Авторское право. М., 2000; Линен Оуэн. Приобретение и продажа Авторского права на литературные произведения. А., «Қаршы-қарашат», 1998 г; Каудыров Т.Е. «Гражданско-правовая охрана объектов промышленной собственности»: Монография.-Алматы: Жеті жарғы, 2001; Гаврилов Э.П. Комментарий к Закону РФ "Об авторском праве и смежных правах". М., 2002; Долженко А.Н., Резников В.Б., Хохлова Н.Н. Судебная практика по гражданским делам. М., 2001; Такоп А. Авторское право и доступ к информации. 1998, №3; 15 Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері)- Алматы: Юрист, 2007 ж.; Зенин И.А. Рынок и право интеллектуальной собственности. М., 1991; Гражданское право. Учебник. Часть II/Под. ред. А.П.Сергеева, Ю.К. Толстого.-Москва: Проспект, 1997; Чертков В.Л. Авторское право в периодической печати. М. 1989 г; Калятин В.О. Интеллектуальная собственность (исключительные права); Ионас В.Я.Произведения творчества в гражданском праве. М., 1972; Тихомирова Л.В., Тихомиров М.Ю. Юридическая энциклопедия. М., 1998; Ионас В.Я. Критерий творчества в авторском праве и судебной практике. М., 1963; Э.П. Гаврилов «Советское авторское право. Основные положения. Тенденции развития. Наука», Москва 1984 ; Гражданский кодекс Республики Казахстан-толкование и комментирование. Общ. Часть. Вып. 3. А., 1997; Гражданское право. Том 2. Учебник для вузов (акад. курс). Отв ред.: М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин. А., 2000; Гражданское право. Учебник. Часть 1. Изд. третье, перераб. и доп. / Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К. Толстого. М., 1998; Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 10.06.1996 жылғы N 6-1 Заңы (соңғы толықтырулармен және өзгерістермен); Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бас маманы Е.Б. Қасымовтың 29.01.2010ж. берген мәлімдемесінен; Калятин В.О. Интеллектуальная собственность (исключительные права). М., 2000; Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясы, 1986 ж; Жуков В.И. Гражданское законодательство и институт интеллектуальной собственности. М.; Корчагин А., Бейнфест Б., Подшибихин Л. Патентное право и его связь с авторским правом // Интеллектуальная собственность. Авторское право и смежные права. - 2000. - N 2; Авторские дела в суде. Научно-практический комментарий, Москва, «ВААП-ИНФОРМ», 1985 г; Гражданское право. Учебник.I - II том. Отв. ред. Суханова Е.А.-Москва, 1998 г; Аудандық әділет басқармасының бастығы Ж.Байбашеваның мәлімдемесіhttp://adiletaktobe.kz 07.07.2009 басылым; О.А. Дворянкин «Защита авторских прав. Ответственность за их нарушение. Уголовно-правовой аспект. М.2002; Гражданский кодекс Республики Казахстан-толкование и комментирование. Общ. Часть. Вып. 3. А., 1997; Оңтүстік Қазақстан обл. Әділет департаменті баспасөз қызметінің “Авторлық заңдылық” мақаласынан мәлімдеме. Ресми сайты: www.minjust.kz/en/node/15613; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 наурыз 2001ж № 411 Қаулысы; Құқықтық статистика комитетінің мәліметтері және Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының арнайы есебі (Диаграмма 1); |