АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ. 1. 2 Авторлы ыты объектілері жне объектілері болып табылмайтын
Скачать 82.42 Kb.
|
1.3 Авторлыққұқықтыңсубъектілері Авторлық құқықтың субъектісі болып заң немесе келісім шарт бойынша авторлық құқыққа ие, ғылыми, әдеби және өнер туындыларының шығарушылары, олардың құқық иеленушілері немесе жұмыс берушілер мен басқа да тұлғалар табылады. Авторлық құқық субъектісі ретінде жеке тұлғалар секілді заңды тұлғалар да бола алады. Соңғысына әдетте газет, журналдар баспасы және басқа да кейбір құрамды шығармалар, аудиовизуалды шығарманы дайындаушылар және қызметтік шығарманың авторына жұмыс берушілер жатады. ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактiсiне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу, туындыны өзге де арнайы ресiмдеу немесе қандай да болсын шарттылықты сақтау талап етiлмейдi. Өздерiнiң айрықша мүлiктiк құқықтары туралы хабарлау үшiн автор және (немесе) құқық иеленушi авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi туындының әр данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай үш элементтен тұрады: қоршауға алынған латынша "С" әрпi; айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы); туындының алғаш жарияланған жылы. Жарияланбаған туындыға жеке мүлiктiк емес құқықтарын куәландыру үшiн автор, сондай-ақ құқық иеленуші туындыға айрықша мүліктік құқықтарды иеленетiнiн растау үшiн авторлық құқықтың қорғалатын не тиiстi шарттардың қолданылатын мерзiмi iшiнде кез келген уақытта оларды ресми тiзiлiмдерде тiркеуге құқылы. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Бiр жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (қызметтерiн) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың бiртектi тауарларынан (қызметтерiнен) ажырату үшiн қолданылатын (соған арналған) туындылар авторлық құқық объектiсi ретiнде тiркелмейдi. Өзге дәлелдер болмаған жағдайда туындының түпнұсқасында немесе данасында автор ретiнде көрсетiлген адам туындының авторы деп саналады. Туынды жасырын немесе бүркеншiк атпен жарияланған жағдайда (автордың бүркеншiк аты оның өзi екенiне күмән туғызбайтын жағдайды қоспағанда), туындыда есiмi немесе атауы көрсетiлген баспагер өзге дәлелдер болмаған кезде осы Заңға сәйкес автордың өкiлi болып табылады және оның өкiл ретiнде автордың құқығын қорғауға, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге құқығы бар. Бұл ереже сондай туындының авторы өзiнiң кiм екенiн ашқанша және өзiнiң авторлығын мәлiмдегенше қолданыла бередi. Егер өзiн жарияланбаған туынды қолжазбасының авторымын деп санайтын жеке тұлға оны басқалардың заңсыз пайдалануына немесе иемденiп кетуiне жол бермеу үшiн сақтауға өткiзудi қажет деп тапқан жағдайларда уәкiлдiк берiлген орган қолжазбаны қабылдап алуға мiндеттi, ол туралы қолжазбаны өткiзген адамға оның түскен мерзiмi туралы анықтама берiледi. Қолжазбаларды тапсыру, қабылдау және сақтау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды. Сонымен, авторлық құқықтың пайда болуы мен авторлықтың ақиқаттылығына келер болсақ, шығармаға авторлық құқық оның шығарушысында туындының күшіне енген сәтінен бастап туындайды. Авторлық құқықтың патенттік құқық пен және басқа да өндіріс меншіктерінің объектісімен салыстырғандағы да басты ерекшелігі осында. Авторлық құқықтың пайда болуына және қолданысқа енуіне тіркелудің, басқа да шығарманы арнайы рәсімдеудің және қандай да бір формальдық сақтаулар қажет [24; 145-192 б.б.]. Авторлық құқықтың иегері өзінің құқықтарын хабарлау үшін, шығарманың әрбір данасында болатын және үш элементтен тұратын авторлық құқықтың қорғау белгілерін пайдалана алады: қоршауға алынған латынша "С" әрпi; айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы); туындының алғаш жарияланған жылы. Авторлық құқықты қорғау белгісі ақпараттық мақсатқа қазмет ететіндіктен және оның орны факультативті мазмұнға ие болғандықтан, әр шығармаға міндетті түрде қорғау белгісінің болуы туралы ведомстволық нұсқауларға жол беретін 1952 жылғы Авторлық құқық туралы әлемдік конвенциясына қарама-қайшы келеді. «С» әрпі «copyriht» («авторлық құқық») деген ағылшын сөзінің алғашқы әрпі. Басып шығарылған туындының данасындағы авторлық құқықты қорғау белгісінің орны тәжірибеде осы шығарманың авторлық құқығын пайдаланудан туындайтын санкцияланбаған жағдайлардың болмауын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қорғау белгісінің көмегімен қызметтер, бюро және қоғам, авторлық құқықтары бұзылғандар, шығармаларын заңсыз пайдаланушылармен эффективті түрде күресе алады. Мысалы, кедендік органдар елдегі туындылардың шығарылымының тізімдерін ала отырып, импортталатын өнімдегі қорғау белгісі мөрінің болуын қадағалап отырады. Қорғау белгісінің болмауы, сот органдарымен оның заңсыз орнын тасымалдауға тиым салумен, өнімді алып қою және басқа да санкциялармен бірдей болып есептеледі. Авторлықтың презумпциясы да бар: дәлелдер болмаған жағдайда шығарманың авторы болып, түпнұсқа немесе көшірмеде көрсетілген тұлға автор болып есептеледі. Бұл презумпция бір шығарманың бірнеше авторлары болған жағдайда, яғни, тең авторлық кезінде таралады. Келесі кезекте тең авторлар жайлы айтар болсақ,екi немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бiрлескен шығармашылық еңбегiмен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлiнбес бiртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлiмдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесiлi болады. Егер туындының бiр бөлiгiн осы туындының басқа бөлiктерiне қарамастан пайдалану мүмкiн болса, бұл бөлiгi дербес мәнi бар туынды деп танылады. Егер тең авторлар арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы туындының дербес мәнi бар өзi жасаған бөлiгiн өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы. Тұтас алғанда, туындыны пайдалану құқығы тең авторларға ортақ. Тең авторлардың өзара қатынастары олардың арасында жасалған келiсiм арқылы белгiленуi мүмкiн. Егер тең авторлардың туындысы бөлiнбейтiн бiртұтас дүние болса, тең авторлардың бiр де бiрiнiң туындыны пайдалануға жеткiлiктi негiздерi болмайынша тыйым салуға құқығы жоқ. Тең авторлардың әрқайсысы өз атынан, соның iшiнде, басқа тең авторлардың рұқсатын алмастан, егер олардың арасында келiсiммен өзгеше көзделмесе, өз құқықтарын қорғауға байланысты осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға құқылы. Тең авторлық, екі немесе одан да көп тұлғалардың біріккен шығармашылық еңбегімен туындыны шығару фактісін қамтиды. Тең авторлық бойынша шығармаға авторлық құқық бәріне бірдей, бөлінбес тұтастық ретінде және жеке бөліктерден тұратын, бір-біріне тәуелсіз қолданылады.Бірінші тең авторлық бөлінбейтін, ал екіншісі-бөлінетін деп аталады. Тең авторлықтың бұл екі түрі, шығарманы пайдалану режимімен ерекшеленеді [25; 110-152 б.б.]. Құрамдас туындылардың авторлары.Жинақтың және басқа да құрама туындылардың авторына (құрастырушысына) шығармашылық (құрастырушылық) еңбек нәтижесi болып табылатын материалдарды iрiктеудi және (немесе) орналастыруды жүзеге асырғандығы үшiн авторлық құқық берiледi. Құрастырушының өзi құрама туындыға енгiзiлген әрбiр туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады. Егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, құрама туындыға енгiзiлген туындылардың авторлары өз туындыларын құрама туындыға қарамастан пайдалана беруге құқылы. Құрастырушысының авторлық құқығы басқа адамдардың сол материалдарды басқа құрама туындылар жасау үшiн дербес iрiктеуiне және (немесе) орналастыруына кедергi жасамайды. Энциклопедияларды, энциклопедиялық сөздiктердi, мерзiмдi және шығуы жалғаса беретiн ғылыми еңбектер жинақтарын, газеттердi, журналдарды және басқа да мерзiмдi басылымдарды жарыққа шығаратын баспагерге мұндай басымдарды тұтас пайдалануға айрықша құқық берiледi. Баспагер мұндай басылымдарды кез-келген жағдайда пайдаланса да өзiнiң атауын көрсетуге немесе оны көрсетудi талап етуге құқылы. Мұндай басылымдарға енгiзiлген туындылардың авторлары жалпы басылымға қарамастан өз туындыларын пайдалануға айрықша құқықтарын сақтап қалады. Туынды шығармалардың авторы.Аудармашыларға және басқа да туынды шығармалардың авторларына өздерiнiң жасаған аудармасына, қайта жасағанына, музыкалық әуендерден немесе басқа да өңдеуден өткiзгенiне авторлық құқық берiледi. Аудармашы және басқа да туынды шығарма авторы өзi аударатын, қайта жасайтын, музыкалық әуендейтiн немесе басқа да өңдеуден өткiзетiн туынды авторының авторлық құқығын сақтаған жағдайда өзi жасаған туындыға авторлық құқықты пайдаланады[26; 45 б.]. Аудармашылардың және басқа да туынды шығарма авторларының авторлық құқығы сол туындыларды өзге адамдардың аударуына және өңдеуiне кедергi болмайды. Дыбыс-бейнежазу туындысының авторлары. Дыбыс-бейнежазу туындысының авторлары (тең авторлары): сценарий авторы; дыбыс-бейнежазу туындысына арнайы жасалған музыкалық туындының (мәтiнi немесе мәтiнсiз) авторы (сазгер); қоюшы-режиссер; қоюшы-оператор; қоюшы суретшi болып табылады. Бұрын шығарылған, қайта өңделген немесе дыбыс - бейнежазу туындысының құрамдас бөлiгi ретiнде енгiзiлген туынды авторы да дыбыс-бейнежазу туындысының тең авторы болып саналады. Дыбыс-бейнежазу туындысын жасауға немесе бұрын жасалған туындыға құқық беруге авторлық шарттың жасалуы, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы туынды авторларының (немесе бұрын жасалған туынды авторларының және өзге де авторлық құқықтар иелерiнiң) дыбыс-бейнежазу туындысын жасаушыға, егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, дыбыс-бейнежазу туындысын пайдалануға айрықша құқық беруiне әкеп соғады. Дыбыс-бейнежазу туындысын жасаушы бұл туынды кез келген жағдайда пайдаланылса да өз есiмiн немесе атауын көрсетуге, не солай көрсетiлуiн талап етуге құқылы. Дыбыс-бейнежазу туындысына арнайы шығарылған музыкалық туындының (мәтiнмен немесе мәтiнсiз) авторы осы музыкалық туындының дыбыс-бейнежазу туындысы ретiнде көпшiлiк алдында әрбiр орындалуы жағдайында оның көпшiлiкке хабарланғаны, сондай-ақ дыбыс-бейнежазу туындысы данасының прокатқа (жалға) берiлгенi үшiн сыйақы алу құқығын сақтап қалады. Дыбыс-бейнежазу туындысына құрамдас бөлiк ретiнде енген, бұрыннан бар (сценарий негiзiне алынған роман авторы және басқалар), сондай-ақ жұмыс процесiнде туған (қоюшы-оператор, қоюшы-суретшi және басқалар) туындылар авторларының әрқайсысы өз туындысына авторлық құқықты пайдаланады. Қызметтiк туындыларының авторлық құқық субъектілері.Қызмет бабында мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң қызметтiк тапсырмасын орындау тәртiбi бойынша жасалған туынды авторының мүлiктiк емес жеке құқығын қызметтiк туынды авторы иеленедi. Егер жұмыс берушi мен автор арасындағы шартта көзделсе және өзгеше көзделмесе, қызметтiк туындыны пайдалануға мүлiктiк құқықты жұмыс берушi иелендi. Қызметтiк туынды кез келген жағдайда пайдаланылса, жұмыс берушi өз атауын көрсетуге немесе солай көрсетiлуiн талап етуге құқылы. Туынды табыс етiлген кезден бастап он жыл өткеннен кейiн, ал жұмыс берушi келiскен жағдайда - одан да ертерек, жұмыс берушiмен жасасқан шартқа қарамастан, оның туындыны пайдалануға және авторлық сыйақыны алуға толық көлемде авторлық құқығы болады. Қызмет бабындағы мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң қызметтiк тапсырмаларын орындау тәртiбiмен энциклопедияларды, энциклопедиялық сөздiктердi, ғылыми еңбектердiң мерзiмдi және жалғастырыла беретiн жинақтарын, газеттердi, журналдарды және басқа да мерзiмдi басылымдарды жасауға жоғарыда аталған ережелер қолданылмайды. 2. САБАҚТАС ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 2.1 Сабақтас құқық ұғымы Сабақтас құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымының мүлiктiк құқықтары және орындаушының жеке мүлiктiк емес құқытары. Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылыққа, фонограммаларға, эфирлік және кабельдік хабар таратушы ұйымдардың хабарларына, олардың мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ олардың көрсетілу әдістері мен нысандарына қарамастан қолданылады. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар мен эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары сабақтас құқық субъектілері болып табылады. ҚР аумағында алғаш рет орын алған орындаушының орындауға құқығы ҚР аумағында қолданылады. Бұл жағдайда орындаушының және оның мұрагерлерінің, сондай-ақ азаматтығына қарамастан орындаушының құқықтық мирасқорларының құқықтары танылады [27, 58 б.]. Орындаушыға қатысты сабақтас құқықтар алғаш рет орындалғаннан кейін немесе қойылғаннан кейін елу жыл бойы күшінде болады. Орындаушының өз аты-жөніне және орындауды немесе қойылымды бұрмалаудан қорғауға құқықтары мерзімсіз қорғалады. Орындаушының құқықтары ҚР заңдарына сәйкес мынадай жағдайларда танылады: орындаушы Қазақстан Республикасының азаматы болса; орындаушылық, қойылым алғаш рет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса; орындаушылық, қойылым қорғалатын фонограммаға жазылса; фонограммаға жазылмаған орындаушылық, қорғалатын эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарына енгiзiлген болса. танылады. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың сабақтас құқықтары, егер тиiстi орындаушылық, фонограмма, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабары Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттың ережелерi бойынша айқындалатын олардың шыққан елiнде, сабақтас құқықтардың сол елде белгiленген қолданылу мерзiмiнiң өтуi салдарынан қоғам игiлiгіне айналмаған болса және сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмiнiң өтуiне байланысты Қазақстан Республикасында қоғам игiлiгiне айналмаған болса, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес танылады. Орындаушының құқықтары: орындаушылықты немесе қойылымды орындаушының ар-намысына және қадiр-қасиетiне нұқсан келтiре алатын кез келген бұрмалаудан немесе өзге де қолсұғушылықтан қорғалу құқығы (беделiн қорғау құқығы); орындаушылықты немесе қойылымды пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алу құқығын қоса, кез-келген түрде пайдалану құқығы берiледi. 2.1Сабақтас құқық субъектілері мен объектілері Сабақтас құқықтың субьектісі болып, тікелей және кабельдік хабарлау ұйымдарының әуенжазба өндірушілері мен орындаушылары болып табылады: әуенжазбаны өндіруші хабарлама ұйымдары, әуенжазбаға жазылған автордың шығармаларын эфирге және кабельге беру құқығын жүзеге асырады. орындаушы орындайтын шығармасының автордың құқығын сақтай отырып, жүзеге асырады. Орындаушы құқығы атына; орындауды немесе қойылымды әртүрлі бұрмалаудан қорғау; сый ақы алуға; қойылымды әртүрлі үлгіде немесе орындауды жазып, жаңадан өндіру; эфирге жіберу пракатқа беру; орындауды, қойылымды әуенжазбаға жазу; әуенжазбаға жазылмаған орындаулар мен қойылымдар эфирлік және кабельдік хабар мен жіберуге қосылады. Әуенжазба өндірушілердің құқығы: әуенжазбаны тікелей немесе жанамалық тәртіппен кез келген үлгіде өндіру; әуенжазбаның түп нұсқасын және көшірмесін тарату, оның ішінде импортқа; әуенжазбаны жалға (прокатқа) жазу, оның таратылуынан кейінде, фәуенжазбаны өндірушінің рұқсатымен жалға беру; әуенжазбаны қайта жасауға немесе басқа әдіспен өңдеуге, әуенжазбаны барлық жалпы мәліметтерге жеткізу. Автор өзінің айрықша меншіктік құқығын таразылау үшін, өзінің авторлық құқық белгісін пайдалануға болады, ол латынның «Р» әрпінің шеңберінде әр данада белгіленіп, міндетті түрде үш данадан тұрады,ол шығарманың бірінші жарияланған жылымен белгіленіп,автордың араласқан құқығының атын(атауын)көрсетуі керек. Фонограмма жасаушы, эфир және кәбіл бойынша хабар таратушы ұйымдар осы тарауда көзделген құқықтарын орындаушымен және фонограммаға жазылған не эфирде немесе кабель бойынша берiлетiн туындыны орындаушымен, сондай-ақ оның авторымен жасалған шарт бойынша алған құқықтары шегiнде жүзеге асырады. Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн қандай да болсын формальдылықты сақтау талап етiлмейдi. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшiн фонограмманың әр данасында және (немесе) оның әрбiр қорбындата көрсетiлетiн және үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, олар: 1) қоршауға алынған латынша Р әрпi: Р 2) айрықша сабақтас құқықтар иесiнiң есiмi (атауы); 3) фонограмманың алғаш жарияланған жылы. Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есімі немесе атауы көрсетілген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады [28,25 б.]. Авторлық және сабақтас құқық Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық», «Әділет ұйымы туралы» Заңымен тіркеледі. Тіркеуге қабылданады: әдеби шығармалар; драмалық және музыкалы шығармалар; сахналық шығармалар; хореографиялық және пантомималық шығармалар; мәтінмен және мәтінсіз музыкалық шығармалар; аудиовизуалдық шығармалар; сурет, скульптура, графика, басқа да бейнелеу өнерінің шығармалары; құрастырмалы өнер шығармалар; сәулет, қаласалу және бақшалы – саябақтық өнер шығармалары; фотографиялық шығарма және оған ұқсас әдіспен алынған фотографиялық шығарма; карталар, жоспарлар, искиздер, иллюстрациялар,топография; ЭЕМ үшін бағдарлама; Басқа да шығармалар; Туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйіндеме, шолулар, қойылымдар, музыкалы өңдеулер және басқа ғылыми, әдеби және өнер шығармаларының өңдеулері; Жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базасы, құрастырмалы шығармалар, шығармашылық еңбек нәтижесінің материалдарының орналасуына, олардың таңдауымен көрсетілетін шығармалар; Обьектілердің сабақтас құқығы (тұрақты орындау, әуенжазба, ұйымдардың хабарларын олардың мәніне, мазмұнына, мүмкіншілігіне қарамай эфирлік және кабелдік хабарлау). Обьектінің зияткерлік меншігін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімісіз және шығарманың авторы немесе құқылығын басқа тұлға иеленбейінше, сот тәртібі көрсетпегенше жұмыс істейді [29, 89б.]. Әдеби, драмалық, сахналық шығармаларды тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады: өтініш; шығарманың тұп нұсқасы мен көшірмесі; өтініш берушіні куәландыратын жеке куәлік, құжаттың көшірмесі; Музыкалы және музыкалы-драммалық шығармаларды тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады: өтініш; шығарма жазылған аудиокассеталар, мәтіндер, ноталар және партитуралар; шығарманың тұп нұсқасы мен көшірмесі; өтініш берушіні куәландыратын жеке куәлік, құжаттың көшірмесі; Музыкалы шығармалар, авторлардың бірігуі арқылы бөлек құрастырылған, бөлек тіркелуі және бірге тіркелуі де мүмкін болады. Хореграфиялық, пантомималық, аудиовизуалдық шығармаларды тіркеу кезінде (кино, теле, видеофильмдер, диафильмдер, және басқа да кино-телешығармалар) мына құжаттар ұсынылады: өтініш; шығарма жазылған видиокассеталар; шығармаға сипаттама (атауы, құрастырылған күні); өтініш берушіні куәландыратын жеке куәліктің көшірмесі. Сәулет, қаласалу, мүсіндеу, көркем сурет, графикалық, сол сияқты басқа бейнелеу, бақшалы-саябақтық және декоративті-құрастырмалы өнерді тіркеу кезінде мына құжаттарұсынылады: өтініш; эскиздер,сызбалар,суреттер,иллюстрациялар, шығарманың бейнелегене фотосурет түріндегі сұлбасы; шығармаға сипаттама ,(атауы,құрастырылған күні); өтініш берушіні куәландыратын жеке куәлік,құжаттың көшірмесі. Фотосуреттік шығармалар мен фотосуретке ұқсас әдістерімен жасалған шығармалар, сол сияқты карталар, жоспарлар, эскиздер, иллюстрациялар, географияға, топографияға, басқа да ғылымға жататын үш еселік шығармаларды тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады: өтініш; шығарманың тұпнұсқасы; өтініш берушіні куәландыратын жеке куәлік, құжаттың көшірмесі. Деректер қорын электрондық-есептеу машинасы үшін бағдарламаларды тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады: өтініш; ЭЕМ-сы үшін бағдарламамен дерек қор әкелуші, дискета және т.б. ЭЕМ-сы үшін реферат бағдарламасы немесе дерек қоры, өтініш берушінің (аты, фамилиясы, әкесінің аты,)атауы,құрылған күні, пайдалану саласы, белгілері, функцияланған мүмкіндігі, негізгі техникалық ерекшеліктері,бағдарлау тілі ,ЭЕМ-сын тарату түрі және т.б.; өтініш берушіні куәландыратын жеке куәлік,құжаттың көшірмесі. ЭЕМ-сының бағдарламалары (бағдарламалық кешендер),құрамына ЭЕМ-сы үшін бірнеше бағдарламалар бар, тіркеуге толығымен жатады. Фонограмманы тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады: өтініш; авторлық келісім-шарттың көшірмесі; аудио-видиокасетталар немесе фонограмма жазылған компакт-диск ; фонограмманы сипаттау (атауы, құрылған күні, ойналу уақыты, фонограмма мазмұны және т.б); жеке тұлғалар үшін куәліктің көшірмесі, заңды тұлғалар үшін, мемлекеттік тіркеуден өткен куәліктің көшірмесі; Эфирлік және кабелді хабарлар таратуұйымын тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады: өтініш; шығарманың сценарийі; шығарманы пайдалануда, шығарманың авторымен бекітілген айрықша құқықтарды арзандату туралы шарттың көшірмесі; жеке тұлғалар үшін куәліктің көшірмесі, заңды тұлғалар үшін –мемлекеттік тіркеуден өткен куәліктің көшірмесі. Қызметтік міндеттер мен қызметтік тапсырмаларды орындау барысында құрылған қызметтік шығармаларды тіркеу кезінде мына құжаттар ұсынылады: өтініш; шығарманың түпнұсқасы мен көшірмесі; өтініш берушіні куәландыратын жеке куәліктің көшірмесі; автор мен жұмыс берушінің арасындағы, қызметтік шығармаларды пайдаланудағы меншіктік құқықты иемдену шартының көшірмесі; Егер құжаттарды сенімді тұлғамен ұсынсаңыз тағы да қосымша мына құжаттарды ұсыну қажет: автордың қолын куәландарған, заңдылық тәртіптерімен қарастырғандай сенімхат; жеке куәліктің, құжаттың көшірмесі. Сабақтас құқықтардың объектiлерi. Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткiзiлу әдiсi мен нысанына қарамастан қолданылады [30,23б.]. |