11-Сынып. кесінді тест.. 1. Абыз йелдер жерленген Сармат орымы
Скачать 34.63 Kb.
|
1-нұсқа 1.Абыз әйелдер жерленген Сармат қорымы: А) Сынтас В) Бәйте С) Бесоба Д) Аралтөбе Е) Тақсай 2.Сарматтардың арғы тегі: А) Гирканилер В) Ксанфилер С) Писсурлар Д) Савроматтар Е) Исседондар 3.Қазақстан террриториясындағы Маңғыстау өңіріндегі энеолит тұрағының атауы: А) Ботай В) Шебір С) Шақпақата Д) Шабақты Е)Арыстанды 4.Билік белгісі саналатын алтын бесжұлдыз табылған Шығыс Қазақстандағы оба: А) Шіліктідегі №5 оба В) Шіліктідегі №1 оба С) Берелдегі №11 оба Д) Аралтөбе Е) Есік 5.Қазақстандағы андроновтықтардың тастағы суреті табылған өңір: А) Қаратау В) Түгіскен С) Сексеуіл Д) Шағалалы Е) Баланды 6. Мезолит дәуіріндегі тұрақтардың аз болуының негізгі себебі: А) Тайпа аралық соғыстардан В) Жиі қоныс аударуынан С) Мұздықтардың еруінен Д) Адамдар санының азаюынан Е) Ұсақ малдардың қырылуынан 7.Аттиланың сарайында болып ,ол туралы дерек қалдырған шежіріші: А) Чжань- Цянь В) Марцелин С) Сыма- Цянь Д) Прииск Е) Верди 8.Сақ заманындағы батырлық дастандар: А) « Алып ер Тоңға», «Шырақ» В) «Тоныкөк»,«Күлтегін» С) «Қорқытата»,«Оғызнама» Д) «Шырақ»,«Тоныкөк», Е) «Күлтегін»,«Қорқытата», 9.Адамның шығу тегі мен дамуын,адам нәсілдерінің пайда болуы мен сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейтін ғылым: А) Нумизматика В) Антропология С) Геральдика Д) Топономика Е) Этнография 10.Тегістегіш-жоңғыштар кездесетін неолиттік Қараүңгір табылған аймақ: А) Жетісу В) Орталық Қазақстан С) ОңтүстікҚазақстан Д) Шығыс Қазақстан Е) Арал маңы 11.Үйсіндердің билеушісінің лауазымы: А) Қаған В) Түменбасы С) Күнби Д) Тәңірқұты Е) Патша 12.Ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасқан дәуір: А) Неолит В) Палеолит С) Энеолит Д) Қола Е) Мезолит 13.Берелден №11 обадан табылды: А) Алтын киімді адам В) Билік белгісі алтын жұлдыз С) Әбзелдері алтындатылған 16 ат қаңқасы Д) 13 қола жебе Е) Тұтас сақталған 13 жирен жылқы 14. Неолит дәуірінің басты ерекшелігі: А) Тебінді жайылым қалыптасты В) Өндіруші шарушылық пайда болды С) Жер бетін мұздық басты Д) Адамдар тобыры рулық қауымғм айналды Е) Мыстан жасалған еңбек құралдары шықты 15. Мысты-тас дәуірінде қоғамда пайда болған ірі өзгеріс: А) Аталық ру толық орнықты В) Өнім өндіріп, еңбек құралын жасау жетілдірді С) Адамдар үнемі жайылымдарын ауыстырып отырды Д) Туысқандық негізде құрылған аналық ру шықты Е) Еңбек бөлінісі қалыптасып,аталық ру орнай бастады 16.Сақ қоғамында үнді-иран тілінде «ратайштар» деп аталатын топ өкілдері: А) Жауынгерлер В) Абыздар С) Тайпа көсемдері Д) Малшылар Е) Ру ақсақалдары 17.Ерте темір дәуірінде шаруашылықта болған ірі өзгерістер: А) Ірі қалалар дамыды В) Тайпа аралық соғыстар жиіледі С) Теселі- кетпенді шаруашылық дамыды Д) Сауда күшейді Е) Көшпелі мал шаруашылығы толық қалыптасты 18.Қаңлы елі бес иелікке бөлініп,оларды басқарғандар: А) Бектер В) Тайпа көсемдері С) Ру ақсақалдары Д) Кіші хандар Е)Түменбасылар 19.Оңтүстік Қазақстаннан табылған Түгіскен,Ұйғарақ қорымдарының салған уақыты: А)Б.з.б. VІІІ ғ. В) Б.з.б VІІІ -ІІІ ғ. ғ. С) Б.з. VІІІ ғ. Д) Б.з.б VІІІ-V ғ.ғ Е) Б.з.б VІІІ-VІ ғ.ғ 20.Мәтіндегі жағдайдың себебінен,дала тұрғындарының шаруашылығына енген негізгі өзгеріс: Табиғатта құрғақшылық бел алып,жауын-шашын азайды.Егіншілікпен шұғылдану қиындады.Әр түрлі өсімдіктерге бай дала қатты тікенді жантақ пен изенді сорға,сусыз құмды жапан далаға айнала бастады.Бұл малмен күн көріп отырған тайпалардың жаңа өріс іздеуіне ықпал етті.Бұрын иесіз жатқан жерге енді адамдар қоныстана бастады. А) Қыста малды қоға ұстау тәжірибесі егізілді В) Тәлімді егіншілікке өтті С) Түйе малын қолға үйретті Д) Аңшылық пен балық аулауға көшті Е) Көшпелі мал шаруашылығына өтті 21.1918 жылы құрылған Түркістан АКСР- нің астанасы: А) Орынбор В) Верный С) Ташкент Д) Семей Е) Қызылорда 22. Индустрияландыру кезінде Қазақстанның табиғи байлықтарын зерттеуде үлес қосқан ғалым: А) Қ.Сәтбаев В) Ә.Марғұлан С) А.Айтхожин Д) В.Сокольский Е) Е.Букетов 23. Жеке адамдардың немесе қоғамдық ұйымдардың мүліктерін мемлекеттің уақытша өзіне қаратып алуы: А) ликвидация В) реабилитация С) реквизиция Д) экспанция Е) диверсификация 24.Еңбектері ғылымға жат деп танылып, ұлтшылдар қатарына жатқызылған тұлға: А) М.Шаханов В) Ғ.Мүсірепов С) Ж.Молдағалиев Д) Ә.Марғұлан Е) І.Есенберлин 25.Уақытша Үкімет органдары жүргізген қызметінің жағымсыз жақтары: А) ақшалай өмемақы егізілді В) тыл жұмысына алынғандарды еліне қайтарды С) отарлық басқару аппараты сақталды Д) монархия жойылды Е) 1916 жылғы оқиғаға қатысушыларға кешірім жарияланды: 2-нұсқа 1.Шебірден табылған бұйым: А) Алтыннан жасалған тәж В) Ұлу қабығынан жасалған мошақ С) Орақ тәрізді қапсырма Д) Салпыншақ әшекейлер Е) Шиыршықталып оралған білезік 2.Әскери демократия заманында сарматтарда ішкі және сыртқы мәселелерді шешкен топ өкілдері: А) Тайпа көсемдері В) Жасақтар С) Абыздар Д) Ру ақсақалдары Е) Әскербасылар 3.Аримаспылар мекендеген аумақ: А) Батыс Қазақстан В) Орталық Қазақстан С) Солтүстік Қазақстан Д) Арал маңы Е) Шығыс қазақстан және Павлодар облысы 4.«Ақ жалды жүйрік аттардың иелері» атанған сақ тайпасы: А) Исседон В) Аргиппей С) Аримаспы Д) Сармат Е) Дай 5.Ерте темір дәуіріне жататын Ақтау бекініс қалашығы орналасқан жер: А) Сыр бойы В) Каспий жағалауы С) Ертіс бойы Д) Іленің сол жағалауы Е) Есіл өзенінің оң жағалауы 6.Шығыста «шығыс ху» тайпаларын бағындырған,батыста юэчжи тайпаларына жорықтар жасаған ғұн билеушісі: А) Хуханье В) Мөде С) Чжи-Чжи Д) Лаушан Е) Аттила 7.Энеолиттік Ботай тұрағының мерзімі: А) Б.з.б.3-2 мыңжылдықтар аралығы В) Б.з.б.4-5 мыңжылдықтар аралығы С) Б.з.б.5-6 мыңжылдықтар аралығы Д) Б.з.б.6-7 мыңжылдықтар аралығы Е) Б.з.б.7-8 мыңжылдықтар аралығы 8.Б.з.б. 138 жылы « Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты» деп жазған Қытай елшісі: А) Лю-Бань В) Маодун С) Чжан Цянь Д) Лаушан Е) Сыма Цянь 9.Тас,жартас бетіне қашау арқылы сызып немесе ойып салынған ежелгі сурет атауы: А) Полихром В) Фреска С) Стиль Д) Петроглиф Е) Гравюра 10.Жетісу мен Сырдарияның орта ағысында тұратын шошақ бөрікті сақтарды парсылар атады: А) Хаумаваргалар В) Исседондар С) Тиграхаудалар Д) Аримаспылар Е) Парадарайала 11. Қола дәуірінің Солтүстік Қазақстан аумағынан табылған қонысы: А) Алексеев А) Мұзбел С) Степняк Д) Таңбалытас Е) Пеньки 12.Отырар аймағынан Ираннан әкелінген суретті мөрлер табылған қорым: А) Мардан-Күйік В) Көк- Мардан С) Қостөбе Д) Пұшық- Мардан Е)Алтынасар 13.Ғұндардың әйгілі патшасы Еділ (Аттила) туралы еңбектер жазылып келеді: А) ХІІ ғасырдан бастап В) VІІІ ғасырдан бастап С) ІХ ғасырдан бастап Д) VІ ғасырдан бастап Е) Х ғасырдан бастап 14.Дайлардың апарн тайпасынан шыққан Арсақтың (Аршак) Парфияны жаулап алуы: А) б.з.б. 252-251ж.ж. В б.з.б. 252-251ж.ж. С) б.з.б. 249-248 ж.ж. Д) б.з.б. 248-247 ж.ж. Е) б.з.б. 247-246 ж.ж. 15.Ұлы Жібек жолын дипломатиялық мақсатқа пайдаланған Қытай императоры: А) Шинь Ши Хуанди В) Бан Чао С) У-Ди Д) Ван Ман Е) Цянь Сюань 16.Қытай жылнамаларында айтылғандай б.з.б ІІІ ғасырда Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген тайпалық одақ: А) Қаңлылар В) Сақтар С) Үйсіндер Д) Ғұндар Е) Сарматтар 17.Қазақстанда ең алғаш пайда болған тайпалық одақ: А) Қаңлылар В) Сақтар С) Үйсіндер Д) Ғұндар Е) Қыпшақтар 18.Б.з.б.І ғасырдардан бастап ғұндар Арал бойынан ығыстырған тайпалар: А) Қаңлы,үйсін В) Алан,ас С) Исседон,массагет Д) Қаңлы ,алан Е) Үйсін,сармат 19.Темір дәуіріне жататын Шығыс Қазақстан жеріндегі сақ қорғандары: А) Бесшатыр,Есік В) Бірлік,Алыпқаш С) Шілікті,Берел Д) Аралтөбе,Берел Е) Тасмола,Сынтас 20. Мәтіндегі сипатталған тарихи үрдістің орын алған кезеңі: « ... адамзат қоғамының даму қарқыны артты.Адамдар жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысты,жабайы жануарларды қолға үйретті.Кен кәсібі және тоқымашылықпен айналыса бастады.Адамзаттың жедел дамуы ең алдымен тас құралдарының жетілуіне және өндіргіш күштердің,яғни өнімді еңбектің пайда болуына тікелей байланысты еді. А) Ерте палеолит В) Кейінгі палеолит С) Энеолит Д) Қола дәуірі Е) Неолит 21.1920 жылы қазанда Қырғыз (Қазақ) АКСР-і Кеңестерінің Құрылтай съезі өткен қала: А) Верный В) Семей С) Ақмола Д) Орынбор Е) Торғай 22.Қазақстанда тың игеру жүзеге асырылды: А) ХХ ғ. 80-90 жылдары В) ХХ ғ. -30 жылдары С) ХХ ғ. 70-80 жылдары Д) ХХ ғ. 50-60 жылдары Е) ХХ ғ. 40 жылдар 23.Н.Ә.Назарбаев Қазақстанда 2050 жылы дамыған 30елдің қатарына жеткізу міндетін айқындап берді: А) 2010 жылы желтоқсанда В) 2013 жылы желтоқсанда С) 2012 жылы желтоқсанда Д) 2011 жылы желтоқсанда Е) 2014 жылы желтоқсанда 24.Алғашқы халықаралық жоба ретінде түсірілген фильм: А) «Амангелді» В) «Тақиялы періште» С) «Менің атым Қожа» Д) « Абай әндері» Е) « Көшпенділер» 25.1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында Жалпықазақ съезінде қаралған мәселе: А) Қазақ облыстарының автономиясын құру В) Қазақ облыстарын Түркістан автономиясына қосу С) Қазақтар арасынан Мемлекеттік Думаға депутат сайлау Д) Қазақтарды қара жұмысқа алу Е) Мұсылман әйелдерінің теңдігі туралы 3-нұсқа 1.Қаңлылардың 16 гектар жерді алып жатқан қаласы: А) Мардан В) Шаш-Илақ С) Битянь Д) Құлаата Е) Алтынасар 2. Ежелде Гиркан деп аталған теңіз: А) Арал В) Каспий С) Жерорта Д) Қара теңіз Е) Эгей 3. Б.з.б.ғ .ІV. сақтар қоршауға алған грек гарнизоны орналасқан қала: А) Битянь В) Сарды С) Маракана Д) Шірік-Рабат Е) Қызыл-Аңғар 4.Сақтардың Бәбіш-Молда қаласы орналасқан өңір: А) Арал бойында В) Арыс бойында С) Ертіс бойында Д) Жаңадария бойында Е) Ташкент маңында 5.Ғұн мемлекетінде шаньюйден кейінгі басты лауазым: А) Сұлтан В) Уәзір С) Сюбашы Д) Түменбасы Е) Бектер 6.Қаңлылардың солтүстігіндегі көршісі: А) үйсіндер В) ғұндар С) сарматтар Д) массагетер Е) аримаспылар 7.Ежелгі шебір тұрғындары ыдысты әшекей ету үшін пайдаланды: А) Арқан таңбасы сияқты өрнекті Е) Геометриялық өрнекті С) Тарақ тісі сияқты өрнекті Д) Төрт бұрышты өрнекті Е) Күннің суретін салды 8.Ғұн мемлекетінің пайда болу кезіндегі көрші тайпалары: А) Аландар В) Сарматтар С) Дунхулар Д) Қаңлылар Е) дайларлар 9.Еуропаны Римдіктердің үстемдігінен азат етті: А) Сарматтар В) Сақтар С) Массагеттер Д) Ғұндар Е) Аландар 10.Қола дәуіріне тән бас сүйегі үлкен, беті кішкене мұрны таңқылау адам сүйегі табылған Жамбыл облысындағы қорым: А) Шабақты В) Ойжайлау С) Тесіктас Д) Ақтас Е) Арыстанды 11.Қазақстан аумағында белгілі мезолиттік тұрақтар саны: А)10-нан астам В) 30- дан астам С) 40-тан астам Д) 20-дан астам Е) 50-ден астам 12.Ғұндарда бұйым бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу әдісі: А) Безендіру В) Бояу С) Жапсыру Д) Отырғызу Е) Зерлеу 13.Қабырғалары терең көмілген,көлемі 40-60 шаршы метр болатын мезолиттік баспана табылған өзен аңғары: А) Торғай В) Шу С) Жайық Д) Есіл Е.Арыс 14.Б.з.б. IV ғасырда сақ жеріне қауіп төндірген : А) Кир В) Дарий С) Ксеркс. Д) Александр Македонский Е) Арриан 15.Деректерде көрсетілген «Үйсіндердің үлкен гунмосы» тұрған қала: А) Бәбіш- Молда В) Шірік -Рабат С) Чигу Д) Битянь Е) Алтын-Асар 16.Орлар мен және дуалдармен қоршалған қола дәуірінің Солтүстік Қазақстандағы қоныстары: А) Мала-Красноярка,Шағалалы В) Боголюбов,Петровка С) Беғазы,Дәндібай Д) Жасыбай,Хантау Е) Таңбалы,Степняк 17.«Мұртты» обалардың таралу аймағы: А) Сарыарқаның оңтүстігі В) Сарыарқаның солтүстігі С) Сарыарқаның орталығы Д) Сарыарқаның батысы Е) Сарыарқаның шығысы 18.Қытай деректері бойынша Қаңлылардың саны: А) 600 мың адам В) 630 мың адам С) 400 мың адам Д) 700 мың адам Е) 300 мың адам 19.Үйсіндердің Ақтас қонысынан табылған заттай деректер дәлелдейді: А) Мал шаруашылығының болғанын В) Егіншіліктің болғанын С) Сауданың дамығанын Д) Аңшылықтың болғанын Е) Терімшіліктің дамығанын 20.Мәтінде көрсетілген қазақ хандарын анықтаңыз: Махмұд ибн Уәли «Бахр әл-асрар» еңбегінде жазғандай: «… сол аумақта (яғни Моғолстанда) ұзақ тоқтаған кезде Әбілқайыр ханды ұнатпаған қол астындағы белгілі және қарапайым адамдардың қай-қайсысы болмасын олардан пана тапты» . А) Керей мен Жәнібек В)Тәуекел мен Есім С) Тәуке мен Жәңгір Д) Мамаш пен Тахир Е) Қасым мен Хақназар 21.Ақпан революциясынан кейін Петропавлда құрылған жастар ұйымы: А) «Талап» В) «Жанар» С) «Жас қазақ» Д) «Тайшұбар» Е) «Жас жүрек» 22.Тарихи оқиғалардың хронологиялық ретін анықтаңыз: 1.Тың жерлерді игеру, 2.Теміртау оқиғасы, 3.Семей полигонындағы алғашқы сынақ, Целиноград оқиғасы,5. Ю.Гагариннің ғарышқа сапары А) 3.1.5.2.4 В) 1.4.3.5.2 С) 3.2.4.5.1 Д) 3.1.2.5.4 Е) 3.5.1.4.2 23.28 қаңтарда 1993 жылы қабылданған, 4 бөлім,21 тараудан тұратын құжат: А) Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы В) Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы С) Қазақстан Республикасының сотын сайлау туралы қаулы Д) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы заң Е) Қазақстанның егемендігі туралы декларация 24.Қазақстанда жаппай аштық болған кезең: А) 1930 жылдардың басы В) 1930 жылдардың басы С) 1950 жылдардың аяғы Д) 1940 жылдардың аяғы Е) 1960 жылдардың аяғы 25. Шетел интервенциясы мен Азамат соғысы кезінде «Тау қырандары» партизандық отрядтары әрекет еткен жер: А) Қарқара мен Үстірт В) Алтай мен Тарбағатай С) Жетісу мен Түркістан Д) Қостанай мен Маңғыстау Е) Қарақұм мен Бетпақдала Жауаптары
|