БӨЖ-2 инклюзив. БЖ2 Таырыбы Р мен шетелдегі инклюзивті білім беруді реттейтін нормативті ыты жаттарды талдау
Скачать 20.5 Kb.
|
БӨЖ-2 Тақырыбы: ҚР мен шетелдегі инклюзивті білім беруді реттейтін нормативті құқықтық құжаттарды талдау Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы көп уақыт бойы халықаралық қауымдастықтың назарында болып келді. Қазіргі уақытта көтеріліп отырған жалпы проблемаға байланысты біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан Адам құқығы туралы декларация, Мүгедектердің құқығы туралы декларация, Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген тұлғалардың құқығы туралы декларация, Бала құқығы туралы конвенция, Мүгедектердің мүмкіндігі мен ережелерін сақтаудағы тең құқығын сақтаудың стандартты ережелері түріндегі бірқатар нормативтік құжаттар жасақталған. 1989 жылғы 20 қарашадағы Бас Ассамблеяда Бала құқығы туралы конфенция қабылданып, баланың мүмкіндігін әлемдік деңгейде сақтай білу, оны дамытудың қажеттілігі қабылданды. Конвенцияның негізгі мақсаты - максималды түрде баланың қызығушылығын сақтау. Конвенцияның ережелері маңызды төрт талап негізінде (өмір сүруге қабілеттілік, даму, қорғау, қоғамдағы белсенді өмір сүруін қамтамасыз ету) қарастырылды. Конвенцияның 23-ші бабында «мүмкіндігі шектеулі баланың өмір сүруіне жағдай жасау» туралы мәселелер көтеріледі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы, кәсіби еңбекке дайындығы, оларға медициналық көмек көрсету, денсаулығын нығайтудағы қажеттіліктердің қанағаттандырылуы туралы баса айтылады. Қазақстан Республикасының арнайы білім беру жүйесі 90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімделуін жетілдіру мақсатында халықаралық құқықтық актілер қабылданды, олар “Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989) және “Мүгедектердің құқықтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер” (1993), білім алуда ерекшеқажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін “Саламандық декларация” (1994). Халықаралық құжаттар: Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы Бала құқықтары туралы Конвенция (Нью- Йорк, 20 қараша 1989 ж.) Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция (Нью-Йорк, 13 желтоқсан, 2006 жыл) Балалардың өмір сүруі, қорғанысы мен дамуын қамтамасыз ету туралы дүниежүзілік декларация Қазақстан Республикасының заңнамалық базасы: "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тəрбие мен оқытундың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім жəне ғалым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы No557 бұйрығандағы өзгерістер енгізу туралы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заң Кемтар балаларды əлеуметтiк жəне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заң Қазақстан Республикасында мүгедектердi əлеуметтiк қорғау туралы Заң Арнаулы əлеуметтік қызметтер туралы Заң Қазақстан Республикасында білім беруді жəне ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы Заңға қосымша актілер: • Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 13 қарашадағы No 398-V ҚРЗ • Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы • "2016-2017 Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы" Əдістемелік нұсқау • «Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы No 557 бұйрығына өзгеріс жəне толықтыру енгізу туралы • «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы No 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. «Кемтар балаларды əлеуметтiк жəне медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343 Заңы 5 тарау 19 баптан тұрады. МАЗМҰНЫ Осы Заң кемтар балаларды əлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен əдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тəрбиелеу, оқыту, еңбекке жəне кəсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған. Бұл 5 тарау, 19 баптан тұрады. Осы Заңда мынадай негiзгi терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) білім алу үшін арнаулы жағдайлар – мүмкіндігі шектеулі балалардың оларсыз білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнаулы оқу және жеке дамыту бағдарламаларын, оқыту әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілік ортасын, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды, медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар; 2) кемтар бала (балалар) - белгiленген тәртiппен расталған, туа бiткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар он сегiз жасқа дейiнгi бала (балалар); 3) "қатер" тобындағы бала (балалар) - ерте қолға алынбағандықтан, әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетiлмегендiктен, дене және (немесе) психикалық дамуында кенжелеп қалу ықтималдығы жоғары болатын үш жасқа дейiнгi бала (балалар); 4) дене кемiстiгi - ағзасы (ағзалары) дамуының және (немесе) жұмыс iстеуiнiң ұзақ уақыт бойы әлеуметтiк, медициналық және педагогикалық түзеу арқылы қолдауды қажет ететіндей созылмалы бұзылуы; 5) психикалық кемiстiк - адам психикасы дамуының және (немесе) жұмыс iстеуiнiң уақытша немесе тұрақты кемiстiгi, соның iшiнде: сенсорлық бұзылыстардың салдары; сөйлеу бұзылыстары; эмоциялық-еркi жағынан бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуының бұзылыстары, соның iшiнде ақыл-ой жағынан кенжелепқалу; психикалық дамуының тежелуi және осыған байланысты оқып-үйренудегі өзiндік қиындықтар; 6) күрделi кемiстiк - психикалық және дене кемiстiгiнiң кез келген ұштасуы; 7) ауыр кемiстiк - мемлекеттiк (оның iшiнде арнаулы) бiлiм беру стандарттарына сәйкес бiлiм беру қолжетiмдi болмайтын және оқыту мүмкiндiктерi өзiне-өзi қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған дүние туралы қарапайым бiлiмдердi және қарапайым еңбек дағдыларын, немесе аясы тар кәсiби даярлықты меңгерумен шектелетiн дәрежедегi психикалық және (немесе) дене кемiстiгi; 8) ерте қолға алу (ерте қолдау) - психикалық-дене бұзылыстары скринингiн, диагностиканы, емдеудi, дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейiнгi) балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау. |