Алтынай берген. р білім туралы Заы р тіл туралы Заы Бала тары туралы Конвенция
Скачать 0.6 Mb.
|
Нормативтік-құқықтық құжаттар ҚР Білім туралы Заңы ҚР Тіл туралы Заңы Бала құқтары туралы Конвенция ҚР баланың құқықтары туралы Заңы ҚР Еңбек туралы Заңы Сынып жетекші туралы мәліметтер Сынып жетекшінің бұйрығы Сынып жетекші туралы мәлімет Сынып жетекшінің лауазымдық міндеттері Сынып жетекшінің лауазымдық міндеттері Оқушылардың жеке істерін жүргізіп, жай- күйін бақылап отырады; Сынып ұжымын ұйымдастырады: тапсырмаларды бөледі, белсенділермен жұмыс істейді, оқушыларға бағыт береді; Оқушылардың ақыл -ой қызметін ұйымдастыруда психологты шақырады; Оқушыларға мамандық таңдауға көмектеседі; Әлеуметтік жағдайын зерттеп есепке алады; Оқушыладың денсаулығын нығайту үшін спорт шараларына тартады; Ата- аналармен дербес жұмыс жүргізеді; Қабілетті балалардың ой- өрісінің өсуіне жағдай жасау: Күн сайынғы міндеті: • Сынып журналына сабақта жоқ оқушыларды белгілейді • Сыныптағы кезекшілікті бақылауды жүзеге асырады • Оқушылардың киім киісін және олардың ауыстырып киетін аяқ киімі болуын бақылап отырады • Сыныптың өзін- өзі органдарына және сыныптағы мектептік өзін- өзі басқару органдарының өкілдеріне педагогикалық көмек көрсетеді . Апта сайынғы міндеті Оқушылардың күнделіктерін тексереді; Пән мұғалімдерінің сынып журналын жүргізуін бақылап отырады; Сынып сағатын және жарты сағаттық шаралардан ақпарат беру, өзара байланыста болу үшін өткізіп тұрады; Мектеп ішіндегі бекітіліп берілген сыныптың санитарлық жағдайын бақылап отырады; Ай сайынғы міндеті: сынып ұжымының мектеп істеріне қатысуын ұйымдастырады; жол жүру ережесі және қауіпсіздік техникасы мен тіршілік қауіпсіздігі бойынша жоспарлы нұсқама жөніндегі сабақтарды өткізеді; Кабинетке және сыныпқа бекітіліп берген аумаққа тазалық жұмысын жүргізеді; Мектептегі кештер және басқа іс -шаралар кезінде кезекшілік етеді;( кестеге сәйкес) Өз сыныбындағы педагогикалық қамқорлықты талап ететін оқушыларды үйірмелерге, секцияларға басқа бірлестіктерге қатысуын бақылайды: Тоқсан бойындағы міндеті: Оқушылардың денсаулығын сақтау жөніндегі медицина қызметкерлері ұсынымдарын орындалуын ұйымдастыру; Сыныптың мектеп бойынша кезекшілігін ұйымдастырып отырады; Мектеп оқулықтарының жағдайын бақылап отырады; Ата -аналар жиналысын өткізеді; Сынып жетекшілердің семинарларына,өзге де сынып жетекшінің іс -шараларына қатысады; Сынып оқушыларының мектеп ережесін орындауын қадағалайды: Демалыс уақытындағы міндеті Сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігінің демалыс кезіндегі жұмыстарына қатысады; Өзін -өзі басқару органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен,оқушылар белсенділерімен, ата -аналарымен бірлесіп өз сыныбында демалыс кезінде іс- шаралар ұйымдастырады: Оқу жылының аяғындағы міндеті: Сынып белсенділерімен бірге оқу жылындағы сынып қорытындысын шығару; Сыныптағы оқу- тәрбие қорытындысын, талдау жасап, директордың тәрбие ісі орынбасарына есеп тапсырады; Мектеп берген оқулықтарды кітапханаға тапсыртады; Сынып ішін жөндеу жұмысын ұйымдастырады; Қазіргі қоғамымызда болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әр ұстаз өз шеберлігін оқу– тәрбие үрдісінде жаңа педагоикалық технологияны жетік меңгерумен қатар шығармашылықпен жұмыс жүргізуге тиіс. Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, жас бала да тәрбиені қабылдауға солай бейім. Сондықтан ұрпақ жайындағы озық ұлттық мұраны бүгінгі оқу– тәрбие үрдісіне ендіру аса маңызды. “Ел боламын десең, бесігіңді түзе”- деп заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов айтқандай, ел болашағы- жасөспірімдердің саналы да өнегелі тәрбиесіне тікелей байланысты. Осы қағиданы, ережелерді жүзеге асырғанда біз болашағымызға зор сеніммен қараймыз Сынып туралы мәлімет Өткен оқу жылына талдау Сыныпқа жалпы сипаттама (мінездеме) Сынып оқушылары туралы мәлімет Сыныптың анкеталық мағлұматтар тізімі Сынып белсенділері туралы мәлімет Сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері туралы мәлімет Сынып жетекші туралы мәлімет Сынып жетекшінің аты-жөні: Сабирова Мейрамгул Сатыбалдиновна Еңбек өтілі: 20 жыл Білімі: Жоғары Сыныбы: 10 «б» Оқушы саны: 20 Осы сыныпқа жетекшілік ету өтілі: 2 жыл 10«б» сыныбы бойынша 2020-2021 оқу жылына талдау Елбасы өз сөзінде: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деп атап көрсетті. Қазіргі таңдағы мақсатымыз жаңа кезеңде жас ұрпақты тәрбиелеудегі актуалды мәселелерді тиімді шешілуін ұйымдастыру. Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді. Мектебімізде 2020-2021 оқу жылына арналған тәрбие жұмыс жоспары негізінде 6 «в» сыныпбы өз іс-шаралар жоспарын жасақтап, жоспарға сәйкес жұмыс жасады. Оқу жылының алғашқы күнін «Мен Елімнің патриотымын» атты білім сабағынан бастады. Қыркүйек айында тілдер апталығына орай «Мемлекеттік тіл – бірлік пен татулық кепілі» тәрбие сағаты, қазан айында ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ұстаз – ұлы есім», қарттар күніне арналған ««Көп жасаған қария – ағып жатқан дария»» сынып сағаттары өткізілді. Қараша айында ««Атадан қалған –асыл сөз» тәрбие сағаты, «Тәуелсіз елдің төл теңгесі» сынып сағаты, « Тазалық –денсаулық кепілі» әңгіме сағаты,« Елбасы- ел тірегі» » Президент күніне арналған шара, желтоқсан айларында«Еліміздің еркіндігі - тәуелсіздік» сынып сағаты, т.б. шараларға сынып оқушылары белседілікпен қатысты. Сонымен қатар қаңтарда «Спорт-сенің серігің» сайыс, «Кітап-сарқылмас рухани қазына»сынып сағаты, ««Мен мейірімді баламын» тренинг, ақпанда «Білімді мыңды жығады»сайыс, « Жол белгілерін білейік,аман-есен жүрейік», «Өзін-өзі тәрбиелеу – өмір талабы», «Ерлік ұрпаққа мұра»сынып сағаттары, наурыз-сәуір айларында «Қыз еркем-қылығымен көркем» ашық тәрбие сағаты, «Нұр себеле, Әз Наурыз!», «Жасыл желек -жердің көркі», «Ғарыш әлемі», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» атты шаралар болып өтті. Ал мамыр айында «Ынтымақ - достық кепілі»,«Ұрпақтарға ұран болған-Ұлы Жеңіс!» тәрбие сағаттары өткізілілді. Сынып жетекші: СабироваМ. Аққыстау орта мектебінің 10 «б» сыныбына сипаттама Жалпы сипаттама 10 «б» сыныбында 2021 – 2022 оқу жылын 20 оқушымен бастады. Оның «12» - қыз, «8» - ұл. Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері жақсы, әрбір оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепшілік, сынып аралық іс – шаралар мен ертеңгіліктерде ұжым толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласады. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптасқан. Бұндай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған. Сыныптық дәстүрлі мерекелері: күнтізбелік мерекелер, әрбір оқушының туған күндері болып саналады. Бұл күндері барлық ұжым мүшелері ұйымшылдықпен мерекелік шаралар түрінде өткізеді. Мектептен тыс үйірме қатысып, танымдық қабілеттерін ұштап отырады. Мектептегі бірыңғай балалар мен жасөспірімдер парламент ұйымына сыныптың 3 оқушысы мүшелікке қабылданған. Олар:Санақбаева Аяна,Зинеден Бегім,Аспамбет Айнель. Сонымен қатар сынып оқушыларының қоғамдық мүлікті ұстауы, бөлме өсімдіктерін күту, сынып тазалығына, мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту кезеңдеріндегі жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, ұқыптылықпен атқарады. Сынып жетекшісі: Сабирова.М. Сынып оқушылары туралы мәлімет Сынып жетекші: Сыныптың анкеталық мағлұматтар тізімі
Сынып белсенділері туралы мәлімет.
|