Алтынай берген. р білім туралы Заы р тіл туралы Заы Бала тары туралы Конвенция
Скачать 0.6 Mb.
|
Оқушы күнделігін тексеру қорытындысы Тексеріс мақсаты: Сынып жетекшісінің балалар күнделігімен жұмысының жүйелілігі, ата аналар тарапынан күнделік арқылы оқушылардың оқуын және тәртібін қадағалау, оқушылардың күнделікке жауаптылықпен қарауы. Тексеріс уақыты:
Сынып жетекшісі: А.Отарова Ата-аналармен бірлескен жұмыс Ата-ана комитетінің құрамы Ата-аналар жиналыстарының тақырыптары Ата-аналар жиналысының хаттамасы Ата-аналар жиналысына қатысу картасы Ата-анамен жұмыс дәптері Жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебінің 10 «б» сынып оқушыларының ата-аналар комитетінің құрамы
Сынып жетекші: Сабирова.М Жалпы білім беретін Аққыстауорта мектебінің 10«б» сынып оқушыларының ата-аналар жиналыстарының тақырыптары
Хаттама №1 6 қыркүйек 2021 жыл Жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебінің 10б-сыныбы оқушыларының ата-аналар жиналысы болып өтті. Қатысқандар саны: 18 Сабирова.М.-сынып жетекші Күн тәртібінде «Балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау мен қорғау отбасы мен мектеп, қоғам қызметінің факторы» Жаңа оқу жылында алда тұрған мақсаттар мен міндеттер; 10 «б» сыныбы бойынша ата-аналар комитетінің құрамын сайлау; Тыңдалды: Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшіСабирова.М сөз алды.«Балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау мен қорғау отбасы мен мектеп, қоғам қызметінің факторы» тақырыбында ата-аналарға бейнероликтер тамашалау ұсынылып,слайдтар көрсетілді. Сонымен қатар осы тақырып төңірегінде ауызша баяндап өтті. Сабирова.М.: - Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек. Балаңыз үшін қауіпті саналатын күнделікті өмірде кездесетін жол қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі, интернетке, компьютерге тәуелділік сияқты зиянды нәрселерден қорғай біліңіздер. Әсіресе қазіргі кезе камелетке толмаған балалардың көлік айдауы жиі кездеседі. Бұл қаншалықты қауіпті екені айтпаса да түсінікті. Құрметті ата-ана, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыз, қауіпсіздік ережесін сақтауда балаларыңызға үлгі болыңыздар. Егеменді еліміздің болашағы – балалар. Сондықтан бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық. Күн тәртібіндегі екінші мәселе оқу жылында алда тұрған мақсаттар мен міндеттер туралы да сынып жетекші баяндап өтті. Мектеп формасы, сабаққа қатыс, кітап жетіспеушілік, күнделікті сабаққа дайындық сияқты мәселелер төңірегінде әңгіме қозғалды. Сонымен қатар ата-аналарға ұсыныстар мен пікірлер парақшасы таратылып әр қайсысы өз ойларын жазбаша да ұсынды. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе ата-аналар комитетін сайлау бойынша сыныптың ата-аналар комитеті төрайымы және мүшелері бірауыздан сайланды. Сонымен қатар олардың атақаратын жұмыстары жөнінде қысқаша айтып өтілді. |