Главная страница
Навигация по странице:

  • Күтілетін нәтиже

  • Сабақта қолданылатын материалдар

  • Жаттығу кезеңдері Уақыты Коучтің іс-әрекеті Тыңдаушылар-дың іс-әрекеті

  • «Түрлі-түсті ленталар» әдісі.

  • «Ойталқы» әдісі «Мектеп – кеме, білім – теңіз»

  • коучинг. Коучинг мектеп отбасы бала. Семинара дайындалан Мектеп отбасы бала


    Скачать 0.69 Mb.
    НазваниеСеминара дайындалан Мектеп отбасы бала
    Анкоркоучинг
    Дата02.03.2023
    Размер0.69 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаКоучинг мектеп отбасы бала.docx
    ТипСеминар
    #963842

    2021-2022 оқу жылының желтоқсан айының 22-сі күні Ақтөбе қаласы Ә.Марғұлан атындағы №71 жалпы білім беретін орта мектебінде «Тәрбие жұмысындағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығы» атты тәрбие жұмысына арналған желілік семинарға дайындалған «Мектеп – отбасы - бала» тақырыбындағы коучинг жоспары

    Әлкей Марғұлан атындағы №71 ЖББОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тугарисова Асем Орынгалиевна


    Күні: 22.12.2021 жыл

    Мектеп: Әлкей Марғұлан атындағы №71 ЖББОМ

    Тақырыбы

    Мектеп – отбасы - бала

    Мақсаты

    Мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту мақсатында жүргізілетін шаралардың тиімділігін арттыру

    Күтілетін нәтиже

    Топтаса жұмыс атқара отырып, тәрбие орынбасарлары мен сынып жетекшілер мектеп пен отбасы ынтымақтастығы тақырыбында ақпаратпен алмасып, жаңа идея, жаңа ой қалыптастырып, өз ойларымен, тәжірибелерімен бөліседі.

    Сабақта қолданылатын материалдар

    Интерактивті тақта, ватман қағаз, маркерлер, «Блум» түймедағы, кеме суреттері



    Жаттығу кезеңдері

    Уақыты

    Коучтің іс-әрекеті

    Тыңдаушылар-дың іс-әрекеті

    Ұйымдастыру кезеңі

    3 мин

    «Түрлі-түсті ленталар» әдісі.

    Қатысушылар үш топқа бөлініп, семинар барысында өздеріне қойылатын аттарды таңдайды. «Менің есімім ...» әдісі арқылы жүргізіледі.

    «Ойталқы» әдісі

    «Мектеп – кеме, білім – теңіз»

    Мектеп — өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке автономиялық мекеме болаған емес. Сондықтан оның іс — әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік функциясы осында.

    Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймайды, сонымен бірге мөлтік аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы.

    Мектеп іс — әрекеттің ең бастысы – тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек, мінез – құлық, эстетикалық және дене тәрбиесі) мақсаттары және міндеттері жүзеге асырылады.

    Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көптеп саналады. Олар: ата – аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің үйелменмен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстардың барлығына мекиеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.


    Тыңдаушылар ойларын ортаға салады.

    Топтық жұмыс

    3 мин

    1 – топ.

    «Кластер» әдісі «Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы» тақырыбында кеменің желкендеріне ынтымақтастықты нығайту мақсатында қандай шаралар өткізуге болатындығы жөнінде ой бөліседі.


    2-топ.

    «Түйінді 7 идея»



    3-топ.

    «Блум түймедағы» әдісі арқылы бала бақытты болу үшін мектеп пен отбасы мүшелері қандай үлес қосатындығын талқылайды.



    Топтық тапсырмалар орындайды

    Рефлексия

    3 мин

    «Аралдар» әдісі

    Қуаныш аралы, ақпарат аралы, белгісіз арал, қорқыныш аралы



    Тыңдаушылар өздері таңдаған аралға стикерлерін жапсырады.


    написать администратору сайта