Главная страница
Навигация по странице:

  • 59 Буындардың таңертең қозғалмай қалуы қандай ауруда кездеседі

  • 63 Жаңа туылған нәрестелер сары ауруын емдеу негізіне жатады

  • 64 Туберкулин сынамасының виражы деген не

  • 65 Жаңа туылған және 2 айлық баланың өмірінің қауіп – қатер факторы болып табылады

  • 66 ҚР ұлттық егу күнтізбесі бойынша қандай жастағы балаларға эпидемиялогиялық паротитқа қарсы тірі вакцинация жасалады

  • 67 Егер баланың тамағы ауырып және сұйықтық мүлдем іше алмаса, науқас баланы емдеудің кешенді әдісін ауру бойынша классификациялаңыз

  • 69 Жаңа туылған нәрестенің бірінші патронажы. Анасына төспен емізудің маңыздылығы жайлы айтылды. Тек табиғи тамақтандыруда болатын тамақтандырудың негізгі үрдісін көрсетіңіз

  • 72 Мейірбике таңу жүргізу үшін стерильді үстелді дайындауы қажет. Қолын залалсыздандырудың қандай деңгейін орындауы қажет

  • 75 Асқазанның ойық жарасы перфорацияланған кезде ауырсыну сипаты мен орны

  • 76 Үйдің төбесін бояу кезінде жұмыскер жерге құлап түсті, оң жақ санын тіліп алды. Жарадан алқызыл қан бөлінуде. Қан кету түрін және уақытша қан тоқтату әдісін көрсетіңіз

  • 77 Операция алаңын өңдеу үшін қолданылатын ерітіндіні көрсетіңіз

  • 79 Аралықтың ІІ дәрежелі жыртылуы сипатталады

  • 80 Босанғаннан кейінгі әйел 7 тәулік бойы үлкен дәретінің болмауына шағымданады, мейірбикенің қажетті іс-әрекеті

  • 83 Босану хабаршысының диагностикалық белгісін көрсетіңіз

  • 86 Көпұрықты жұктіліктің диагностикалық белгісін анықтаңыз

  • 89 Ұрықтың жедел гипоксиясы дамитын жағдайды көрсетіңіз

  • 90 Жаңа туылған нәрестелер асфиксиясы дамуының антенатальды қауіп факторын көрсетіңіз

  • 92 Жыныс серіктестерін жиі ауыстыратын және жыныстық қатынаста жиі болатын 19 жастағы жас қызға контрацепция әдісін таңдаңыз

  • 93 Гинекологиядағы шұғыл жағдайларға жатады

  • 94 Оральды контрацептивтер қолданатын 33 жастағы әйелге ұсыныстар таңдаңыз

  • 96 Мүйіспен және қасаға симфизінің төменгі шеті арасындағы арақашықтық

  • 97 Ауруды оң үлкен жыныс еріннің аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Жыныс еріні ісінген, қатты ауырады, оның үстіндегі терісі қызарған, қатты ісік білінеді. Сіздің диагнозыңыз

  • 98 АИВ инфекциясы кезінде инкубациялық кезеңнің аяқталуы немен сипатталады

  • 1 ай жаста балалара кіші жамбас астауыны удз жргізіріледі


    Скачать 162.73 Kb.
    Название1 ай жаста балалара кіші жамбас астауыны удз жргізіріледі
    Дата22.06.2021
    Размер162.73 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаbaza007.docx
    ТипДокументы
    #220039
    страница8 из 19
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

    58 Науқас әрбір жөтелген сайын алқызыл көбікті қанның бөлінуі бойынша мейірбике палатаға шақырды. Қандай шұғыл жағдай дамыды?:

    өкпеден қан кету


    59 Буындардың таңертең қозғалмай қалуы қандай ауруда кездеседі?




    ревматоидтық артрит



    60 Терапия бөліміне А. атты 27 жастағы пациент мынадай шағымдармен келді: жөтелмен қиын бөлінетін тұтқырлы қақырық, ентігу, әр күні бірнеше рет тұншығу ұстамасы мазалайды. Қарағанда тыныс алу жиілігі минутына 32 рет , өкпеде ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Пациентте анықталған өзгерістер қайсы ауруға тән?

    Бронх демікпесі

    61 25 жастағы пациенттің шағымдары: қақырықты жөтел екі аптадан бері мазалайды, кеуде тұсында ауырсыну әлсіздік, түнде дене температурасының 37,5 дейін жоғарылауы, жүдеу. Объективті тексергенде: өкпенің жоғарғы бөлігінде бәсең везикулярлық дыбыс, құрғақ сырылдар, тыныс алу жиілігі 24 рет 1 мин. Қандай ауру деп ойлайсыз?

    өкпе туберкулезі.

    62 Семіздікпен ауыратын 48 жастағы әйелді, оң қабырға астындағы ауырсыну мазалайды. Ауырсыну оң жауырынға, қолға, оң жақ мойынға берілді. Сонымен қатар жүрек айну, құсу байқалады. Қандай ауру деп ойлайсыз?




    созылмалы холецистит.


    63 Жаңа туылған нәрестелер сары ауруын емдеу негізіне жатады:

    фототерапия, ана сүтімен тамақтандыру


    64 Туберкулин сынамасының виражы деген не?

    алғаш рет болған оң Манту сынамасы


    65 Жаңа туылған және 2 айлық баланың өмірінің қауіп – қатер факторы болып табылады:

    көмек арқылы ғана қозғалады


    66 ҚР ұлттық егу күнтізбесі бойынша қандай жастағы балаларға эпидемиялогиялық паротитқа қарсы тірі вакцинация жасалады:

    12-15 ай және 6 жас




    67 Егер баланың тамағы ауырып және сұйықтық мүлдем іше алмаса, науқас баланы емдеудің кешенді әдісін ауру бойынша классификациялаңыз:




    Жұтқыншақ абсцессі



    68 Бала 11айлық, балалар ауруханасына жөтелге, дене температурасының жоғарлауына, тамақтан бас тартуына, әлсіздікке шағымданып түсті. Объективті қарауда тынысы жиілеген, кеуде клеткасының төменгі бөлігі ішке кірген, аускультацияда әлсіреген тыныс. Осы жасқа сай "жиілеген тыныс" ұғымына келетін тыныс жиілігін көрсетіңіз:

    минутына ≥50


    69 Жаңа туылған нәрестенің бірінші патронажы. Анасына төспен емізудің маңыздылығы жайлы айтылды. Тек табиғи тамақтандыруда болатын тамақтандырудың негізгі үрдісін көрсетіңіз:




    ана мен баланың терілік- тактильды байланысы


    70 Жаңа туылған нәрестеге алғашқы патронаж жүргізілуде. Дәрігер анасына төспен емізу маңыздылығы жайлы, төспен тамақтандыру негіздері мен бос тамақтандыру жайлы түсіндіруде. Бір жасқа дейінгі балаларда еркін тамақтандыру деген ұғымға не жатады?

    баланың тамақ көлемі мен уақытын анықтауы


    71 Бала 4 жаста. Аймақтық дәрігер үйге шақырылған. Жөтелге, дене температурасының жоғарлауы, тамақтан және судан бас тартуға шағымданады. 3 күн бойы симптоматикалық ем қабылдған, ем нәтижесіз. Қарау барысында тері жамылғылары боз, мұрын- ерін үшбұрышының цианозы. Өкпеде тыныс әлсіреген, оң жақ төменгі бөлігінде ұсақ көпіршікті сырылдар. Ауруханадан тыс пневмонияға күдікпен бала ауруханаға жіберілген. Шұғыл госпитализация көрсеткішін көрсетіңіз:




    тамақ пен судан бас тарту


    72 Мейірбике таңу жүргізу үшін стерильді үстелді дайындауы қажет. Қолын залалсыздандырудың қандай деңгейін орындауы қажет:

    Хирургиялық




    73 Науқас мұрын арқылы тыныс алудың қиындағанына шағымданды.Қарау кезінде: бет терілері кей жерлерде гематомалармен жабылған.Мұрын қалқасының гематомасы диагнозы қойылды. Диагнозды нақтылау үшін қандай диагностикалық зерттеу әдісін қолданады




    алдыңғы риноскопия


    74 Сіз - оқиға орнына келген «Жедел жәрдем» фельдшері.Пациент -32 жастағы ер адам, салынып жатқан үйдің екінші қабатынан құлаған. Ол, сол жақ санының қатты ауырсынуына, қимылдың шектелуіне шағымданады.Пациент қозып, түруға әрекеттенеді. Қарағанда: сол жақ санның ортаңғы 1/3 бөлігінде гематома байқалады, сол аймақтың пальпациясы кезінде ісіну мен пішінінің өзгеруі (деформация) анықталады. Пациент, тұрамын деп әрекет жасағанда, патологиялық қозғалыс пен крепитация байқалады. Бұл жағдайда фельдшердің тактикасын анықтаңыз:

    Ауырсынуды басу, транспорттық иммобилизация, жарақаттық шоктың алдын алу


    75 Асқазанның ойық жарасы перфорацияланған кезде ауырсыну сипаты мен орны:

    эпигастрийда "қанжар" сұққандай ауырсыну


    76 Үйдің төбесін бояу кезінде жұмыскер жерге құлап түсті, оң жақ санын тіліп алды. Жарадан алқызыл қан бөлінуде. Қан кету түрін және уақытша қан тоқтату әдісін көрсетіңіз:

    артериялық, жгут салу




    77 Операция алаңын өңдеу үшін қолданылатын ерітіндіні көрсетіңіз

    1% йоданат ерітіндісі


    78 Жедел жәрдем фельдшерін қатты ауырсынбалы толғақтарға шағымданатын босанушыға шақырды. Қарау барысында: мазасыз, контракциялық сақина жоғары және қиғаш орналасқан, жатыры құмсағат пішіндес, сыртқы жыныс мүшелері ісінген. Қандай асқынуды күмәндәнуға болады?

    жатыр жыртылуының қауіпі







    79 Аралықтың ІІ дәрежелі жыртылуы сипатталады:

    аралық терісі мен бұлшық етінің жыртылуы


    80 Босанғаннан кейінгі әйел 7 тәулік бойы үлкен дәретінің болмауына шағымданады, мейірбикенің қажетті іс-әрекеті:

    тазарту клизмасын жасау, диетаны сақтауға ұсыныс


    81 Көп босанған әйел, бала жолдасы туылды, қарау барысында түгел. Жатырдың жиырылу қабілетінің төмендігіне байланысты жатыр қуысын қолмен тексерді. Әйел 1000 мл қан жоғалтты және қан кету жалғасуда. Қанды тоқтату мақсатында қандай іс-әрекет жасалады?

    жатыр ампутациясы, экстирпациясы


    82 Жүкті әйел кезекті дәрігер қарауына әйелдер кеңес беру мекемесіне келді. Жүктілік мерзімі 28-29 апта. Тексеру барысында АК - 160/100 мм. сын. бағ. көрсетті. Аяғында ісігі бар. Зәрдегі ақуыз мөлшері 1 г/л дейін. Сәлден кейін әйел басының ауырғанына, көзінің қарауытқанына, құсқысы келетіндігіне шағымданды. Жедел жәрдем көмегі шақырылды. Ол келгенше сіздің тактикаңыз?

    сульфат магний ерітіндісін 25%-20 мл тамырға 10-15 минут ішінде енгізу


    83 Босану хабаршысының диагностикалық белгісін көрсетіңіз:

    жалған толғақ


    84 24 жастағы жүкті С., босану үйіне 4 сағат бұрын басталған толғаққа шағымданып келді. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, АҚ -120/80 мм.с.б.б., ұрықтың жүрек қағысы анық, минутына 130 соққы, толғақ 30 секундтан әр 7-8 минут сайын. Бимануальды тексеруде: жатыр мойны 6 см ашылған, қағанақ қапшығы бүтін. Диагноз: Жүктілік 39 апта. Босану кезеңін анықтаңыз:




    жатыр мойнының ашылу кезеңі



    85 Науқас С.,22 жаста, 10 шілде етеккірінің болмауына, таңғы уақытта жүрек айну мен құсуға шағымданып келді. Анамнез: соңғы етеккірі 10 мамырда, жыныстық қосылу күнделікті. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, АҚ 110/70 мм.с.б.б. Айнамен қарағанда қынаптың шырышты қабаты көгілдір. Бимануальды зерттеуде: жатыры қаз жұмыртқасындай ұлғайған, ауырсынбайды, консистенциясы жұмсақ, пальпацияда қатаяды. Жүктіліктің және босанудың болжамды мезгілін анықтаңыз:

    Жүктілік 5 апта, босану мерзімі 7 ақпан

    Жүктілік 8 апта, босану мерзімі 17 ақпан


    86 Көпұрықты жұктіліктің диагностикалық белгісін анықтаңыз:

    жатыр көлемі үлкен және жүктілік мерзіміне сай емес

    87 Науқас әйел іштің төменгі жағындағы кенеттен бүріп ауыруға, есінен танған күйге шағымданады, АҚ 90/60 мм с.б., Тамыр соғу - минутына 100 соққы, терісі бозарыңқы, Щеткин-Блюмберг симптомы оң, төрт аптаға етеккірдің кідіруі, PV: кенеттен ауырғандықтан жатыр және қосалқылары анықталмайды, артқы күмбезі керіліп тұр. Нені болжауға болады?

    түтіктің жыртылу типі бойынша үзілген жатырдан тыс жүктілік


    88 Босану үйіне 22 жастағы Ф.түсті, жүктілік мерзімі 38-39 апта. Бойы 150 см, салмағы— 58 кг. Жамбас өлшемдері: 22-24-26-16,5 см, іш айналымы — 103 см, жатыр түбі биіктігі— 40 см. Ұрықтың қалпы ұзынша, басымен келіп тұр, ұрықтың жүрек қағысы анық, ырғақты, 140 соққы/мин, басының тік өлшемі— 12 см. Қынаптық зерттеу: жатыр мойны жетілген, ұрық басымен келіп тұр, кіші жамбасқа кіреберісте қозғалмалы. Болжамды диагнозды көрсетіңіз:

    Жүктілік 38-39 апта. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас ІІ дәрежесі. Ірі ұрық.


    89 Ұрықтың жедел гипоксиясы дамитын жағдайды көрсетіңіз:

    плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы


    90 Жаңа туылған нәрестелер асфиксиясы дамуының антенатальды қауіп факторын көрсетіңіз:

    преэклампсия, көп сулы жүктілік


    91 Босанушыда меконий аралас қағанақ суы кеткеннен кейін мерзімі жетілген нәресте туылды. Нәрестенің жағдайы ауыр, пульс 80 соққы/мин, бұлшықеттер атониялы, терісі боз, бала жыламайды. Акушердің арғы әрекетін көрсетіңіз:




    реанимациялық шаралар үшін нәрестені неонатологқа беру


    92 Жыныс серіктестерін жиі ауыстыратын және жыныстық қатынаста жиі болатын 19 жастағы жас қызға контрацепция әдісін таңдаңыз:

    Мүшеқап


    93 Гинекологиядағы шұғыл жағдайларға жатады:

    аналық без апоплексиясы, жатырдан тыс жүктілік



    94 Оральды контрацептивтер қолданатын 33 жастағы әйелге ұсыныстар таңдаңыз:

    кеуде клеткасында ауырсыну пайда болғанда контрацептивтерді қабылдауды тоқтату

    95 Жүкті әйел бас ауруға, көз алдында шіркейлердің пайда болуына, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Тамыр соғу минутына 80 рет, АҚ 170/100 мм с.б., ісіктер жоқ. Жатырдың көлемі мерзімі жеткен жүктіліктің мерзіміне сәйкес келеді, жүрек соғысы минутына 140 рет, тұйықталған, ырғақты. Сіз нені болжайсыз?




    Ауыр дәрежедегі преэклампсия


    96 Мүйіспен және қасаға симфизінің төменгі шеті арасындағы арақашықтық:

    12,5-13см





    97 Ауруды оң үлкен жыныс еріннің аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Жыныс еріні ісінген, қатты ауырады, оның үстіндегі терісі қызарған, қатты ісік білінеді. Сіздің диагнозыңыз:

    Бартолин безінің абсцесі




    98 АИВ инфекциясы кезінде инкубациялық кезеңнің аяқталуы немен сипатталады?

    АИВ - ке қарсы антиденелердің пайда болуы





    написать администратору сайта