тест. 7-сынып Қазақстан тарихы тест. 1 азастанны Ресейге осылуыны басталан жылы
Скачать 90.18 Kb.
|
7-сынып 1)Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы: А) 1726жылы В)1729жылы С 1731жылы D)1733жылы Е)1735жылы 2)Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша: А) Iпетр В)Анна Иоанновна С)Елизавета Петровна D)IПавел Е)IАлександр 3) XVIIғ. 1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы: А)Батыр сұлтан В)Тәуке хан С)Абылай хан D)Әбілқайыр хан Е)Сәмеке хан 4)Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: А) Төле ұлы, Ақбайұлы В) Ғабитұлы, Жанжігітұлы С) Бөгенбай батыр, Баян батыр D) Құндағұлұлы,Қоштайұлы Е) Аманұлы, Темірұлы 5)1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны: А)29 старшын В)28 старшын С)25 старшын D)20 старшын Е)21 старшын 6)Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігінен басқарып келген: А)Т.Чебуков В)В.Степанов С).Татищев D М.Гагарин Е)А.Тевкелев 7)1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс А)Жәміш В)Ор С)Өскемен D)Железинск Е)Коряков 8)Әбілқайырдың Ресей құрамына кірудегі ең басты мақсаты: А)Қарсыластарының сағын сындыру В) Мал шаруашылығын дамыту С) Ресеймен сенімді байланыс орнатып, бар күшті қалмақтарға жұмылдыру D) Сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету Е) Отырықшылықты дамыту 9)1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы : А)И.Кириллов В)В.Татищев С)А.Тевкелев D)Зернов Е)ВСтепанов 10)Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген: А)Әбілпайыз В)Қайып С)Әбілмәмбет D)Барақ сұлтан Е)Нәдір шах 11)Башқұрттардың көтерілісін басуға патша үкіметі Кіші жүз жасақтарын: А)1731-1734 жылдары В)1735-1737 жылдары С)1737-1738 жылдары D)1738-1739 жылдары Е)1739-1740 жылдары пайдаланды. 12)1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген мемлекет: А)Хиуа хандығы В)Қытай С)Жоңғария D)Иран Е)Ресей 13)Өзінің зардабы жағынан жоңғарлардың «Ақтабан шұбырындыдан» кем түспейтін шабуылы қай жылдары болды? А)1730-1731 В)1737-1738 С)1741-1742 D)1743-1744 Е)1748-1749 14)Орынбор қаласының салынуы А) 1734 жылы В) 1736 жылы С) 1743 жылы D) 1747 жылы Е) 1749 жылы 15)1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты: А)Жоңғар шабуылына тосқауыл қою В)Қазақ жерін Қытайдан қорғау С)Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу D)Қазақ өлкесінде қала мәдениетін дамыту Е) Орта Азия шапқыншылығынан қорғау 16)1742 ж.20 мамырдағы Ресей Сенатының Жарлығы А) Қазақтарға Жайықтың оң жағалауына мал өткізуге тиым салу туралы В) Орта жүзде әскери бекіністер салу туралы С) Қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау туралы D) Айшуақ сұлтанды Кіші Жүз ханы етіп бекіту Е) Жантөре сұлтанды Кіші Жүз ханы етіп бекіту 17)1747 жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған хан: А)Батыр сұлтан В)Қайып сұлтан С)Барақ сұлтан D)Нұралы хан Е)Шерғазы 18)XVIII ғ. 50 ж. Солтүстік – Шығыс Қазақстандағы ұзындығы 723 верст болатын шеп А)Горькая шебі В)Ертіс шебі С)Колыван шебі D)Орынбор шебі Е)Омбы шебі 19)XVIII ғ. II ж. қазақ – орыс саудасының белгілі орталықтары А)Семей, Өскемен, Бұқтырма В)Петропавл, Орынбор, Құлжа С)Семей, Петропавл, Ақсу D)Ташкент, Бұхар, Самарқан Е)Орынбор, Жәміш, Тобыл 20)Қазақ – орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі А XVIIIғ. 30ж. В)XVIIIғ. 40ж. С)XVIIIғ. 50ж. D)XVIII ғ. 60ж. Е)XVIII ғ. 70ж. 21)1766 жылы Әбілмәмбет ханның II Екатеринаға хат жолдау себебі А) Бекіністерде керуен сарайларын салуға рұхсат алу В) Баж салығын тексеретін арнайы мекемелер үшін рұхсат алу С) Түркістан арқылы өтетін керундерді Семей Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алу D) Саудагерлердің сұрауымен айырбас сарайларын кеңейтуге рұхсат алу Е) Бекіністерде мешіттер салуға рұхсат алу болды 22)Көшпенділердің күнделікті қажеттерін қатамасыз ететін басты орыс тауарлары А)Шойын қазан, шұға, қант В)Алаша, қамқа, жеміс — жидектер С)Мал, тері, киіз D)Жиһаз, бал, киім-кешек Е)Қару-жарақ, құралдар 23)1756 жылы қыркүйекте патша әкімшілігі Кіші Жүз қазақтарына ресми шек қойды: А) Шетелдік көпестерге қазақ жерінде тауар сатуға В) Жайық жағалауына мал жаюға С) Бекіністерде мешіттер салуға D) Саудагер мейрамханаларының салынуына Е) Қазақтардың көрші елдермен экономикалық байланыс жасауына 24)Жайық бйында қазақтарға мал жаюға патша өкіметі алғаш рет шек қойды А)1756 жылы В)1757 жылы С)1758 жылы D)1759 жылы Е)1761 жылы 25)Патша өкіметі Каспий теңізі мен Жайық өңіріндегі шұрайлы жерлерді отарлаулауда пайдаланды А)Қазақ халқының көнбістігін В)Әскери күшінің басымдығын С)Қазақ жерінің бос жатқан бөліктерінің көптігін D)Нұралы хан мен Батыр сұлтанның алаутанның алауыздығын Е)Қазақтардың ауыр жағдайын 26)1766 жылы Екатерина патшадан Түркістан арқылы өтетін ірі керуенді Семей, Жәміш бекіністерінде қабылдауға рұқсат алған хан А Әбілпайыз В)Нұралы С)Әбілмәмбет D)Жолбарыс Е)Қайып 27)Патша үкіметі шекаралық аймақтарда тұратын халықтың санын көбейту мақсатымен 1760 жылы өлкеге қоныстандырды: А)Татарларды В)Орыстарды С)Казактарды D)Башқұрттарды Е)Қырғыздарды 28)1799 ж. қарашада Орта жүз қазақтарын Ертістің оң жағасына қайта қоныс аударуға рұқсат еткен император: А) IПавел В) IIПетр С) IАлександр D)I Николай Е) IIЕкатерина 29) Абылай ханның өмір сүрген жылдары А) 1700-1770ж.ж В) 1711-1781ж.ж С) 1680-1775ж.ж D) 1691-1771ж.ж Е) 1681-1761ж.ж 30)Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей империясының билігін мойындаған жыл А) 1738ж В) 1739ж С) 1740ж D) 1743ж Е) 1745ж 2-вариант 1)XVIIIғ.қазақ жерлерін қалпына келтіріп, билік жүргізген хан А) Әбілқайыр В) Сәмеке С) Уәли D) Абылай Е) Әбілмәмбет 2)Абылай тұсында хан билігіне енгізілген өзгеріс А) Хан билігін шектеулі етті В) Хан би кеңесі шешімімен келісетін болды С) Билер кеңесін енгізілді D) Хан билігі шексіз болды Е) Құрылтай жиналысын шақырды 3)Абылайдың атасы «Қанішер» Абылай билік құрған қала А) Ташкент В) Түркістан С) Бұхар D) Созақ Е) Самарқан 4)Қытайлар қазақ шекарасына осы ханның тұсында басып кірді А) Тәуке ханның В) Абылайдың С) Әбілхайыр D) Қайып Е) Әбілмәмбет 5)Абылайдың Қытай билігін мойындаған жылы А) 1740ж В) 1745ж С) 1757ж D) 1761ж Е) 1763ж 6)Абылай хан жерленген қала: А) Созақта В) Таразда С) Ташкентте D) Сығанақта Е) Түркістанда 7)Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам А) Тәтіқара В) Үмбетей С) Бұқар жырау D) Асан қайғы Е) Доспамбет жырау 8)Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты А) Әбілмансұр В) «Алапай» С) «Сабалақ» D) «Қожалақ» Е )Дарабоз 9)Абылай хан жер өңдеу шаруашылығын дамытқан өңір: А) Ертіс бойы В) Шу бойы С) Жайық бойы D) Талас бойы Е) Сырдария бойы 10)1741-1743 ж. Абылай сұлтан тұтқында болды: А) Ресейдің В) Хиуаның С) Жоңғарияның D) Қытайдың Е) Қоқанның 11)1761ж. Абылай орыстың осы патшасынан ағаш ұстасын және 200-300 пұт астық жіберуді сұрап, хат жазды: А) Анна Иоановна В) IIЕкатерина С) Елизавета Петровна D) IЕкатерина Е) Анна Леапольдовна 12)1778 жылы II Екатерина Абылай ханды А) Үш жүздің ханы етіп бекітті В) Кіші жүздің ханы етіп бекітті С) Орта жүздің ханы етіп бекітті D) Орта жүз бен Кіші жүздің ханы етіп бекітті Е) Ұлы жүздің ханы етіп бекітті 13)Абылай хан дамытуды қолдаған шаруашылық саласы: А) Мал шаруашылығы В) Егіншілік С) Құс шаруашылығы D) Өнеркәсіп Е) Сауда 14)1771 ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін хан тағына отыруға тиіс мұрагер: А) Абылай В) Әбілпайыз С) Уәли D) Кенесары Е) Бөкей 15)Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып,қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан А) Тәуке В) Қасым С) Хақназар D) Әбілқайыр Е) Абылай 16)Қытай қолбасшылары Фу Дэ, Чжао Хой бастаған әскердің Қазақстанға басып кірген жылы А) 1751ж В) 1754ж С) 1757ж D) 1762ж Е) 1771ж 17)Абылайдың бас мирасқоры А) Уәли В) Шерғазы С) Бөкей D) Есім Е) Сәмеке 18)XVIIIғ.70 жылдары Абылай бірқатар соғыстарда соққы беріп, салық төлеуге мәжбүр еткен қала А) Бұхар В) Ташкент С) Хиуа D) Хорезмшах Е) Самарқан 19)Қытайлармен шайқаста жеңіліс тауып, Абылайдан көмек сұраған, Жоңғар тағына таласушылардың бірі А) Қалдан — Серен В) Давашы С) Әмірсана D) Сыбан — Рабдан Е) Капсы 20)Өлкенің этнографиясы туралы ғылыми мұра қалдырған, Қазақстан туралы еңбегі үшін Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі болған А) Г.Миллер В) П.Рычков С) И.Муравин D) И.Андреев Е) Я.Гуляев 21)Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқаны туралы мәлімет, Қазақстан туралы көптеген бағалы деректер қалдырған А) В.Урусов В) И.Лихарев С) Н.Рычков D) Д.Гладышев Е) И.Миллер 22)XVIIІ ғасырда шығармаларын аңызға айналған сардарлар Қабанбай мен Бөгенбай батырларға арналған халық ауыз әдебиеті көрнекті өкілдерінің бірі А) Шалкиіз В) Бұқар С) Жанаң D) Ақтамберді Е) Үмбетей 23)Абылайдың керемет қасиеттерін жырлап, Орта Жүздегі оқиғаларға белсене қатысқан, шығармаларына батырлар ерлігін арқау еткен XVIIІ ғасырдың IІ жартысындағы танымал ақын А) Жанақ В) Үмбетей С) Тәтіқара D) Ақтамберді Е) Бұқар 24)Соңғы шығармалары Абылай кезіндегі Қазақ қоғамының ішкі өмірі туралы маңызды мағлұмат көзі болып табылатын XVIIІ ғасырда өмір сүрген белгілі жырау А) Ақтамберді В) Тәтіқара С) Үмбетей D) Бұқар Е) Жанақ 25)XVIIІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілі, ұлы тұлғалардың бірі, Абылайдың кеңесшісі болған жырау А) Жанақ В) Бұқар С) Доспамбет D) Тәтіқара Е) Үмбетей 26) «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасының ерекше бір нұсқасының авторы, XVIIІ ғасырдың суырып салма ақындардың бірі А) Ақтамберді В) Жанақ С) Бұқар D) Тәтіқара Е) Үмбетей 27)«Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы А) В.Веселовский В) И.Муравин С) П.Рычков D) Д.Глалдышев Е) Я.Гуляев 28)Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі болған жылдар: А) 1772-1775 жж. В) 1773-1775 жж С) 1775-1777 жж. D) 1771-1773 жж. Е) 1774-1776 жж. 29)Е.Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ жүздері А) Ұлы және Кіші жүз В) Кіші және Орта жүз С) Орта және Ұлы жүз D) Барлық үш жүз Е) Тек Кіші жүз 30)Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына түрткі болған А) Саяси мәселелер В) Діни мәселелер С) Жер мәселесі D) Хандық биліктің жойылуы Е) Әлеуметтік мәселе 3-вариант 1)Е.Пугачев әскерімен бірге Орынборда қоршауға қатысқан қазақтар саны А) 50 В) 150 С) 200 D) 250 Е) 350 2)Патша үкіметінің Жайық бойында мал жаюға тыйым салынған үкімі жарық көрген жыл: А) 1740 жылы қараша В) 1741 жылы маусым С) 1742 жылы қазан D) 1743 жылы қыркүйек Е) 1745 жылы ақпан 3)Е.Пугачевтің үндеуін қолдаған Орта жүздің биі А) Мөңке В) Доспамбет С) Базарбай D) Дәуітбай Е) Сегізбай 4)Е.Пугачев көтерілісінің басты орталықтарын талқандаған орыс қолбасшысы А) генерал Деголон В) генерал Суворов С) граф Панин D) генерал Рейнсдорп Е) губернатор Чичерин 5)Е.Пугачевті ашық қолдап, оған қарулы топ жіберген Кіші жүз сұлтаны А) Ералы В) Сейдалы С) Досалы D) Айшуақ Е) Нұралы 6)Е.Пугачев көтерілісінде басты күш қазақтардан құралып, басып алған бекініс А) Кулагин В) Тройцк С) Жайық D) Петропавл Е) Пресногорьковск 7)1773 жылы 17-18 қарашада Усиха өзені бойында Пугачевке жолыққан Нұралы ханның арнайы өкілі А) Досалы В) Ералы С) Айшуақ D) Сейдалы Е) Зәбір 8)Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев көтерілісіне қатысуын Нұралы хан қалай түсіндірді А) Қазақтардың өзіне бағынбай кетуінен В) Арандатушылардың белсенділігінен С) Тұрмыс-тіршілігін төмендеуінен D) Пугачевтің үндеуінің әсерінен Е) Жұттың басталуынан 9)Кіші жүздегі көтеріліс басшыларының бірі, Пугачев көтерілісіне қатысқан батыр А) Кенесары В) Есет С) Сырым D) Исатай Е) Махамбет 10)Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде Кіші жүз қазақтары қатысқан ұрыстар А) Жайықты қоршауға, Кулагинді алуға В) Тройцк бекінісін алуға С) Гагарьевскіні қоршап, Петропавлды алуға D) Пресногорьскні қоршап, Орынборды алуға Е) Звериноголовск бекінісін алуға 11)Орта жүз қазақтарының Пугачев көтерілісі кезінде 1773 жылы қазан айында шабуыл жасау үшін жиналған бекінісі А) Гагарьевск В) Троицк С) Пресногорьковск D) Звериноголовск Е) Верхнеозерный 12)1774-1775 жылдары Сібір шебінде орналасқан тұрақты әскердің саны А) 5000 адам В) 4700 адам С) 3500 адам D) 3000 адам Е) 2500 адам болған 13)С.Датұлы старшын болғанру: А) Адай В) Жағалбайлы С) Байбақты D) Беріш Е) Шекті 14)С.Датұлы көтерілісінің негізгі қозғаушы күші А) билер В) жұмысшылар С) батырлар D) старшындар Е) шаруалар 15)С.Датұлының қазақ әскерлерімен алғашқы ашық қақтығысы болды А) 1778 жылы В) 1787 жылы С) 1783 жылы D) 1785 жылы 16)1783-1797 жылдары С.Датұлы бастаған көтерілістің қамтыған аймағы А) Ұлы жүз В) Жетісу С) Орта жүз D) Кіші жүз Е) Сыр бойы 17)С.Датұлы бастаған көтеріліс кезінде өлтірілген Кіші жүз ханы А) Нұралы В) Ералы С) Есім D) Айшуақ Е) Әбілқайыр 18)С.Датұлы бастаған көтеріліс кезінде халықтың жағдайын нашарлатқан жұт болды: А) 1783-1784 жж. В) 1790-1791 жж. С) 1796-1797 жж. D) 1802-1803 жж. Е) 1785-1786 жж. 19)С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі болды: А) 1775-1787 жж. В) 1785-1795 жж. С) 1787-1797 жж. D) 1781-1787 жж. Е) 1783-1797 жж. 20)1785 жылы наурызда Сахарная бекінісне шабуыл кезінде тұтқынға түскен сұлтан: А) Ералы В) Нұралы С) Досалы D) Айшуақ Е) Жантөре 21)1785 жылы жазда Кіші жүз старшындарының съезінде қабылданған шешім А) Нұралыны тақтан тайдыру туралы В) Салықты көбейту С) Көтерілісті қолдау туралы D) Хандық кеңесті күшейту Е) Қазақтарға қарсы күшті топтастыру 22)1802 жыл С.Датұлы қаза болған жер А) Хиуа хандығы В) Бұқар С) Сыр бойында D) Орынборда Е) Жайық бойында 23)1797 жылы Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі бекіткен хан А) Айшуақ В) Нұралы С) Ералы D) Есім Е) Шерғазы 24)Игельстромның жоспары бойынша Кіші жүздегі билік берілді А) Хандық кеңеске В) Шекаралық сотқа С) Орынбор әкімшілігіне D) Старшындар тобына Е) Аға сұлтанға 25)1797 жылы 17 наурызда С.Датұлы тұтқиылдан шабуыл жасады А) Әскери бекіністерге В) Хан сарайына С) Жазалаушы тобына D) Казак әскеріне Е) Қарабай сұлтанның жасағына 26)1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды А) Нұралы В) Есім С) Ералы D) Досалы Е) Айшуақ 27)С.Датұлы бастаған көтерілісі созылды: А) 15 жылға В) 14 жылға С) 13 жылға D) 12 жылға Е) 11 жылға 28)Сырым Датұлы көтерілісінің нәтижесі А) Патша өкіметінің отарлау саясаты әлсіреді В) Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді С) Кіші жүздер 1797 жылы хандық билік жойылды D) Орыс-казак әскерінің қысымы жойылды Е) Ру аралық қайшылықтар ұмытылды 29)Нұралы ханды тағынан тайдыру туралы шешімді қолдаған Кіші жүздің руларының саны: А) 20-ға жуық В) 10-ға жуық С) 30-ға жуық D) 40-ға жуық Е) 50-ға жуық 30)1797 жылы Сырым Датұлын қудалаған Кіші жүз билеушісі: А) Айшуақ В) Қарабай сұлтанның С) Бөкей сұлтанның D) Исатайдың Е) Пугачевтің 4-вариант 1)Орынбор әкімшілігінің Сырымды өзіне тарту үшін жасаған әрекеті А) Айшуақ бастаған «Хан кеңесін» құрды В) С.Датұлын Кіші жүзге хан сайлау С) Кіші жүзде хандық билікті жою D) Хандық билікке қарсы С.Датұлы мен барон Игельстромның көзқарастары ортақ болды Е) Орынбор әкімшілігі Сырымға оң қабақ танытқан емес 2)Кіші жүзде хандық билікті жойып, отаршылдықты күшейту туралы реформаның жобасын дайындаған А) Екатерина ІІ В) майор Назаров С) князь Потемкин D) барон Игельстром Е) граф Панин 3)Бөкей Ордасы құрылды А) 1801 жылы В) 1803 жылы С) 1806 жылы D) 1809 жылы Е) 1812 жылы 4)Бөкей Ордасының территориясы А) Еділ мен Амударияның жоғарғы ағысына дейін В) Тобылдан Сырдарияның төменгі ағысына дейін С) Ембіден Жайық бойына дейін D) Еділ мен Жайықтың аралығы Е) Жайық пен Тобылдан Сырдарияның төменгі ағысына дейін 5)Ішкі Орданы құру туралы жарлыққа қол қойған орыс патшасы А) І Александр В) ІІ Екатерина С) ІІ Александр D) І Николай Е) І Павел 6)Ішкі Ордадағы хан сарайы орналасты: А) Жасқұста В) Сарайда С) Теректіқұмда D) Жаманқалада Е) Тастөбеде салынды 7)Ішкі Ордада «Хандық кеңес» құрылған жыл А) 1820 жыл В) 1815 жыл С) 1810 жыл D) 1801 жыл Е) 1827 жыл 8)1836-1838 жылдары Бөкей Ордасында болған көтерілістің басты қозғаушы күші А) шаруалар В) сұлтандар С) қолөнершілер D) старшындар Е) жатақтар 9)ХІХ ғасырдың І жартысында Кіші жүздің территориясы қамтыған алқап А) 750 000 шақырым В) 850 000 шақырым С) 100 000 шақырым D) 950 000 шақырым Е) 650 000 шақырым 10)1827 жылы Бөкей хандығында құрылған хандық кеңестің мүшелерінің саны А) 10 би В) 15 сұлтан С) 15 би D) 12 би Е) 20 би 11)1836-1838 жылдары көтеріліске түрткі болған жағдай А) Бөкей ордасына Жәңгір ханның тағайындалуы В) Патша үкіметінің салықты өсіруі С) Жәңгірдің қайын атасы Қарауылқожаның Каспий өңіріндегі руларға билеуші болып тағайындалуы D) Жәңгірдің әділетсіздігі Е) Исатайдың сотқа тартылуы 12)Бөкей Ордасында болған көтерілістің мақсаты айқын көрінеді: А) Махамбеттің өлеңдерінде В) Исатайдың старшындар съезінде сөйлеген сөзінде С) Көтерілісшілердің патшаға жазған үндеуінде D) Жәңгір ханға жолданған хаттар Е) Көтерілісшілердің халыққа таратқан үндеу қағаздарында 13)1837 жылы хан сарайын қоршауға алғандағы көтерілісшілердің саны А) 10 мың В) 5 мың С) 2 мың D) 3 мың Е) 7 мың 14) Исатай қаза тапқан шайқас: А) Тастөбе В) Ақбұлақ С) Теректіқұм D) Нарын Е) Жиделі 15) Орынбор генерал-губернаторының көрсетуі бойынша қай жылы Исатай Тайманұлы сотқа тартылды А) 1815-1817 жж. В) 1817-1823 жж. С) 1823-1825 жж. D) 1824-1828 жж. Е) 1825-1833 жж. 16)1836-1838 жылдары көтеріліс бойынша сот жазалау ісін басқарған А) Жәңгір хан В) князь Горчаков С) граф Чернышев D) полковник Геке Е) полковник Данилевский 17)Исатай көтерілісін тездетіп басуға әсер еткен жағдай А) Кенесары қозғалысының Кіші жүзді шарпуы В) Көтерілісшілер санының көбеюі С) Тастөбе түбіндегі көтерілісшілердің жеңілісі D) Жазалаушы отрядтардың бірігуі Е) Патшаның көтеріліске қарсы шаралары 18)Патша үкіметінің Исатайды ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері А) 2000 сом В) 1000 сом С) 500 сом D) 800 сом Е) 1500 сом 19)1837 жылы қазанның 15 де Исатай мен Махамбет бастаған қол Теректіқұмда кімнің ауылын ойрандады А) Баймағамбет сұлтанның В) Жәңгір ханның С) Балқы бидің D) Табылды Шерғазыұлы сұлтанның Е) Нұртазғани сұлтанның 20)Бөкей Ордасындағы 1842 жылғы көтерілістің басшылары А) И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы В) А.Қошайұлы мен Л.Мантайұлы С) Қ.Өтемісұлы мен Б.Сарұлы D) Жоламан Тіленшіұлы мен Е.Көтібарұлы Е) И.Тіленбайұлы мен Д.Тәжіұлы 21)Патшаны қолдаушылардың ұйымдастыруымен Н.Өтемісұлы өлтірілді А) 1838 жылы В) 1842 жылы С) 1846 жылы D) 1848 жылы Е) 1849 жылы 22)1837-1847 жылдары болған ұлт-азаттық көтерілістің басшысы А) М.Өтемісұлы В) С.Датұлы С) К.Қасымұлы D) Ж.Нұрмұхамедұлы Е) Ж.Тіленшіұлы 23)1836 жылы Кенесарының ағасы Саржан өлтіруге бұйрық берген хан: А) Қоқан ханы В) Бұқар әмірі С) Хиуа ханы D) Ташкент билеушісі Е) Ноғай ханы 24)Кенесары Қасымұлының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен А) ағасы Саржан В) әкесі Қасым С) ағасы Есенкелді D) С.Датұлы Е) Ж.Тіленшіұлы 25)К.Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды А) Орта жүз В) Ұлы жүз С) Кіші жүз D) Үш жүзді Е) Орта жүз бен Кіші жүзді 26)Кенесары көтерілісіне қатысқан сұлтан, би, старшындар саны А) 70 тен астам В) 80 нен астам С) 100 шақты D) 150 дей Е) 60 тан астам 27)1838 жылы мамырда Кенесары сарбаздары А) Ақтау бекінісіне шабуыл жасады В) Ақмола бекінісін өртеп жіберді С) Кіші жүз сарбаздарымен бірікті D) Созақ бекінісін қоршады Е) Қырғыз ауылдарын тонады 28)1841 жылы Кенесары әскерінің Ташкентке аттануына тоқтау болған себеп А) Көтерілісшілер қатарының сирек В) Жазалаушы отрядтардың шабуылы С) Үстем тап өкілдерінің опасыздығы D) Жұт Е) Сарбаздар арасында жұқпалы ауру тарады 29)1844 жылы 20 шілдеде Кенесарыға қарсы ұрыста мерт болған сұлтандар саны А) 50 В) 48 С) 42 D) 38 Е) 44 30)1843 жылы маусымда І Николай көтерілісті басу үшін кімдерді жіберуге келісім берді А) генерал Обручевтің отрядын В) Сотниковтың отряды С) Старшина Лебедевтің D) Жантөре сұлтанның отряды Е) Полковник Бизановтың қарулы тобы 5-вариант 1)Патша үкіметінің старшина Лебедевті Орынборда қызметінен алып, сотқа беру себебі А) Кенесары тобына қарсы шығуы В) Көтерілісшілерді аяусыз қырды С) Кенесарыға әскери көмек беруі D) Кенесарымен күрестегі дәрменсіздігі Е) Кенесарымен келісімге келуі 2)1844 жылы Кенесары мен патша үкіметінің арасындағы келіссөздердің тоқтатылу себебі А) Көтерілісшілер күресті тоқтатпады В) Патша үкіметінің талаптары ғана орындалды С) Кенесарының талаптары ғана орындалды D) Екі жақ бір-бірінің талаптарын мойындата алмады Е) Орта Азия халықтары кедергі болды 3)1845 жылы Кенесары ауылына келген патша елшілері А) Долгов пен поручик Герн В) Герн мен князь Горчаков С) Полковник Бизанов пен Лебедев D) Сұлтандар Жантөреұлы мен Баймағамбет Е) Вишневский мен князь Горчаков 4)1845 жылы Кенесары Сарыарқадан бет алды: А) Кіші жүз жеріне В) Ресейдің орталық аудандарына С) Хиуа жеріне D) Ұлы жүзге Е) Қырғыз жеріне 5)Кенесарының жер ауыстыруына байланысты құрылған одақ А) Бұқар мен Хиуа В) Қоқан мен Бұқара С) Қырғыздар мен өзбектер D) Қытай мен Қоқан Е) Ресей мен Хиуа 6)Жетісу қазақтарының Ресейден көмек сұрауға мәжбүр еткен оқиға А) Қоқандықтардың қазақтарды жерінен қууы В) Қытайдың қысым көрсетуі С) Кенесарының соңынан ермеген ауылдарды ойрандауы D) Малдың қырылып, жұт болуы Е) Қазақ феодалдарының озбырлығы 7)Кенесары және оның Қоқанға қарсы күресін қолдаған Ұлы жүз батырлары А) Тайшыбек, Саурық, Сұраншы В) Ағыбай, Бұхарбай, Аңғал С) Жеке, Байсейіт, Ағыбай D) Иман, Сұраншы, Бұғыбай Е) Наурызбай, Бопай, Жоламан 8)Кенесарының соңғы шайқасы өткен жер А) 1837 жылы Тастөбеде В) 1857 жылы Арықбалықта С) 1838 жылы Ақбұлақта D) 1847 жылы Майтөбеде Е) 1869 жылы Жамансайда 9)Кенесарының қырғыз жеріне басып кіру себебі А) Қырғыздарды Қоқандықтардан азат етуі В) Қырғыз жеріндегі орыс билігін әлсірету С) Абылайдан қалған өшпенділік D) Патша жазалаушыларымен күресте Кенесарыны қолдамауы Е) Қоқандықтармен бірігіп күресудегі ұсынысын қырғыз манаптарының жауапсыз қалдыруы 10)ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарында Сыр өзені бойында бекініс тұрғызған мемлекеттер: А) Хиуа хандығы В) Бұқар әмірі С) Қоқан хандығы D) Ташкент билеушісі Е) Ресей 11)Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған белгілі батыр, Амангелдінің атасы А) Ағыбай батыр В) Бұқарбай батыр С) Байсейіт батыр D) Иман батыр Е) Сұраншы батыр |