Главная страница
Навигация по странице:

  • Тексерген: аға оқытушы Амрина М.С. Орындаған: Алимжанова Аружан Тобы: ПСК 20-1 Қарағанды 2021 Жоспар І Кіріспе

  • Қолданылған әдебиеттер

  • Қазақ халқының шаруашылығы мен мәдениеті

  • Реферат _аза_ ханды_ыны_ _о_амды_-саяси дамуы Тексерген_ а_а о_ы. Реферат аза хандыыны оамдысаяси дамуы Тексерген аа оытушы Амрина М. С


    Скачать 93.5 Kb.
    НазваниеРеферат аза хандыыны оамдысаяси дамуы Тексерген аа оытушы Амрина М. С
    Дата02.05.2022
    Размер93.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаРеферат _аза_ ханды_ыны_ _о_амды_-саяси дамуы Тексерген_ а_а о_ы.doc
    ТипРеферат
    #508021

    Қарағанды техникалық университеті


    «Қазақстан тарихы» кафедрасы


    РЕФЕРАТ

    Қазақ хандығының қоғамдық-саяси дамуы


    Тексерген: аға оқытушы Амрина М.С.

    Орындаған: Алимжанова Аружан

    Тобы: ПСК 20-1
    Қарағанды 2021

    Жоспар
    І Кіріспе
    ІІ Негізгі бөлім

    а) Қазақ хандығының саяси және қоғамдық құрылысы

    б) Қазақ хандығының шаруашылығы мен мәдениеті.
    ІІІ Қорытынды

    Қолданылған әдебиеттер

    ХVІІ ғ.аяғында Қазақстан аймағында бірнеше феодалдық мемлекеттер, яғни хандықтар құрылды. олардың әрқайсысы сұлтандардың, жеке ірі феодалдардың иеліктеріне бөлінді. Қазақ хандықтарының күрделі мемлкеттік аппараты болған емес. Басқару мақсатында феодалдық қатынастарға бейімделген патриархалдық институттар немесе бұрыннан қалыптасқан ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Жалпы бұл кезде қазақ қауымы уш жүзге бөлінді. Үш жүздің халқы Қазақ хандығына бағынды. Үш жүзді билеген қазақ ханы "Ұлы хан" болды. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, ру-тайпаларды билер, ру басылары, ал ауылдарды ауыл ағалары басқарды.

    Қазақ хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Хан өлсе орнына үлкен ұлы отырды. Ер жеткен баласы болмаған жағдайда аға-інілері, немесе олардың балалары сайланды. Бірақ хан мұрагерлерінің таққа отыруы сұлтандар мен ру-тайпа басшыларының құрылтайында, яғни "хан көтеру" деп аталатын сайлаудан өтуге тиісті болды. Жиында хан болуға лайықты адамды ақ киізге отырғызып, үш рет хан көтеріп, "хан атасы" болған беделді адамның батасын алғаннан кейін, ресми заңды хан тағына отырған.

    Сыртынан қарағанда хан шексіз билік жүргізді. Хан мемлекет басқарушысы, карулы күштердің басшысы және жоғарғы төре саналды. Ол сұлтандарға тәуелсіз, әрбір сұлтан оған тәуелдікте болды. Сұлтандар мен билер ханға жүгінді. Ханның жанында ірі сұлтандар, тайпа көсемдері, билер, батырлар, шешен-жыраулардың кеңесі құрылды. Олар маңызды саяси, әскери және азаматтық мәселелерді ақылдасып шешті.

    Қазақ хандықтарында әскери ұйым күрделі емес еді. Тұрақты әскер болған жоқ. Оған әрбір азамат-жауынгер өз атымен, қару-жарағымен келуге тиіс болды. Жеке әскер шоғырларын сұлтандар, билер және батырлар басқарды. Оның шығынын халық көтерді.

    Хандар кезеңіндегі қазақ қоғамы бір-біріне қарама-қарсы негізгі әлеуметтік топтан - ақсүйектер мен қара сүйектерден тұрды. Олардың экономикалық жағынан ғана емес, саяси және құқықтық белгілері жағынан да айырмашылығы болды. Сұлтандар деп аталатын Шыңғыс ұрпақтары мен Мұхаммед пайғамбар жолын ұстаушылардың ұрпақтары деп саналатын қожалар ғана аксүйектерге жататын еді. Қоғамның қалған топтары мен жіктерінің бәрі қарасүйек деп саналды. Қоғамның текті-топтық белгілері бойынша бөлінуі мен осы белгілерімен құқықтарын айыру арқылы біріктіру принціпі дәйекті түрде сақталды.

    Қазақ феодалдық таптық қоғамда адамдардың мүліктік жағдайына қарай бай-кедей деп болу орын алды. Қоғамның материалдық байлықты өндірушілер халықтың көпшілігін құраған қазақ шаруалары еді. Шаруалардың экономикалық жағдайы бірдей болған жоқ, сондықтан бай-феодалға тәуелділік дәрежесі де әр түрлі болды. Олардың біраз бөлігі экономикалық жағынан азды-көпті қамтамасыз етілген жай шаруа еді. Халықтың көпшілік бөлігін кедей шаруалар құрады. Кедейлердің біразы көшпелі өмір құруға мүмкіндіктері болмағандықтан, отырықшы тұрмысқа ауысты. Олар жатақтар деп аталды. Ішінара құлдар да кездесті. Олар жат жұртпен қиян-кескі соғыста қолға түскен тұтқындар есебінен ұсталды.

    Феодалдық қанау көптеген салық салуды әдетке енгізді. Олардың негізгілері: малшылардан - зекет, соғым, сыбаға, сыйлық, егіншілер мен қолөнершілерден - ұшыр, тағар, баж және хараж алынды. Бұған қосымша шаруалар үстем таптың пайдасына жұмыс істеуге және борышын еңбекпен өтеуге тиісті болды. Осындай әлеуметтік теңсіздіктің салдарынан шаруалардың көбі, әсіресе, ең кедей бөліктсрі феодалдарға кіріптар болып, бай туыстарының "көмегіне" сүйенуге мәжбүрлікке түсті.

    Қазақтың хандық мемлекетінің қажетіне керекті шығындар халықтан жиналатын феодалдық салықтардан басқа, соғыстан түсетін олжадан, сот алымынан және "ықтиярлы" қайырымдылық қорынан құралып отырды. Әрине, негізгі ауыртпалық еңбекші бұқараның мойнына түсті.

    ХУІ-ХУІІ ғасырлардағы қазақтардың қоғамдық қатынасын зерттеушілердің көпшілігі оны патриархалдық қарым-қатынас деп санайды. Әсіресе, ол көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы аймақтарында басым болған. Ал, экономикалық жағынан неғұрлым дамыған Қазақстанның Оңтүстік аудандарында феодалдық қарым-қатынастардың көбірек қанат жайғандығы атап көрсетіледі. Іс жүзінде қазақ қоғамы мен қазақ мемлекеттігі екі әлеуметтік-экономикалық құрылысқа негізделді. Моңғол үстемдігі кезінде қала мәдениеті кері кетіп, егіншіліктің құлдырауы, көшпелі мал шаруашылығының артуы патриархалдық қоғамдық қатынастарға қарай ойысуына әсерін тигізді.

    Қазақтың далалық аудандарында жерді пайдаланудың қоғамдық түрі үстемдік етті. Жайылымдарды пайдалану құқына көшпелі рулар мен қауымдардың барлық мүшелері не деп саналды. Бірақ соның өзінде ру-тайпа ақсүйектері мен қатардағы көшпенділердің арасында жерді, жайылымды пайдалануға іс жүзінде тепе-тең құқығы болмады. Ақсүйек феодалдардың қоныстарға иелік ету, өзінің отарлары мен жылқы үйірлері және өз жақын-жұрағаттары үшін жақсы жайылымдарды, аңшылық құратын жақсы өңірлерді пайдаланатын артықшылығы болды. Жалпы алғанда, мал жеке адамның және отбасының меншігіне тиді. Өз малдарын өсірумен жоғарғы ақсүйектер тобы да, тайпалар мен рулардың көсемдері де және рудың қатардағы мүшелері де шұғылданды. Мал көшпелілер байлығының, олардың тұрмыстық жағдайының басты өлшемі болып саналды. Малдың басым көпшілігі байлардың қолында жинақталды, олар мыңғыраған малды бағатын жайылымдарға іс жүзінде өздерінің билеп-төстеу құқығын жүргізді.

    Қазақ жерлерінің жоғарғы басқарушысы хандар болатын. Олар тек Шыңғыс хан ұрпақтарынан шыққан, өздерінің сұлтандарымен бірігіп билік жүргізді. Демек, көшпелі халық бұқарасына малдарын жайып бағуға берілетін жерлер билеуші әулеттің меншігі болып саналды, олардың бұған

    құқы заңмен бекітілді жәнс салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен қуатталды. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал (хандардың туыстарына немесе

    көшпелі шонжарлар өкілдеріне сыйға берілген жерлер), ықта (хандардың туысқандары мен жақындарына тарту етілген жерлерден өз пайдасына салық жинау құқығының берілуі), милық (әскери қызметі үшін сыйға алған жерлердің уақыт өте келе ірі феодалдық таза жер иелігіне айналуы), бақып (ислам діни иеліктеріне қарасты жерлер) сияқты және басқа түрлері кеңінен орын алды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден, саудагерлерден өз пайдасына салықтар жинады.

    Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі алынды. Жоғары аристократтық топ-ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері: хандар, сұлтандар, оғландар немесе төрелер, билер, бектер сондай-ақ, қожалар жатты. Шыңғыс әулеттері қазақ рулары мен тайпаларының ешқайсысына жатпайтын, олар қоғамның басқарушы тобын құрады. Ал бүкіл өзге халық әл-ауқаттылық жағдайына қарамастан төменгі топқа-қара сүйекке жатқызылды. Қарапайым халық қатарына - шаруалар, малшылар, егіншілер мен қолөнершілер, жатақтар мен қала халықтары, ұсақ саудагерлер мен ауыл адамдары, т.б. кірді. Соғыс кездерінде өзінің жауынгерлік ерліктерімен даңққа бөленген қатардағы сарбаздар әлеуметтік баспалдағымен жоғары жылжып, батырлар тобынан орын алды. Батырлар қазақ қоғамының әлеуметтік тәртібінде маңызды рол атқарды. Олардың едәуір бөлігі өзінің шыққан тегі және мүлік жағдайымен ауқатты әскери-көшпелі ақсүйектер қатарына жатты.

    Қазақ халқының шаруашылығы мен мәдениеті

    ХУ-ХҮІІ ғасырларда қазақтар шаруашылығының жетекші саласы - көшпелі мал шаруашылығы. Әр рудың 800-1000 шақырымға дейін жететі көш жолдары жазда жайлауға шығып, қыс түсе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың қыстақтары малға суықта пана болатын өзен, көл бойларында орналасатын. Ертеден қалыптасқан тіршіліктің жүйесі алыстағы шалғай жерлерге (Жетісудан басқа жерлерде) көшіп-қону, табиғи жағрафиялық жағдайлары мен тарихи дәстүрлерге, ал көшіп барып қонатын жерлерді таңдап алу, кебінесе халықтар арасындағы қақтығыс, соғыс, шайқастардың бар-жоғына, саяси жағдайларға байланысты болды. Малдың негізгі түліктері қой, жылқы және түйе еді. Бұлар халықтың тұрмыс-тіршілігіне бірден-бір қолайлы түліктер. Мұндай мал халықтың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, ет, сүт, қымыз, шұбат пен киімге керек материалдармен қамтамасыз етіп отырды. Әрине, мал бағу ауыр еңбекті, төзімділікті және өмірге икемділікті талап етті. Сонымен бірге ол кезде мал шаруашылығының табиғаттың дүлей құбылыстарына түгелдей тәуелді болғанын да айту керек. Жем-шөп дайындау жүргізілмеді, қыста мал тебіндеп жайылды. Міне, осыған байланысты қыс сұрапыл қатты болған жылдары малдың жаппай қырылуы (жұт) жиі кездесетін. Мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп қалатын.

    Қазақ халқының өмірі ілгері басқан сайын мал шаруашылығын жүргізудің формасы мен оның өнімділігі жақсара түсті. Қолайлы жылдары мал басы үдемелі қарқынмен өсіп отырды. Мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдіріп отырған.

    Көшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының өмірін көп жағынан қамтамасыз етіп тұрды. Бұл сала қазақтарға ішіп-жейтін тамақ өнімдерін, киім-кешек пен аяқ-киім, үй жабдықтары мен жасауларын, көшіп-қонуға қажетті тасымал құралдарын берді. Әсксри жорықтар мен шайқастарда жы-лқының орнын ешнәрсемен алмастыруға болмайтын. Кешпелі малшылар өздерінде артылып қалған малдан түскен өнімдерді Түркістанның Сығнақ, Сауран, Ясы және басқа қалаларының базарларына апаратын, соның ішінде арбалар, төсектер мен ыдыстар жеткізстін болған.

    Малшылар бұл өнімдеріне айырбасқа қалалардан әр түрлі тауарлар: мақта маталары мен жібек маталар, темірден соғылған бұйымдар, дайын киім-кешектер, шапандар, орамалдар, бас киімдер, аяқ киімдер, сондай-ақ әр түрлі үйге қажетті заттар т. б. алатын. Көшпелілердің астық өнімдеріне - бидайға, тарыға, арпаға, жеміс-жидекке - сұранысы өте қатты болды.

    Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар халықта тұрақты егіншілік маңызды рөл атқарды. Қазақстанның Оңтүстік аудандары мен Жетісуда суармалы егіншілік дамыды. Археологиялық зерттеулер XV-XVII ғасырларда Отырар, Түркістан, Сауран маңындағы егістік жерлерге құбырлар арқылы су жіберіліп отырғанын дәлелдейді. Басқа жерлерде егіншілік мәдениетінің дәстүрлі ошақтары өзен алқаптары мен көл жағалауларында, шел және шөлейт далалардың көгалды жерлерінде дамыды. Әдетте, егіншілікпен көбіне көшіп-қонуға мүмкіншілігі жоқ кедей жатақтар шұғылданды. Негізгі дақылдартары, бидай, арпа, жүгері. Егіншілік Қаратау, Ұлытау өңірлерінде, Ертіс өзені алқабында, Зайсан көлінің жағасында да едәуір дамыды. Егіншілік саймандары тесе, кетпен, қарапайым соқа, тіс ағаш, тырма, қол орақ болды. Дән түю, ұн тарту үшін ағаш келі, қол диірмен пайдаланылды. Астық ұраға көміліп сақталды.

    Қазақстанның алуан түрлі тағы жануарлары бар кең байтақ даласы көшпелілерге жеке-дара және ұжым болып аңшылық етуге зор мүмкіндік берді. Олар аң аулауда басты қаруы ретінде көбінесе садақты қолданды. Аң аулаудың бірнеше түрі болған: құс салғам, тазы иттер қосып және қаумалап аулаған. Қыран құстардан қаршыға, бүркіт, сұңқар, лашын т.б. пайдаланылған. Қыран құстармен аң аулау Қазақстанда XX ғасырдың басына дейін кеңінен тараған. Көшпелілер бұлғын, сусар, түлкісі, қарсақ т.б. аңдардың терісін алу үшін, арқар, киік, құлан, елік, тау ешкі, қарақұйрық сияқты аңдардың етін жеу үшін, бұғы мен бөкенді мүйізі үшін аулады. Қаз, үйрек, кекілік, қырғауыл, дуадақ, құр, бөдене т. б. құстарды алуан түрлі әдістермен аулап көмекші азық етті. Аю, жолбарыс, қабылан, қасқыр сияқты жыртқыш аңдарды қазақтар төрт түлік малын сақтау үшін аулады. Олардың терісін тұлып, тон, ішік, тымақ т.б. қыс киімдерін тігуге жаратты. Дегенмен, казақтарда аң аулау дербес кәсіп болмаған, ол мал шаруашылығына тек көмекші кәсіп болған. Оның халық шаруашылығындағы үлес-салмағы да онша көп болмады.

    Өзен мен көл жағасын мекен еткен қазақтар балық аулаумен де шұғылданған. Балықшылықпен көбінесе малы аз, тұрмысы төмен кедей шаруалар айналысқан. Олардың балық аулаудағы құрал саймандары: қармақ, шанышқы, өрнек, ау т. б.

    Қазақ халқының тіршілік-тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ер-тұрман, ат әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т.б. қолөнершілердің еңбегімен дайындалды. Сондықтан Қазақстанның қалалары мен қыстақтарында қолөнері (теріден, жүннен бұйымдар жасау, киім тігу, ағаш өңдеу, зергерлік, ұсталық, құрылыс ісі т.б.) басым дамыды.

    Дегенмен бұл кездегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қарабайыр шаруашылық еді. Үйде істелетін кәсіп бұйымдардың көпшілігі тауарға айналмайтын, өндірушінің өз отбасын ғана қанағаттандыруға пайдаланылатын. Халық өнері, әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда (кілем, текемет, алаша, әшекей, сандық, төсек, ыдыс-аяқтар, т.б.) ерекше өрістеді. Қолданбалы өнер халықтың еңбек қарекетімен, оның тұрмыс-салтымен тығыз байланысты болды. Ол халыққа өнімдер мен шикізат беріп отыратын қарабайыр мал шаруашылығының басым болуына сәйкес келді. Қалалар мен ауыл тұрғындарының, сондай-ақ көшпелі малшылардың қолөнершілер өнімдеріне сұраныстың өсуі сауда қатынастарын өрістетіп, тұрақты базарлар жұмыс істеді.

    Бұл кезде, әсірссс оңтүстік Қазақстан қалаларының Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда-саттық байланысы жанданды. Осының арқасында көшіп-қонушы және отырықшы халық топтарының экономикалық, мәдени-әлеуметтік қарым-қатынасы мүмкіндігінше кеңейе түсті. ХУ-ХУІІ ғасырларда "Ұлы жібек жолы" бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан, Сайрам, Жент т.б. қалалардың тездеп өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді. Бұл металл ақшаларының бірсыпырасы ХУ-ХУІІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған Түркістан қаласында жасалды.

    Қазақ халқы өте ауыр кезеңдерді басынан кешірсе де, өзінің ата-бабаларының ертеден қалыптасқан мәдени қазыналарым сақтап қалды. Әрине, мәдениеттің дамуы Қазақстанның барлық жерінде біркелкі жүрген жоқ. Атап айтқанда, мәдени даму отырықшылық-қалалық жерлерде көшпелі және жартылай көшпелі аудандармен салыстырғанда күштірек жүрді. Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау жеріндегі кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет-сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқыншылығымен ерекшеленді.

    Ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін табиғат құшағындағы мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлемдегі табиғат құбылыстарын үнемі бақылап отырған. Осы бақылаудың нәтижесінде халықтың көпжылдық тәжірибелері қорытылып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбегі қалыптасты. Қазақ халқы аспан әлемін бақылау арқылы "құс жолы", "құйрықты жұлдыз", "ақпа жұлдыз" және "кемпір қосақ" жайында ұғымын кеңейтті.

    Қазақтар көктемде 22-ші наурызды, күн мен түннің теңелетін кезеңін "наурыз тойы" - деп атап өтуді ертеден әдетке айналдырған. Бұл тойда қазақтар ағайын-тума, ауыл-аймағын аралап, жаңа жылмен құттықтап, молшылық пен егіндіктің түсімді болуына тілектестік білдіріп, бата берді. ХУ-ХУІІ ғасырларда қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуға Сығанақ, Түркістан, Хорезм, Бұхара, Самарқанд сияқты қалалар айырықша рол атқарды. Алайда, ислам діні көшпелі халық арасында терең тамыр жайған жоқ. Оған себеп дүркін-дүркін жүргізіліп отырған қақтығыстар, соғыстар және түрлі саяси қарама-қайшылықтар еді. Сондықтан халықтың, әсіресе көшпелі бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге, күнге, аспанға, жерге, суға табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды.

    ХУ-ХУІІ ғасырларда қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақтың ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған да, оны ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген де халық арасынан шыққан дарынды адамдар -ақындар, сал, серілер, жыраулар еді.

    Ақындар халықтың поэтикалық мұраларын сақтап, айтып берушілер, лирикалық жырларды жасаушылар болды. Сал, серілердің арасынан көптеген атақты сазгерлер мен жезтаңдай әншілер шықты. Әншілср, күйшілер, ұлттық ат спорты ойындарының шеберлері, алуан түрлі сауыққойлар, күш иелері балуандар, құсбегілер, жалпы халықтық тойларда өздерінің даңқын шығарып жүрді.

    Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Өмір мен өлім, қазіргі мен келешек туралы ойды өрбіте келіп, жырау өзінің моральдық-этикалық козқарастарын жеткізді, өз тұсындағы қоғамға, табиғатқа өзінің көзқарасын білдірді. Жауынгер жыраудың туындылары әдетте шабытты романтизмге, ерлік пен азаматтық пафосқа толы болды. Қазақтың батырлар жырын туғызушы да осы жыраулар еді.

    Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары - Шалкиіз /XV ғ./, Доспамбет /XVI ғ./, Жиембет /XVII ғ./, т. б. жыраулар. Олар Әбілхайыр хан мен Жәнібек хан заманында өмір сүріп, сол кездегі шиеленіскен саяси күрестің қиын-қыстау кезеңдерін жырға қосып көрсете білген адамдар.

    Халықтың ауыз әдебиеті туындыларында көшпелі малшы халықтың көзқарастары, ұғымдары мен еңбегі, олардың ғасырлар бойы жинақтаған еңбек тәжірибесі жан-жақты бейнеленді. Әсіресе, соның ішінде салт-сана өлеңдерінің көптеген үлгілері өздерінің идеялық-көркемдік ерекшеліктерімен құнды.

    Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың бәрі дерлік тарихи оқиғаларға құрылған. Мәселен, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік-тұрмыстық дастандары да "Қозы Көрпеш-Баян сұлу", "Қыз Жібек" т. б. феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.

    Бұл кезде Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы мен халық өмірінің ерекше жағдайларын өзіндік өзгешелігімен қамтитын қоғамдық уклад "билер сөзі", "билер айтысы", "билер дауы", "төрелік айту", "шешендік сөздер" деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. Әдебиеттің бұл түрін шығарушылар негізінен XV-XVII ғасырларда қазақ қоғамында сот ісін жүргізумен айналысатын билер болатын. Олар тек сот ісін жүргізумен ғана айналысқан жоқ. Билер хан кеңесінің мүшелері болып, мемлекеттік істерге белсене араласты. Сонымен бірге атақты билер тайпалар мен рулардың басшылары болып, ел басқарды, жиындарда солардың атынан сөз сөйлеп, айтыс-тартыстар кезінде олардың мүдделерін қорғады.

    Қазақтың атақты билері поэтикалық таланты зор және суырып салып айту мен шешендік сөз арқылы өзара айтыстың тамаша шеберлері болған. Би-шешендердің әдеби шығармашылығы түрі жөнінен де, мазмұны жөнінен де ерекше, прозаны поэзиямен ұштастырып отырған. Олардың поэтикалық туындылар жанры, тақырыбы және жасалу себебі жағынан да алуан түрлі болып келген. Сондай-ақ би-шешендер әдебиетінің тақырыбы да өте кең, ал олар қозғайтын проблемалар қоғамдық жағынан да маңызды орын алды. Олар: әділеттік-озбырлық, достық-жаулық, ізгілік-зұлымдық, ұжымдық-бытыраңқылық, адамдық-опасыздық, мейірбандық-қатыгездік, шыншылдық-екіжүзділік, ақылдылық-топастық, батырлық-қорқақтық және тағы басқалары.

    ХҮІ-ХУІІІ ғасырлардағы би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы, шешендік өнерінің күшімен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663-1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665-1765) және Әйтеке Байбекұлы (1682-1766) ерекше орын алды. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Қытай империясында танымал болған.

    Бұл кезде қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, сондай-ақ тарихи шығармалар мен рулар тарихы (шежіре) жасалды. Олардың ішінен Захир-ад-дин Бабырдың "Бабырнамасын", Камаладдин Бинайдың "Шайбани-намесін", Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих - и Рашидиін", Қожамқұл бек Бахидің"Тарих-и-Қыпшағын", Қадырғали бектің "Жамиат-та-варихын" және басқа да шығармаларды арнайы бөліп көрсетуге болады. Жоғарыда көрсетілген авторлар тек оқиғаларды суреттеумен және мемлекетті билеушілердің тұқымдық шығу тарихын баяндаумен ғана шектелмеген. Олар өз суреттемелеріне қоса көркем бейнелер жасап, кейде тарихи шайқастардың немесе басқа оқиғалардың әдеби көріністерін беріп отырған.

    Бұл кезде Қазақ хандығы көршілес мемлекеттермен, Орта және Таяу Шығыс елдерімен үздіксіз араласып отырды. Мұның өзі араб-мұсылман мәдениеті мен ғылымының таралуына әсерін тигізді. Қазақ жерінде мектептер мен медреселер ашылып, оларда оқу араб-парсы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жазуда араб әліп-биін тұтынды. Мектептер мен медреселерде ғылымның әр түрлі салалары (дін ілімі, математика, логика, философия) бойынша білім беріліп, Шығыстың ұлы ақындарының классикалық туындыларымен таныстырылды. Сарай маңындағы шонжарлар, ірі феодалдар, бектер мен басқа да дәулетті адамдар өз балаларын Бұхараға, Самарқанға, Бағдадқа және мұсылман дүниесінің басқа да мәдени орталықтарына оқуға жіберіп отырды. Мұның бәрі қазақ халқының жалпы дамуына, бүкіл қоғамның рухани өмірі мен мәдениетіне игі ықпал жасады.

    Сонымен, ХУ-ХУІІ ғасырларда Қазақ қоғамында шаруашылықтың және мәдениеттің дамуында елеулі ілгерілеушілік орын алды. Оның басты бір себебі, қазақ халқының біртұтас мемлекетке бірігуі мен байланысты еді.

    Қолданылған әдебиеттер
    1. Қазақстан тарихы

    Ч.Мусин. Алматы 2005. 153-164 беттер.


    написать администратору сайта