детская литература. аралык бакылау балалар адебиети. 1. Балалар дебиеті халы ауыз дебиетіні балалара арналан жанрлы трлерін амтыан пн
Скачать 29.63 Kb.
|
Пмно-21-23 Камал Бекзат Аралық бақылау 1 1. Балалар әдебиеті – халық ауыз әдебиетінің балаларға арналған жанрлық түрлерін қамтыған пән Балалар әдебиетінің негізі — ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар әдебиетіне зерттеу жасағанда халықтық ауыз әдебиетін аттап өтуге болмайды. Өйткені, халықтың ауыз әдебиеті — балалар әдебиетінің алтын қоры. 2. Балалар әдебиетінің даму кезеңдері Балалар әдебиеті - әдебиеттің бір саласы ретінде өркендеп, дамып келеді. Оның да өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиеттік мұралармен бірге дамып келсе, соңынан өз алдына дараланып, өз ерекшеліктерімен таныла бастады. Балалардың жастық, білімділік ерекшеліктері еске алынды. Олардың психологиялық өсу процестері ескерілді. Қазақ балалар әдебиеті қаазіргі қоғамда балаларға тәлім-тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды. 3.Балалар әдебиетінің білімдік, тәрбиелік маңызы Балалар әдебиеті — жас ұрпақтарға елжандылық тәрбие берудің қуатты құралы. Ол жастарды патриотизм рухында тәрбиелейді. Озат идеялармен қаруландырады. Оларды қандай қиыншылықтарды болса да жеңуге ұмтылдырып, жігер – қайратын арттырады, 4. Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы Халықтық шығармалармен мектеп жасына дейінгі балалар да ата-анасының, апа-ағаларының айтуы, оқып беруі бойынша ертеден-ақ таныс бола бастайды. Бесік жыры, хайуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақтар мен жаңылтпаш сөздер, мақал мен мәтелдер, өтірік өлеңдер — бәрі де баланы қызықтырып, оларды мәз-мәйрам етеді. Сөз өнерінің әдемі кестелері олардың сөздік қорын байытып, бірден бірге мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра береді. 5. Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің негізі Халықтық шығарма балаларды адам баласының өткен ғасырлардағы тарихи өмір, тұрмыс, әдет-салты, күн көрісі, шаруашылық экономикасы, мәдениетімен таныстырып отырады. Балаларға арналған халық өлеңдерінде дүниеге жаңа келген жас нәрестенің болашағын ойлап, қолдан келер мүмкіндіктерін соның жолына бағыштауға тырысады. 6. Халық ауыз әдебиеті тарихы Халық ауыз әдебиетінін алғашқы пайда болуы, шығуы халықтың өз баласына арналып айтылған өлең, жыр, ертегілерден, әндерден басталады. Ерте кезде қазақ халқында бала тәрбиелеуге арналған қоғамдық орын: балалар бақшасы, мектеп болмаса да, тәрбиені балаларына бесікте жатқан кезінен бастап-ақ халықтық жырлар мен әңгіме, ертегілер арқылы бере бастаған. 7.Бесік жырының тәрбиелік мәні Балаларға арналған халық өлеңдерінде дүниеге жаңа келген жас нәрестенің болашағын ойлап, қолдан келер мүмкіндіктерін соның жолына бағыштауға тырысады. «Бесік жыры» — деген өлеңде: Әлди-әлди ақ бөпем, Ақ бессікке жат бөпем. Қонақ келсе, қой бөпем, Қой, тоқтысын сой бепем, Құйрығына той бөпем — деп жырлайды халық. Мұнда балаға деген сый-құрмет, ықыластар, оның болашақ азаматы болсын деген тілек-мақсаттардан туатыны айтылған. 8. Тұрмыс-салт жырлары, олардың түрлері, ерекшелігі Тұрмыс-салт жырлары қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі: тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер), дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік), үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар), мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау), өтірік өлеңдер, т.б. 9. Төрт түлік мал туралы өлеңдер арқылы балаларды еңбекқорлыққа баулу Төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Қамбар ата”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Шекшек ата”, т.б. 10.Төрт түлік мал туралы өлеңдердің тақырыбы, тілі, мазмұны Халық өлеңдерінің дені төрт түлік малға байланысты шығарылған. Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп, «Ештеңені білмейтін момыным» деп, Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп, Қараңғыда баспаған «қорқағым» деп. Бүл өлеңде адам түгіл жануарлардың да өз баласын жақсы көретіні, «қарға баласын аппағым» деп сүйетіні айтылған және баланы бала жастан малшаруашылығымен таныстыруға ерекше көңіл бөлінген. Әрі қысқа, әрі ықшам, мазмүны бай өлеңнің бала тәрбиесінде алар орны ерекше екенін халықұмьггпаған. 11.Баланы халық даналығына баулудағы мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні Мақал мен мәтелдер көбінесе сабырлы салмақты ырғақпен, өлеңдік өрнекпен де шешендік тілмен, қара сөзбен нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері. Мақал, негізінен екі құралады. Бірінші бөлімде пайымдау екінші бөлімде ой қорытындысы айтылады. («Еңбек етсең, емесің»). Тура мағынада («Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»), ауыспалы мағынада («От жақпаған үй — қорамен тең, адам кірмеген үй — моламен тең») қолданылатын мақалдарды, көбінесе халық шығарған 12. Балаларға халық ауыз әдебиетінің мақал-мәтелдерін таныстыру Мақал-мәтел, нақыл сөздер — халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекетіне, мінез-құлқына жасаған бақылауларынан туған дана сөздері. Бұларды педагогтар балаларды жан-жақты дамыту құралы ретінде пайдалануына болады. 13. Мақал мен мәтел, нақыл сөздер тәрбие құралы Отбасында ата-аналар бала тәрбиесіне лайықтап іс-әрекет, пікірлесу, пікірсайыс кезінде өнеге, өсиет ретінде: ана тілін алмасаң, арың кетеді; әке — тірегің, ана жүрегің: бірінші байлық — денсаулық; сабыр түбі —: сары алтын, еріншектің ертеңі таусылмайды; көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса, асыңды тый; іс істесең ретін тап; ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың, ырысы бар; бір үйдегі бәрің де бір-біріңе меймансың; ас ішсең — аяғыңды жина; ашу — дұшпан, ақыл— дос; ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық; әке тұрғанда бала сөйлегеннен без; әдептілік — әдемілік, қыз қылығымен жағады, бала жақсы болса — бала, жаман болса — пәле, т. б. мақалдарды жиі айтады. 14.Жұмбақтар, олардың мәні. Жұмбақтың көркемдік ерекшеліктері Жұмбақ – оқушы балалар мен жастарға білім берерлік, тәрбиелік мәні бар құралдың бірі. Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайы, еңбек-кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер-білім, техника т.б. жұмбақтардың басты тақырыбы болумен қатар, мазмұны да болады. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ көлемінеенгнде, әрқайсысы жалпылама түрде алынбай, белшектене, жекелене алынады. 15. Жұмбақтың дүниетанымдық, өнегелік маңызы Жер әлемін жұмбаққа енгізгенде оған жер бетіне шығатын өсімдіктерді де қосады. Бұл ретте халықтың жұмбақтарынан егін, шөп түрлері орын алады, әрқайсысының шаруашылыққа пайдасы кеп екендігін керсетеді. «Аласа терек, алпыс бұтақ, бұтақ сайын ұя, ұя сайын жұмыртқа» деп егіннің басын жұмбақтайды. Қауын-қарбызды көгенде жатып семірген лаққа теңейді. «Қырға кілем жайдым» деп, жазғы жасыл жер керінісін образды түрде бейнелейді. 17.Даналық сөздердің тәрбиелік мәні Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне ауыз ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Ең алдымен, әдебиеттік жағынан алғанда, мақал үлкен. толғау образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы болып келеді. Ол адам өмірінде, тұрмыс-тіршілікте, қоғамдық оқиғада кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи мәні оларға берілген даналық баға, тұжырымды түйіи есебінде қолданылады 18.Ертегілер: жанрлық ерекшелігі. Ертегілердің түрлері Адам баласы білім - жүзінде өнер болған уақытта маңайындағы дүниені жан сырын білмегендіктен, өзіне белгісіз заттың барлығына "құдай" деп табынған. Ақыл - білім өскен сайын адамзат табиғат нәрселерінің құдай емес екенін білген. Сондықтан олар жойылып, бұрынғы мағыналарынан айырылып, кейінгі айтушының аузында ертегі болып кеткен. Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар: 1) мифологиялық ( қиял - ғажайып) ертегілер 2) хайуанаттар ( жан - жануарлар) жайындағы ертегілер 3) реалистік (тұрмыс-салт) ертегілер. 19.Әдебиеттік оқу сабақтарында ертегілерді оқыту барысында оқушыларды қарапайымдылыққа тәрбиелеу Қазақтағы "Құла Мерген" сондай салт пен үлгі ертегісі деп саналауға болады. "Құла мергеннің аңшылық кәсібі, өзге елден бөлек жалғыз өмір сүріп, ылғи мергендікпен күн көруі оның салтын білдіреді. Құла мергенге қас болған жалмауыз кемпір барлығы да адам баласының өміріне қастық қылатын қараңғы сырлы заттар болады. Құла мергеннің кегін алушы баласы Шүйе мерген мергеннің ісі ақ, сондықтан ол жеңді. Қас болған қатыннан кек алды. Жалмауызды өлтіреді. Бұл яғни "аққа зауал жоқ", "қараның ісі оңға баспайды" деген ұғымның белгісі. 20.Ертегілер туралы және оларды оқыту әдістемесі Ертегілі сөздің белгісі болады. Бірақ, барлық ертегі сөзін түгелімен ойдан шыққан деп есептеуге келмейді. Оның ішінде белгілі бір шындық болған. Кейбір ертегілер ескілікті дүниені түсінуін білдіретін болып сол ескі замандағы ұғымның сақтап қалғаны бар. Ондай ертегілерді, ескілік әңгемесін - "әуез" дейді. 21. Халықтық шығармалардың тәрбиелік мәні Халықтық шығармалармен мектеп жасына дейінгі балалар да ата-анасының, апа-ағаларының айтуы, оқып беруі бойынша ертеден-ақ таныс бола бастайды. Соның ішінде аңыз әңгімелер мен шешендік сөздер де кеңірек қамтылған. Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр жайлы құралған аңыздарды оқи отырып, балалар бір жағынан шығарманы да меңгередеі, екінші жағынан, олардың ойлау қабілеттері де жетіле түседі, шешендік өнер негіздері қалыптаста бастайды 22. Балалалдың тілін дамытудағы өтірік өлең мен жаңылтпаштың алатын орны. Өтірік өлеңдердің өмірлік шындығы Балалардың тілін дамытудағы санамақ, өтірік өлең, жаңылтпаштың орны зор. Өтірік өлеңдегі өмірдің шындығын ьайқау қиын емес. Өтірік өлең баланы қызықтыруда, ойлантуда, өмірмен, айналаны, қоршаған ортамен таныстырудағы орны ерекше. Өтірік елеңдердегі қиял кейде шындықпен астасып жатады. Ұстадым киттің өзін қармақпенен, Көтердім Көкшетауды бармақпенен. Галошын тұңғышымныц қайық етіп, Мұхитгы жиханкездей шарлап келем, дегенде кармақпен ұстаған кит пен бармақпен көтерген Көкшетау баланың шартты түрде орындалатын арманы. Өтірік олеңдегі кейбір қиялдардың шъндыққа айналғаны бүгіңде жүртшылыққа белгілі. 23.Өтірік өлеңнің баланы қызықтыруда, қоршаған ортамен таныстыруда алатын орны Өтірік өлеңдер - қазақтың халықтық шығармаларында ертеден орын алған жанр. Қиыннан қиыстырған тапқыр ойдың өткірлігі мен күшті логика сарапқа түсетін, әзіл-оспаққа,өткір сынға құрылған өтірік өлеңдер баланың ақыл өрісін кеңейтіп; , фантазиялық қиялмен шарықтауға мүмкіндік беретін жанр. 24.Жаңылтпаштардың бала тәрбиесіндегі орны Халық ауыз әдебиеті үлгілері ішінде балаларға арналған жаңылтпаштардың да өзіндік мәні бар. Әдетте жаңылтпаштар айтылуы қиын жеке дыбыстар мен сөздерден тұрады. Мысалы, "р" дыбысын дұрыс айтуды. Торта қойдым, Орта қойдым. Орта қойдым Жорта қойдым. деп жаңылтпаш арқылы үйренеді. 25.Балалар әдебиеті үлгілері ішінде балаларға арналған жаңылтпаштардың да өзіндік мәні Жаңылпаштар баланы сөз мағынасын бұрмаламай, абайлап, анық сөйлеуге үйретеді. Айналадағы көріністермен, құбылыстармен таныстыратын кызықты жанр. Баланың тілін ширатуда ойын өлеңдерінің берері мол. Ауыз әдебиетіндегі "Қуыр-қуыр, куырмаш", "Ұшты-ұшты"1, "Кім керек?" т.б. ойын өлендері баланың танымын кеңейтіп, байқампаздылыққа, зеректікке тәрбиелеп, тілін ширатады. 26.Балалар жырының мазмұны мен тақырыбы. Балаларға арналған ауыз әдебиеті түрлерінің көркемдік ерекшеліктері Балаларға арналған ауыз әдебиеті түрлерінің көркемдік ерекшеліктері. Ауыз әдебиетінің эпостық жырлардың қалыптасу кезеңі. Эпостық жарлардың балалар тәрбиесіне қосатын үлесі. «Қобыланды батыр» жырының ерекшелігі. 27. Ауыз әдебиетінің эпостық жырлардың қалыптасу кезеңі Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым құнды саласы эпостық жырлар. Эпос деп оқиғасы ел, халық өмірінен алынған, образдары ірі әрі кемелді түрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған үлкен-үлкен эпикалық жыр-дастандарды айтамыз.Қазақ эпосы бірде ерлікті, батырлықты дәріптеп ел қорғау, отаншылдық сарында құрылса(Қобыланды батыр,Алпамыс бірде феодалдық қоғамдағы әйел теңсіздігін арқау етіп, махаббат тақырыбына негізделеді 28. Эпостық жарлардың балалар тәрбиесіне қосатын үлесі Эпостық жырлардағы балалар ауыз әдеюбиетіне жататын нұсқалар Ертегілер, өлеңдер мақалдар мен мәтелдерден басқа, халық шығармаларында ерлік істерді дәріптейтін эпос немесе батырлар жырлары бар. Халықтық шығармалардың ең көлемдісі, ең көбі, мазмұны мол ұзақ жырланатыны — осы батырлар жыры. Батырлар жырының оқиғасы, желісі, ондағы әр дәуірден құралып суреттелетін кейіпкерлер де ерте замандағы халықтың өткен өмірін, ерлік істерін баяндайды. 29. «Қобыланды батыр» жырының ерекшелігі Қобыланды Батыр жыры—қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны—шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған шығарма.«Қобыланды батыр»жырының ең көне түрі бізге жетпеген,өйткені жырды жырлаған ақын,жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып,өңдеп отырған 30. Қобыланды образы Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды. |