Главная страница

тест РА. 1. Буындарды симметриялы эрозиялы деструкциялы згерістері аныталынады


Скачать 17.52 Kb.
Название1. Буындарды симметриялы эрозиялы деструкциялы згерістері аныталынады
Дата01.02.2023
Размер17.52 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлатест РА.docx
ТипДокументы
#916021

1.Буындардың симметриялы эрозиялық- деструкциялық өзгерістері анықталынады :

а) ревматоидтық артритте

б) мешелде

в) спазмофилияда

г) рематизімді артритте

е) подаграда

2.Ревматоидтты артриттегі буын өзгерістерінің симдромы:

а) «морж қанаты»

б) «Рейно»

в) «Верльгоф»

г) «Шегрен»

е) «Фелти»

3.Ревматоидтық артриттің қоздырғышы:

а) стафилококтар

б) Эбштейн -Барр вирусы

в) аденовирустар

г) микобацилла

е) Helicobacter pulori

4.Ревматоидтық полиартритті емдеуде буын үстіне жасалады :

а) таңғыш салу

б) парафиндік аппликация

в) оттегі беру

г) дәрілік синовэктомия

е) гемотрансфузия

5.Ревматоидтық полиартриттегі IV-V саусақ буындардың өзгеруі:

а) « морж қанаты»

б) «тар қолғап»

в) «корсет»

г) «ревматоиды түйін»

е) тофустар

6.Ревматоидтық полиартрит диагнозын қоюдағы негізгі клиникалық белгі :

а) температурасы жоғарлап, буын үсті терісінің қызаруы

б) буынның ұшпалы ауырсынуы, қалтырап дірілдеу

в) саусақ ұштарының жәндік шаққандай қараюы, бұлшық еттерінің атрофиясы

г) бас бақайдың таңертеңгі қатты ауырсынуы, шынтақ буынында тофустың пайда болуы

е) таңертеңгі буындардың сіресуі,буын қозғалысының шектелуі

7.Науқастың жұдырығын жұма алмауы «тар перчарка» , төсектен тұра алмауы «корсет» белгілері қандай патологиялық процеске тән:

а) жүйелі склеродермияға

б) подаграға

в) ревматизмді артритке

г) ревматоидты артритке

е) семіздікке

8.Ревматоидтық полиартритте буынның патологиялық өзгерістердің дәрежесі анықтайтын тексеру әдісі:

а) спирография

б) рентгеноскопия

в) рентгенография

г) флюрография

е) бронхоскопия

9.Майда- ұсақ буындардың симметриялық өзгерісі, таңертенгі құрысып- тырысуы, ісінуі. Бұл белгілер қандай ауруға тән патологиялық процестер :

а) Ревматизмді артритке

б) Рейтер ауруына

в) Подаграга

г) Остеоартрозға

е) Ревматоидты артритке

10.Ревматоидтық полиартриттің емдеу принципінде қолданылатын базистік топ препараты:

а) натрий тұздары

б) кальций тұздары

в) магний тұздары

г) алтын тұздары

е) сілтілер

11.Ревматоидты артриттің бір клиникалық белгісі?:

a) таң ертеңгілік құрысып тырысу

б) ауа-райына байланысты ортаңғы буындардың симметриялы ауырсынуы

в) бел омыртқаның ішке қарай қисаюы

г) мимикалық бұлшық еттердің еріксіз жиырылуы

е) саусақ ұшы буынның атрофиясы

12.Жасушалардың ядролық құрылымдарына антиденелерінің түзілуінен, тіндердің иммунды комплекстік қабынуына әкелетін тамырлардың аутоиммундық жүйелі қабынуы:

а) жүйелі қызыл жегі

б) геморрагиялық васкулиттер

в) подагра

г) ревматоидты артрит

е) жүйелі склеродермия

13.Жүйелі қызыл жегінің этиологиясының бірі:

а) организмге суық тию

б) ас тұзын көп қолдану

в) адинамия

г) микроорганизмдер

е) авитаминоз

14.Жүйелі қызыл жегіде зақымдалмайтын жүйе:

а) тері

б) буын

в) бүйрек

г) сүйек

е) қан түзу

15.Жүйелі қызыл жегінің тері түріндегі симптомы:

а) «дабыл таяқшасы»

б) «сағат әйнегі»

в) «көбелек»

г) «күздік тал»

е) «тамыр жұлдызшасы»

16.Люпус-эндокардит дамиды:

а) атеросклерозда

б) миокард инфарктында

в) жүйелі қызыл жегіде

г) созылмалы жүрек жетіспеушілігінде

е) артериалды гипертензияда

17.Жүйелі қызыл жегінің бүйрек түрінде зәрдегі өзгеріс:

а) протеинурия

б) бактериурия

в) дизурия

г) полиурия

е) гиперлипидемия

18.Зәрдің құрамынан белоктың, эритроциттің анықталуы жүйелі қызыл жегінің қандай түріне тән:

а) өкпелік

б) терілік

в) бүйректік

г) жүректік

е) буындық

19.Жүйелі қызыл жегіде бүйрек, зәр түзу жүйесінің зақымдалуында дамиды:

а) нефроптоз

б) пиелонефрит

в) гломерулонефрит

г) люпус-нефрит

е) бүйрек тас ауруы

20.Жүйелі қызыл жегінің асқынуы:

а) инсульт

б) аритмиялық өзгеріс

в) бүйрек жетіспеушілігі

г) дисфагия

е) шок

21.Жүйелі қызыл жегіде қолданатын базистік ем:

а) антибиотиктер

б) кортикостероидты гормон

в) спазмолитиктер

г) витаминдер

е) стероидқа жатпайтын қабынуға қарсы қолданатын дәрілер тобы

22.Науқастағы эпилепсиялық ұстамалар жүйелі қызыл жегінің қандай түрінде болады:

а) жүрек, қанайналым жүйесінің зақымдалуында

б) буындардың зақымдалуында

в) бүйрек, зәр түзу жүйесінің зақымдалуында

г) орталық нерв жүйесінің зақымдалуында

е) терінің зақымдалуы

23.Жүйелі қызыл жегінің дамуына ықпал ететін қауіпті дәрілер тобы:

а) гликозидтер

б) кортикостероидты гормон

в) спазмолитиктер

г) витаминдер

е) цитостатиктер

24.Жүйелі қызыл жегіде биохимиялық қан талдауында анықталынады:

а) VIII-IX-XI-факторлардың төмендеуі

б) LE- жасушалары

в) Эбштейн-Барр вирусы

г) гипербилирубинемия

е) Ревматоидтық факторлар

25.Науқастың биохимиялық қан талдауында диспротеинемия, ревматоидты фактор және LE – жасушаларының анықталынды. Бұл лабораториялық көрініс қандай аурудың диагностикалық критериясы болып табылады:

а) Дерматомиозиттің

б) Қызыл жүйелі жегінің

в) Склеродермияның

г) Геморрагиялық васкулитке

е) Ревматоидты артриттің

26.Мандай, иек, мұрын қырының терісіндегі «көбелек» тәрізді эритемалық бөртпелер пайда болған. Науқасты жөтел, ентігу мазалайды. Аускультацияда өкпе тұсынан плевраның үйкелісі естіледі. Бұл көрініс қандау аурудың белгісі болып табылады.

а) Дерматомиозиттің

б) Қызыл жүйелі жегінің

в) Склеродермияның

г) Геморрагиялық васкулитке

е) Ревматоидты артриттің

27.Склеродермияның дамуына және асқынуына ықпал ететің қауіпті факторлар:

а) жиі майлы тағамдарды қабылдау

б) темекі шегу, ішімдікке салыну

в) жасылдаушы ішек таяқшалары

г) жиі тамақтану режимін бұзу

е) суықтау, жарақат, вибрациялар

28.Склеродермияның басты белгілерінің бірі:

а) дене салмағын жоғалту

б) сауқастарының қысқаруы мен деформациясы

в) жөтелу, ентігу

г) тахикардия

е) дененің төменгі бөлігінің ісінуі

29.Склеродермияның базистік емінде қолданатын дәрі:

а) Д- пеницилламин

б) преднизалон

в) кардиомагнил

г) канамицин

е) бисептол

30.Склеродермияның диагностикалық критериі:

а) Анемиялық синдромы, иммундытапшылық

б) Рейно синдромы, буын синдромы, терінің склероздық өзгерістер

в) интоксикациялық синдром,

г) псевдокоронарлық синдромы, аритмиялық синдромы

е) идиопатиялық синдромы,


написать администратору сайта