тест хир. Тесты хирургия1 каз ответы. 1. Фимоз бл a соы жыныс тініні абынуы
Скачать 49.39 Kb.
|
1.Фимоз - бұл A)соңғы жыныс тінінің қабынуы B)*соңғы жыныс тінінің тарылуы C)ер адамдардың жыныс мүшесінің басының қысылып қалуы D)соңғы жыныс тінінің зақымдануы E)барлық аталғандар 2. Антисептика - бұл іс әрекеттер жиынтығы A)жарада инфекциямен күрес B)жараға инфекцияның енуінің алдын алу C)құрал жабдықтарды дезинфекциялау D)құрал жабдықтарды зарарсыздандыру E)*жарада микроорганизмдерді жоюға бағытталған, организмде патологиялық ошақтарды жоюға бағытталған шаралар 3. Уретраның толық үзіліп қалуының белгісі A)*ет жуындысы тәрізді зәр B)шап арасында ауырсыну C)зәрдің болмауы D)гематурия E)сыра түсті зәр 4. "Жедел іш" кезінде фельдшердің тактикасы A)анальгетик енгізу B)асқазанды шаю C)тамақ пен су беру D)*іш аймағына суық басу E)науқасты госпитализациялау 5. Аппендициттің дәлелді симптомы A)іште жайылған ауырсыну B)жүрек айну C)іш кебуі D)*Щеткин-блюмберг симптомы E)дененің мәжбүрлік қалпы 6. Асқазан жарасы перфорациясында ауырсыну сипаты мен орны A)үнемі, оң жақ бүйір бөлімде қатты ауырады B)үнемі, оң жақ бүйір бөлімде кенеттен ауырады C)белдемелік, тұйық сипатта D*)"пышақ сұққандай" эпигастрийде E)оң жақ қабырға астында кенеттен ауырады 7. Артқы тесіктің жарықшағы пайда болуы A)проктит B)геморрой C)*ұзақ іш қатуда D)парапроктит E)тік ішек және артқы тесікпен өте қатты нәжістің жылжуы 8. Жедел холецистит симптомы A)ситковский B)*ортнер C)жүрек айну, құсу және дене температурасының жоғарылауы D)құлаушы тамшы E)пастернацкий 9. Перитонитпен науқасты тасымалдайды A)қалалық транспортпен B)отырғызып C)*зембілде жатқызып D)тақтайда жатқызып E)жартылай бүгілген аяқпен жатқызып 10. Қысылған жарық үшін тән емес симптом A)кернелген жарық ісігі B)өткір ауырсыну C)*оң жөтел түрткісі белгісі D)ішек өтімсіздігі E)жарықтың орнына түспеуі 11. Механикалық ішек өтімсіздігіне тән емес A)іштің кебуі B)ұстама тәрізді ауырсыну C)*бауыр тұйықтығының жоғалуы D)нәжіс пен ауаның бөгелуі E)жүрек айну құсумен 12. Нерв тінінен қатерлі обыр A)аденома B)саркома C)*нейросаркома D)миосаркома E)фиброма 13. Жұмсақ тіндердің сыртқы жыланкөзі байланыстырады A)*сыртқы ортамен инфекция ошағы B)сыртқы ортамен мүше C)мүше қуысты мүшемен D)мүшелер бір бірімен E)байланыстырмайды 14. Тромбофлебит емінде қолданылатын препарат A)но-шпа B)никотин қышқылы C)тромбин D)*троксевазин E)антикоагулияциялық препараттар 15. Паранихия - бұл қабыну A)саусақтың барлық тіні B)фаланга аралық клетчатка C)*сіңірлік қынап D)тырнақ орамасының E)тері тіні 16. Гангренаға қарсы сарысуды енгізуге көрсеткіш A)тізе сүйектерінің жабық сынығы B)пандактилит C)өкпе абсцессі D)*жүмсақ тіндердің үлкен көлемде жаншылумен зақымдануы E)газды гангрена алдын алу 17. Жаңа туған балаларда тілмелік қабынуды емдеуде қолданылмайды A)консервативті ем B)*Вишневский майымен тараулар мен таңулар салу C)УКС D)антибиотиктердің бұлшықетке салу E)аутогемотерапия 18. Жедел гематогенді остеомиелиттің хирургиялық емі - бұл A)остеосинтез B)сүйектік тарту C)ампутация D)барлық аталғандар E)*остеоперфорация 19. Сепсистің асқынуы A)анафилактикалық шок B)*септикалық шок C)септицемия D)септикопиемия E)аталғандардың барлығы 20. Көршиқан - бұл қабыну A)лимфа бездерінің B)бір шаш түбінің C)тер бездерінің D)*бірнеше шаш қабының E)май бездерінің 21. Газды гангрена үшін тән симптом A)*"тығыз таңу" симптомы B)опистонус C)көлденең салалы бұлшықеттердің ұстамалы жиырылуы D)жарада ауырсынудың басылуы E)зақымданған тіндердің жергілікті ісінуі 22. Тризм тән A)фурункулезға B)газды гангренаға C)*сіреспе D)тілмелік қабынуға E)аллергиялық реакцияға 23. Жедел гематогенді остеомиелит - бұл қабыну A)саусақтың B)тізе буынының C)*сүйек миы мен сүйектің D)көктамырдың E)сүйек тінінің 24. Абцесті ашқан соң қандай таңу салынады A)*натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісі B)Вишневский майы C)преднизолон майы D)3% сутегі тотығының ерітіндісі E)антибактериалды майлар 25. Шендеуіш салудың негізгі ережесі A)сынған жерге ғана B)сынған жерден жоғары орналасқан буынмен қосып C)сынған жерден төмен орналасқан буынмен қосып D)*сынған жерден жоғары және төмен орналасқан, кем дегенде екі буынды салу E)кем дегенде үш буынды алу, сынған жерден жоғары екі буынды, төмен бір буынды қоса 26. Соғу кезінде жергілікті мұзды қанша уақытқа салады A)*30 мин. B)6 сағ. C)2 күн D)7 күн E)10 күн 27. Емдеу барысында іріңдеген жара аталады A)барлық аталғандар B)асептикалық C)біріншілік инфицирленген D)*екіншілік инфицирленген E)микробты-залалданған 28. "Көзілдірік симптомы" байқалады A)бас миының шайқалуында B)бас миының соғуында C)*бас сүйегі негізі сынғанда D)бас миы жаншылғанда E)көз маңы клетчаткаға қан құйылғанда 29. Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу дегеніміз A)*салу арқылы жара шеттерін, түбін, жара қабырғаларын сау тінге дейін тігіс салу арқылы кесу B)жараны шаю C)жарадан бөгде заттар мен қан ұйындысын алу D)жараға екіншілік тігіс салу E)бар қалталар мен қуыстарды дренаждау 30. Іріңді жараға дренажды қояды A)эпителизацияны жылдамдату үшін B)қан кетуді тоқтату үшін C)*бөліндінің ағуын қамтамасыз ету D)тампонада жасау E)ісіну мен экссудацияны азайту 31. Бас сүйегінің субдуралды гематомасында істеу керек A)наркотиктер енгізу B)зонд арқылы қоректендіру тағайындау C)қан құю D)*бас сүйегінің трепанациясын жасау E)кортикостероидтармен емдеу 32. Бас сүйегі негізінің сынуы кезінде мұрыннан қан кету кезінде жүргізіледі A)алдыңғы тампонада жүргізу B)артқы тампонада жүргізу C)артқы және алдыңғы тампонада жүргізу D)*мұрын жолдарынан қанды сорып алу E)артқы тампонада жүргізу 33. Сіреспенің алдын алуды жүргізу керек A)иықтың жабық сынығында B)*табанның шабылған жарасында C)білезік буының зақымдалуында D)барлық аталған жағдайларда E)білезіктің жұмсақ тіндерінің соғылуында 34. Ашық пневмоторакс - бұл A)тері асты клетчаткада ауаның жиналуы B)жаралану салдарынан плевра қуысына түскен ауа C)*дем алған кезде жара арқылы ауаның плевра қуысына кіріп қайта шығуы, "жара дем алып тұр" D)плевра қуысында қанның жиналуы E)сыртқы ортамен қатынасуы 35. Үсу дәрежесін анықтауға болады A)жылытқаннан кейін бірден B)екінші күні C)реактив алды кезеңде D)*бірнеше күн өткен соң E)реактив соңы кезеңде 36. Бас миының шайқалуы бас миының соғылуынан ажыратылады A)"ашық аралықтың" болуымен B)*ошақтық симптоматиканың болмауымен C)жоғары АҚҚ болуымен D)ұйқы бұзылысымен E)алынған жарақатны елемейді 37. Балаларда көбінесе қандай сынық анықталады A)қисық B)*"жасыл шыбық" типі бойынша C)компрессиялық D)қуысты E)жылжусыз 38. Жабық шығу кезінде бірінші көмек A)басып тұратын таңғыш салу B)зақымдалған жерге жылы басу C)*транспортты иммобилизация D)асептикалық таңу E)ауырсынуды басу 39. Тістелген жаралар немен қауіпті A)*құтырмамен залалдану B)туберкулезбен залалдану C)үлкен қанкетумен D)сүйек сынуымен E)инфицирленумен 40. Операциядан кейінгі кезеңде пневмонияның алдын алу үшін істеу қажет A)жөтелге қарсы заттар тағайындау B)қатаң төсектік тәртіпті сақтауын қадағалау C)*тыныс алу гимнастикасын жасау, кеуде торына қыша қағазын қою D)шылым шекпеу E)кеуде торына қыша қағазын қою 41. ДДСҰ бойынша созылмалы бронхитта жөтел ұзақтығы қанша A)2 жыл бойы жылына 6 айдан кем емес B)аталған жылда 4 айдан артық емес C)*2 жыл бойы жылына 3 айдан кем емес D)3 жыл бойы жылына 2 айдан кем емес E)3 жыл бойы жылына 1 айдан кем емес 42. БХӨ құралдарына кіреді A)*хирургиялық пинцет B)хирургиялық инелер жиынтығы C)Джиглидің сымдық арасы D)ауыз ажыратқыш E)Реверденнің қалақшасы 43. Астаушалы сүңгіні қолданады A)*кездейсоқ зақымданудан қорғау B)жұмсақ тіндерді кесу C)жұмсақ тіндерді тесу D)таңу материалдарының шеті E)қуықтан тасты жоғалту 44. Тіндерді қосуға арналған құрал A)қайшылар B)*ине ұстағыш C)скальпель D)Люэр қысқыштары E)спираль тәрізді ине 45. Жедел операция жасалатын науқастарда анестезия жасаған кезде пайда болатын проблема A)*толық асқазан B)жедел жүрек жетіспеушілігі C)жедел тыныс жеткіліксіздігі D)айқын интоксикация E)гемостаздың айқын бұзылысы 46. Жоспарлы операция алдында жасалатын санитарлық өңдеу A)теріні сүрту және киімді ауыстыру B)жартылай санитарлық өңдеу C)*толық санитарлық өңдеу D)санитарлық өңдеу жасалмайды E)киімді ауыстыру 47. Крест тәрізді таңуды қолданады A)III саусақ B)мойын C)иық буынына D)тізе буынына E)*білезік буынына 48. Окклюзиялық таңғышты салады A)артериялық қан кетуде B)қабырға сынығында C)клапанды пневмоторакста D)*ашық пневмоторакста E)кеуде торының өтпелі жарасында 49. Төменгі жақ сынғанда салынатын таңу A)қайтымды B)*жалпақ тәрізді C)сегіз тәрізді D)крест тәрізді E)барлық аталғандар 50. Гемостатикалық қасиетке ие қан компонеті A)лейкоцитарлы масса B)*плазма C)эритроцитарлы масса D)эритроцитарлы тұнба E)фибриноген 51. Қан құюдан кейін флаконда қалған қанды сақтау уақыты A)*6 сағат B)12 сағат C)24 сағат D)48 сағат E)48 сағаттан артық 52. Флакондағы қанның инфицирлену белгісі A)*плазма лайлы, үлпектермен B)плазма ашық қызыл түске боялған C)плазма түссіз D)қан үш қабатты, плазма түссіз E)плазма үстінде қабықтың болуы 53.Донор мен реципиент қанын топтық сәйкестікке тексергенде агглютинация болмады. Бұл дегеніміз - A)резус-фактор бойынша сәйкес B)*топтық белгісі бойынша сәйкес C)резус-фактор бойынша сәйкес емес D)топтық белгісі бойынша сәйкес емес E)резус-фактор бойынша және топтық белгісі бойынша сәйкес 54. Ұйқы артериясынан қан кеткенде ол басылады A)самай сүйегіне B)төменгі жақ бұрышына C)*VI мойын омыртқасының көлденең өсіндісіне D)төбе сүйегіне E)жарадан төмен сүйектерге 55. Химиялық әдіспен соңғы қан тоқтатуды алу үшін кальций хлордың қанша мөлшері қолданылады A)1%-30,0 B)2%-20,0 C)5%-15,0 D)*10%-10,0 E)20% - 5,0 56. Өкпелік қан кеткенде бөлінетін қан A)*кызыл және көпіршікті B)кофе қортпағы тәрізді C)қою қошқыл, ұйындымен D)қоңыр-қошқыл түсті E)ұйындымен 57. Қан кетуді тоқтату үшін қолданылатын жалпы әсері бар биологиялық препарат A)*нативті плазма B)дицинон C)гемостатикалық губка D)тромбин E)фибриноген 58. Асқазаннан қан кеткенде зерттеу керек A)*шұғыл ФГДС B)асқазанды зондтау C)бариймен асқазан рентгенографиясы D)нәжісті жасырын қанға тексеру E)тік ішекті саусақтық тексеру 59. Корнцангты қолданады A)тігіс салу үшін B)қан кетуді тоқтату үшін C)*таңу материалдарын әперу үшін D)операциялық шүберекті фиксация E)жараны қосу 60. Механикалық қан тоқтату тәсілі A)*тамырды легирлеу B)жара тампонадасы C)бұрама салу D)мұз басу E)тамырды қысу 61.Ауалық эмболия даму қаупі бар қан кету түрі A)өңештен B)тізе көктамырынан C)*мойынның ірі тамырларынан D)иық артериясынан E)ми тамырларынан 62. Ингаляциялық наркозға қолданады A)натрий оксибутираты B)*азот тотығы C)совкаин D)калипсол E)эфир 63.Паранефралды блокада үшін новокаин концентрациясы A)5% B)*0,25% C)1% D)10% E)2% 64.Құрғақ күйдіру шкафында зарарсыздандырады A)резина B)текстиль C)полимер D)*металл E)шыны 65.Зарарсыздандыру алдында құралдарды жуғыш ертінідіге қанша минут салады A)45 мин. B)60 мин. C)60 мин артық D)5 мин. E)*15 мин. 66.Биологиялық антисептика қолданылады A)*гипериммунды плазма B)жараны біріншілік хирургиялық өңдеу C)жараны дренаждау D)сутегі тотығының ерітіндісі E)йод ерітіндісі 67.Зарарсыздандыру - бұл A)жараға микробтардың түсуінің алдын алатын шаралар жиынтығы B)*барлық микроорганизмдерді жою C)патогенді микробтарды жою D)медициналық қолданыстағы заттардың үстінен микробтарды жою E)спора түзетіндерді жою 68.Жарақаттық остеомиелит көбінесе дамиды A)жабық сынықтан кейін B)ашық сынықтан кейін C)сүйектің оқтан жаралануынан кейін D)жұмсақ тіндердің соғылуынан кейін E)*B) және D) тармақтарында аталған емдер 69. 62 жасар науқаста сүт безі инфильтрацияланған, ісінген, көлемі ұлғайған және тығыздалған, етрісі қызарған, шеті тегіс емес, тіл тәрізді, емшек ұшы тартылған және деформацияланған, қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған. Науқаста болуы мүмін ауру A)*тілме тәрізді обыр B)жедел мастит C)тілмелік қабыну D)Педжет обыры E)дисгормоналды мастопатия 70.28 жасар науқас, ұзақ уақыт бойы іш қатудан зардап шегеді, соңғы айларда дефекацияда қатты ауырсыну пайда болған, арасында нәжісте ашық қан болған. Анусты қарағанда патология жоқ. Ректоскопияны тек новокаинмен жасады, ол кезде жара алаңы 1.0х0.4х0.2 см, фибринді жабынмен жабылған ошақ табылды. Науқаста болуы мүмкін A)жедел геморрой B)тік ішек обыры C)тік ішектің түсіп кетуі D)*жедел аналды сызат E)тоқ ішек полипозы 71.52 жасар науқас тік ішектен аққан ақшыл түсті қанды бөлініске шағымданып келді. Сіздің жүргізу тактикаңыз A)жоспарлы түрде хирургия бөліміне госпитализация B)хирургиялық стационарға сантранспортпен жатқызып жедел жолдау C)ректалды балауыздарды новокаинмен амбулаторлы қабылдау, отыратын жылы ванналар КМn04-мен D)отыратын жылы ванналар КМn04-мен E)*медикаментозды ем 72.Перитонзиллярлы абсцесс симптомдарына жатады A)дене температурасының 38-40°С дейін көтерілуі B)ауызды әрез ашу және зақымданған жақта тамақ ауырсыну C)жақ асты лимфа түйіндерінің зақымданған жақта ұлғаюы D)перитонзиллярлы шелмайдың айқын инфильтрациясы және зақымданған аймақта шырышты қабаттың қызаруы E)*барлық аталғандар 73.Вишневский бойынша инфильтрациялық анестезия үшін қолданады A)1% лидокаин ертіндісі B)1% новокаин ертіндісі C)*0,25% новокаин ертіндісі D)1% тримекаин ертіндісі E)0,5% новокаин ертіндісі 74.Жоспарлы операцияларда премедикация жүргізіледі A)операцияға 2 сағат қалғанда B)тікелей операция алдында C)операцияға бір күн қалғанда D)*операцияға 30 мин. қалғанда E)жүргізілмейді 75.Егер қан тоқтаусыз ағымда, қара-қою қызыл түсті ақса, бұл - A)капиллярлы B)аралас C)*көктамырлы D)артериялық E)барлық аталғандар 76.Қан құю техникасын сақтамаған жағдайда дамуы мүмкін A)цитратты шок B)анафилаксиялық шок C)гемотрансфузиялық шок D)*ауалы эмболия E)тамырдың бітелуі 77.Қол басы саусақтары сынғанда таңу A)крест тәрізді B)*"қолғап" C)тас бақа D)жылан тәрізді E)қайтымды 78.Мойынның артқы бөлігінде көршиқанды жарған кезде салынатын таңу түрі A)"тақия" B)*крест тәрізді C)"үзеңгі" D)қайтымды E)барлық аталғандар 79.Жоспарлы операция алдында науқасты қыру уақыты A)операцияға дейін 1 күн бұрын B)кешке C)*операция күні таңертең D)операция үстелінде E)бәрі бір 80.Жалпы жансыздандырудан кейін науқастың төсектегі қалпы A)басы төмен түсіріп жату B)жартылай отыру C)бүйірімен жату D)*жастықтсыз арқасында жату, басы бүйіріне бұрылған E)басы жоғары көтеріліп жату 81.Тіндерді бөлетін инструмент A)шүберекті қысқыштар B)корнцанг C)Кохер қысқышы D)*скальпель E)өткір соңды қайшылар 82.Тіндерді кездейсоқ кесіп алудан қорғайтын инструмент A)өткір соңды қайшылар B)*Кохер зонды C)домалақ инелер D)хирургиялық пинцет E)милы шпатель 83.Сынуға ғана тән белгі A)қан сіңу B)ісіну C)*крепитация D)қызметінің бұзылысы E)ауырсыну 84.Тоқпан жілік сынғанда шендеуіш салынады A)білезік буынынан иық сүйегінің үштен біріне дейін B)білезік буынынан шынтақ буынына дейін C)сынған жерде D)*саусақтардан иықтың жоғарғы үштен біріне дейін E)білезіктің артына 85.Арқасымен тақтайға жатқызу кейпінде науқастарды тасымалдайды A)қабырғасы сынса B)кеуде торы соғылса C)ішкі ағзалардың жарақаты D)*омырқа бағанының кеуде бөлімінің жарақаты E)жамбас-сан сүйектерінің сынуы 86.Күйіктік шоктың себебі A)тері тамырларының спазмы B)психикалық жарақат C)*аурсыну және плазма жоғалту D)қан кету E)плазма жоғалту 87.Омыртқа жарақаты кезінде жұлын зақымдану белгілері A)омыртқа маңында деформация B)омыртқа өсіндісінің шығып кетуі C)*салдану D)"бозже симптомы" E)омыртқа денесінің сынығы 88.Тесік жара деп аталады A)астауша тәрізді жұмсақ тіндердің беткей зақымдалуы B)тек кіру тесігі болады C)*кіру және шыгу тесіктері болады D)терінің зақымдалуы E)шығу тесіктері болады 89.Жараның іріңдеуінің жергілікті белгісі A)*температураның жергілікті жоғарылауы B)терінің бозаруы C)тері асты эмфиземасы D)ауырсынудың басылуы E)инфильтраттың пайда болуы 90.50 жасар науқаста арқасымен жатқан қалыпта тізе буынында жазылып жатыр, осы кезде науқаста арқасында ауырсыну пайда болады және ауырсыну жоғары көтерілген аяққа беріледі. Науқаста болуы мүмкін A)санның төртбасты бұлшықетінің алынып қалуы B)сан сүйегі басының асептикалық некрозы C)*бел дискісінің жарығы D)кіші жамбаста қабыну E)омыртқаның псориздық артрит (спондилоартрит) 91.Шендеуіш салудың негізгі ережесі A)сынған жерде ғана B)сынған жерден жоғары орналасқан буынды алып C)сынған жерден төмен орналасқан буынды алып D)*кем дегенде екі буынды алып E)кем дегенде 3 буынды алып 92.Жедел іріңді хирургиялық инфекцияны көбінесе шақырады A)сіреспе таяқшасы B)*стафилококк C)стрептококк D)ішек таяқшасы E)көкіріңді таяқша 93.Тік ішектен қанды бөлінділер бөлінуі қандай жіті ішек өтізбеушілгіне тән : A) паралитикалық B) спастикалық C) ішек инфарктына D) ащы ішек E) инвагинацияға 94.Жергілікті анестезияның артықшылығын анықтаңыз: A)*орындалуының салыстырмалы қауіпсіздігі және қарапайымдылығы B)науқаспен сөйлесу мүмкіншілігі C)науқас ұйықтап қалу және өліп кетуден қорықпайды D)науқас ауырсынуды сезбейді, өйткені ота кезінде ұйықтайды E)ми қыртысы деңгейінде ауырсыну сезімталдығының болмауы 95.Жалпы жансыздандырудың асқынуы салдарынан циркуляторлы гипоксия дамиды: A)гемолиздің B)гемоглобин блокадасының C)артериялық гипертензияның D)трахеяда интубациялвқ түтікшенің болуының E)қышқыл-сілтілі жағдайдың бұзылысының 96.Сіз жол апаты болған жерге келдіңіз. 40 жасар әйел іш аймағымен қатты соғылған. Жағдайы нашар, қан қысымы 80/20 мм с. б., тамыр соғысы минутына 110 рет. Терісі бозарған. Пальпациялағанда іші күрт ауырсынады, құрсақ қабырғасының бұлшық еттері қатайған. Зәрдің түсі қалыпты. Болжамалы диагнозыңыз: A)Іштің тұйық жарақаты. Іштен қан кету, 1 дәрежелі геморрагиялық шок B) *Іштің тұйық жарақаты. Іштен қан кету, 2 дәрежелі геморрагиялық шок C)Іштің тұйық жарақаты. Іштен қан кету, 3 дәрежелі геморрагиялық шок D) Сол жақ бүйректің жарылуы. Іштен қан кету, 4 дәрежелі геморрагиялық шок E)Омыртқа жотасының жарақаты, 2 дәрежелі травматикалық шок 97.18 жастағы жасөспірім амоксицилин ерітіндісін бұлшық етке еккеннен кейін мазасыздық, тұншығу және бірнеше секундта есінен танды. Объективті: тері жамылғысы боз, көз қарашығы ұлғайған. Ұйқы артериясында пульс және АҚ анықталмайды. Демі жоқ. Науқастың жағдайын бақылау кезінде сіздиагностикалайсыз: A)*Клиникалық өлім B)Биологиялық өлім C)Кома D)Агония E)Терминалды пауза 98.Гемотрансфузияны қайталау кезінде, жеке сәйкестілігіне сынаманы қанша рет жүргізеді : A) тек қана бірінші трансфузия алдында B)әр бір трансфузиядан алдын C) науқастың медициналық картасынан алады D) науқастың ауру тарихынан алады E) трансфузия алдында науқастан анықтайды 99.Жарақаттары бар науқастардың шокқа қарсы негізгі профилактикалық іс-шаралар: A)тамыр тарылтатн препараттар енгізу B)оттегі ингаляциясы C)*жансыздандыру, сыртқы қан кетуді тоқтату, сынықтарды иммобилизациялау D)сынықтарды иммобилизациялау, оттегі ингаляциясы E) сынуларды иммобилизациялау, оттегімен ингаляция 100.Құрсақ қуысындағы мүшелерінің (өт қапшығы, ішек және т.б.) гангренасы бар науқасқа бірінші кезекте көрсетіледі: A)көп мөлшерде антибиотиктарды енгізу B)спазмолитиктерді енгізу C)жансыздандыратындарды енгізу D)антикоагулянттарды енгізу E)*зақымдалған мүшені жоюмен бірге шұғыл лапоратомия 101.Жедел аппендицитке тән белгілерді анықтаңыз : A)Сол жақ қабырға – омыртқа үштігіндегі ауырсыну, Образцов симптомы B)Мондор симптомы , қатты ауырсынулар C)Ортнер симптомы, дене қызуының 39° С көтерілуі D)*Кохер симптом , Ситковский симптомы , Ровзинг симптомы E)Мерфи симптом , басылмайтын құсу 102.Систолалық артериялық қысым 80 мм с. б. болғанда, науқаста шоктың қандай деңгейі болады: A)*Средняя B)Легкая C)Тяжелая D)Эректильная E)Крайне тяжелая 103.Ішектің бір бөлігін басқа ішекке ену жолындағы кедергі түрін анықтаңыз: A)*Ішек инвагинациясы B)Грыжаның қысылуы C)Іш қуысының жабысуы D)Аскаридтердің шабуылы E)Ішек эвентрациясы 104.Құрсақ ішіндегі қуықтың жарылуы салдарынын туындайтын асқынулар: A)Іш қабырғасының флегмонасы B)Абсцесс C)*Перитонит D)Пиурия E)Анурия 105.Сүйек сынуының абсолютті белгісі болып табылады: A)Аяқ – қол функциясының бұзылысы B)Аяқ – қолдардың ұзаруы C)*Патологиялық қозғалу D)Жарақат орнындағы қатты ауырсыну E)Жұмсақ тіндердің ісінуі 106.Оқыс оқиға болған жерде сынықпен зардап шегушіге қандай алғашқы көмек көрсету керек: A)Аяқты иммобилизациялау B)*сынық орнын жансыздандыру C)Үзінділерді қайта орналастыру D)Транспорттық жақтау E)Скелетті тартуды орындау 107.Пневматоракспен ауыратын науқасқа, ең алдымен сіз қандай процедураны жасайсыз: A)Плевральды қуысты дренаждау B)*Окклюзионды байламды салу C)Новокаинді блокаданы D)Спазмолитиктерді енгізу E)Крамер жақтауын салу 108.25 жастағы ер адам электро жарақат алды. Қарау кезінде: зардап шегуші ессіз, АҚ 65/30 мм с. б., аритмия, пострадавший без сознания,АД-65/30 мм.рт.ст., аритмия,тыныс жетіспеушілігі. Сіздің алғашқы іс әрекетіңіз: A)Жарақат орнына залалсыздандырылған байлам салу B)Медициналық мекемегі жеткізу C)Жасанды дем беру D)Жүрек - өкпе реанимациясын жүргізу E)Кеуде торына компрессия жасау 109.Науқас 37 жастағы ер адамда, күйік беті қара – қоңыр түсті құрғақ струпты түрі бар. Күйіктің қай дәрежесі болуы мүмкін? A)I B)II C)*III b D)I – II E)0 110.Артқы өтістен қанды бөліністер жедел ішек өтімсіздігінің қай түріне тән? A)паралитикалық B)спастикалық C)ішек инфаркты D)аш ішек бұралуы E)*инвагинация 111.Жіті парапроктит туындауына бейім себептер ішінде бірінші орында тұр: A) тік ішек кілегейінің микрожарақаттары B) геморрой C) медициналық манипуляция кезінде тік ішек кілегейінің зақымдануы D) тік ішектің оқтан болған жарақаттары E)тік ішекпен көршілес орналасқан мүшелердің қабынулы жарақаттары 112.Жіті панкреатитке тән ауырсынулар болып табылады: A) Солқылдайтын B) бел тұсындағы C) толғақ тәрізді D)* қанжар сұққандай E) тұйық 113.Қан кету кезіндегі мұрын қуысының алдыңғы тампонадасы жүргізіледі: A)*поролонмен B)мақтамен C)дәкелі салфеткамен D)пневматикалық тампонмен E)матамен 114.Қан кетудің қандай сипаты сыртқы артериальды қан кетудің белгісі A) Қан кету баяу B) Қан тамшылап ағады C) Баяу және созылмалы қан ағу D) Қан қоңыр-қызыл түсті E)* Жылдам және атқылаған қан ағу 115.Клиникалық өлімнің нақты белгісі болып саналады A)* Ұйқы артериясында пульстің болмауы B) Көз қарашығының тарылуы C) Тері қабатының бозаруы D) Өлілік тағбалардың пайда болуы E) Қан қысымының төмендеуі 116.Өкпе ісіну кезіндегі эффективті көмек көрсету A)науқасты фаулер позициясына отырғызу, санына қысқыш тар қойып, пульстің жоғалуын күтеміз B)науқастың аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу C)небулайзер арқылы тыныстық аналептиктерді беру D)наркотикалық анальгетиктерді қолдану E)науқасты ортопноэ позициясына келтіру, санға және 1 қолдыға қысқыштарды пульстің жоғалуына дейін қою 117.Ересектің эффективті компрессиясын жасау үшін, минутына жиілігі A)60-80 мин B)* 100-120 мин C)120 мин көп D)80-120 миУ E)70-80 мин 118.Ер адам жамбасынан жарақат алған, жүргенінде ауыру күшейе түсетініне шағымданады. Қарап көргенде саны қисайған, жүруге талпынғанда санының ортаңғы бөлігінің қимылдауы байқалады. Қандай жарақат туралы ойлауға болады A)жамбас сүйектерінің сынуы B)сан бұлшық еттерінің жыртылуы C)*сан сүйегінің сынуы D)жамбас-сан буынының шығып кетуі E)санның ортаңғы бөлігінің қанды ісігі 119.Ашық пневмоторакста зардап шеккенге көмек көрсету үшін не қажет A)асептикалық таңғыш салу B)көліктік шендеуіш салу C)*окклюзиялық (п - тәрізді ) таңғыш салу D)кеуде клеткасын қысып бинтпен таңып тастау E)дөңгелек қоршау таңғыш салу 120.4 сағат бұрын жас әйелдің ішінің төменгі жағы аяқ астынан қатты ауыра бастады. Содан кейін басы айналу "көз алдында тор" пайда болды, ауа жетіспей жатқанын айтады. Науқастың етеккірі 2-3 аптадай кідіріп қалғаны белгілі болды. Тексергенде науқас боз, пульс 110 соқ мин..Іші қатайған, ішінің төменгі жағы пальпация жасағанда ауырады. Осы ауру әйелде қандай патологиялық жағдайдан күдіктенуге болады 1) жедел аппендицит 2) қаназдық 3) жатырдан тыс жүктілік 4) бүйрек тас ауруы 5) ішеутің түйіліп қалуы (инвагинация) Алғашқы дәрігерге дейінгі көмектің шаралары А) тыныштандырып ішіне суық басу Б) тазалау клизмасын, спазмолитиктер беру В) жылы ванна, ішіне жылу басу Г) ішіне суық басу, спазмолитиктер беру Д) ішіне суық басу, анальгитиктер беру A)1 - А B)2 - Б C)*3 - А D)4 - Г E)5 - Д 121.Қан тобын анықтаған кезде АВ (IV) топтың сарысуын қандай жағдайда қолданады A)*егер барлық пробиркаларда агглютинация жоқ болса B)егер агглютинация қанның 0(І), А(ІІ), В (ІІІ) топтарының сарысуымен байқалса C)аталған қан тобының сарысуымен агглютинация 10 мин. өткенде байқалса D)барлық жағдайда пайдаланылады E)қанның 0 (І) тобы сарысуымен агглютинация болса 122.Донор мен реципиенттің жеке үйлестілігін байқау заттары A)донор плазмасы және реципиент сывороткасы B)реципиент плазмасы және донор сывороткасы C)донор плазмасы және реципиент қаны D)*реципиент сывороткасы және донор қаны E)донордың және реципиенттің сывороткасы 123.Омыртқа сынығының қайсысы асқынған болып есептеледі A)омыртқа денесі B)тік және көлденең өсінділері C)жамбастың зақымдануы мен сынуы D)*жұлынның зақымдануы мен сынуы E)омыртқаның аралық дискісінің зақымдануымен қосыла сынуы 124. Жұлын зақымдануының тұрақты белгісі A)буындардың бұзылып қатаюы B)*жамбас мүшелерінің қызметінің бұзылуы C)жүрек-қан тамыр жүйесі қызметінің бұзылуы D)тыныс алудың бұзылуы E)бет жүйкесінің кесілуі 125.Асқазан жарасының тесілуіндегі ауырудың орны мен сипаты A)оң жақтағы мықын қатты, үнемі ауыруы B)оң жақ қабырға асты қатты, үнемі ауырады C)іштің айнала сырқырап ауыруы D)*эпигастрий аймағының пышақ сұққандай ауыруы E)сол жақ қабырға астының ауыруы 126.Жедел холециститтегі ауырудың сипаты мен орны A)іштің оң жағының қатты, үнемі ауыруы B)оң жақ қабырға астының қатты, үнемі ауыруы C)белінің айнала сырқырап ауыруы D)эпигастрий аймағының пышақ сұққандай ауыруы E)сол жақ қабырға астының ауыруы 127.Жедел аппендицитте ауырудың сипаты мен орны A)*іштің оң жағының қатты, үнемі ауыруы B)оң жақ қабырға астының қатты, үнемі ауыруы C)белінің айналып сырқырап ауыруы D)эпигастрий аймағының пышақ сұққандай ауыруы E)сол жақ қабырға астының ауыруы 128.Қатерсіз ісіктің белгісі A)*іріңнің пайда болуы B)баяу өсуі C)тез өсуі D)қан қысымының төмендеуі E)метастаздың болуы 129.Қатерлі ісіктің белгісі A)*тез өседі B)метастаз жоқ C)баяу өседі D)нақты шекарасы E)қапшығы бар 130.Қуық түбі безі аденомасымен ауыратын науқастың зәрі жүрмей қалғанда жүргізілетін емдік шаралар A)іштің төменгі бөлігіне жылу қою B)мұзды мұйық қою C)зәрдің рефлекстік жүргізу D)*зәр қуығын катетерлеу E)лазикс тағайындау 131.Өт тас ауруына тән A)*оң жақ қабырға астының иыққа берілуімен ауыруы B)дизуриялық бұзылыстар C)белбеу тәрізді ауыруы D)түнгі, ашқарын ауыруы E)бел тұсының ауыруы, шат аралығына берілуі 132.Күйіктік шокқа тән негізгі белгі A)қан қысымының төмендеуі B)эриктельді кезеңнің ұзақтығы C)қансырау D)есінен тану E)*бүйрек қызметінің жетіспеушілігі 133.Қабынудың инфильтрация кезеңінде бактерияларға қарсы терапия көрсетіледі және A)натрий хлорид ерітіндісімен таңғыш салынады B)*физио-ем мен спирт араластырып компресс істеледі C)майлы компресс жасалады D)инфильтратты кеседі E)инфильтратты теседі 134.Егер жарада ірің көп болса, тазалағаннан кейін таңғыш салады A)антибиотикпен B)гипертониялық ерітіндімен C)фурациллин ерітіндісімен D)асептикалық құрғақ E)*"Левомеколь" жақпа майымен 135.Шоктың эриктилді кезеңінің белгісі A)*қан қысымының жоғарылауы B)тежелушілік C)есінен тану D)қан қысымының төмендеуі E)ес-түссіз күйтоздық жағдай 135.Шоктағы сезімсіз кезеңінің белгісі A)өте көп сөйлейді B)*қан қысымының төмендеуі C)қан қысымының жоғарылауы D)тынышсыздану қимылдары E)ес-түссіз күйтоздық жағдай 136.Қан бойынша топқа жатуын анықтау белгісі A)резус-фактор B)сыйысушылық байқауы C)*агглютиногендердің және агглютининдердің болуы D)эритроциттердің днңгейі E)гемоглобиннің жалпы деңгейі 137.Қан кұйғанда биологиялық байқау жүргізу үшін не істеу керек A)бір рет үзбей 25 мл қанды сорғалатып енгізіп, науқастың жағдайын 5 мин бақылау B)*20 мл -ден қатарынан үш рет әрбір 5 мин сайын қанды сорғалатып құйып, науқастың жағдайын бақылайды C)тамшылайтып 25 мл-ден үш рет қан құйып, науқастың жағдайын бақылайды D)қатарынан үш рет әрбір 10 мин сайын 15 мл қанды сорғалатып құю 138.Жараны алғашқы хирургиялық тазалау- бұл A)*жараның шеттерін, түбін және қабырғаларын қиып, содан кейін тігу B)жараны жуу C)жарадан бөгде заттарды, ұйып қалған қанды алып тастау D)жараның шеттерін қиып, гиперпониялық ерітіндімен таңғыш салу E)жараның шеттерін қиып тастап, оған білте түтік салу 139.Кеуде клеткасы қысылып қалғанда зардап шеккен адамға ауру сезімін басатын дәрі енгізеді және A)етбетінен жатқызу керек B)арқасына жатқызу керек C)бір қырына жатқызу керек D)*жартылай отырғызу керек E)бір қырына жатқызу керек 140.Жараның алғашқы жазылумен бітуі үшін керек жағдай A)*шеттері тегіс, бір-біріне жақсы жетіп тұруы B)шеттері тегіс емес, олардың арасында қуыс бар C)жараның іріңдеуі D)жараға білте қою E)жақпамайлы таңғыштың болуы 150.Жарақаттанудың ең қауіпті симптомы A)*қан ағу B)іріңдеуі C)терінің ақауы D)дененің жарақат алған бөлігі қызметінің бұзылуы E)жүрек қан-тамыр жүйесі қызметінің бұзылуы 151.Ұзақ уақыт қысылып қалу синдромының алғашқы көмегіне кіреді A)*промедол енгізу, оттегін беру, аяқ- қолға тығыз таңғыш салу, аяқ қолды салқындату, тасымалдау үшін таңу B)атропин енгізу, сілтілі су ішкізу, аяқ-қолын таңу, тез арада тасымалдау C)новокоинмен блокада жасау, аяқ- қолын таңу, ауыру сезімін басатын дәрі-дәрмек енгізу, оттегін беру D)оттегін беріп, тез арада тасымалдау E)ауыруды басатын дәрі-дәрмек енгізу, аяқ-қолға тығыз таңғыш салу, 152.Жараны тазалауды тездету үшін қолдану керек A)антибиотиктерді B)фурациллинді C)гибитанды D)*протеолитикалық ферменттерді E)повидан-иодты 153.Жамбас сүйектері сынғанда зардап шеккенді қалай жатқызу керек A)*"бақа" сияқты қалыпта B)жартылай отырғызып C)етпетінен D)жамбасын жоғарылау E)бір қырына 154.Қандай жағдайда сіреспенің алдын алу керек A)қолдың жұмсақ ұлпаларының жарақатында B)иықтың жабық сынығында C)*табанның тесілген жарақатында D)шынтақ буынының созылып кетуінде E)тері астында қан ұйып қалғанда 155.Сіреспе анатоксині не үшін енгізіледі A)қабыну симптомын басу үшін B)сепсистің алдын алу үшін C)*белсенді төтемелілік қалыптастыру үшін D)енжар төтемелілік қалыптастыру үшін E)ауыру синдромын азайту үшін 156.Жұлынның зақымдану белгілері A)*салдану B)омыртқаның қырлы сүйектерінің крепитациясы C)омыртқа аумағының майысып, ісініп тұруы D)бастың ауыруы E)жарақат аумағында қанды ісіктің болуы 157.Жеңіл дәрежедегі ми шайқалуының негізгі белгілері A)бастың ауыруы және АҚ көтерілуі B)құсу, бірнеше сағат бойы ес - түсін жоғалту C)бастың ауыруы, жүрек айну, әлсіздік D)құсу және АҚ -ның төмендеуі, ретрогратты амнезия E)құсу және ес - түсінен айрылу 158.Ми шайқалуының мидың соғылуынан айырмашылығы A)құсу болмайды B)АҚ - жоғарғы болуы C)*симптоматика ошағының болмауы D)"жарық аралықтың" болуы E)АҚ төмен болуы 159.Мидың қысылып қалуына тән белгілер A)*жарық аралықтың" болуы B)симптоматика ошағының болмауы C)мұрыннан және құлақтан қан кетуі D)көзілдірік симптомы E)ес - түсін жоғалту 160.Бас сүйек-ми жарақатында қандай препараттарды қолдануға тыйым салынған A)*гемостатикалық заттарды B)зәр айдайтын C)есірткілік емес анальгетиктерді D)есірткілік анальгетитерді E) ұйықтататын (седативті) дәрілерді |