Главная страница
Навигация по странице:

  • Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Тақырыбы: Көктем сәні

  • Мектебі: №71 мектеп-лицейі Мұғалім: Токтарова Р.С.

  • Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

  • Сабақ мақсаты Барлық оқушылар: Ертегі кейіпкерлерін атай алады, ертегі мазмұны бойынша кейіпкерледің рөлін ойнай алады, Ұұ

  • Кейбір оқушылар: Ертегі мазмұнын өз сөздерімен айта алады, ұ

  • Сабақтың барысы Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс

  • Сабақтың ортасы (6-35 минут)

  • Сабақтың соңы (36-40мин)

  • Қосымша ақпарат Қорытындылау

  • ҚМЖ. 1-сынып 14.03 Көктем сәні. Пн аза тілі


    Скачать 19.18 Kb.
    НазваниеПн аза тілі
    Дата18.04.2023
    Размер19.18 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1-сынып 14.03 Көктем сәні.docx
    ТипДокументы
    #1071723

    Пән:

    Қазақ тілі

    6-Бөлім:

    Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

    Тақырыбы:

    Көктем сәні

    Мектебі: №71 мектеп-лицейі

    Мұғалім: Токтарова Р.С.


    Күні,айы:

    14.03

    1-сынып

    Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

    Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

    1.1.5.1 мәтіннің тақырыбын иллюстрациясы арқылы болжау

    1.2.5.1 оқыған/тыңдаған материал туралы «дұрыс/дұрыс емес», «ұнайды/ұнамайды» үлгісінде қарапайым пікірін білдіру

    Сабақ мақсаты

    Барлық оқушылар:

    Ертегі кейіпкерлерін атай алады, ертегі мазмұны бойынша кейіпкерледің рөлін ойнай алады, Ұұ дыбысын таниды, дұрыс дыбыстай алады, жаза алады, ұ дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.

    Оқушылардың басым бөлігі:

    Осыған дейін үйренген ертегілерді атай алады. Тірек сөздер бойынша ертегі мазмұнын айта алады.

    Кейбір оқушылар:

    Ертегі мазмұнын өз сөздерімен айта алады, ұ дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.

    Сабақтың барысы

    Сабақтың кезеңдері

    Жоспарланған жұмыс

    Ресурстар

    Сабақтың басы(2-5 минут)

    (МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.

    Оқулық. Аудиодиск: 6.7.1.; 6.7.4.

    Сабақтың ортасы (6-35 минут)

    (МК,Ұ) 1-тапсырма бойынша мұғалім оқушыларды «Көктем сәні» деген ертегімен таныстырады. Мұғалім көктем сөзін түсіндіру кезінде жыл мезгілдері туралы ақпарат береді. Оқушылар ертегі кейіпкерлерін атайды. Содан кейін басты кейіпкердің (арыстан) сұрағына басқа аңдар қалай жауап бергенімен танысады.

    (МК,Ұ) 2-тапсырмада оқушылар тірек сөздер арқылы (таза, әдемі, жылы) ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар: Су қандай? (Таза) Жаңбыр қандай? (Жылы) Гүлдер қандай? (Әдемі) Ағаштар қандай? (Әдемі) Күн қандай? (Жылы)

    (МК,Ұ) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушылардың назарын гүл, ағаш сөздерінің көпше түріне аударады. Сурет бойынша аталған сөздердің жекеше, көпше түрін қайталайды.

    (ОТ) 4-тапсырмада оқушылар ертегінің басты кейіпкерінің сұрағына (Көктем сәні не?) өз қалаулары бойынша жауап береді. Өз жауаптарын сурет түрінде көрсете алады.

    Сыныпта «Көктем сәні» тақырыбында суреттер көрмесін ұйымдастыруға болады. Сондай-ақ оқушылар ертегіні рөлге бөліп ойнайды.

    (МК,Ұ) Мұғалім ұ дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Алмабектің ұ дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды ұ дыбысымен және оның әрпімен таныстырады. Аудиодискіден ұ дыбысының айтылуын және ұ дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға ұ дыбысын айтқан кезде тілдің, жақтың, еріннің қатысы болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады. Мәселен тілдің алға-артқа жылжуынан дауыстылар жуан, жіңішке болып түрленетіні белгілі. Мұғалім оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді. Оқушылар ұ дыбысының дауысты дыбыс екенімен танысады. Мұғалім ұ дыбысы – дауысты дыбыс болғандықтан, оқулықта қызыл түспен берілгенін түсіндіреді.

    Ұ дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді. Олар: құс, ұшақ, жұлдыз. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға ұ дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді (Ұлан т.б.). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше? қандай?), мұғалім ұ дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: ұшақ (не?), құс (не?), жұлдыз (не?), Ұлан (кім?).

    (МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

    (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ны қолдана білу дағдыларын қалыптастырады


    №2 жұмыс дәптері


    Слайд


    Қосымша тапсырма: 6.7.

    Сабақтың соңы (36-40мин)

    (Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.







    Қосымша ақпарат




    Қорытындылау

    Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабығыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

    1.Сабақ барысына өзгертулер еңгіздіңіз бе? Неге?

    2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?




    Қорытынды бағалау

    Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

    1:

    2:

    Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

    1:

    2:


    написать администратору сайта