гедезиялық өлшеулер. геодезия. 1. Геодезиялы лшеу дегеніміз жне трлері
Скачать 17.6 Kb.
|
1.Геодезиялық өлшеу дегеніміз және түрлері. Геодезиялық өлшеу деп өлшенетін шаманы бастапқы бірлік ретінде қабылданатын басқа бір шамамен салыстыру процесін айтады. Геодезиялық өлшеулерді негізінен үш түрге бөлуге болады: Сызықтық – жер бетіндегі нүктелердің арақашықтықтарын анықтау. Бұрыштық – горизонталь және вертикаль бұрыштардың мәндерін анықтау. Биіктік (нивелирлеу) – жекелеген нүктелер арасындағы биіктік айырымдарын анықтау. Геодезиялық өлшеулер тура және жанама болып келеді. Егер шама аспаптың көмегімен тікелей анықталса оны тура өлшеу деп атайды. Егер шама есептеулер арқылы анықталса онда ол өлшемдердің шама тәсілі болып есептеледі. 2.Өлшеулер кезінде қолданылатын аспаптар Өлшеулер кезінде қолданылатын аспаптарға: арақашықтықты өлшеуге арналған өлшеу ленталары, сымдар, рулеткалар, оптикалық қашықтық өлшеуіштер, жарық сәулелі қашықтық өлшеуіштер, т.б; бұрыштарды өлшеуге арналған теодолиттер, буссольдар, гониометрлер және т.б. жатады вертикаль биіктіктерді өлшеуге арналған нивелирлер, рейкалар, барометр-анероид, т.б. жатады 3. Сызықтық және биіктік өлшеулерде ұзындық өлшеу бірлігі Метр 4. Геодезиялык жұмыстар түрлері Геодезиялык жұмыстар далалық және өңдеу жұмыстары болып бөлінеді. Далалық жұмыстарда әр түрлі өлшеулер жүргізіледі, ал өндеу жұмыстары: есептеу мен графикалық процестерден тұрады. 5. Горизонталь бұрыштарды өлшеу дегеніміз АОВ горизонталь бұрышты өлшеу дегеніміз сол бұрыш қабыргалары OA және ОВ проекцияларының (оа және оb) арасындағы β бұрышын өлшеу болып табылады. Демек, aob бұрышы АОВ бұрышының жазық проекциясы. бұрыштарды өлшеудің жеке бұрыш, айналма, қайталаулар әдістері бар. 6. Теодолит аспабына анықтама Теодолит — жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда көп пайдаланылатын бұрыш елшейтін геодезиялық аспап. 7.Теодолит түрлері Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне қарай теодолиттер 3 топқа бөлінеді: Техникалық Т15К, 2Т30, 2Т30М Дәл теодолиттер 2Т2-3 Жоғарғы дәлдікті электронды теодолиттер және тахеометрлер Та2М 8. Электронды теодолиттер Қазіргі электронды теодолит – бұл оптикалық-электронды аспап, оның құрамы теодолитпен, микропроцессорлы қашықтық өлшегіш пен өлшеу нәтижелерін сақтау және өңдеу функцияларымен қамтылған. 9. Электронды тахеометрлер Электронды тахеометр – жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь арақашықтықты және өзара биіктікті өлшеуге арналған топографиялы электронды –оптикалық аспап. 10. Теодолиттің есеп алу құрылғылары Есеп алу құрылғысы теодолит лимбісінің бөліктеріненесеп алу үшін арналған. Қазіргі теодолиттерде келесі сан құрылғылары қолданылады: - верньер – ескі теодолиттерде ТТ 5, ТТ 50, соныменқатар кейбір геодезиялық аспаптарда - штрихты микроскоп – Т 30, ТОМ теодолиттерінде; - шкалалы микроскоп – 2Т30, Т 15 теодолиттерінде; - оптикалық микроскоп – Т 2 теодолитінде; - микроскоп – микрометр 11. Теодолиттердің негізгі бөліктері Теодолиттің ең маңызды бөліктеріне: қарау түтігі, градусталған екі — вертикальды (тік) және горизонтальды (жазық) — шеңбері жатады. 12. Сызықтық өлшеулер Сызықтық – жер бетіндегі нүктелердің арақашықтықтарын анықтау. 13. Өлшеу аспаптары. 14. Теодолиттік түсіріс Теодолиттік түсіріс деп жер бетінің тек контурлық планын жасау үшін теодолит пен өлшеу лентасының немесе қашықтық өлшеуіштің көмегімен орындалатын жұмыстарды атайды. Теодолиттік түсірістер жазық жер бетінде, елді-мекенді аймақтарда, құрылыс, тау-кен өндіріс алаңдарында, теміржолтораптары, т.б жерлерде пландар жасау үшін жүргізіледі 15. Далалық өлшеулер. Далалық өлшеулерге пландар мен карталар жасауда немесе арнайы мақсаттарда барлау траншеялары мен құрылыстарын бөлу, трассалар салуда, жер бетінде жүргізілетін геодезиялық өлшеулер жатады. 16. Дайындық жұмыстары Дайындық жұмысында ізденіс ауданына байланысты басқа да бар геодезиялық және картографиялық мәліметтерді біріктіреді, жинайды және сараптайды; бәсекеге қабілетті трасса нұсқаларын таңдау үшін немесе далалық ізденістер мен зерттеулердің жобалық шешімдерін таңдауға керек жобалық жұмыстар жасалады; далалық ізденістерді ұйымдастыруға арналған жұмыстар орындалады. |