География_7_сынып_тест_І_ІІ_тоқсан. 1. География терминін б з. д. Ііі . е бірінші болып енгізген грек алымы кім А птоломей в эратосфен с м. Бехайм д меркатор География
Скачать 0.56 Mb.
|
7-сынып . Географияны зерттеу тәсілдері .Картография және георафиялық дерекер базасы бөлімі І тоқсан - І нұсқа 1.География терминін б.з.д. ІІІ ғ. ең бірінші болып енгізген грек ғалымы кім? А)Птоломей В)Эратосфен С)М. Бехайм Д)Меркатор 2.«География» сөзі қандай мағына білдіреді? А) Жерді өлшеп жазу В) Жерді сипаттап жазу С) Жерді көріп жазу Д) Жер туралы айту 3.География қандай екі топқа бөлінеді? А) Физикалық және экономикалық В) Әлеуметтік және саяси С) Әлеуметтік және экономикалық Д) Физикалық және саяси 4.География ғылым ретінде қай елде туған? А) Италияда С) Қытайда В) Египетте Д) Грекияда 5.Атмосфера, литосфера және гидросфераның тоғысын, бір-біріне әсер етуінің нәтижесінде қандай қабық түзіледі? А) Географиялық қабық В) Биологиялық қабық С) Физикалық қабық Д) Химиялық қабық 6.Географиялық қабықтың құрамдас бөліктері қалай аталады? А) Табиғат компоненті В) Табиғат кешені С) Табиғат зонасы Д) Табиғи аумақ 7.Тұңғыш рет географиялық карта жасаған кім? А) Эратосфен С) Пифагор В) Аристотель Д) Геродот 8.Географиядағы елтану бағытына негіз салған кім? А) Ф.Магеллан С) Р.Амундсен В) Страбон Д) Архимед 9.Жаңа дүниедегі жаңа ашылуларға негіз салған кім? А) Д.Кук С) Х.Колумб В) В.Рубрук Д) М.Поло 10............– шартты белгілердің көмегімен географиялық нысандарды, құбылыстар мен үдерістерді көрсететін қарапайым сурет. А)Сызба В)Профиль С)Диаграмма Д)График 11.Физикалық география құрамына қандай салалар кіреді? А)Мәдени география Әлеуметтік география В)Саяси география,Климатология С)Тарихи география ,Елтану Д)Гидрология,Палеогеография,Климатология 12.Дұрыс жауапты тауып, сөйлемді толықтыр. Жерді өлшеу әдісін ойлап тапқан ойшыл – А)Пифагор В)Эратосфен С)Ньютон Д)КаперникД 13.Мәтіндегі ақпаратта қай саяхатшының экспедициясы туралы айтылған? 1522 жылы «Виктория» Жер шарын айналып шыққан алғашқы кеме болды. Осы экспедицияның арқасында жердің шар тәрізді екені дәлелденді, Тынық мұхиты ашылды және мұхит осылай атала басталды. А)Фернан Магеллан В)Васка да Гама С)Александр Гумбольдт Д)Христофор Колумб 14.Географиялық дереккөздер деген не? А)Өлшемдер жасауға бағытталған жұмыстар В)Географиялық нысандар, құбылыстар және олардың Жер планетасында орналасуы туралы мәліметтер жинағы С)Табиғи өзгерістерді бақылайтын құрал-жабдықтар Д)Ақпаратты алу тәсілдері 15.Берілген тізімнен географиялық деректерді жинақтауда қолданылатын зерттеу әдістері туралы жазылған бір дұрыс емес тұжырымды белгіле. А)Тарихи әдіс арқылы тек қана адамзат тарихындағы маңызды тарихи оқиғалар зерттеледі В)Географиялық аудандастыру әдісі физикалық-географиялық және экономикалық аудандарға бөлу үшін қолданылады С)Статистикалық әдіс арқылы елдер мен халықтар,табиғи нысандар туралы дұрыс мәліметтер қолданылып, нақты қорытындылар жасалады Д)Экономикалық-математикалық әдіс арқылы түрлі сандық мәліметтермен нақты есептеулер жасалады 16.Көрсетілген сурет атауын ата. А)График В)Диаграмма С)Сызба Д)Фотосурет 17.Географиялық нысан дегеніміз не? А)бұл – тұрақты, нақты орнымен сипатталатын жер бетінің тұрақты түзілімдері В)бұл – табиғи және антропогендік ортаны қоса алғандағы адамның айналасындағы әлем С)бұл – жер бетіндегі тіршілікке қажетті жағдаймен қамтамасыз ететін табиғи компоненттер Д)бұл – адамзат пен шаруашылығының дамуына қажетті жағдайды қамтамасыз ететін географиялық қабықтың бөлігі 18.Ұсынылған сипаттаманы қолдана отырып, географиялық нысанның қасиетін анықта. Батпақ – жердің ерекше экожүйесі. Бірақ жердің аздығынан, адамзат батпақтарды құрғатуда. Батпақты жерлердің азаюы ұсақ өзендердің құрғауына және кебуіне, ормандар мен шабындықтардың, органикалық әлемнің жойылуына әкеледі. А)Тұтастылық В)Тұрақтылық С)Географиялық орны Д)Шығу тегі 19.Дұрыс жауапты тауып, бос орынға қой. ..............– бұл шартты белгілердің көмегімен географиялық нысандарды, құбылыстар мен үдерістерді көрсететін қарапайым сурет. А)Фото В)Сызба С)Карта Д)Картасызба 20.Графикалық материалды пайдалана отырып, үйдің азимутын анықтап, графикалық сурет ретінде берілген ақпараттың азимутты анықтауға қалай көмектескенін түсіндір. А)Суреттегі үй белгісімен графикалық түрде бейнеленген. Азимут – солтүстікке бағытталған бағыт пен географиялық нысан арасындағы бұрыш, ол сағат тілі бойымен анықталады. Сондықтан үйдің азимуты 237°-ты құрайды. В)Суретте үйдің шартты белгісі берілген. Азимут – солтүстікке бағытталған бағыт пен географиялық нысан арасындағы бұрыш, ол сағат тілі бойымен анықталады. Сондықтан үйдің азимуты 180°-ты құрайды. С)Азимут – бұл солтүстікке бағытталған бағыт пен географиялық нысан арасындағы бұрыш, ол сағат тілі бойымен анықталады. Сондықтан үйдің азимут 152°-ты құрайды. Д) Азимут - солтүстікке бағыт пен нысан арасындағы бұрыш 0 градустан 360 градусқа дейін сағат тілі бойымен анықталады. 21.Картасызба дегеніміз не? А)Құбылыстардың, үдерістердің шартты белгілер арқылы көрсетілетін жалпылама бейнесі. В)Жер бетінің жазықтағы кішірейтілген бейнесі С)Жер шарының кішірейтілген моделі Д)Картадағы белгілі аумақтың географиялық нысандарына тән қасиет, құбылыс, үдерістердің жеңілдетілген сызбалық бейнесі ер22.Қазақстанның географиялық орны картасызбасын құрастыру мақсатында шекаралас мемлекеттерді анықта. 1 2 3 4 5 23.Географиялық номенклатура бұл: А)Елді мекен аймағындағы шаруашылық нысандар тізімі В)Картадағы географиялық нысандардың жиынтығын көрсететін тізім С)Тау жыныстары мен минералдар коллекциясы Д)Географиялық карталар мен кестелер жиынтығы 24.Картада әріптермен Қазақстанның жер бедерінің формалары белгіленген. Қазақстан картасында Үстірт қандай әріппен белгіленгенін анықта. А) A В) B С) C Д) D 25.Кескін картаға Еуразияның тауларын белгіле. Қателерді тауып, өз жауабыңды негізде. А)Еуразияның кескін картасында B, C, E әріптерімен таулар дұрыс белгіленген, A және D әріптерінде қателіктер жіберілген. D әрпімен Пиреней таулары, A әрпімен әлемнің ең биік таулары болып табылатын Гималай таулары белгіленуі керек. В)Еуразияның кескін картасында C, D, E әріптерімен таулар дұрыс белгіленген, A және B әріптерінде қателіктер жіберілген. A әрпімен әлемнің ең биік таулары болып табылатын Гималай таулары, B әрпімен Еуропа мен Азия арасындағы табиғи шекара болып табылатын Орал таулары белгіленуі керек. С)Еуразияның кескін картасында A, B, C әріптерімен таулар дұрыс белгіленген, D және E әріптерінде қателіктер жіберілген. D әрпімен Пиреней таулары, E әрпімен Альпі таулары белгіленуі керек. Альпі таулары Батыс Еуропада орналасқан және бұл – аймақтың биік таулары. Д)Еуразияның кескін картасында B, C, E әріптерімен таулар дұрыс белгіленген, A және D әріптерінде қателіктер жіберілген. A әрпімен ең үлкен биік таулы қырат Тибет, ал D әрпімен Карпат таулары белгіленуі керек. 26.Компьютердің көмегімен жиналған, өңделген және сақталатын географиялық нысандар, құбылыстар және үдерістер туралы өзара байланысты барлық деректі қалай атайды? А)Географиялық зерттеу әдістері В)Географиялық дереккөздер С)Географиялық деректер базасы Д)Географиялық құралдар 27.Кестелерді құрастыруда сақталатын жалпы ережелер тізіміндегі дұрыс емес бір жауапты анықта. А)Кесте атауы қысқа және мазмұнға сай болуы керек В)Бағана атаулары бас әріппен және атау септікте жазылады С)Кестеде берілген ақпарат шолуға оңай болуы керек Д)Әрбір кесте «№» белгісі арқылы нөмірленуі тиіс 28........... географиялық нысандарды берілген бағыт бойынша тігінен көрсететін сурет. А)Карта В)Сызба С)Профиль Д)Картасызба 29Дұрыс жауапты тауып, сөйлемді толықтыр.Ұқсас немесе бір-біріне тәуелді географиялық нысандарды немесе олардың қасиеттерін топтарға біріктіруді ..........деп атайды. А)Топтастыру В)Жинақтау С)Біріктіру Д)Құрылымдау 30.Берілген суреттерді деректермен сәйкестендір. А В С А) А сызба ,В фотосурет, С график В)А фотосурет, В сызба,С график С)А график, В сызба ,С фотосурет Д)А Сызба,В график ,С фотосурет Жауабы: 1-В 2-в 3-А 4-Д 5-А 6-А 7-А 8-В 9-С 10-А 11-Д 12-В 13-А 14-В 15-А 16-В 17-А 18-А 19-В 20-А 21-Д 22-1-Ресей,2-Қытай,3-Қырғызстан,4-Өзбекстан,5-Түркіменстан 23-В 24-А 25-В 26-С 27-Д 28-С 29-А 30-В Физикалық география .Литосфера бөлімі бойынша тест І тоқсан –ІІ нұсқа 1.Жердің ең сыртқы қабығы: А) Биосфера В) Атмосфера С) Литосфера Д) Гидросфера 2.Жердің толық ішкі құрылысы: А) Литосфера және мантия В) Мантия және ядро С) Литосфера және ядро Д) Литосфера, мантия, ядро 3.Жер қыртысының максимальды қалындығы: А) 80 м В) 800 м С) 800 км Д) 80 км 4. Мұхиттардағы жер қыртысының қалыдығы А) 30-40 В)5-10 С)70-80 Д)20-30 5.Жер қыртысы және мантияның жоғарғы кристалдық тау жыныстарынан тұратын қабаты қалай аталады? А) Гидросфера В) Литосфера С) Биосфера Д) Атмосфера 6.Магмалық тау жынысын анықта А)көмір, бор В)тұз Д)мәрмәр 7.Жеке-дара мұхитты алып жатқан тақта: А) Африка В) Еуразия С) Антарктида Д) Наска 8.Тау жыныстарын құрайтын тау жыныстары қалай аталады? А) Құм В) Әктас С) Минерал Д) Тұз 9.Тау жыныстары тегіне қарай қанша топқа бөлінеді? А) 4 В) 3 С) 5 Д) 2 10.Жер астынан балқып шыққан заттардан пайда болған тау жыныстары қалай аталады? А) Магмалық В) Шөгінді С) Метаморфтық Д) Органикалық 11.Жер қыртысының бетінде сыртқа күштерінен әсерінен пайда болған жыныстарды қалай атайды? А) Магмалық В) Шөгінді С) Метаморфтық Д) Органикалық 12.Өзгерістердің нәтижесінде пайда болған тау жыныстарын қалай атайды? А) Магмалық В) Шөгінді С) Метаморфтық Д) Органикалық 13. Ғалымдардың пікірінше жердің ішкі құрылымын зерттеудің қандай әдісі ең сенімді және нанымды болып саналады? А)сейсмикалық әдіс В)модельдеу әдісі С)далалық геологиялық түсіру әдісі Д)актуализм әдісі 14. Мохоровичичтің шекарасымен бөлінген қабаттар: А)жер қыртысы мен мантия В)мантия мен ядро С)ішкі және сыртқы ядро Д)ядро мен жер қыртысы 15. Литосфера дегеніміз не? А)Жердің жоғарғы мантиясындағы тығыздығы,тұтқырлығы төмен қабаты В)Жер қыртысы мен ядросының арасында орналасқан қабаты С)Жер қыртысы мен жоғарғы мантияның бөлігін қамтитын Жердің қатты қабаты Д)Жердің қақ ортасында орналасқан қабаты 16. Тектоника ғылымы нені зерттейді? А)жер қыртысындағы химиялық элементтерді бөлу В)жер қыртысы қабаттарының қалыптасуының тарихи бірізділігі С)тау жыныстары, олардың шығу тегі, олардың жату формалары Д)литосфералық плиталардың құрылысы, қозғалысы, жер қыртысының дамуы 17.Материктердің қозғалысы қалай аталады? А)Ығысу В)Дрейф С)Субдукция Д)Плиталар тектоникасы 18.Рифтинг туралы дұрыс емес пікірді анықта. А)Солтүстік атлантикалық көтерілулер рифтинг үдерісінің мысалы болады В)Терең жарықтардың пайда болу үдерісі С)Терең жарықтар жиынтығы рифт деп аталады Д)Жер қыртысы жұқа болатын мұхиттардың түбінде жарықтар көп 19. Еуразиялық және Үнді-Аустралиялық литосфералық плиталардың соқтығысуы кезінде қандай таулар пайда болғанын анықта. А)Пиреней таулары В)Гималай таулары С)Кавказ таулары Д)Үлкен Суайрық жотасы 20.Литосфералық плиталардың қозғалысы және жер қыртысының құрылымы картасын пайдалана отырып, дивергенция үдерісі Африкада қандай өзгерістер әкелетініне болжам жаса. А)Африка материгі шекарасы Атлант мұхитының түбінен өтетін Африка тақтасында орналасқан, сондықтан континенттің шығысында тау жүйелері көтерілуі мүмкін В)Африка материгі Африка плитасында орналасқан, сондықтан рифтік жарықтарының ауданы ұлғаяды, себебі континенттің шығысында литосфералық плиталардың ажырау шекарасы өтіп, плиталардың ажырау жылдамдығы жылына 1 см құрайды С)Африканың негізінде салыстырмалы түрде алғанда тектоникалық процестердің болмауымен сипатталатын Африка-Арабия платформасы жатқандықтан, мұнда ешқандай өзгерістер болмайды 21. Катаклизм дегеніміз не? А)Литосфералық плиталардың түрлі бағытта жылжу үдерісі В)Қоршаған ортаны бұзатын, материалдық құндылықтарды жоятын, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жер бетінде болып жатқан құбылыстар мен үдерістер С)Табиғи ортада болып жатқан оқиға, оны сипаттауға және ғылыми негіздеуге болады Д)Жердің барлық қабығында болып жатқан күрделі физика-химиялық процестердің көрінісі 22. Суретте жанартаудың құрылымы көрсетілген. Жанартаулық құрылыс элементтерін сәйкестендір. А)Магма ошағы В)Кратер С)Көмейі Д)Лава 23.Жер сілкінісі кезінде қандай орындар қауіпсіз деп саналады? А)баспалдақ алаңдары, кіру есіктерінің ойықтары В)кіру есіктерінің ойықтары, берік үстелдер С)лифт, ғимараттың қаңқаларының тіреуіштерінің асты Д)баспалдақ алаңдары мен балкондар 24. Мұхиттық жер қыртысы қандай тау жыныстары қабаттарынан тұрады? А) гранит және базальт әктас және гранит Е) базальт және шөгінді жыныстар 25. Суретте қандай қозғалыстың түрі бейнеленген? А)Дивергенция В)Конвергенция С)Ығыспалы орын ауыстыру Д) Обдукция 26. Литосфераның құрылысы бойынша қорытынды жаса. А)Литосфера – Жердің қатты жоғарғы қабаты. Оның құрамына жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігі кіреді. Жер қыртысын құрамы мен қалыңдығына қарай континенттік және мұхиттық деп екіге бөлінетін қыртыстар құрайды. Литосфераның құрамына мантияның жоғары иілімді қабаты астеносфера да кіреді. В)Литосфера – Жердің қатты жоғарғы қабаты. Оның құрамына жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігі кіреді. Жер қыртысының құрамына жоғары және төменгі мантияның барлық бөлігі кіреді. С)Литосфера – Жердің қатты жоғарғы қабаты. Оның құрамына жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігі кіреді. Литосфераның негізгі бөлігін базальт, шөгінді қабаттардан тұратын мұхиттық жер қыртысы құрайды. Д)Литосфера – Жердің қатты жоғарғы қабаты. Оның құрамына жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігі кіреді. Литосфераның негізгі бөлігін базальт, гранит, шөгінді қабаттардан тұратын континенттік жер қыртысы құрайды 27. Ішкі ядроны құрайтын металдар А)алюминий,никель В)темір мен никель С)хром мен никель Д)темір мен хром 28.Литосфералық тақталар теориясын ұсынған ғалым А)Бехайм В) Гумболдт С) А.Вегенер Д)В.Докучаев 29. Суретте қандай қозғалыстың түрі бейнеленген? А)Дивергенция В)Конвергенция С)Ығыспалы орын ауыстыру Д) Обдукция 30.Мұхиттық жер қыртысының материктік жер қыртысынан қандай айырмашылығы бар? А) базальт қабатының болмауы В) гранит қабатының болмауы С)шөгінді қабатының болмауы Д) оргоногенді жыныстардың болмауы Кілт 1-С 2-Д 3-Д 4-В 5-В 6-С 7-Д 8-С 9-В 10-А 11-В 12-С 13-А 14-А 15-С 16-Д 17-В 18-Д 19-В 20-В 21-В 22-А-3 ,В-4,С-5,Д-2 23-В 24-Е 25-А 26-А 27-В 28-С 29-В 30-В 7-сынып тест Атмосфера ІІ тоқсан – І нұсқа 1.Жердің сыртынан қоршап жатқан ауа қабығы қалай аталады? А) Литосфера В) Атмосфера С) Гидросфера Д) Биосфера 2.Атмосфера құрамында ең көп мөлшерде кездесетін газ: А) Оттегі В) Азот С) Көмірқышқыл Д) Сутегі 3.Атмосфера қабаттары: А) Литосфера, тропосфера, гидросфера в) Тропосфера, стратосфера, атмосфераның жоғарғы қабаты С) Стратосфера, биосфера, ноосфера Д) Литосфера, гидросфера, тропосфера 4.Ауаның жер бетіне түсірген салмағын қалай атайды? А) Ауа қысымы В) Ауа температурасы С) Ауа райы Д) Климат 5.Әрбір 10,5 м. көтерілген сайын қысымның сынап бағанасы қанша мм-ге кемиді? А) 5 мм В) 1 мм С) 10 мм Д) Өзгермейді 6.Атмосфералық қысымды қандай құралмен өлшейді? А) Термометр В) Динамометр С) Гидрометр Д) Барометр 7.Тәулік ішіндегі ең жоғарғы температура мен ең төменгі тампература арасындағы айырмашылық қалай аталады? А) Тәуліктік орташа температура В) Тәуліктік амплитуда С) Ауа райының өзгерісі Д) Көпжылдық орташа температура 8.Ауаның температурасын өлшейтін құрал: А) Термометр В) Динамометр С) Гидрометр Д) Барометр 9.1 м³ ауадағы 1 г. су буы мөлшері қалай аталады? А) Абсолют ылғалдылық В) Салыстырмалы ылғалдылық С) Қаныққан ауа Д) Құрғақ ауа 10.Белгілі жағдайда су буларының сұйық күйге айналуын не деп атайды? А) Температура В) Қысым В) Конденсация Д) Ылғалдылық 11.Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшейтін құрал? А) Термометр В) Шаш гигрометрі С) Динамометр Д) Барометр 12.Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы су булары су тамшыларына айналғанда не түзіледі? А) Бұлт В) Жауын–шашын С) Жел Д) Тұман 13. Жауын–шашынның ең көп жауатын жері? А) Алтай етегі В) Гималай етегі С) Орал етегі Д) Кордильер етегі 14. Жер шарындағы ауа массаларының негізгі типтері: А) Тропиктік, субэкваторлық, экваторлық В) Қоңыржай, тропиктік С) Тропиктік, субтропиктік, экваторлық Д) Арктикалық, қоңыржай, тропиктік, экваторлық 15. Тропосфераның белгілі бір жердегі белгілі бір қысқа мерзімдік жай-күйін не деп атайды? А) Ауа райы В) Климат С) Жел Д) Жауын–шашын 16.Ауа температурасы 1км де қанша градусқа өзгереді? А) 6 С төмендейді В) 6 С көтеріледі С) 0.6С төмендейді Д) 10С көтеріледі 17.Ең жоғарғы температура+10 C ,ең төменгі температура -10 С тәуліктік амплитуда қаншаға тең? А) 0 С В) 1 С С) 10 С Д) 20 С 18.Атмосфераның ең төменгі қабаты А) стратосфера В) термосфера С) тропосфера Д) мезосфера 19.Көрсетілген климаттық белдеулердің қайсысы негізгі белдеуге жатады? А) Экваторлық, субэкваторлық, тропикалық В) Арктикалық, субарктикалық, қоңыржай С) Тропикалық, қоңыржай, экваторлық Д) Субэкваторлық, субтропикалық, 20.Ауа райының негізгі элементтері: А) Температура, ылғалдылық, атмосфералық қысым В) Қар жамылғысы, жел, бұлттылық С) Су буы, топырақ, қысым Д) Жел, күн радиациясы, бұлттылық 21.Дұрыс жауапты таңда. А) Тропосферада ауаның 80%-ы шоғырланған, сондықтан бұл ғаламшар тұрғындары үшін әсерлі құбылыс болып табылатын Поляр шұғыласының пайда болуымен сипатталады. В)Тропосферада ауаның 80%-ы шоғырланған, сондықтан бұл қабат – барлық тіршілік иесін Күннің ультракүлгін сәулесінен қорғайды. С)Тропосферада ауаның 80%-ы шоғырланған, сондықтан бұл қабат – газ бөлшектерінің ғарыш кеңістігіне шашырауымен сипатталады. Д)Тропосферада ауаның 80%-ы шоғырланған, сондықтан бұл қабат – адам өмірі мен тірі ағзалардың сферасы. 22.Ауа райы дегеніміз не? А)белгілі бір уақыттағы, белгілі бір жердегі мезосфераның күйі В)белгілі бір жердегі атмосфера күйінің ұзақ мерзімді режимі С)белгілі бір уақыттағы, белгілі бір жердегі тропосфераның күйі Д)белгілі бір уақыттағы, белгілі бір жердегі стратосфераның күйі 23.Көлденең бағытта қозғалатын ауа ағыны дегеніміз не? А)ауа ылғалдылығы В)ауа температурасы С)атмосфералық қысым Д)жел 24.Термометр орналасқан метеорологиялық күрке қандай биіктікте орналасуы керек? А)2,5 метр биіктікте В)2 метр биіктікте С)3 метр биіктікте Д)1 метр биіктікте 25.Берілген анықтама бойынша ауа температурасының ауытқу амплитудасының түрін анықта. Бұл – күндізгі ауа температурасының ең жоғары және ең төменгі температурасының арасындағы айырмашылық. А)орташа жылдық В)тәуліктік амплитуда С)орташа тәуліктік Д)жылдық 26.Нұр-Сұлтан қаласының метеостанциясында бір күндік ауа температурасының көрсеткіштері алынды: 1 сағатта + 9°С, 7 сағатта + 7°С, 13 сағатта + 25°С, 19 сағатта + 22°С. Ауа температурасының индикаторларын қолдана отырып, Нұр-Сұлтандағы орташа тәуліктік температураны есепте. А)+12,7°С В)+11,7°С С)+16,7 °С Д)+15,7°С 27.Егер таңертеңгі ауа температурасы + 10°С, ылғалдылығы 9 г/м3 болса, күндізгі ауа температурасы + 30°С, 30 г/м3 болса, ауаның қанығуы үшін қанша грамм су буы қажет? А)22 г/м3 В)20 г/м3 С)21 г/м3 Д)19 г/м3 28.Дұрыс нұсқаны анықтап, желдің бағытына әсер ететін себепті түсіндір. А)желдің бағыты C нүктесінен D нүктесіне бағытталады, өйткені жел жоғары қысым аймағынан төмен қысым аймағына ауысады В)желдің бағыты E нүктесінен F нүктесіне бағытталады, өйткені жел жоғары қысым аймағынан төмен қысым аймағына ауысады С)желдің бағыты В нүктесінен A нүктесіне бағытталады, өйткені жел төмен қысым аймағынан жоғары қысым аймағына ауысады Д)желдің бағыты G нүктесінен H нүктесіне бағытталады, өйткені екі нүкте арасындағы атмосфералық қысымның айырмашылығы үлкен емес Е)желдің бағыты I нүктесінен J нүктесіне бағытталады, өйткені жел төменгі қысым аймағынан жоғары қысым аймағына ауысады 29.Адамдардың өміріне және адамның шаруашылық іс-әрекетіне теріс әсер ететін ауа райы құбылыстары қалай аталады? А)экологиялық апаттар В)литосфералық апаттар С)қолайсыз атмосфералық құбылыстар Д)қолайсыз гидрологиялық құбылыстар 30.Ұсынылған анықтама бойынша қолайсыз атмосфералық құбылысты анықта. Бұл жоғары ауа температурасы мен жауын-шашынның болмауымен тұрақты ауа райының ұзақ кезеңі байланысты. А)қар жауу В)аңызақ С)қатты жел Д)құрғақшылық Кілт 1-В 2-В 3-В 4-А 5-В 6-Д 7-В 8-А 9-А 10-В 11-В 12-Д 13-В 14-Д 15-А 16-А 17-Д 18-С 19-С 20-А 21-Д 22-С 23-Д 24-В 25-В 26-Д 27-С 28-В 29-С 30-Д Гидросфера бөлімі ІІ тоқсан – ІІ нұсқа 1. Ғаламшардағы су қабығы атауын тап. А)Гидросфера В)Литосфера С)Атмосфера Д)Биосфера 2.Гидросферадағы мұздықтар үлесі қандай? А)1,68 % В)0,02 % С)96,4 % Д)1,86 % 3. Жердің қай мұхиты ең терең және ең үлкен болып табылады? Жауаптың бір нұсқасын таңда. А)Тынық мұхиты В)Атлант мұхиты С)Солтүстік Мұзды мұхит Д)Үнді мұхиты 4.Дүние жүзіндегі мұхиттың аумағы: А) 472 млн. км ² В) 250 млн. км ² С) 370 млн. км ² Д) 361 млн. км ² 5.Дүние жүзі мұхиттағы ең терең шұңғыма: А)) Пуэрто–Рико В) Зонд С) Мариан Д) Гренланд 6.Мұхит бөліктері: А) Теңіздер, шығанақтар, бұғаздар В) Аралдар, түбектер, көлдер С) Өзендер, батпақтар, мұздықтар Д) Жауын–шашын, қар, бұршақ 7.Мұхиттың суының қасиеті мен жануарлар дүниесінен оқшауланып тұратын бөлігі? А) Шығанақ В) Теңіз С) Бұғаз Д) Көл 8.Ішкі теңіздер: А) Беринг, Чукот В) Жапон, Шығыс Сібір С) Саргасс, Фиджи Д) Қара, Жерорта 9.Дүние жүзілік мұхиттың бөліктері бір–бірімен не арқылы жалғасады? А) Шығанақ В) Теңіз С) Бұғаз Д) Түбек 10.Ені ең кең және терең бұғаз: А) Мозамбик В) Дрейк С) Гибралтар Д) Ла–Манш 11.Мұхит суы қанша градус температурада қатады? А) - 1ºС В) - 2 ºС С) -3 ºС Д) -4 ºС 12.Дүние жүзілік мұхиттың беткі суларының орташа температурасы қанша? А) 17,5 ºС В) 18,7 ºС С) 14,3 ºС Д) 15,6 ºС 13.Еріген тұздардың 1 л. Судағы граммен алынған мөлшерін не деп атайды? А) Судың температурасы В) Судың буы С) Судың тұздылығы Д) Судың қысымы 14.Қай теңіздің тұздылығы жоғары: А) Қара В) Азов С) Қызыл Д) Охот 15.Тұздылық қандай өлшем бірлігімен өлшенеді? А) Грамм В) Промилле С) Литр Д) Килограмм 16.Жер сілкінудің нәтижесінде пайда болатын ірі толқындар? А) Толысу В) Қайту С) Дауыл Д) Цунами 17.Тынық мұхиттың Оңтүстік–Шығыс Азияға жақын бөлігінде жазда және күзде пайда болатын сұрапыл жел? А) Тайфун В) Дауыл С) Цунами Д) Ураган 18.Мұхиттардағы су массасының тұрақты түрде бір бағытта ауысуын не деп атайды? А) Мұхит тұздылығы В) Мұхит қозғалысы С) Мұхит ағыстары Д) Мұхит суы 19.Ағысты туғызатын басты себеп: А) Тұрақты желдер В) Жауын–шашын С) Қысым Д) Климат белдеулері 20.Атлант мұхитындағы суық ағыс: А) Гольфстрим В) Солтүстік Атлант С) Куросио Д) Лабрадор 21.Экватордың бойын қуалап, Мексика шығанағына соғатын жылы ағыс: А) Гольфстрим В) Солтүстік Атлант С) Куросио Д) Лабрадор 22.Тынық мұхитындағы жылы ағыс: А) Гольфстрим В) Солтүстік Атлант С) Куросио Д) Лабрадор 23. Орташа тереңдігі – 3000 м. Ең терең жері – 8 742 м (Пуэрто-Рико шұңғымасы) орналасқан мұхит А)Тынық мұхиты В)Атлант мұхиты С)Солтүстік Мұзды мұхит Д)Үнді мұхиты 24. Африкадан басқа барлық континенттердің жағалауларын шайып жатқан мұхит. А)Үнді мұхиты В)Тынық мұхиты С)Атлант мұхиты Д)Солтүстік-Мұзды мұхиты 25. Мұхит суының қасиеттеріне жататын дұрыс нұсқаны таңда. А)Шекарасы В)Ауданы С)Тұздылығы Д)Тереңдігі 26. Егер тұздылығы18‰ болса, Қара теңіздің1тонна суынан әр түрлі заттардың неше грамын алуға болады? А) 36 В)18 С)180 Д)18 000 27.Табиғи апат дегеніміз не? А)бұл адамдардың өмір сүру жағдайларын бұзатын, адам мен материалдық шығындармен бірге жүретін табиғи құбылыстар В)бұл шаруашылық іс әрекетіне байланысты адам өмірінің табиғи жағдайларының өзгеруі С)бұл тірі табиғатта да, жансыз табиғатта да болатын өзгерістер Д)бұл табиғи ресурстар қорының азаюы және табиғи жағдайлардың нашарлауы 28.Халықты цунамиден қорғаудың дұрыс емес іс-шарасы қандай? А)цунамидің жақындағаны туралы халыққа ескерту В)цунами болжамы С)сейсмикалық жағдайлар мен мұхит деңгейін бақылау Д)цунами аймағында халықты ұстау 29.Дүниежүзілік мұхиттың ластануының антропогендік көзі қандай? А)жағалық ағынды сулармен ластану В)цунамидің әсерінен ластану С)теңіздік ластану Д)суасты жанартауларының атқылауынан ластану 30.Мұхиттың белгілі бір бөліктерінде қалыптасқан, бір-бірінен температурасы, тұздылығы, тығыздығы және оттегінің мөлшері бойынша ерекшеленетін үлкен көлемді су қалай аталады? А)Мұхит суының тұздылығы В)Мұхит шекарасы С)Мұхит суының массалары Д)Мұхит суының тереңдігі Кілт 1-А 2-Д 3-А 4-Д 5-С 6-А 7-В 8-Д 9-С 10-В 11-В 12-А 13-С 14-С 15-В 16-Д 17-А 18-С 19-А 20-Д 21-А 22-С 23-В 24-В 25-С 26-Д 27-А 28-Д 29-А 30-С |