орман пирологиясы. 1. Глоссарий Орман Пирологиясында олданатын негізгі терминдер мен тсініктемелер
Скачать 0.85 Mb.
|
3. Өрттің таралу себептері. Бұл - белгіленген жерлерден тыс жерлерде жағылған және бақылаусыз қалдырылған от, тұтандырылған темекі тұқылы немесе сіріңке, әр түрлі механизмдердің газ шығаратын түтіктерінен шыққан жалын, еткен жылғы шеп-шалам қалдықтары мен жанғыш күл-қоқыстарды ертеу, адамдардың қызметіне байланысты езге де от кездері және найзағай түсуі. Жану барысында кеп мелшерде бөлінген жылу қоршаған ортаға темендегі жолдармен тарайды: конвекция - жоғары температураның ыстық ауа келемін ертеніп жатқан жердің үстінен конвекциялық (қызған) бағана түрінде кетеру жолымен таралуы; сәуле шашу - жоғары температураның от жанған кезден барлық бағыттарға сәуле энергиясы түрінде айнала таралуы; өткізгіштік - жоғары температураның от ошағынан жанғыш материалдар арқылы таралуы. Белінетін жылудан басқа, ерттің одан арғы мінезін айқындайтын кептеген факторлар бар, дегенмен, олардың ішінде өрттің таралуына шешуші ықпал ететін нәрселерге: жанғыш материал, ауа райы шарттары және жер бедері жатады. Ормандағы жанғыш материалдар. Ормандағы жанғыш материалдарды (ОЖМ) тұтанып жануы бойынша екі негізгі топқа белуге болады: жеңіл түтанатын және жылдам жанатын материалдар -құрғақ шеп, қураған жапырақтар, қылқандар, ұсақ бұтақшалар, бұтақтар. Кейбір бұталар, өздігінен өсіп шыққан өсімдіктер және басқалары. Бұл жанғыш материалдар оттың жылдам таралуына себеп болады және ақырын тұтанатын материалдарға тұтандыр-ғыш болады; ормандагы бәсең түтанатын жангыш материалдар -шырпы-шөпшектер, түбіртек, ағаш төсемелерінің төменгі қабаттары, бұталар мен ағаштар. Жанғыш материалдардың бұл тобы жанған кезде көп мөлшерде жылу бөліп шығарады және өрттің өрбуіне себеп болады. Ұйымдастырушылық себептер. Орман өрттерінің тарауына ықпал ететін ұйымдастырушы-лық себептер көп жағдайда мыналар: ормандағы өрттердің дер кезінде белгілі болмауы (өрттердің 20%-ы күн батқанда немесе келесі күні белгілі болады); өрт сөндірудің дер кезінде басталмауы (өрттердің 15%-ын күн батқанда немесе келесі күні сөндіру басталады); өрт сөндіруге бағатталған күштер мен құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі; өрт сөндіруді ұйымдастыру үшін білікті басқарудың болмауы. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Орман өртінің туындау себептерін атаңыз? 2. Интенсивті орман шаруашылығын жүргізетін аудандарда орман өрті қанша пайызды құрайды? 3. Қалың орманды аудандарда орман өрттері жалпы өрт аумағының қандай аймағын қамтиды? Антропогенді өрттердің негізгі көздерін атаңыз? Конвекция деген не? Өрттің таралуына қандай факторлар шешуші әсер етеді? (сұрақтарға жауап толық болуы керек, сұрақ мазмұны ашылуы тиіс) 4-дәріс. Тақырыбы: Өрт қауіптілігі. Орман табиғи жағдайына байланысты өрт қауіптілігі. Ауа – райы жағдайы бойынша өрт қауіптілігі . Өрт қауіптілігі класына байланысты орман өрттерінің туындауы және даму. 1 Орман табиғи жағдайына байланысты өрт қауіптілігі. Ормандағы ерттердің шығу және таралу қаупінің дәрежесі (ерт қаупі) темендегілер бойынша айқындалады: орман учаскелеріндегі ағаштар мен өсімдіктердің шарттары бойынша (табиғи өрт қаупі); нақты аймақтағы ауа райы шарттары бойынша (ормандағы жанғыш материалдардың дымқылдығы бойынша өрт қаупі). Ағаштар мен өсімдіктердің шарттары бойынша өрт қаупі (табиғи өрт қаупі) Орман учаскелерінің ағаштары мен өсімдіктерінің шарттары бойынша өрт қаупін - ағаштардың түрі, жас желектердің құрылы-мы, ағаш түріне байланысты құрамы мен жасы, орман алқап-тарының санаты (категориясы), орман қорындағы ағаштарды кесу және басқа да сипаттамалар айқындайды. Кесте №1 Ормандардағы өрт қаупін бағалау шкала
Орман қоры учаскелерін оларда өрт шығу қаупінің дәрежесі бойынша орман қорының құрылысы жөніндегі нұсқаулық арқылы бағалау үшін төмендегі шәкіл (шкала) қарастырылған. Ормандардағы өрт қаупін бағалау шәкілі 1. Төмендегілер үшін өрт қаупі бір саты (топ) жоғары белгіленеді: а) құрылысы немесе басқа ерекшеліктері төмендегі өрттің жоғарыдағы өртке ұласуына себеп болатын қылқан жапырақты жас желек ағаштар (қылқан жапырақтылардың жас шыбықтары қалың және биік болып өскенде, қоқыс көп жиналғанда және т.б.); б) тұтанып жануға бейім аландар қоршаған құрғақ аңғарлардағы орманның шағын учаскелері; в) жалпылай пайдаланылатын жолдарға, паровоз тартатын немесе от қолданатын орман кәсіпорындарына тікелей жақын өтетін теміржолдарға жанасып жатқан орман учаскелері. Жас шыбықтары қалың өскен немесе жабыны тік тұтасқан әр жастағы самырсын ағаштары өрт қаупінің II тобына жатады. Ауа райы шарттарына байланысты өрт қаупі Ауа райы шарттары бойынша өрт қаупі, ормандағы жанғыш материалдардың жану мүмкіндігін, олардың ауа райы жағдай-ларымен анықталатын дымқылдануына байланысты айқындайды. Ормандағы өрт қаупінің көрсеткіші (ерт қаупінің тобы - ӨҚТ) жергілікті уақыттың 12-14 сағаттарында, ауа температурасы (t°) мен жаңбырсыз (п) күндердегі шық нүктесі (п) температурасының айырымына қарай, ауа температурасын шығару сомасы ретінде анықталады: ӨҚТ=£[Г(Г -т,)]. П Кесте № 2 Өрт қаупі 5 топқа белінеді. Өрт қаупі топтарының шкала
Ескерту. Көптеген аумақтарда, ӨҚТ шәкілдерін жасау әдістемесіне сәйкес, ертенгіштік маусымын және оның жинақты көрсеткішке тәуелділігін есепке алатын ерт қаупінің жергілікті шәкілдері әзірленеді және қолданылады, яғни ӨҚТ шегараларын анықтайтын жинақты көрсеткіштердің өзге шамалары болады. Өрт қаупінің I тобы кезінде жоғары температура мен найзағай (жаңбырсыз күн күркірегенде) көздерінен өрт шығуы мүмкін болса да, көпшілік себептер (от көзінің) өрт тудырмайды және басталған, одан ары қарай өрбіген өрт ақырындап, әркелкі жайылады немесе сөніп қалады. Өрт қаупінің II тобы кезінде оттың күшті көздерінен өрт шығуы мүмкін, дегенмен, тұтанған от саны көп емес. Оттың таралу жылдамдығы да елеусіз. Өрт қаупінің III тобы кезінде от көздерінің көпшілігі орман өрттерінің шығуына себеп болады, Өрт қарқынды өрбиді, жылуды көп бөледі, жылдам тарайды және қосымша ұсақ ошақтар туғызады. Өрт қаупінің IV тобы кезінде өрт елеусіз от көздерінен-ақ шығады, жылдам тарайды және қосымша ұсақ ошақтар туғызады. Өрт қаупінің V тобы кезінде өрт кез келген от көзінен және жоғары температурадан шығады, О өте қарқынды жанып, жылдам тарайды. Орман өрті қызметтерінің жұмыс тәртібі. ауа райы шарттары бойынша өрт қаупінің тобын есепке ала отырып. 2-қосымшада беріліп отыр. Орман өрттерінің әр түрлі орман ағаштарының өскен жерле-ріне қарай, өрт қаупінің тобына байланысты. Өзін-өзі тексеру сұрақтары. 1. Орман өрттерінің туындау және таралу қауіптілігінің дәрежесі неге байланысты? 2. Неше өрт қаупітіліг класы бар? 3. Орман өртінің туындау жоғары ықтималдығы қай класқа сәйкес келеді? 4. Орман өртінің туындау төменгі ықтималдығы қай класқа сәйкес келеді ? 5. Өрт туындауы және таралуы мүмкіндігін анықтайтын жағдайлар неге байланысты? 5 -дәріс. Тақырыбы: Орман өрттерінің туындауының алдын алу. 1. Орман өртінің алдын алу бойынша негізгі нормативтік актілер. 2. Өрт қауіпсіздігі ережесінің негізгі талаптары. 3. Занды тұлғаларға қойылатың арнайы талаптар. 1. Орман өртінің алдын алу бойынша негізгі нормативтік актілер. Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 63-бабына және 1999 жылғы 22 қарашадағы «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленіп, жеке және заңды тұлғаларға – орман иеленушілер мен орман пайдаланушыларға олардың ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуі жөнінде қойылатын талаптарды айқындайды. Ереже сондай-ақ орман өрттерінің алдын алу, оларды дер кезінде байқау және жою, орман қорының аумағында жұмыс істейтін және жүрген барлық адамдардың осы Ереженің талаптарын орындауын қамтамасыз етуі жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Өрт қауіпсіздігі ережесінің негізгі талаптары. Мемлекеттік орман иеленушілер ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын орындайды және орман өрттерінің алдын алу (профилактикасы) жөнінде мына іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді: 1) орман қоры аумағын өртке қарсы және санитарлық тұрғыдан жабдықтауды қамтамасыз етеді, осы Ереженің бұзылуының алдын алады, оны дер кезінде байқайды және оған тосқауыл қояды, орман қорының аумағында шығатын орман өрттерін сөндіру жөнінде шаралар қолданады; 2) орман қоры учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылар өртке қарсы іс-шаралар жоспарларын жасауы кезінде оларға көмек көрсетеді; 3) орман өрттерін және олардың зардаптарын тіркеп отырады. 3.Занды тұлғаларға қойылатың арнайы талаптар. Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін лауазымды адамдардың құқықтары, міндеттері, жауаптылығы, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын бұзғаны және орындамағаны үшін әкімшілік-құқықтық әсер ету түрлері. Жану туралы жалпы мәліметтер. Заттар мен материалдардың жарылыс, өрт қауіпті қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер. Үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстар мен технологиялық үдерістерді өрт, жарылыс қауіптілігі бойынша санатқа бөлу және жіктеу. Құрылыс материалдарын жану топтары бойынша жіктеу. Отқа төзімділік шегі мен жалынның таралу шегі туралы ұғым. Ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділік дәрежесі туралы ұғым. Құрылымдарды оттан қорғау тәсілдері. Өндірістің өрт қауіптілігін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар. Жылу беру және желдету жүйелерінің өрт қауіптілігі. Жылу беру және желдету жүйелерін орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Өрттің электр тогынан шығу себептері және олардың алдын алу шаралары. ЭҚПЕ бойынша жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтарды жіктеу. Найзағайдың тікелей соққысы мен оның қайта көрініс беруінің өрт қауіптілігі. Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау құралдарының санаттары. Найзағайдан қорғағыштарды орнату жөніндегі негізгі ережелер. Статикалық электр және оның өрт қауіптілігі. Алдын алу шаралары. Отпен байланысты жұмыстардың түрлері және олардың өрт қауіптілігі. Тұрақты және уақытша отпен байланысты жұмыстар жүргізу бекеттері. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге адамдарды жіберу тәртібі және олардың жүргізілуін бақылау. Жарылыс, өрт қауіпті үй-жайларда электрмен, газбен дәнекерлеу жұмыстарын, сондай-ақ өзге де отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіптілігінің ерекшеліктері. ТТС, ЖС, ЖГ өрт қауіпті қасиеттері. Жалпы объектілік қоймаларда, ашық алаңдарда, цехтің таратушы қоймаларында ТТС, ЖС, ЖГ сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары. Жұмыс орындарында, сырлау және өзге де өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде ТТС, ЖС, ЖГ қолданудағы өрт қауіпсіздігі шаралары. ТТС, ЖС, ЖГ тасымалдау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Көшіру жолдары. Көшіру жолдары мен көшіретін шығу жолдарын анықтау. Көшіру жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары. Көшіру жолдарының түтіндеуін болдырмайтын іс-шаралар. Пайдаланудағы объектілерде өрт шыққан жағдайда көшіру жоспары. Өрт кезінде адамдарды көшіру туралы шұғыл хабарлау жүйесі. Адамдарды көшіру бойынша жаттығулар ұйымдастыру. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. ҚР орман кодексі нені қарастырады: орманды әдейі жағу, отпен дұрыс жұмыс жасамау, өрт қауіптіліг кезде орманға бару ? 2. Негізгі нормативті актілерді атаңыз. 3.Орман өртінің алдын алу үшін қандай ережелерді сақтау керек? 4.Орманмен жүмыс істейтін азамматтар мен ұйымдар қандай ережелерді сақтау керек? 5. ҚР ормнадарында белгіленген арнайы талаптарды атаңыз? (сұрақтарға жауап толық болуы керек, сұрақ мазмұны ашылуы тиіс) 6-дәріс. Тақырыбы: Орман өрттерімен күресудің оперативті жоспары. Орман өрттерімен күресудің оперативті жоспары. Орман өрттерін ұйымдастырғанда басқа мекемелермен және шаруашылықтармен ара қатынастарды жоспарлау. 1. Орман пайдаланушылар мен ормандарда жұмыс жүргізетін немесе осында жолдары, қоймалары, құрылыстары және басқа да объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жұмыс орындарында, жолдарда, қоймаларда және басқа да объектілерде орман өрттері шыға қалған жағдайда осы өрттерді өз күштерімен және құралдарымен жоюға шаралар қолданады және өрт туралы орман қоры учаскелерінің иесіне, жергілікті атқарушы органдарға және өртке қарсы мемлекеттік қызмет орнына хабарлайды. Азаматтар орман өртін байқап қалған жағдайда бұл жайында мемлекеттік орман иеленушінің орман шаруашылығы қызметкерлеріне, өртке қарсы мемлекеттік қызмет орнына, жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды және оны сөндіруге шаралар қолданады. Жергілікті атқарушы орган бекіткен жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ өртке қарсы техниканы, орман өрттерін сөндіру жөніндегі көлік және басқа құралдарды тарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік орман иеленушінің талап ету бойынша жұмысшылар мен техникалық құралдарды орман өрттерін сөндіруге жібереді. Орман мекемесінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың басшысы өрт туралы хабар алған соң оны сөндіру үшін шаралар, соның ішінде өрт шыққан аумақ бекітіп берілген өрт сөндіру-химиялық станцияның күшімен шаралар қолданады. Өрт туралы хабар түскен жағдайда орман күзеті мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өртке қарсы қызметінің басшысы: 1) команданы өртке дереу аттанып кетуге әзірлеу жөнінде шаралар қолданады; 2) орман мекемесінің басшысынан немесе орманшыдан (бағыныстылығына қарай) нұсқаулар алады; 3) команданың немесе жеке бригаданың өртке аттанып кетуі туралы шешім қабылдайды. Орманшылық аумағында бір мезгілде бірнеше өрт шыға қалған жағдайда немесе өртті тез сөндіру үшін бір өрт сөндіру-химиялық станцияның күші жетіспеген жағдайда орманшы көрші орманшылықтардың 2 типті өрт сөндіру-химиялық станциясының немесе І типті станциясының күштері мен құралдарын өрт сөндіруге жіберу үшін бұл жайында орман мекемесінің басшысына хабарлайды. Орман мекемесінде, ерекше қорғалатын табиғи аумақта пайда болған өрттерді тез сөндіруге күштер мен құралдар жетіспеген жағдайда және өрттердің кең алқаптарға таралып кету қатері төнгенде орман мекемесінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың басшысы бұл туралы жергілікті атқарушы органдарға, өртке қарсы мемлекеттік қызмет орнына хабарлайды және бекітілген Орман өрттерін сөндіру жөніндегі жоспарға сәйкес жергілікті ұйымдардың күштері мен техникалық құралдарын, халықты өрт сөндіруге тарту жөнінде шаралар қолданады. Егер өрттер дүлей күш апаты сипатына ие болса, орман мекемесінің басшысы авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын өрт сөндіруге тарту жөнінде шаралар қолданады. Орман мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріндегі орман өрттерін сөндіруге жалпы басшылық орман мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басшысына жүктеледі. Жердегі күзет аудандарындағы әрбір орман өртін сөндіру жөніндегі жұмыстарға тікелей басшылық жасауды орманшылық аумағында орманшы немесе орман күзеті мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өртке қарсы қызметінің басшысы не орман пайдаланушының өрт сөндіру бекетінің бастығы (орман қорының тиісті учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушыда ол болған жағдайда) жүзеге асырады. Орманшы және орман күзеті мекемесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өртке қарсы қызметінің күштері келіп жеткенге дейін орман өртін сөндіруге басшылықты тиісті аумаққа бекітілген мемлекеттік орман күзетінің қызметкері, ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор (орманшы көмекшісі, орман шебері не инспектор, орман күтуші) жүзеге асырады. Ахуал ушығып кеткен жағдайда орман өртін сөндіруге басшылықты орман мекемесінің басшысы немесе оның тапсыруы бойынша осы мекеме басшысының орынбасары немесе осыған уәкілетті өзге адам жүзеге асырады. Ормандарды авиациямен күзету аудандарында жету қиын жерлерде орман өрттерін сөндіруге басшылықты өрт сөндіруге келген өрт сөндіруші- парашютшілер немесе өрт сөндіруші-десантшылар командаларының ішінен лауазымы жоғары қызметкер жүзеге асырады. Орман өртін сөндіру жөніндегі басшы: 1) өртті құрықтау іс-шараларымен байланысты емес барлық жұмысты тоқтатуы; 2) өртті сөндіруге қатысып жүрген адамдарды ықтимал жарақаттардан, уланудан, күйіп қалудан қорғауды қамтамасыз етуі; 3) адамдардың өміріне қатер төнген жағдайда қолда бар күштер мен құралдарды тегіс пайдаланып, оларды құтқаруды дереу ұйымдастыруы; 4) өрт сөндіруде жұмыс істеп жатқан барлық адамдардың жұмыстардың қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережелерді қатаң орындауын қамтамасыз етуі; 5) өрт болып жатқан жерді тастап кетпеуі және өрт сөндіріліп немесе сенімді түрде құрықталып болғанша жұмысшыларды босатпауы; 6) орман өрті шыққан аумақта жұмыс істейтін ұйым объектісінің басшысын немесе басқа лауазымды тұлғасын өрт орнына шақыру жөнінде шаралар қолдануы қажет. |