1. Интелектуальды дайын болуды компоненттері. Интелектуальды дайын болу крсеткіштері
Скачать 17.14 Kb.
|
Дәріс 7. Балалардың мектепке интеллектуалдық дайын болуы Мақсаты: 1.Интелектуальдық дайын болудың компоненттері. 2.Интелектуальдық дайын болу көрсеткіштері. Балалардың мектепке интеллектуалды дайын болуына себепші болатын оқушының жеке іс-əрекеті – балалардан ой еңбегін, қабілетін жəне таным әрекетін белсенділендіруді талап ететін оқу. Баланың мектепке интеллектуалдық дайын болуы бірнеше өзара байланысты компоненттерден тұрады, оларға мыналар жатады: Баланың қоршаған дүниеге бағдар алуы; Жаңаны білуге құлқы; Білуге əуестігі; Бейнелеу түсінігінің дамуы; Қарапайым оқу дағдыларының қалыптасқандығы; Психикалық процестердің дамуы; Сенсорлық даму; Білім қоры - ой-өрісі; Білімнің сараланғандығы; Жүйелі меңгерілген білім; Танымдық іс-əрекеттің даму деңгейі; Ойлау әрекетінің жалпы деңгейі (жалпылау, салыстыру, объектілерді классификациялау қабілеті); Ойлау әрекетінің өзінділігі; Балалардың оқу əрекеті элементтерін меңгеруі; Қарапайым математикалық түсініктерді, ана тілін, сауаттың алғашқы негіздерін меңгеруде білім, білік, дағдылардың аясының кең болуы. Е.Н.Ращикулина ойлау процесінің тұтастық идеясын жəне ойлаудың вербалдық компоненттерін (Р.Арнхейм, Л.М.Веккер, Л.А.Венгер жəне т.б.), сол сияқты ойлау принциптері –табиғатбейнелеушілік, табиғатбейнелеушілік жəне толықтырушылық принциптеріналып мектепте оқуға интеллектуалдық дайын болу көрсеткіштерін атап көрсетті. Одан басқа, мектепте оқуға интеллектуалдық дайын болу көрсеткіштерін жасағанда ол Н.Н.Поддьяковтың бала ойлауының өзіндік даму идеясын ескерді. Бала ойлауының өзіндік даму идеясы, біріншіден, әрбір ойлау қадамы қандай да бір нәрсені түсіндіргенде әрбір ойлау қадамы қандай да бір нәрсені түсіндіргенде, жаңа, тиянақты нақты білім берген жағдайда, екіншіден, білім жаңа диффуздық, «анық емес», танылатын объектінің аса белгілі емес жақтарын көрсететін интуитивтік білімнің туу негіздері болған жағдайда болады.
Мектепте оқуға интеллектуалдық дайын болу көрсеткіштеріне мұндай көзқарас, біріншіден, баланың инттеллектуалды мүмкіндігін бағалағанда біржақты болып кетпеуге көмектеседі. Екіншіден, критерийлердің мұндай үйлесімі мектеп жасына дейінгі ойлау ерекшелігін ескеруге, яғни мектепке дейінгі балалық шақты өзіндік бағалауға мүмкіндік береді. Мектепте оқуға баланың интеллектуалдық дайын болуын дамыту процесінде мынадай әдіснамалық ережелерді есте ұстау қажет: Танымның толыққанды процесін ұйымдастыруда мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау түрлерінің барлығының біртұтастығын, асиметриялық үйлесімділігін ескеру; Мәнді тану процесінің екі аспектісі бар: логикалық-дискурсивтік – ойлаудың бейнелік, саналы түрде түсіну, сол сияқты интуитивтік- иррационалдық – ойлаудың бейнелік процестеріне негіздеоген болжамменн байланысты; Ұғымның жалпылық, қайталанбас, оралымды, кезеңдік, жүйелілік, рефлексивтік сияқты белгілерерінде көрінетін мазмұндық-нәтижелілік және процессуалдық жақтары бар. Ұғымның бұл қасиеттері метеп жасына дейінгі балалардың ойлауында ондағы жетекші және эмоционалдық компоненттерге баайланысты өзіндік ерекшеліктері болады; Баланың ойлауында өзіндік доминанта жасайтын, таным процесіне қызығушылық пен мүдделілікті қуаттайтн оқу материалына көзқарасын ескеру; мектепте оқуға интелектуалды дайын болуды дамыту әдістері баланың әрекетіндегі таңбалық-символикалық құралдарды ойлаудың бейнелік және вербалдық компоненттерін байланыстырушы буындары ретінде пайдалану арқылы бейненің, сөздің және әрекеттің бірлігіне сүйенеді; мектепте оқуға интелектуалды дайын болу баланың таным іс-әрекеті тәсілдерін дамытуды көздейді. Сонымен, танымдық әс-әрекеттің, танымдық қызығушылықтың, баланың ойлау тәсілдерінің жалпы даму деңгейінің бірлігі, өзін қоршаған дүние туралы, қарапайым оқу әрекеті туралы жүйеленген түсініктердің жеткілікті қорының болуы, мектепте оқуға интелектуалдық дайын болудың жоғарыда аталған көрсеткіштерін ескеру, балалардың бірінші сыныпта материалды меңгеруге интелектуалдық дайын болуына жағдай жасайды. |