уаавы. Гистолория рк 3. 1. Жабын эпителийіні рылыс ерекшеліктері. Базальды мембрана, рылысы жне ызметі. Жабынды эпителий
Скачать 0.51 Mb.
|
Гистолория рк 3 Билет нөмірі 1 1. Жабын эпителийінің құрылыс ерекшеліктері. Базальды мембрана, құрылысы және қызметі. Жабынды эпителий Бұл шектеушілік тіндер. Дененің сыртын (жабынды), ішкі (асқазан, ішек, қуық т.б.) кілегейлі қабықтарын және екіншілік қуыстарды тыстайды. Бір қабатты эпителийлер көп қатарлы және бір қатарлы болып бөлінеді. Бір қабатты, көп қатарлы эпителий жасушаларының пішіні бірдей куб, призма тәрізді немесе жалпақ, ядролары бір деңгейде орналасады (бір қатар құрайды). Бұл эпителий изоморфты деп аталады. Бір қабатты эпителий жасушаларының пішіні мен биіктігі әртүрлі болып та келеді, мұндай кезде олардың ядролары әртүрлі деңгейде орналасып, көп қатарлы немесе жалған көп қабатты эпителий түзеді. Бір қабатты жалпақ эпителий Ағзада мезотелий мен эндотелий түрінде кездеседі. Мезотелий серозды қабықтарды түзеді. Бұларға: плевра, іш перделері перикард жатады. Жасушалары мезотелиоциттер. Пішіні полигональды, плазмолеммасы иректелген, 1-2 ядролары бар. Мезотелий секрет бөліп, мүшелерді бір біріне жабыстырмай оңай жылжымалы болуына жағдай жасайды. Эндотелий қан мен лимфа тамырларын жүректің камераларының ішін тыстайды. Жасушалары эндотелиоциттер . Жасуша органеллалары аз, бірақ пиноциозды везикулалары болады. Бір қабатты куб тәрізді эпителий Бүйректің проксимальді және дистальды нефрон түтікшелерінің ішін тыстайды. Проксимальды бөлігіндегі эпителиоциттердің жиегі болады (бүрлері), ал базальды мембранаға бекінген полюсінде көптеген митохондриялары сызық түрінде көрінеді. Бұл эпителиоциттер бүйректе реобсорбция – қайта сору қызметін атқарып, пайда болған біріншілікнесептен көптеген заттарды қанға сорады. Бір қабатты призмалы эпителий Бір қабатты призмалы эпителиоциттер асқорыту жүйесініңортаңғы бөлігіндегі мүшелердің ішкі бетін тыстайды. Асқазан, ішектер (ащы, тоқ), өт қабы, бауыр мен асқазан асты безінен шыққан өзектерінің ішкі кілегейлі қабығын түзеді. Эпителиоциттер өте тығыз десмосомалар , қуыстар арқылы байланысады. Асқазанды тыстайтын бұл эпителий түгелдей безді, асқазан қабырғасын ірі тағам бөліктерінен зақымдалуынан сақтайды. Бір қабатты көп қатарлы эпителий Ауа өтетіен жолдардың, тыныс алу мүшелердің – мұрын қуысы,кеңірдек, бронхылар тағы басқа мүшелердің құрамында кездеседі. Ауа жолындағы бұл эпителий құрамында кірпікшелі, қыстырма, базальды және бокал тәрізді жасушалары болады. Көп қабатты эпителийлер Мүйізделген, мүйізделмеген және ауыспалы болып бөлінеді. Эпителийдің үстіңгі қабаты мүізделіп түсіп отырады. Бұл мүйізделген түрі, ал мүйізделу процесі болмаса ол мүйізделмеген. Көп қабатты ауыспалы эпителийлер Ауыспалы эпителийге атқаратын қызметіне байланысты қабырғасы созылып отыратын – қуық пен несеп ағардың кілегейлі қабығы жатады. Осы мүшелердің қуысы тарылып не, кеңейгенде, эпителий жасушалары пішінін өзгертіп отырады. Көп қабатты мүйізделмеген эпителий Көздің қасаң қабығын, ауыз қуысын, өңешті тыстайды. Құрамында: базальды, аралық, үстіңгі жалпақ жасушалар қабаттары болады. Базальды қабат эпителиоциттердің пішіні призма тәрізді базальды мембранаға бекінеді. Пішіні тікенек тәрізді, көп бұрышты аралық қабат жасушалары құрамында тонофибриллалары болатын, десмосомалармен байланысады. Көп қабатты мүйізделген эпителий тері эпидермисін құрайды. Үнемі мүйізделіп (кератинизация) түсіп отырады. Эпидермис жасушаларының көбі кератиноциттер. Оның құрамында арнайы белоктар – цитокератиндер, филаггрин, кератолин болады. Бұлар мүйіздену процесіне қатысты белоктар. Тері эпидермисінде: базальды, тікенекті, дәнді, жылтыр және мүйізді қабаттарын ажыратады. Базальды мембранада жасушалардың тек төменгі базальды қабаты жатыр. Қалған қабаттардың жасушалары бірінің үстіне бірі орналасады. Базальды жасушалар цилиндр пішінді, базальды мембранаға гемидесмосомалармен бекітілген. Базальды және тікенді қабаттардың жасушаларының арасында бағаналы жасушалары (Мальпиги) кездеседі. Тікенді қабатта жасушалар көпбұрышты, жасушалар десмосомалармен байланысады. Жасушаларда диффузды жатқан кератинді тонофиламенттер болады 2. Эритроциттер, мөлшері, мөлшері, өмір сүру ұзақтығы, құрылысы, қызметі. Эритроциттер, немесе қанның қызыл түйіршіктері, адамдарда және сүтқоректілерде қанның пішіндік элементтердің ішінде басым болып келеді. Олар фило- және онтогенез барысында бірқатар органеллалардан құрылымдар). Эритроциттер айырылған бөлінуге ядродан және (постжасушалық қабілеттілігі жоқ, жоғары мамандандырылған құрылымдар болып табылады. Негізгі функциясы – тынысалу – О2 мен СО2 тасмалдау. Бұл тынысалу пигменті гемоглобин (күрделі ақуыз +Fe)- арқылы жүзеге асады. Оған қоса эритроциттер аминқышқылдарды, антиденелерді, дәрілік заттарды, токсиндерді плазмолемма беткейіне адсорбциялайды. Тіршілік мерзімі – 120 тәулік. Саны: Муж 4,0-5,1х1012/л Жен 3,7-4,7х1012/л Эритроциттің плазмолеммасы билипидті қабаттан, ақуыздардан және көмірсулардан құралған гликокаликстен тұрады. Гликолипид пен гликопротеидтердің олигосахаридтері эритроциттердің антигенді құрамын анықтайды, яғни оларда агглютиногендердің бар жоғын анықтайды. Эритроциттердің беткейінде полисахаридтерден тұратын А және В агглютиногендер анықталған, олар қан плазмасы ақуыздарының әсерінен эритроциттердің агглютинациясын (жабысуын) қамтамасыз етеді. Құрамындағы агглютиногендер мен агглютининдердің болуына байланысты қанның 4 тобын ажыратады: Қан құю кезінде гемолиз орын алмауы үшін α және β агглютининдері бар реципиеттерге А және В агглютиногендері бар эритроциттерді құюға жол бермеу керек. Сол себепті I(0) қан тобы бар адамдар универсальді донорлар болып есептеледі, яғни олардың қанын кез-келген басқа қан тобы бар адамға құюға болады. Сәйкесінше IV(АВ) қан тобы бар адамдар универсальді реципиенттер болып табылады, оларға кез-келген топ қанын құюға болады. Эритроциттің цитоплазмасы судан (60 %) және құрғақ қалдықтан (40 %), оның 95 % гемоглобиннен және 5 % басқа заттардан тұрады. Гемоглобиннің болуы қанда жекелеген эритроциттердің сары түске боялуын, ал эритроциттердің жиынтығы қанға қызыл түс береді. Қан жағындысын Романовский- Гимзе әдісі бойынша азур II-эозинмен бояған кезде эритроциттердің көбесі қызғылт түске (оксифильді) боялады, бұл олардың құрамында гемоглобиннің жоғары мөлшерде болуымен түсіндіріледі Билет нөмірі 2 1. Бір қабатты текше тәрізді эпителий, локализациясы, дамуы, құрылысы және қызметі. Бір қабатты куб тәрізді эпителий Бүйректің проксимальді және дистальды нефрон түтікшелерінің ішін тыстайды. Проксимальды бөлігіндегі эпителиоциттердің жиегі болады (бүрлері), ал базальды мембранаға бекінген полюсінде көптеген митохондриялары сызық түрінде көрінеді. Бұл эпителиоциттер бүйректе реобсорбция – қайта сору қызметін атқарып, пайда болған біріншілікнесептен көптеген заттарды қанға сорады. 2. Гемограмма, лейкоциттер формуласы. Дені сау адамның гемограммасы (толтыру). Гемограмма. Медициналық тәжірибеде қан талдауының маңызы үлкен. Клиникалық талдау барысында қанның химиялық құрамын зерттеп, эритроциттер, лейкоциттердің, гемоглобиннің санын, тұну жылдамдығын есептейді. Ересек дені сау адамның қанының пішіндік элементтері белгілі сандық қатынаста болады, оны гемограмма деп атайды. Билет нөмірі 3 1. Бір қабатты жалпақ эпителий, олардың орналасу ерекшеліктері, даму көзі, құрылысы және қызметі. 2. Моноцит, саны, мөлшері, өмір сүру ұзақтығы, құрылысы, макрофагпен байланысы, қызметі. Билет нөмірі 4 1. Көп қабатты жалпақ кератинденбеген эпителий, организмдегі локализациясы, түзілу көзі, құрылысы, қызметі. 2. Лимфоциттер, саны. Ұсақ лимфоциттер, көлемі, құрылысы, қызметі. Т- және В-лимфоциттер. Билет нөмірі 5 1. Ауыспалы эпителий. Локализациясы, құрылымдық ерекшеліктері, даму көзі, қызметі. 2. Нейтрофилді гранулоциттер, саны, мөлшері, өмір сүру ұзақтығы, құрылыс ерекшеліктері, түйіршіктердің химиялық құрамы, қызметі. Билет нөмірі 6 1. Бір қабатты бағаналы (призмалық) эпителий. Локализацияға, даму көзіне байланысты құрылымы мен қызметі ерекшеліктері. 2. Гемограмма, лейкоциттер формуласы. Дені сау адамның гемограммасы (толтыру) Билет нөмірі 7 1. Көп қабатты эпителий. Эпителийдің құрамындағы жасушалардың түрлері, олардың құрылысы мен қызметі. Организмдегі локализация, даму көзі. 2. Қанның құрылысы мен қызметі. Билет нөмірі 8 1. Көп қабатты жалпақ кератинденген эпителий. Локализация, функция. Құрылымдық ерекшеліктері, даму көзі. 2. Эмбриональды қан түзілу, қан дамуының негізгі кезеңдері. Тамырішілік, тамырдан тыс гемопоэз. Билет нөмірі 9 1. Безді эпителий, қызметі, жасушаларының құрылыс ерекшеліктері. Әртүрлі без жасушаларының секреция түрлері. 2. Постэмбриональды қан түзілу. Эритроцитопоэз, даму схемасы. Дифференциацияланатын жасушалардың морфологиясы Билет нөмірі 10 1. Бездер, түрлері, құрылымдық ерекшеліктері, олардың локализациясына мысалдар, қызметтері. 2. Эозинофилді гранулоциттер, саны, мөлшері, өмір сүру ұзақтығы, құрылыс ерекшеліктері, түйіршіктердің химиялық құрамы, қызметі. Билет нөмірі 11 1. Сыртқы секреция бездерінің морфологиялық классификациясы, олардың құрылыс ерекшеліктері, секреторлық жасушалардың түрлері, құпияның химиялық құрамы. 2. Тромбоциттер, тромбоциттер, дамуы, саны, мөлшері, өмір сүру ұзақтығы, құрылыс ерекшеліктері, қызметтері. Билет нөмірі 12 1. Бір қабатты бағаналы (призмалық) эпителий. Локализацияға, даму көзіне байланысты құрылымы мен қызметі ерекшеліктері. 2. Постэмбриональды қан түзілу, мегакариоцитопоэз. Тромбоцитопоэз, даму схемасы. Дифференциацияланатын жасушалардың морфологиясы. Билет нөмірі 13 1. Көп қабатты эпителий. Эпителийдің құрамындағы жасушалардың түрлері, олардың құрылысы мен қызметі. Организмдегі локализация, даму көзі. 2. Постэмбриональды қан түзілу. Моноцитопоэз, даму схемасы. Дифференциацияланатын жасушалардың морфологиясы. Билет нөмірі 14 1. Бір қабатты жалпақ эпителий, олардың орналасу ерекшеліктері, даму көзі, құрылысы және қызметі. 2. Базофильді гранулоциттер, мөлшері, мөлшері, өмір сүру ұзақтығы, құрылыс ерекшеліктері, түйіршіктердің химиялық құрамы, қызметі. Билет нөмірі 15 1. Көп қабатты жалпақ кератинденген эпителий. Локализация, функция. Құрылымдық ерекшеліктері, даму көзі. 2. Постэмбриональды қан түзілу. Гранулоцитопоэз, даму схемасы. Дифференциацияланатын жасушалардың морфологиясы. Билет нөмірі 16 1. Безді эпителий, қызметі, жасушаларының құрылыс ерекшеліктері. Әртүрлі без жасушаларының секреция түрлері. 2. Постэмбриональды қан түзілу. Лимфоцитопоэз, даму схемасы. Дифференциацияланатын жасушалардың морфологиясы. Билет нөмірі 17 1. Бездер, түрлері, құрылымдық ерекшеліктері, олардың локализациясына мысалдар, қызметтері. 2. Лимфоциттер, саны. Ұсақ лимфоциттер, көлемі, құрылысы, қызметі. Т- және В-лимфоциттер. |