Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.Жалпы ережелерді; 2.Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы; 3.Жұмыс жасау кезіндегі; 4.Аппаттық жағдайдағы;

  • 2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары

  • 3. Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар

  • 4. Аппаттық жағдайдағы техника қауіпсіздінің ережелеріне қойылатын талаптар

  • 5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары

  • Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік. 1. Жалпы ережелерді Дербес компьютерде жмыс жасау алдындаы


    Скачать 15.44 Kb.
    Название1. Жалпы ережелерді Дербес компьютерде жмыс жасау алдындаы
    Дата01.11.2022
    Размер15.44 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаИнформатика кабинетіндегі қауіпсіздік.docx
    ТипДокументы
    #765139



    Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі

    Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

    Аталған міндетті орындауға оқушы төмендегідей:

    1.Жалпы ережелерді;

    2.Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;

    3.Жұмыс жасау кезіндегі;

    4.Аппаттық жағдайдағы;

    5.Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.
    1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:

    • Компьютерді тоққа қосатын сымдарға ,қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;

    • Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды;

    • Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;

    • Дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;

    • Пернелік тақта үстінде артық заттар қоюға болмайды;

    • Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

    • Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.

    2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:

    • Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек;

    • Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлуі керек.

    • Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.

    3. Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:

    • ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60 - 70 см қашықтықта ұстау керек;

    • Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;

    • Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай - ақ, көз жаттығуын орындауға болады.

    • Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді және өрт сөндіру тәсілдерін білуі қажет. Көз жаттығуларын білу міндетті


    4. Аппаттық жағдайдағы техника қауіпсіздінің ережелеріне қойылатын талаптар:

    • Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьтерден ақау табылса, онда машинамен тоқтатып,мұғалімге хабарлау керек:

      • От сөндіруде көмек көрсету қажет;

    • Электр тогымен зақымданған аданға алғашқы көмек көрсетуді білу керек;

      • Компьтерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтындығын білуі қажет. Оған құм және т. б.өрт сөндіргіш құрал – жабдықтарын пайдалануға болады;

    • Электр тоғының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әр түрлі материалдарды (электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.

    5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары:

    • Мұғалімнің нұсқауы бойынша копьютерді өшіру;

    • Жұмыс орнын ретке келтіру; Жұмыс орнындағы тіркеу журналына белгі қою.


    написать администратору сайта