ааа. 1. Жалпы млімет
Скачать 18.41 Kb.
|
1. Жалпы мәлімет 1. «Ди-хлор» 1,5 г; 2,66 г; 3,5 г; 5 г ( 0,25) гр салмақта таблетка түрінде өндіріледі, әсер ету заттек ретінде құрамында дихлоризоция қышқылының натрий тұзы, адипин қышқылы, құрамында – 1,5 г (0,26-0,32); 2,66 г (0,76-0,94); 3,5 г (1,49-1,77); 5 г (2,88-3,55) белсенді хлор бар. Таблеткалар суда жақсы ериді. Су ерітіндісі мөлдір, хлордың иісі бар. Таблеткалар полиэтилен тарасында 0,1 кг; 0,25 кг; 0,5 кг; 1,0 кг; 2,5 кг массамен шығарлады. Құралдың жарамдылық мерзімі өндірушінің жабық қаптамасында дайын болған күннен бастап – 3 жыл. Қолданылып жүрген ерітіндінің жарамдық мерзімі – 5 тәуліктен кем емес, егер күн сәулесі тимейтін жерде тұрса 22 тәулікке дейін жарамды. 2. «Ди-хлор» құралының бактерияға (туберкулез қондырғыштар да бар) вирустарға (АҚТБ – инфекциялар және гепатиттер), Кандида және Трихофития саңырауқұлақшаларына, аса қауіпті және карантиндік инфекцияларды қоздырғыштарға қарсы микробқа қарсы әсері бар. 3. «Ди-хлор» құралы жіті токсикалық параметрлері бойынша асқазанға салынған кезінде біршама қауіпті заттардың 3 класына, теріге салынған кезде аздап қауіпті 4 класына жатқызылады. Құрал буы ингаляция кезінде ұшып кету деңгейі бойынша біршама қауіпті заттардың 3 класына жатқызылады. Препараттың әлсіз сенсибилизирленген және жергілікті – қоздырғыш әсері бар. 2. Қолдану саласы 4. Емдеу-алдын алу ұйымдарында, мектептер мен балалар мекемелерінде, бактериалды, вирусты, саңырауқұлақша этиология инфекция ошақтарында, аса қауіпті және карантинді инфекцияларға жүргізілетін профилактикалық, ағымдық және қорытынды дезинфекциялау. 5. Коммуналды қызмет нысандарында (қонақ үй, жатақхана, бассейндер, шаштараздар, моншалар), спорт кешендерінде, мәдени-сауықтыру кешендерінде, қоғамдық дәретханаларда, көліктерде (әуе, темір жол, теңіз және т.б.) пенитенциярлы және әлеуметтік мекемелерде, қазармаларда, зертханаларда, мекеме қоймаларында және басқа мекемелерді дезинфекциялау. 6. Коррозия металдарнан дайындалған медициналық аспаптарды, оның ішінде зертханалық (клиникалық, биохимиялық, микробиологиялық, вирусологиялық) дезинфекциялау. 7. Тағам өндірісі кәсіпорындарын, қоғамдық тамақтану және сауда орындарын (дүкендер, супермаркеттер және т.б.) дезинфекциялау. 8. Халықтың күнделікті тұрмысында. 9. Әскери нысандарда. 3. Жұмыс ерітінділерін дайындау 10. «Ди-хлор» жұмыс ерітіндісін шыны, пластмасса және эмаль ыдыстарда бөлме температурасындағы суда нақты бір сандағы таблеткаларды ерітіп отырып дайындайды. Дайын болған ерітінді қалдықсыз, түрі мөлдір, аздап хлор иісімен 1 кестеге сәйкес әзірленеді. №1 кесте
«Ди-хлор» құралының жұмыс ерітіндісіне жуғыш қасиет беру үшін, 0,5% (5 г/л ерітіндіге немесе 50 г/10 л ерітіндіге) жуғыш синтетикалық құрал қосуға болады. Дезинфекция жасауға арналған жұмыс ерітіндісін, 5күн мерзімге дайындауға болады. Препараттың жұмыс ерітіндісі дайындалған ыдыста дайындалған күні көрсетілген жазу болуы қажет. Жұмыс ерітіндісінің пайдалану мерзімін бақылау жауапты тұлғаға жүктеледі. |