Главная страница

Фоә. ФОӘ с печатью. 1. жалпы мліметтер


Скачать 2.16 Mb.
Название1. жалпы мліметтер
Дата27.12.2022
Размер2.16 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаФОӘ с печатью.docx
ТипДокументы
#866114



Пән бағдарламасы типтік

1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Оқытушы: Серікбаева Г.Д., оқытушы, serikbaeva.82.82@mail.ru, ID:3801019110, код:PZA5hB
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің жалпы сұрақтары. Педагогикалық зерттеулердің методологиясы. Оқу пәні бойынша физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері. Физика курсының мазмұны мен құрылымы. Физиканы оқыту әдістері. Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары. Физиканы оқытудың дербес сұрақтары. Бөлімдердің оқу әдістемесі: «Механика», «Молекулалық физика», «Электродинамика», «Кванттық механика» және т.б.
Оқыту мақсаты: Физиканы оқыту әдістемесінің негізгі міндеттері жайында мағлұмат беру. Орта мектептің қазіргі заманғы даму кезеңіндегі физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері мен өзекті мәселелерін көрсету
Оқыту нәтижелері:

  1. Физика мен информатикада оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістемелер мен технологияны игеру қабілеті;

  2. Физика және информатика пәндерінде пәндік саланың мүмкіншіліктерін өз бетінше анықтауға, түсінуге және бағалауға деген қабілетін арттыру;

  3. Мектеп оқушыларының пәндік дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру әдістерін, физикаға және информатикаға қызығушылығын қалыптастыру мен физика және информатика саласындағы білімдерін күнделікті өмірде пайдалану тәсілдерін игеру.



Пререквизиттер: педагогика

Постреквизиттер: педагогикалық практика

2. ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР


апта

Модуль атауы

Сабақ тақырыптары және қысқаша мазмұны

Сабақ түрлері бойынша аптадағы сағат саны

Пайдаланатын әдебиеттер

(мыс: №1 15-45 б.)

Ақпарат көздеріне сілтеме

Видеодәрістердің веб мекенжайы

дәріс

сем.-практ.

зерт-лық

БОӨЖ және БӨЖ

1

1-модуль. Жаңартылған жалпы білім беру және физиканы оқытудың жалпы мәселелері

Тақырып: Жаңартылған жалпы білім беру және физиканы оқытудың негіздері, оның мақсаттары мен міндеттері, зерттейтін мәселелері

Қарастырылатын сұрақтар: Жаңартылған білім беру туралы жалпы түсінік. Жаңартылған білім беру жүйесінің терминдері және ұғымдарына шолу. «Мектепте физиканы оқыту әдістемесі» курсының мақсаттары мен міндеттері. Жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы оқыту үрдісінде басшылыққа алынатын құжаттар. Физиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері. Оқушылардың физикалық ойлауы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.


1

2




2/6


1 4-14 б.

2 21-46 б.

2

Тақырып: Негізгі мектептің физика курсының мазмұны мен құрылымы

Қарастырылатын сұрақтар: Мектептің физика курсындағы әлемнің физикалық бейнесі. Физика курсының мазмұны мен құрылымын анықтаудың принциптері.


1


1




1/5


1 28-65 б.



3

Тақырып: Физиканы оқыту әдістері және оқыту әдістерінің дидактикалық жүйесі

Қарастырылатын сұрақтар: Оқыту әдістерінің классификациясы. Физиканы оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары. Физиканы оқыиту құралдары. Мектептегі физика кабинеті және оның жабдықталынуы. Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс. Репродуктивтік әдіс. Проблемалық әдіс. Эвристикалық әдіс. Зерттеушілік әдіс.


1


1






1/5

1 66-146 б.

2 83-98 б.




1-модуль бойынша бақылау жұмысы (максималды балл – 50)



4



2-модуль. Физиканы оқыту үдерісі

Тақырып: Физиканы оқыту үдерісін ұйымдастыру формалары

Қарастырылатын сұрақтар: физиканы оқыту үдерісін ұйымдастыру формалары. Қазіргі заманғы физика сабағы. Физика сабағының құрылымы. Физика сабағына қойылатын талаптар. Фикультатив сабақтарының мақсаты, маңызы.

1

1




1/5

1 158-175 б.

2 147-169 б.

5

Тақырып: . Мұғалімнің жұмысын жоспарлауы

Қарастырылатын сұрақтар: Жылдық, күнтізбелік-тақырыпты жоспарлар. Мұғалімнің сабаққа әзірлігі. Сабақты жоспарлау мақсаты. Сабақ жоспарының элементтері.

1

1




1/5

1 176-178 б.

6

Тақырып: Физика сабақтарын талдау

Қарастырылатын сұрақтар: Сабақты талдаудың дәстүрлі тәсілдері. Физика пәнінің мұғалімінің сабақты өзіндік тұрғыдан талдауы. Инновациялық сабақты талдау.

1

1




1/5

1 181-185 б.

7

Тақырып: Оқыту нәтижесін бағалау мен тексеруді ұйымдастыру

Қарастырылатын сұрақтар: Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексерудің мақсаты мен маңызы. Оқушылардың оқу жетістіктерін тексерудің әдістері. Оқушылардың білімін бағалау критерийі.

1

1




1/5

1 186-194 б.

2 180-193 б.

8

Тақырып: Физиканы оқыту үдерісіндегі физикалық эксперимент

Қарастырылатын сұрақтар: Физиканы оқыту үдерісіндегі физикалық эксперименттің маңызы мен мақсаты, оның түрлері. Демонстрациялық экспериментке қойылатын талаптар. Зертханалық жұмыстар және оларды ұйымдастырып өткізудің әдістемесі. Сыныптан тыс эксперименттің маңызы.

1

1




1/5

1 195-201 б.

2 99-135 б.

2-модуль бойынша бақылау жұмысы (максималды балл – 50)




1-2 модульдердің қорытындысы бойынша максималды 100 балл шегінде 1-межелік бақылау балы жинақталады

9

3-модуль. Физикадан сыныптан тыс сабақтар мен есеп шығару

Тақырып: Физикалық есептерді шығарудың әдістемесі мен тәсілдері

Қарастырылатын сұрақтар:Физикалық есептердің маңызы және классификациясы. Физика есептерін шығарудың тәсілдері мен әдістемесі. Оқушыларды есеп шығаруға үйрету. Есеп шығарудың алгоритмдік тәсілдері.

1

1




1/5

1 202-223 б.

2 136-146 б.

10

Тақырып: Физикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, классификациясы және әдістемесі

Қарастырылатын сұрақтар: Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың маңызы мен мақсаты. Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы. Физикалық сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің әдістемесі.

1

1




1/5

1 224-246 б.

2 194-235 б.

11

Тақырып: Физикадан оқушылардың өз бетімен жұмысын ұйымдастыру

Қарастырылатын сұрақтар: Оқулықпен, қосымша әдебиеттермен, анықтамалықтармен жұмыс істеу, конспект жасап үйрету. Есеп шығару, жаттығулар орындау. Үлестірме материалмен жұмыс істеу. Баяндамалар мен рефераттар жазу.қондырғыларды конструкциялау, қолдан приборлар жасау. Экскурсия кезінде жеке тапсырмаларды орындау. Үйде орындалатын тәжірибелер мен бақылаулар жүргізу.

1

1




1/5

5 57-59 б.







3-модуль бойынша бақылау жұмысы (максималды балл – 50)

12

4-модуль. Физиканы оқытудың әдістемесі пәнінің дербес мәселелері

Тақырып: Жалпы білім беретін орта мектепте механика бөлімін оқыту әдістемесі.

Қарастырылатын сұрақтар:Физика бойынша білім беру жүйесіндегі механиканың алатын орны мен маңызы. Механика бөлімінің құрылымы мен мазмұны. Кинематика негіздерін оқыту. Динамика негіздерін оқыту. Механикадағы сақталу заңдарын оқыту. Механикалық тербелістер мен толқындарды оқыту.

1

2

3

2/6



3 84-130 б.

4 71-106 б.

5 88-110 б.

130-169 б.

13

Тақырып: Жалпы білім беретін орта мектепте молекулалық физика бөлімін оқыту әдістемесі

Қарастырылатын сұрақтар: молекулалық физика бөлімін оқытудың ерекшеліктері. Молекулалы-кинетикалық теорияның негіздері. Термодинамика негіздері. Сұйықтар мен газдардың және қатты денелердің қасиеттері.

1

2

3

2/6


3 132-165 б.

4 107-117 б.

5 111-120 б.

170-177 б.

14

Тақырып: Жалпы білім беретін орта мектепте электрдинамика бөлімін оқыту әдістемесі.

Қарастырылатын сұрақтар: Электрдинамиканы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Электродинамика негіздері бөлімінің құрылымы және оқыту ерекшеліктері. Электрдинамика негіздері бойынша оқу материалын жүйелеу. Электростатика. Тұрақты электр тогы. Әртүрлі ортадағы электр тогы. Магнит өрісі. Электромагниттік индукция. Электомагниттік тербелістер. Айнымалы ток. Электр энергиясын өндіру, жеткізу және пайдалану. Электромагниттік толқындар.

1

2

2

2/6


3 167-265 б.

4 118-200 б.

5 121-129 б.

178-223 б.

15

Тақырып: Жалпы білім беретін орта мектепте оптика және кванттық физика бөлімін оқыту әдістемесі

Қарастырылатын сұрақтар: Геометриялық оптика. Толқындық оптика. Сәуле шығару және спектрлер. Салыстармалы теория элементтері. Жарықтың кванттық қасиеті. Жарық табиғаты жөнінде көзқарастардың дамуы.

1



2



2



2/6




3 267-300 б.

5 234-269 б.


15

4-модуль бойынша бақылау жұмысы (максималды балл – 50)


3-4 модульдердің қорытындысы бойынша максималды 100 балл шегінде 2-межелік бақылау балы жинақталады


3. АҒЫМДЫҚ БАҒАЛАУ

Білім алушы «Univer» жүйесі арқылы модуль бойынша әр аптаға жүктелген тақырыптарменжұмыс жасайды.Білім алушының оқу жетістіктері силлабустағыәр модуль бойынша көрсетілген балл шегінде 2-қосымшадағы бағалау критерийлері негізіндежалпы бағаланады. Бақылау модульдер аяқталған апталарда жүргізіліп, сол аптада оқытушылар «Univer» жүйесіндегі «семинар/практикалық» журналына тиісті балдарын енгізеді.

Оқытушы БӨЖ тапсырмалары бойынша білім алушының жұмысын тақырыбына сәйкес сол модульге белгіленген балл мөлшерінің белгілі-бір үлесі деңгейінде бағалайды. БӨЖ бойынша балдың үлесін тапсырмалардың күрделілігіне қарай оқытушы өзі дербес белгілейді. (мысалы: модульге 30 балл болса, 10 балы БӨЖ тапсырмасын орындаудан құралады, сондай-ақ әр модульде әр түрлі болуы мүмкін және курс саясатында әр модуль бойынша нақты көрсетіледі) Тапсырманы орындағаннан кейін модульге берілген апта ішінде оқытушы білім алушының тиісті балын «Univer» жүйесіндегі «ОСӨЖ» журналына енгізеді.

Ескерту! Оқытушы білім алушы үшін апта сайын «Univer» жүйесіне «Пәннің оқу-әдістемелік кешені» ұяшығы арқылы сабақ түрлері бойынша материалдарды жүктейді.

4. АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Емтихан бланкілі тест түрінде болады. Пәннің кредит санына сәйкес пән бойынша 300 тапсырмадан тұратын тест жинағы жасақталып, 50 тапсырмадан тұратын бірнеше вариант түрінде билет дайындалады. Әрбір сұрақтың дұрыс жауабы 2 баллмен бағаланады.

5. АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ(емтихан)

  1. Жаңартылған білім беру туралы жалпы түсінік.

  2. Жаңартылған білім беру жүйесінің терминдері және ұғымдарына шолу.

  3. «Мектепте физиканы оқыту әдістемесі» курсының мақсаттары.

  4. «Мектепте физиканы оқыту әдістемесі» курсының міндеттері

  5. Мектепте физиканы оқыту әдістемесі жайлы кейбір әдебиеттерді талдай білу

  6. Мектеп физика пәнінің білімдік, тәрбиелік, кәсіби-бағдарлық маңызы

  7. Физикалық үғымдар жүйесін қалыптастыру

  8. Жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы оқыту үрдісінде басшылыққа алынатын құжаттар.

  9. Физиканы оқытудың амқсаттары мен міндеттері.

  10. Оқушылардың физикалық ойлауы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  11. Мектептің физика курсындағы әлемнің физикалық бейнесі.

  12. Физика курсының мазмұны мен құрылымын анықтаудың принциптері.

  13. Оқыту әдістерінің классификациясы.

  14. Физиканы оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары.

  15. Физиканы оқыту құралдары.

  16. Мектептегі физика кабинеті және оның жабдықталынуы.

  17. Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс.

  18. Репродуктивтік әдіс.

  19. Проблемалық әдіс.

  20. Эвристикалық әдіс.

  21. Зерттеушілік әдіс.

  22. Физиканы оқыту үдерісін ұйымдастыру формалары.

  23. Қазіргі заманғы физика сабағы.

  24. Физика сабағының құрылымы.

  25. Физика сабағына қойылатын талаптар.

  26. Факультатив сабақтарының мақсаты, маңызы.

  27. Факультатив сабақтарының маңызы

  28. Жылдық, күнтізбелік-тақырыпты жоспарлар.

  29. Мұғалімнің сабаққа әзірлігі.

  30. Сабақты жоспарлау мақсаты.

  31. Сабақ жоспарының элементтері.

  32. Сабақты талдаудың дәстүрлі тәсілдері.

  33. Физика пәнінің мұғалімінің сабақты өзіндік тұрғыдан талдауы.

  34. Инновациялық сабақты талдау

  35. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау.

  36. Оқушылардың оқу жетістіктерін тексеру әдістері

  37. Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексерудің мақсаты мен маңызы.

  38. Оқушылардың оқу жетістіктерін тексерудің әдістері.

  39. Оқушылардың білімін бағалау критерийі.

  40. Физиканы оқыту үдерісіндегі физикалық эксперименттің маңызы

  41. Физиканы оқыту үдерісіндегі физикалық эксперименттің мақсаты

  42. Физикалық эксперименттің түрлері

  43. Демонстрациялық экспериментке қойылатын талаптар.

  44. Зертханалық жұмыстар және оларды ұйымдастырып өткізудің әдістемесі.

  45. Сыныптан тыс эксперименттің маңызы

  46. Физикалық есептердің маңызы және классификациясы.

  47. Физика есептерін шығарудың тәсілдері мен әдістемесі.

  48. Оқушыларды есеп шығаруға үйрету.

  49. Есеп шығарудың алгоритмдік тәсілдері

  50. Физика есептерін компьютердің жәрдемімен шығару

  51. Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың маңызы мен мақсаты.

  52. Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы.

  53. Физикалық сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің әдістемесі.

  54. Конференция және семинар т.ріндегі сабақтарды өткізу әдістемесі

  55. Оқулықпен жұмыс істеу

  56. Қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу

  57. Анықтамалықтармен жұмыс істеу

  58. Конспект жасап үйрету.

  59. Есеп шығару, жаттығулар орындау.

  60. Үлестірме материалмен жұмыс істеу.

  61. Баяндамалар мен рефераттар жазу.

  62. Қондырғыларды конструкциялау

  63. Факультативтер мен олимпиадалар

  64. Қолдан приборлар жасау.

  65. Экскурсия кезінде жеке тапсырмаларды орындау.

  66. Үйде орындалатын тәжірибелер мен бақылаулар жүргізу

  67. Физика бойынша білім беру жүйесіндегі механиканың алатын орны мен маңызы.

  68. Механика бөлімінің құрылымы мен мазмұны.

  69. Кинематика негіздерін оқыту.

  70. Динамика негіздерін оқыту.

  71. Механикадағы сақталу заңдарын оқыту.

  72. Механикалық тербелістер мен толқындарды оқыту.

  73. Молекулалық физика бөлімін оқытудың ерекшеліктері.

  74. Молекулалы-кинетикалық теорияның негіздері.

  75. Термодинамика негіздері.

  76. Сұйықтар қасиеттері

  77. Газдардың қасиеттері

  78. Қатты денелердің қасиеттері.

  79. Электрдинамиканы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері.

  80. Электродинамика негіздері бөлімінің құрылымы

  81. Электродинамика негіздері бөлімін оқыту ерекшеліктері.

  82. Электрдинамика негіздері бойынша оқу материалын жүйелеу.

  83. Электростатика.

  84. Тұрақты электр тогы.

  85. Әртүрлі ортадағы электр тогы.

  86. Магнит өрісі.

  87. Электромагниттік индукция.

  88. Электромагниттік тербелістер.

  89. Айнымалы ток.

  90. Электр энергиясын өндіру, жеткізу және пайдалану.

  91. Электр энергиясын жеткізу

  92. Электр энергиясын пайдалану

  93. Электромагниттік толқындар.

  94. Геометриялық оптиканың кейбір қиын үғымдарын түсіндірудің әдістемесі

  95. Оптиканың қызықты құпия сырларын оқушылардың өздігінен оқуын ұйымдастыру жолдары

  96. Толқындық оптика.

  97. Сәуле шығару және спектрлер.

  98. Салыстармалы теория элементтері.

  99. Жарықтың кванттық қасиеті.

  100. Жарық табиғаты жөнінде көзқарастардың дамуы.



  1. КУРСТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

  • пән бойынша білімді толық көлемде игеру;

  • пән бойынша құзыреттіліктерді меңгеру;

  • оқытушыларға, қызметкерлерге және білім алушыларға құрметпен және сыпайылықпен қарау;

  • силлабуста көрсетілген тапсырмаларды «өзбетінше» өзгертпеу және көрсетілген талаптарды сақтау; 

  • сабақ кестесіне сәйкес оффлайн режимдерінде оқытуға қатысу;

  • пәнді өткізу үшін қажетті ақпараттық (техникалық) құралдармен жұмыс жасау дағдысын меңгеру және техникалық талаптарды сақтау, ақпаратты шынайы және сенімді көздерден алу; 

  • БӨЖ тапсырмаларын оқытушының жеке кестесінде көрсетілген мерзімде орындау және пән оқытушысымен кері байланыста болу;



1-қосымша

Бағалау шкаласы


Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе бойыншабағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24


2-қосымша

Модульдер бойынша ағымдық бағалау критерийлері:


Баға

Критерий

10 б

20 б

30 б

40 б

50 б

60 б

А

Оқытылған материал бойынша терең әрі толық білімді; қарастырылып жатқан ұғымдардың, құбылыстар мен заңдылықтардың, теориялардың, олардың өзара бйланысының мәнін толық түсінуді көрсете біледі. Оқытылған материал негізінде толық әрі дұрыс жауапты құрастыра біледі; негізгі ережелерді белгілеп, жауапты нақты мысалдармен және деректермен толықтыра алады; қорытындыны жалпылау, дәлелді талдау жасай алады. Пәнаралық және пән ішіндегі (бұрын алынған білім негізінде) байланыстарды орната біледі. Түсіндіруде шығармашылық қабілетін танытады.

10

19-20

29-30

38-40

48-50

58-60

А-

Сұрақтың мазмұны бағдарламаның талаптарына сәйкес толық, жүйелі түрде баяндай алады. Бағдарламада ұсынылған негізгі және қосымша әдебиетті терең игерген, өз ойын жеңіл түрде мазмұндай біледі. Талқыланып жатқан мәселеге кең, әрі жан-жақты талдау жасай біледі. Елеулі нақты қателердің болмауы. Қорытындысы дәлелді және нақты материалға негізделген. Жауап беру кезінде білім алушының өздігінен түзетілген, сұраққа байланысты тақырыптан 1-2 жеңіл-желпі үйлеспеушілік пен қателердің бар болуы.

9

18

27-28

36-37

45-47

54-57

В+

Оқытылған материалды толық біледі. Оқытылған теориялар негізінде толық әрі дұрыс жауаптың болуы; оқытылған материалды баяндауда, ұғымдарға анықтама беруде, ғылыми терминдерді қолдануда немесе қорытынды жасауда кейбір үйлеспеушілік пен қателердің болуы. Студент жіберген қателерін оқытушының көмегімен түзете алады. Жалпы оқытылған материалды меңгеріп, нақты мысалдармен дәлелдей алады.

8

17

26

34-35

43-44

51-53

В

Оқытылған материалдардан негізгі ережелерді өз бетімен атап көрсете біледі; негізгі ережелердің мағынасын аша алады, жауабында логикалық, жүйелі бірізділік бар. Дәлелдер мен мысалдар негізінде жалпылау, қорытынды жасай білу, пән ішіндегі байланыстарды орната білу. Практикада алған білімді, ғылыми терминдерді қолдана білу. Бірақ әдебиетпен, оқулықпен жұмыс істеуде жеткілікті дағдысы жоқ. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алады.

7

16

24-25

32-33

40-42

48-50

В-

Жалпы студент берілген сұраққа дұрыс жауап береді, бірақ жауап беру үдерісінде маңызды басты деректердің жоқтығы, негізгі материалды меңгергенімен, оны саралай талдауда қиналып, мысалдармен нақты дәлелдей алмайды. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алады.

6

15

23

31-32

38-39

45-47

С+

Жауабы толық, бірақ жүйелі емес. Жауабында тақырыпқа байланысты елеулі ауытқулар бар. Негізгі ұғымдарды анықтауда жіберген қателерін түзетуге қиналған жағдайда қойылады.

5

14

21-22

28-30

35-37

42-44

С

Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, тақырыптың, негізгі ережелердің мағынасын кеңінен аша алмайды. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды

4

13

20

26-27

33-34

39-41

С-

Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, жауабында негізгі ережелерді ерекшелей алмайды, сұрақтың басты идеялары ашылмайды. Сөздік қорының жеткіліксіздігі, материалды толық меңгермегендігі байқалады.

3

12

18-19

24-25

30-32

36-38

D+

Көптегенмаңыздыфактілеркелтірілмейді, қорытындыжасалмайды; фактілерқарастырылыпжатқанмәселегесәйкескелмейді, оларсалыстырыпқарастырылмайды; негізгімәселенікөрсетеалмау (қатеболса да). Көпелеуліқателер бар. Студент жауабындаталқыланыпжатқанмәселеніңіргелі, әрінегізгімәселелерменбайланыстүсінігініңжоқтығы. Білімалушыоқытушыныңкөмегіненкейінғанажауабынтүзетуі.

2

11

17

22-23

28-29

33-35

D-

Студент нашар жауап береді, тақырыпты толық меңгермеген, жауаптарында елеулі қателер байқалады. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды.

1

10

15-16

20-21

25-27

30-32



Қанағаттанарлықбағалаудықайтаданөткізумүмкіндігі

0

5-9

8-14

10-19

13-24

15-29

F

Студент өте нашар жауап береді, сұрақтың мағынасын түсінбейді. сөйлеу мәнері төмен, көптеген қателер байқалады. Оқытушының жетекші сұрақтарын түсінбейді. Оқу материалын меңгермеген жағдайда қойылады.

0

0-5

0-7

0-9

0-12

0-14


написать администратору сайта