10 сынып қ тарих тест тапсырмалары. 1. Жер бетінде 4035мы жыл брын мір срген адам
Скачать 46.19 Kb.
|
1 – нұсқа 1. Жер бетінде 40-35мың жыл бұрын өмір сүрген адам: А) "Епті адам" В) Питекантроп С) Синантроп D) "Тік жүретін адам"Е) "Саналы адам" 2. Ең ежелгі "епті адамның" мөлшермен өмір сүрген мерзімі. А) 1 млн жыл бұрын В) 500-200 мың жыл бұрынС) 1 млн. 750 мың жыл бұрын D) 40-35 жыл бұрын Е) 100-35 мың жыл бұрын 3. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі А) Көшпелілер В) Тайпалық С) Қауымдастық D ) Тобыр Е) Рулық 4. “Теле сөзінің мағынасы. А) Ұйғыр В) Қарлұқ С) Түрік D) Оғыз Е) Қимақ 5 Х ғасырдың 2-ші жартысында қимақтардың жеріне шабуыл жасаған мемлекет А) Қарахан В) Қарлұқ С) Оғыз D) Қыпшақ Е) Найман 6. Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр: А) б.з.б ІV ғасырдың басы В) б.з.б ІІІ ғасырдың аяғы С) б.з.б. V ғасырдың басы D) б.з.б. І ғасырдың ортасы E) б.з.б. VІ ғасырдың басы 7. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, Қазақстанда, ертедегі діни наным дәстүрлері кең тараған аймақ: А) Батыс В) Жетісу С) Шығыс D) Слтүстік Е) Сібір 8. ХШ ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстанда мұсылман дінінің кең етек жая бастауына байланысты жарық көрген “Жүсіп-Зылиқа” атты поэманың авторы А) Әбу Бәкір В) Әбу Бируни С) Әли D) Ахмет Жүгенеки Е) Ахмет Яссауи 9. Қазақстанға жойқын жорықтар ұйымдастырған Жоңғарияның мақсаты: А) Қазақ жасақтарын әлсіретіп, құрту В) Бір мезгілде қазақтармен және Ресеймен соғысу С) Қазақтармен экономикалық, сауда байланыстарын орнату D) Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату Е) Жоңғар әскерінің басымдығын көрсету 10. 1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы : А) И.Кириллов В) В.Татищев С) А.Тевкелев D) Зернов Е) В.Степанов 11. Қытайлар қазақ шекарасына осы ханның тұсында басып кірді А) Тәуке ханның В) Абылайдың С) Әбілхайыр D) Қайып Е) Әбілмәмбет 12. Е.Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ жүздері А) Ұлы және Кіші жүз В) Кіші және Орта жүз С) Орта және Ұлы жүз D) Барлық үш жүз Е) Тек Кіші жүз 13. Игельстромның жоспары бойынша Кіші жүздегі билік берілді А) Хандық кеңеске В) Шекаралық сотқа С) Орынбор әкімшілігіне D) Старшындар тобына Е) Аға сұлтанға 14. 1837 жылы қазанның 15 де Исатай мен Махамбет бастаған қол Теректіқұмда кімнің ауылын ойрандады А) Баймағамбет сұлтанның В) Жәңгір ханның С) Балқы бидің D) Табылды Шерғазыұлы сұлтанныңЕ) Нұртазғани сұлтанның 15. Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді А) сұлтандар сотын В) хандық сотты С) қазылар сотын D) халық сотынЕ) имандар сотын 16. )Мәтінде XVIII ғ. Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстарының дамуынан үзінді келтірілген. Қазақ-Ресей саудасының ерекшеліктері арасында қатесін табыңыз: “Қазақтардың Ресеймен сауда жасайтын негізгі орындары шекара шебінегі Орынбор,Троицк,Петропавл,Омбы,Семей және Өскемен ... болды. Қазақ-Ресей саудасының өзіндік ерекшеліктері бар еді,... айналымдағы ақша қазақтарда аз еді. Сауда бірлігі ісек қой саналды. ... Ресей саудагерлері аз уақыттың ішінде-ақ байып шыға келді. Мысалы,бағасы 75 тиын тұратын 18 метр кенепті бір жылқы мал өгізге айырбас жасады.Ал ол жылқы мен өгізді Ресейге алып барып,12-15 сомнан сатты» А) Сауда жасайтын негізгі орындар округтік приказдар болды. В) Мал бағуға бағуға рұқсат беру С) Сауда жасауға берілген салық төлеу приказдары Д) Құрал саймандарға баж салығын төлеу приказдары Е) Сауда саттық тек қалаларда ғана жүргізілсін деген приказ 17. Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз. «1991 ж 21желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 30 минутта тәуелсіз мемлекеттердің басшылары Қазақстан Президентінің резиденциясында жиналдыү М.С.Горбачев бұл жиынға шақырылған жоқ.Сағат 15-ке қарай күні бұрын дайындалған құжаттарды талқылау аяқталды.Жергілікті уақыт бойынша сағат 17-де 11 республиканың басшылары мәжілістің қорытынды құжаттарына қол қойды.Осы уақыттан бастап КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты...» А) КСРО –ның құрылуы В)ТМД-ның құрылуы С) ҚазАКСР-ның құрылуы Д) ТЖМК-ның құрылуы Е) Ұлттар Лигасыныңы құрылуы 18. ) Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз. «Бұл күн 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алудың 5 жылдығымен тұспа-тұс келді.Алматыда өткен митингіде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев , академик С.Зиманов,желтоқсан оқиғасына қатысқандар, алыс және жақын шет елден келгендер сөз сөйледі. «1986 ж. Желтоқсанда екі күш-жас,қатайып үлгермеген демократиямен тоталитарлық жүйе қақтығысты» деді митингіде сөз сөйлеген М.Шаханов. Алматыдағы оқиғалардан соң көптеген демократиялық бой көрсетулер болып өтті, тоталитарлық жүйе қүйреді» А) Қазақстанның БҰҰ кіруі В) Қазақстанда Шанхай бірлестігіне енуі С) Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы Д) Қазақстанның Ассамблеясының құрылуы Е) «Мәдени-мұраның »жариялануы 19. ) Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз. «Хан 1368-1369 жж. Өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырды. Ол 1374-1375жж.Еділ бойына қарай жорық жасап,Алтын Орданың астанасы Сарайды,Қажы-Тарханды алып,Кама бұлғаларын бағындырды.Бірақ Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жеңе алмады» А)Ақ Орданың Алтын Ордадан мүлдем оқшаулануы. В) Моғолстанның Қазақстанға әскери көмек беруі С) Әбілхайыр хандығынан Қазақстанның бөлініп шығуы Д) Шайбанилердің қазақ жеріне баса көктеп енуі Е) Қасымханның жедел саясаты 20. Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаның жағымсыз салдарының ішінде қате берілгенін анықтаңыз. «Көрсеткішті жоғарлатып көрсету үшін орасан зор аумақ жыртылды.Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы ауыр салдарға әкеліп соқты:топырақ эрозиясы күшейді.Егін үшін жыртылған миллиондаған жер шабындық жайылымдық алқаптардың көлемін тарылтты.Мыңдаған гектар жерлер елді мекен салуға тартып алынып, олардың инфроқұрылымын жүргізу үшін құнарлы жерлердің елеулі көлемі бөлінді.Нәтижесінде ауыл шаруашылығы орны толмас шығынға ұщырады. Қазақ халқының әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне оның мәдени құндылықтарына «жоғарыдан» менсінбей қараушылық орын алды.» А) Өнердің дамуы В) Малшаруашылығының төмендеуі С) Еңбек өнімдерінің артуы Д) Сауданың дамуы Е) Дәнді дақылдар өндірісінің төмендеуі. 2 – нұсқа 1. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі А) Қола дәуірі В) Темір дәуірі. С) Рулық тайпалық кезең. D) Андронов кезеңі Е) Тас дәуірі 2. Полеолит дәуіріне жататын еңбек құралдары табылған өңір. А) Алтай өңірі В) Алатау өңірі С) Жамбыл обылысы D) Алматы обылысы Е) Орталық Қазақстан жері 3. Ежелгі адамдардың жіп орнына пайдаланған заттары А) Шөп тамырлары В) Жануарлардың сіңірлері С) Жануарлар жүнін иіру арқылы D) Жануарлар ішектері Е) Ағаш қабықтары 4. Түріктердің шаруашылығы А) Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы В) Аңшылық С) Балық аулау D) Егіншілік Е) Ешқандай шаруашылықпен айналыспады 5. Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі: А) қытай немесе болгар бұрышы В) қызанақ С) пияз D) сәбіз E) орамжапырақ 6. Бабаджа-қатын мен Айша-бибі кесенелері жақын орналасқан қала А) Тараз В) Сығанақ С) Отырар D) Алмалық Е) Испиджап 7. Арабтардың «дін үшін соғыс» деген ұранмен көрші елдерді жаулап ала бастаған уақыты: А) 520 ж. В) 620 ж. С) 633 ж. D) 533 ж. Е) 733 ж. 8. Ғұлама Әл Фараби туған қала: А) Сығанақ В) Отырар С) Тараз D) Испиджаб Е) Құлан 9. 1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға соққы беру мәселесін талқылаған жер: А) Қарақұм В) Ұлытау С) Ордабасы D) Сарыарқа Е) Түркістан 10. Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген: А) Әбілпайыз В) Қайып С) Әбілмәмбет D) Барақ сұлтан Е) Нәдір шах 11. Абылайдың Қытай билігін мойындаған жылы А) 1740ж В) 1745ж С) 1757ж D) 1761ж Е) 1763ж 12. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына түрткі болған А) Саяси мәселелер В) Діни мәселелер С) Жер мәселесі D) Хандық биліктің жойылуы Е) Әлеуметтік мәселе 13. 1797 жылы 17 наурызда С.Датұлы тұтқиылдан шабуыл жасады А) Әскери бекіністерге В) Хан сарайына С) Жазалаушы тобына D) Казак әскеріне Е) Қарабай сұлтанның жасағына 14. Бөкей Ордасындағы 1842 жылғы көтерілістің басшылары А) И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы В) А.Қошайұлы мен Л.Мантайұлы С) Қ.Өтемісұлы мен Б.Сарұлы D) Жоламан Тіленшіұлы мен Е.Көтібарұлы Е) И.Тіленбайұлы мен Д.Тәжіұлы 15. Кенесары қай жылы хандық билікті қолына алды? А) 1839 ж В) 1841 ж С) 1843 ж D) 1845 ж Е) 1847 ж 16. ) Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаға Н.Ә.Назарбаевтың көзқарасы. «Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет елдің экономикалық және саяси суреттей келіп, барлық кінәні реформа саясатына аударып,кеңес халқына үндеу тастады.Үндеу өткен уақыттың дақпыртты ұрандарымен көмкеріліп ,аяғында өздігінен құрылған комитетке жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды.ТЖМК-ның №1 қаулысы бойынша...одақтық және автономиялы республикалар,өлке,облыс,қала,аудан, кенттер және ауылдар төтенше жағдай тәртібін мүлтіксіз орындауға міндеттенді. Осы қаулы негізінде саяси партия,қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылды, митинг,шеруге шығу,ереуіл жасауға тыйым салынды» А) ТМД-ның құрылуын қолдамады В)ТЖМК-ны қолдамайтынын жариялады. С) Шаңхай үйымына бірігуді қолдамады. Д) БҰҰ на бірігуді қолдамады Е) ТЖМК-ны қолдайтының жариялады 17. ) «Мәдени мұра»мемлекеттік бағдарламасының Қазақстан тарихы үшін маңыздылығын анықтаңыз. «Қазақстан Респуб. Президенті Н.Ә.Назарбаев 2004 жылғы 13 қаңтарда «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды. Бағдарлама қабылданғаннан кейін тарих пен мәдениеттің 51 ескерткіші қайта жаңғыртылып, Қазақстан аумағындағы 39 қалашық, қоныс,тұрақ, обалар мен қорғандарда маусымдық археологиялық зерттеулер жүргізілді.Қытайға, Түркияға, Монғолияға,Ресейге,Жапонияға, Египетке, Өзбекстанға,Арменияға, АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне 15 ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, Қазақстан тарихы, этнографиясы,елдері жөнінде бұрын белгісіз болып келген 5000-ға жуық қолжазбалар мен басылымдар табылды. А) Қазақстанда Ғылым Академиясы енгізілді В) Жоғарғы оқу орындардың көптеп ашылуы С) Ғылыми экспедициялардың көптеп ашылуы Д) Тың деректер зерттеліп, ғылыми айналымға енгізілді. 18. Мәтінде сипатталған тарихи үрдісті анықтаңыз. «Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды. Үңгірлерді тазалап күтті, тамақ дайындады, жеуге қажетті жеміс-жидекті терді. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды... Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Ұжымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді.Жер, баспана,еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп, орманда аң аулады, балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті. Әйелдер мен балалар жеміс-жидек жинады, еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдар аулады. Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті мысалы , найзаны кез келгені пайдалана алды.» А) Аталық рудың дамуы В) Аналық рудың шығуы С)Рулық қауымның шығуы. Д) жеке меншіктің шығуы Е) тайпалық одақтың шығуы 19. )Мәтінде сипатталған тарихи үрдіске тән емес белгі. «Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды. Үңгірлерді тазалап күтті, тамақ дайындады, жеуге қажетті жеміс-жидекті терді. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды... Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Ұжымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді.Жер, баспана,еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп, орманда аң аулады, балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті. Әйелдер мен балалар жеміс-жидек жинады, еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдар аулады. Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті мысалы , найзаны кез келгені пайдалана алды.» А) Жеке меншіктің үстемдігі. В) Кәсіпкерліктің арттуы С) Еңбек өнімдерінің артуы Д) Салықтың пайда болуы Е) Сыртқы сауданың арттуы 20. Мәтінде сипатталған тарихи үрдістің орын алған кезеңі. «...адамзат қоғамының даму қарқыны артты. Адамдар жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен кәсібі және тоқымашылықпен айналыса бастады.» А) Энеолитте В) Палеолитте С) Мезолитте Д) Темір дәуірінде Е)Неолитте 3 – нұсқа 1. Адамдардың дән үккішті ойлап тапқан кезеңі А) Полеолитте В) Мезолитте С) Қола дәуірінде D) Неолитте Е) Темір дәуірінде 2. Тас өңдеу биік деңгейге көтерілген кезең А) Орта полеолит В) Кейінгі полеолит С) Неолит D) Ерте полеолит Е) Мезолит 3. Жаңа тас ғасыры қамтитын кезең А) б.з.б.5-3 мың жыл В) б.з.д.7-5 мың жыл С) б.з.д. 3-2 мың жыл D) б.з.д.2-1 мың жыл Е) б.з.д.12-5 мың жыл 4. Бумын елді қай кезеңде басқарды. А) Монғол В) Түрік С) Қазақ D) Батыс түрік Е) Қарлұқ 5 Будда ғимараттарының орны табылған жер А) Сығанақ,Испиджап В) Тараз,Түркістан С) Отырар,Тараз D) Ақбешім,Суя Е) Түркістан,Сығанақ 6. Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел: А) Византия В) Соғды С) Үндістан D) Иран E) Жапония 7. 714 жылы Шашты басып алған араб қолбасшысы: А) Күтейба ибн Муслим В) Насыр ибн Сейяр С) Хаукәл D) Фадлан Е) Масуди 8. Қараханидтер дәуірінің жаңа қалыптаса бастаған әдебиетінің өкілдерінің бірі, көрнекті ақыны А) Ахмет Иүгнеки В) Жүсіп Баласағұн С) Ахмет Яссауи D) Әли Е) Юсуф Хамадани 9. 1723 ж. Жоңғарияның барлық күш - қуатын қазақ еліне қарсы жұмсауға мүмкіндік алуының себебі: А) Қазақ феодалдарының өз ара қырқысы В) Қазан, Хиуа хандықтарының қазақ жеріне шабуылы С) Цин императоры Кансидың өлімі D) Қазақтардың қарақалпақтар мен өзбектерге қарсы күресте әлсіреуі Е) Цин империясының қазақ жеріне шабуылы 10. Башқұрттардың көтерілісін басуға патша үкіметі Кіші жүз жасақтарын: А) 1731-1734 жылдары В) 1735 - 1737 жылдары С) 1737 - 1738 жылдарыD) 1738 - 1739 жылдары Е) 1739 - 1740 жылдары пайдаланды. 11. Абылай хан жерленген қала: А) Созақта В) Таразда С) Ташкентте D) Сығанақта Е) Түркістанда 12. Е.Пугачев әскерімен бірге Орынборда қоршауға қатысқан қазақтар саны А) 50 В) 150 С) 200 D) 250 Е) 350 13. 1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды А) Нұралы В) Есім С) Ералы D) Досалы Е) Айшуақ 14. Патшаны қолдаушылардың ұйымдастыруымен Н.Өтемісұлы өлтірілді А) 1838 жылы В) 1842 жылы С) 1846 жылы D) 1848 жылы Е) 1849 жылы 15. Кенесары Қасымұлы көңіл бөлген шаруашылық саласы: А) мал шаруашылығы В) құрылыс саласы С) егіншілік D) сауда Е) қолөнер 16. )Мәтінде сипатталған тарихи үрдісті жүзеге асыру үшін қажет еткен жағдай . «...адамзат қоғамының даму қарқыны артты. Адамдар жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен кәсібі және тоқымашылықпен айналыса бастады.» А) Металл өнімдерін өндіру В) Мал шаруашылығының едәуір жетілуі С) Еңбек құралдарын едәуір жетілдіруді. Д) Жеке меншіктің дамуы Е) Егін шаруашылығының артта қалуы 17)Мәтінде сипатталған тарихи үрдісті анықтаңыз. «...адамдар табиғат сыйына тәуелділіктен құтылды. Олар өмір сүруге қажетті азық-түлікті өздері өндірді» А)Өндіргіш шаруашылықтың қалыптасуы. В) Мал шаруашылығының қалыптасуы С) Қолөнердің дамуы Д) Егін шаруашылығының дамуы Е) Шикізат өнімдерін өндіруді қалыптастыру 18)Мәтінде сипатталған археологиялық мәдениеттің орналасқан аумғын анықтаңыз. «Осы мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Әдетте, ұйлердің қабырғалары бір-бірімен балшықпен байланыстырылып, ірі тастардан қаланған. Ішкі және сыртқы беттеріне тастың тегіс жағы қаратылған.» А) Оңтүстік Қазақстан В) Орталық Қазақстан. С) Солтүстік Қазақстан Д) Батыс Қазақстан Е) Шығыс Қазақстан 19)Мәтінде сипатталған жағдайдың себебінен дала тұрғындарының шаруашылығына енген өзгеріс. «Табиғатта құрғақшылық бет алып, жауын-шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады. Бұлақтар суалып , өзендер тартылып қалды. Бұл малмен күн көріп отырған тайпалардың жаңа өріс іздеуіне ықпал етті. А) Отырықшы мал шаруашылығына өтті В) Жартылай көшпелі мал шаруашылығына өтті С) Суармалы шаруашылыққа өтті Д) Көшпелі мал шаруашылығына өтті. Е) Маусымдық мал шаруашылығына өтті 20)Мәтінде сипатталған Моғол хандығындағы жоғары лауазымды атаңыз. «Моғол хандығының тағына дұғлат Хұдайдат... өзінің айтқанын істейтін хан тұқымынан алты рет өз адамдарын отырғызған. Хан билігі де рулық-тайпалық бай-феодалдар еркіне байланысты болған. Биліктің мұндай жағдайда жүргізілуінің өз ханның бай-шонжарларға экономикалық жағынан тәуелділігін де көрсетті.» А) Ұлысбегі В) Күнбегі С) Беклербек Д) Саудагар Е) Жиһакез 4 – нұсқа 1. Ең ежелгі адамның еңбек құралы А) Садақ В) Бумеранг С) Үшкір тас D) Найза Е) Болас 2. Алағашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі А) Тайпалық В) Малшылар қауымдастығы С) Тері илеушілер мен егіншілер ұйымы D) Өндірістік ұжым Е) Рулық 3. Орта тас ғасыры қамтитын кезең А) б.з.б.1 млн. 750 мың жыл бұрын В) б.з.б. 5-3 мың жыл бұрын С) б.з.б. 75-12 мың жыл бұрын D) б.з.д.7-5 мың жыл Е) б.з.б.12-5 мың жыл 4. Түрік қағанатының екіге бөлінген уақыты. А) 603ж В) 604ж С) 605ж D) 606ж Е) 607ж 5 Х ғасырда Қимақтарда тараған дін А) христиан В) ислам С) манихей D) зороастра Е) будда 6. Византия шеберлерінің жасаған күміс құмыралар табылған қала: А) Отырар В) Испиджаб С)Түркістан D) Тараз E) Талғар 7. Х ғасырда ислам дінін алғаш рет мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекет: А) Қарлұқ В) Қыпшақ С) Қарахан D) Оғыз Е) Түргеш 8. Яссауидің Бұқар қаласында діни білім алуына көмектескен ғұлама А) Жүсіп Баласағұнның В) Әли ақынның С) Жүсіп Хамаданидың D) Арыстан бабаның Е) М.Қашқаридың 9. Қазақ халқының қасіреті болған «Ақтабан шұбырынды»: А) XVII ғ. 40 жылдары В) XVIII ғ. Ортасы С) XVIII ғ. 20 жылдары D) XVIII ғ. 30 жылдары Е) XVIII ғ. 40 жылдары 10. 1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген мемлекет: А) Хиуа хандығы В) Қытай С) Жоңғария D) Иран Е) Ресей 11. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам А) Тәтіқара В) Үмбетей С) Бұқар жырау D) Асан қайғы Е) Доспамбет жырау 12. Патша үкіметінің Жайық бойында мал жаюға тыйым салынған үкімі жарық көрген жыл: А) 1740 жылы қараша В) 1741 жылы маусым С) 1742 жылы қазан D) 1743 жылы қыркүйек Е) 1745 жылы ақпан 13. С.Датұлы бастаған көтерілісі созылды: А) 15 жылға В) 14 жылға С) 13 жылға D) 12 жылға Е) 11 жылға 14. 1837-1847 жылдары болған ұлт-азаттық көтерілістің басшысы А) М.Өтемісұлы В) С.Датұлы С) К.Қасымұлы D) Ж.Нұрмұхамедұлы Е) Ж.Тіленшіұлы 15. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің негізгі мақсаттарының бірі А) Хан тұқымдарына жеңілдік алып беру В) Патша үкіметінің салық саясатына қарсылық С) Батыс Сібір генерал-губернаторының орнынан алу D) Патша өкіметін құлату Е) Патша өкіметінің қазақтарды отарлауын 16. Мәтінде қай тарихи оқиға сипатталғанын анықта. «Асан Қайғы Жерұйықты іздеп, Жетісуда болған кезінде «жетісудың ағашының басы жеміс екен» екі сұлтан келіп ораналасқан жер Шу тарылы «Ей, Шу атында теріс қойыпты, мынау ну қамысың еліңді ешбір жұтқа бере қоймас.» А) Керей мен Жәнібектің Шайбанилардің жерлеріне көшіп келуі В)Керей мен Жәнібектің Моғолстанның батыс аймағына көшіп келуі С) Керей мен Жәнібектің Моғолстанның шығыс аймағына көшіп келуі Д) Керей мен Жәнібектің Моғолстанның солтүстік аймағына көшіп келуі Е) Керей мен Жәнібектің Моғолстанның орталық аймағына көшіп келуі 17)Қай тарихи оқиғаның зардаптары туралы айтылғанын белгілеңіз. «Бұл жорықтардың Қазақстан үшін ондағы өмір сүрген ру-тайпалар үшін адам айтқысыз ауыр зардаптары болды. Біріншіден, бұл аймақтарда өмір сүріп жатқан халықтардың шаруашылығы мүлдем күйреді. Елдер арасындағы байланыс үзілді. Халық қырғынға ұшырап, қолға түскендерді құлдыққа айдалып,Орта Азияның қалаларының базарларында сатуға түсті. Қалалар қирады, өртелген қалалардың күлі ғана қалды. Шапқыншылықтың салдарынан ауа көшу, қоныс аудару күшейді. Оның әсері бір жұрттың халық болып қалыптасу жүйесін бұзды.» А) Жоңғар шапқыншылығы В) Моңғолдардың шапқыншылығы С) Ілияс Қожаның шапқыншылығы Д)Әмір Темір шапқыншылығы Е) Шыңғыс ханның шапқыншылығы 18)Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз. «Бетпақты жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай аттанып, оны қоршауға алды. Бірақ халық қаланы жан аямай қорғайды. Қаланы ұзақ уақыт қоршаудан қалжыраған моғол әскерлерінің мініс аттары жамандат індетінен қырыла бастайды. Қаланы алудың мүмкін еместігіне көзі жеткен хан Моғолстанға қайтуға мәжбүр болған. Сөйтіп Шағатай ұлыс кезіндегі билікті қайта қалпына келтіру ісінің алғашқы қадамы сәтсіздікпен аяқталады.» А) Әмір Темір мен Ильяс Қожа арасындағы күрес В) Әмір Темір мен Есен Бұға арасындағы күрес С) Әмір Темір мен Шайбанилер арасындағы күрес Д) Әмір Темір мен Хақназар хан арасындағы күрес Е) Әмір Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы күрес 19)Мәтінге қарап, Әбілқайыр ханның жаулаушылық соғыстарының бағытын анықтаңыз. «... ол алдымен өзінің қарсыластары Махмуд-қожа ханды, маңғыт әмірі Уақас биді жеңіп, өзіне қаратады. XV ғ 40-жылдарында Балқаш өңірінің терістік батыс жағын өз иелігіне қосады. Әбілқайыр хан көп уақыты мен күш жігерін жұмсаған жер ақ орда жерінің оңтүстік аудандары- Сыр өңірі мен Қаратау аймақтары болған» А) Батыс Сібірден Солтүстікке қарай В) Батыс Сібірден Орталыққа қарай С)Батыс Сібірден Оңтүстікке қарай Д) Батыс Сібірден Шығысқа қарай Е) Батыс Сібірден Батысқа қарай 20)Мәтінде сипатталған «інжу» терминінің мағынасын анықтаңыз. «Осы жерлер «інжу» деп аталған. Ол «жасау» деген мағынаны берген . Жерден немесе онда тұратын халықтан түсетін алым-салық інжу болып, ханның қазынасына немесе оның ұрпақтарының қолына түсетін. Інжулік иеліктер хандық өкіметтің немесе ұлыстың орталығы орналасқан шұрайлы жерлерінде болған. Мысалы, Алтын Орда хандарының інжулік жерлері Еділ бойында болса, Шағатай мемелекетінің інжулік жерлері Шу,Іле,Талас алқаптарының шұрайлы өңірлерін алып жатқан» А) Ханның иелігіндегі жер В) Уәзірлердің иелігіндегі жер С) Діндарлардың иелігіндегі жер Д) Қарапайым халықтың иелігіндегі жер Е) Бай шонжарлардың иелігіндегі жер 5 - нұсқа 1. Ежелгі "Тік жүретін адам" өкілі А) "Епті адам" В) Синантроп С) Кромонондық D) "Саналы адам" Е) Неандертальдық 2. Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің бес мыңдай еңбек құралдарының бәрі: А) Қашау мен үшкір заттар В) Келі, балталар С) Қайла мен чопперлерD) Келілер мен чоппингтер Е) Дәнүккіштер мен сыналар 3. Мезолиттің хронологиялық шеңбері А) б.з.д. 12-5 мың жылдықтар В) б.з.д. 40-30 мың жылдықтар С) б.з.д. 30-20 мың жылдықтар D) б.з.д.20-12 мың жылдықтар Е) б.з.д. 140-40 мың жылдықтар 4. Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы. А) Суяб В) Сығанақ С) Мыңбұлақ D) Күнгіт Е) Испиджаб 5 Қарахан мемлекетінің негізін Сатұқ Боғра хан қалаған жыл А) 941ж В) 942ж С) 955ж D) 456ж Е) 457ж 6. Қытай императоры У-Дидің 138ж. Жібек жолы арқылы Батыс елдеріне жіберген елшілігі қайтып оралды: А) 13 жылдан кейін В) 15 жылдан кейін С) 10 жылдан кейін D) 18 жылдан кейін E) 5 жылдан кейін 7. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Х ғасырдағы қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығын жазған араб ғалымы: А) Хаукәл В) Масуди С) Әл – Макдиси D) Әл- Марвази Е) Идриси 8. Ислам дінін уағыздаушы, орта ғасырлық белгілі ақын, ел ішінде Хакім ата атанған: А) Сүлеймен Бақырғаниды В) Ахмет Яссауиді С) Жүсіп Хамаданиді D) Арыстан баба Е) Ж.Баласағұни 9. Жоңғардың қалың қолы Қазақстанға тұтқиылдан басып кірген жыл: А) 1723 жылы В) 1724 жылы С) 1726 жылы D) 1727 жылы Е) 1729 жылы 10. Өзінің зардабы жағынан жоңғарлардың «Ақтабан шұбырындыдан» кем түспейтін шабуылы қай жылдары болды? А) 1730-1731 жыл В) 1737-1738 жыл С)1741-1742 жыл D) 1743-1744 жыл Е)1748-1749 жыл 11. Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты А) Әбілмансұр В) «Алапай» С) «Сабалақ» D) «Қожалақ» Е) Дарабоз 12. Е.Пугачевтің үндеуін қолдаған Орта жүздің би А) Мөңке В) Доспамбет С) Базарбай D) Дәуітбай Е) Сегізбай 13. Сырым Датұлы көтерілісінің нәтижесі А) Патша өкіметінің отарлау саясаты әлсіреді В) Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді С) Кіші жүздер 1797 жылы хандық билік жойылды D) Орыс-казак әскерінің қысымы жойылды Е) Ру аралық қайшылықтар ұмытылды 14. 1836 жылы Кенесарының ағасы Саржанды өлтіруге бұйрық берген хан: А) Қоқан ханы В) Бұқар әмірі С) Хиуа ханы D) Ташкент билеушісі Е) Ноғай ханы 15. XIXғ. 20-30 жылдарында Сыр өзені бойында бекініс тұрғызған мемлекет: А) Хиуа хандығы В) Бұхар әмірі С) Қоқан хандығы D) Ташкент билеушісі Е) Ресей 16)Мәтінде кездесетін сойырғал терминіне мағынасы жағынан ең жақын сөзді анықтаңыз. «Ұрыс ханның әскербасыларының бірі Ұрық-Темір 1377-1378 жылдары Тоқтамыспен бірге Самарқандағы Әмір Темірге қашып кеткенде оған сойырғалға берілген жер қайтарылып алынып, Тойшы деген әскербасыға берілген. Жерді бөлу және оны біреуге беру тек ханның билігінде болды.» А) Иқта В) Сойырғал С) Милк Д) Райаттар Е) Вакф 17)Мәтіндегі қазақтардың үш жүзі туралы сипаттаманы оқып, дұрыс емес жауапты анықтаңыз. «Жүз бірнеше ұлыстан құралады.Сондықтан жүздің басшысы, қызметі би атағының ең биік деңгейі. Қазақ жүздері шамамен алғанда XV-XVI ғасырда тайпалардың одағы негізінде жер жағдайына байланысты қалыптасты... Қазақтың бұл үш жүзі бүгінгі таңдағы алып жатқан кең-байтақ жерімізді сыртқы жаудан қорғап,бізге қалдырды. Үш жүздің билері мемлекеттік мәселелерді шешуге ханға көмектесіп, ақыл-кеңес беріп отырған.» А) Жүздерді тек ақ сақалдар өкілдері ғана басқаруга құқылы болған. В) Жүздерді тек билер өкілдері ғана басқаруга құқылы болған. С) Жүздерді тек ақсүйек өкілдері ғана басқаруга құқылы болған. Д) Жүздерді тек уәзілер өкілдері ғана басқаруга құқылы болған. Е) Жүздерді тек сұлтандар өкілдері ғана басқаруга құқылы болған. 18) Мәтінде қай екі батыр туралы сипатталғанын анықтаңыз. «Бұл екі батыр да Арал теңізінің төңірегіндегі орасан зор кеңістікке көшіп-қонып жүретін үлкен ру-шектіден шыққан... Бұл екі батыр Кенесары Қасымұлы қайтыс болып, тарих сахнасыгаг кете салысымен-ақ шекті руын өздерінің ықпалын көрші руларға да күшейтуге, кеңінен таратуға тырысты. Орынбор басшылығының жиырма жыл бойы осындай беделді адамдармен санасуына тура келді.» А) Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы В) Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Саржан Қасымұлы С) Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Сырым Датұлы Д) Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Н.Жанжігітұлы Е) Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Арыстан Жантөреұлы 19)Мәтінде сипатталған тайпаларды анықтаңыз. «Олар 1141 жылы Самарқан қаласына жақын жатқан Қатуан даласында болған шайқаста салжұқтар мен қарахан әскерлерін ойсырата жеңеді. Бұхара қаласын, Мауараннахрдың орта бөлігін толығымен жаулап алады. Мұнда ескеретін жағдай, олар Қарахан мемлекетінің ішкі басқару жүйесіне ешбір өзгеріс енгізбеген.» А) Наймандар В) Үйсіндер С) Оғыздар Д)Қарақытайлар Е) Қарахандықтар 20. Мәтінде айтылған тарихи еңбекті атаңыз. «Дешті қыпшақ халқының мал өсіруге байланысты көші-қон мәселесіне байланысты ерекше назар аударылған. Онда қыстау, жайлауға көшу, оның малдың басын көбейтуге, санын көтеруге пайдалы екенін жазған. Ал жазда жылқы малының семіріп, қымыз ішкен қазақтардың сан-салтанат құрып қуанышқа бөленетіндігін жазадыү Еңбектегі бұл көріністер қазақ халқының өмірін суреттеп тұрғандай.» А) «Оғызнама» В) «Құтты білік» С) «Мұхабатнама» Д)«Шыңғыснама» Е) «Түрікнама» Жауап парағы
|