тарих. тарих семинар 9. Семинар тапсырмалары. 1964 жылы 14 азан кокп окні пленумында партия мен ел басшылыы ауыстырылды
Скачать 29.23 Kb.
|
Орындаған:Хасимбек Жанбота 109 топ №9 аптаға Семинар тапсырмалары. 1.1964 жылғы 14 қазан – КОКП ОК-нің пленумында партия мен ел басшылығы ауыстырылды. КОКП-ның Орталық Комитетінің Пленумында І-хатшы қызметіне Л.И.Брежнев сайланды,Министрлер Кеңесінің төрағасы болып Д.А.Қонаев тағайындалды. Қазақстанда КП ОК І- хатшысы болып А.Н. Косыгин сайланды. Төмендегідей деректерге сүйене аламын КОКП ОК- нің пленумы партияснымен бірге кеңес, кәсіподақ ұйымдарының өндірісті өндірудегі ұстаны бойынша олардын бөлуін тоқтатады, соныменқатар аумақтық-өндірістік ұстаным бойынша бөлінген болатын. Бұл оқиға 1964 жылы қарашада болған болатын. Келесі бұл Н.С.Хрущев басшылығы кезінде енгізілген қайта құруды айтсақ болады яғни мұндағы өзгерістер, жетілдірулер идеясы аса мұқият ойластырылған шешімдер деген саясатпен ауыстырылу дұрыс деп табылған болды.Сонымен жоғарыда айтылған өзгертулер орын алды.1964 ж. 14 қазан – КОКП ОК –нің пленумында партия мен ел басшылығы ауыстырылды. Бұл адамдарды айыптаған болатын .Не үшін деген сұраққа тоқтала кетсек шаруашылық мәселесін шешудегі субъективтілік пен өктемдік істері үшін болған еді. Соңында КОКП ОК-нің І-ші хатшылығына -Л.И.Брежнев сайланған еді.Ал Кеңес үкіметінің басшылығына – А.Н. Косыгин сайланған болатын .1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін Д.А.Қонаев басқарған болатын.1955-1960 және 1962-1964 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған еді 2. 1970-1985 жылдар аралығында іске қосылған өнеркәсіп орындары мен цехтар. Олар: Женіл өнеркәсіптер қатары өсті: 1.Семейде трикотаж фабрикасы алғашқы өнімін бере бастаған болатын. 2.Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-түлік өнеркәсібі, 3.Алматыда мақта-мата өнеркәсібі, Сонымен қатар мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды: Атап айтқанда 1.Қазақ газ өңдеу зауыты, 2.Шевченко пластмасса зауыты 3. Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдарын шығара-тын зауыты, 4.Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары, 5.Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр шығару цехы, 6.Екібастұз және Ермак ГРЭС-І, Қапшағай ГЭС-і, 7.Жәйрем тау-кен комбинаты болды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды.1971-1985 жылдары яғни тоқырау жылдарында ҚАЗАҚСТАН экономиясы бұрынғысынша техникалық прогреске кабілетсіз, қарабайыр (экстенсивті) әдіспен жұмыс істеген болатын. Төмендегі деректерге негізе алып сүйек болады екен .Мысалы 19 ғасырдын 70 жылдары КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның көмір және темір кенін өндіру,болат балқыту , қара металдар прокаттау жөніндегі үлес салмағы өсті. Ребпуликада бұрын сонды болмаған салалар дамыды Атап айтқанда титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері т.б.. Осындай өнім өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта жалпы одақтық маңызға ие болды десекте болады.Мысалы . 1970-1985 жылдар арасында өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есеге өсті, ал машина жасау, химия өнеркәсібі өнімі үш есе артты. Бірақ Қазақстан өнеркәсібінің 50%-ы одақтық министрліктердің қарауында болды және 70-80-жылдары Қазақстанның экономикасында шикізат өндіру басымдыққа ие болғандықтан, халық тұтынатын тауарлардың 60%-ы басқа одақтас республикалардан әкелінген болатын бірақ оның көпшілігі Қазақстанда өндірілген шикізаттардан дайындалды. Сонымен қатар Экономикадағы дағдарыстық ахуалдың пісіп жетілуі өнеркәсіп өнімдерін шығарудың төмендеуі мен ұлттық табыстың азаюынан айқын көрінді. Мысалы егер 1970-1975 жылдары өнеркәсіп өнімінің жылдық өсуі 8,4% болса, 1980-1985 жылда-ры 3,8%-ға, ал ұлттық табыс осы жылдары 4,4%-дан 1,4%-ға дейін төмендеген болатын. Осы жылдарда индустриялық дамудың, кәсіпорындардың көптеп салынуының нәтижесінде қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірілді. Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Индустриялық дамуда кәсіпорындар көптеп салына бастады. Соның нәтижесінде қоршаған ортаға орасан зор зияннын тигізген болатын. Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Арал өңірінін тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаттары тоқтаусыз жұмыс істеді. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру басталды. Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге өсті. Халық санының өсуіне орай суға деген кажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралыгында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Онын негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол кажет ететін күріш пен мақта есіру ісі каркынды дамыды (Шардара). Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліді суды ысырапсыз пайдаланды. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су кұйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге азайды.. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялык препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өсті. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға: 1.жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерінің ескерілмеуі; 2.ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; ысырап ету. 3.суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарып барынша көбейтіп жіберу; - жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; 4. табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми түрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялык дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайларды адам баласының қолдан жасаған қателігі ретінде дүние жүзіне белгіл 4. 1970-80-жж. басында өзгеше ойлаудың барлық түрі қудаланды. Өз көзқарастарын әдебиет пен өнер шығармаларында бейнелеген интеллигенцияның өкілдері қудалауға ұшырады. Олар: .1970-80-жж. басында өзгеше ойлағандардың барлығы қудаланды. Өз ойларын әдеби мен өнер шығармаларында жазған, интеллигенцияның өкілдері қудаланды. Олар: Партиялық-мемлекеттік құрылым қызметінің 70-80-жж. басындағы өзекті бағыты ұлтшылдыққа, жершілдіктің көріністеріне және патриархалдық құрылысты дәріптеуге қарсы күрес болды. Өзгеше ойлаудың барлық түрі қудаланды. Сол заманғы жүйенің ережелеріне сәйкес келмеген өз көзқарастарын әдебиет пен өнер шығармаларында бейнелеген интеллигенцияның өкілдері қудалауға ұшырады. Мысалы, ақын О.Сүлейменовтың “АзиЯ” деген керемет кітабы осындай қасіретке ұшырады. О.Сүлейменовтың оппоненттері “Молодая гвардия”, “Москва”, “Звезда” және басқа журналдардағы мақалаларында кітаптың идеологиялық бағыты мен мақсатына күмән келтірді. О.Сүлейменов ұлтшыл, кітабы пантюркистік шығарма және орысқа қарсы деп айыпталды. Кеңестік билік ғалымдар арасындағы ой-пікір бостандығына барынша тиым салып отырды. Мысалы, 1976 жылы философия институтының авторлар ұжымы даярлаған “Дәстүрлі қазақ өнерінің дүниетанымы” деген кітапты басып шығаруға тиым салды. Антрополог О.Исмағұловтың “Қазақстанның этностық геногеографиясы” деген кітабы идеялық тұрғыдан зиянды деп табылды. Авторға методологиялық қате жіберген, ру-тайпалық факторларды бүгінгі заманмен байланысты біржақты баяндаған деген айып тағылған. Кейінірек бұл айыптың бәрі алынып тасталды. 5.1979 жылғы Целиноград оқиғасы. Бұл оқиғанын өрбуіне себеп болған Неміс автономиясының құрылуы болып табылады. 1979 жылғы 16-19 маусымда Целиноград қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында наразылық орын алды бұл әміршіл жүйеге қарсы болды.Айқын мәселе Кеңес үкіметі неміс халқының атамекені тарихи отанына қайтуды жөн көрмей тіпті шек қойып сонымен қатар Қазақ жеріне неміс автономиясын құруды атап айтқанда автономиялық облыстарға Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының біраз аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы болып белгіленді.Бұл шешім конституцияға сай келмеседе, Қазақ КСР-і үкіметі мен Қазақстан Коммунистік партиясы ОК онша қарсылық көрсете алмаған болатын.Ел құлағы елу дегендей бұл Автономия облыстары құру туралы ақпарат тез тарап қазақ халқының айқын әрі заңды қарсылығын туғызды. Студенттер яғни жастар алаңға орыс қазақ тіліндегі плакаттармен шыққан болатын ,плакаттарда “Қазақстан бөлінбейді!”, “Неміс автономиясына жол жоқ!” және басқа да ұрандар жазылған плакат тақташалар болатын. Ереуге шығу Кремльдің неміс автономиясын құру туралы шешімін айыптаған үндеу қабылдады.Аталған оқиғадан облыс басшылары да шет қалмады олар ереуілді яғни митингті тез арада таратуға тырысқан әрекеттері ақталмай іске аспады. Ереуіл яғни минтинге қатысушылар шеп түзеп, қала көшелерімен ұрандатып өтті. Аталған оқиға 16 маусым орын алған еді .Бұндай еруілге шығу тағы жалғасын тапты ол 19 маусымда болды. Оны аудандардан келген соғыс және еңбек ардагерлері бастады. Оған 2-4 мыңдай адам қатысты. Шеруге қатысушылар облыс басшыларына автономияны құруға қарсы үндеу тапсырды. Целиноградтан кейін шағын митингілер мен шерулер Атбасарда, Ерейментауда, Көкшетауда өтті. Келесі ереуіл шеру бұл бас көтеруден соң жазалау яғни жазалау науқаны шектетілді бір қызығы әкімшілік істері бойынша да сот процесі жүрген жоқ еді .Бұның негізгі мақсаты бұл ереуіл митингтер туралы ақпаратты таратпау еді бұны мақсат етушілер республика басшылары және Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті болатын.Мысалы келтірер болсам баспасөзде, партия активтері мен пленумдарда бұл оқиғалар туралы ештеңе айтылмады. Бірақ Целиноград наразылығы туралы әңгіме ел арасы халыққа тарап кеткен болатын ,қуантарлық жайт ол қазақтардың ұлттық сана-сезімінің оянуына үлкен әсер еткен болатын. 6.1970-80ші жылдары ғылым саласында да біраз табыстарға қол жетті. Еңбектер: 1. Айтхожин - «Өсімдік жасушаларындағы информасомаларды»тамқаны үшін Лениндік сыйлық иегері атанған болатын . 2. Академик Бараев - басшылығымен Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылым академиясының Шығыс бөлімі топырақ қорғаудың жаңа жүйесін жасауда зерттеулер жүргізген болатын. 3.Ахмедсафин - академик-гидрогеология және гидрофизика ғылымдарын ұйымдастырушы Социалистік Еңбек Ері атағын алған болатын 4. Сокольский - Катализаторды электрохимиялық әдістерімен зерттеуді тұңғыш бастаушы болған болатын. 1970-80 жылдары елімізде Ғылым Академиясының біраз жетістіктері дүние жүзін аузына қаратып танылды мысалы1976 жылы биолог ғалым М.Ә.Айтхожин генетика мен микробиология саласында Лениндік сыйлыққа ие болды. Ғалымдардың зерттеулері оңтүстік Маңғыстауда және Орал-Ембі атырабында мұнай мен газдың ірі кендерін игеруге, Ертіс-Қарағанды каналын салуға, егін шаруашылығында топырақ қорғау жүйесін енгізуге көмектесті Сонымен қатар көптеген маңызы бар кітаптар жарық көрді атап айтқанда он томдық “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі”он бір томдық “Қазақстанның металлогениясы”, тоғыз кітаптан тұратын “Қазақстанның сүт қоректілері”, тоғыз томдық “Қазақстанның өсімдіктері” сонмен қатар диалектикалық логика туралы біраз монография мен зерттеулер жасалған болатын. Сонымен қатар елімізде шығыс ойшылы Әл-Фарабидің, елімізден шыққан Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің аса құнды еңбек мұраларының бастырып шығуы сонымен қатар зерттелуі басты яғни елеулі оқиға болған болатын. Бірақта оң тұмымен бірге осы ғылымның дамуында кері қайшылықтарда орын алды сонымен қатар шешімін таппаған ірі мәселер де бар еді. Мысалы көлік жасау, радиоэлектроника, радиотехника, автоматика сияқты ғылыми-техникалық дамуында өте маңызды салалар бойынша ғылыми мекемелерді ұйымдастыру және ғылыми кадрларды даярлау сияқты мәселелер артта қалып қойды десек болады. Сонымен қатар,ғылыми зерттеулердің тиімділігі күрт төмендеді. Мысалы Академиялық, жоғары оқу орындарындағы және салалық ғылымды нашар ұштастыру ғылыми күштердің шашырап кетуіне көп тақырыптылыққ, олардың аса маңызды бағыттарды зерттеуге келгенде дұрыс жиналып яғни шоғырландырылмауына және жасалып жатқан ғылыми жұмыстардың бірін-бірі қайталауына қайта- қайта әкеп соққан болатын . Оның айқын дәлелі ретінде 1985 жылы өндіріске енгізілген бір зерттеудің экономикалық тиімділігі 1980 жылмен салыстырғанда екі есе төмендеген болатын . Еліміздің яғни Республикадағы ешқандай мекемесі елде құрылған ғылыми-өндірістік комплекстердің құрамына кіре алмай қалды .Нәтижесінде экономикадағы тежеуліне сонмен біргеқоғам өмірінің мәдени салаларына және тоқырауға да, ғылымның дамуына кері әсерін тигізбей кетті десек өтірік емес . 7.1970-80 жылдары Қазақ музыкасын толықтырған сазгерлер Осы жылдар мәдениет соның ешінде музыка дамуына көптеген игі істер жасалған болатын.Сазгерлер мен әншілер Қазақ музыкасын тың шығармаларымен толықтырған сазгерлер - Е, Рахмадиев, Ғ,Жұбанова, Н, Тілендиев, Ш Қалдаяқов, Ә, Еспаев, К,Күмісбекова, І,Жаханов.,Шәмші Қалдаяқов та болды бар еді . Енді бір қысқаша тарихына үңілер болсақ басқа басқа емес сазды фольклорлық-этнографиялық Мысалы Отырар сазы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі. Қазақ филормониясы жанынан 1980 жылы құрылған. Оның көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Нұрғиса Тілендиев басында шағын ансамбль ретінде ұйымдастырып, 1982 ж. оркестр санатына көтерген. Республикада 1970-80 жылдары Досмұқасан,Айгүл,Гүлдер ансамблдері құрылып танымал болды. Досмұқасан — эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі . Ансамбльдің көркемдік жетекшісі — 1972 жылдан бері композитор Мұрат Құсайынов болды. Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар (Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Қамит Санбаев, Александр Литвинов) есімдерінің алғашқы буындарынан құралған.«Гүлдер» республикалық мемлекеттік эстрадалық жастар ансамблі 1969 жылы Қазақстанның Халық әртісі Гүлжихан Ғалиева ұйымдастыруымен құрылған. 1969 жылы құрылған «Гүлдер» ансамблінің атағы бүкіл Кеңес одағына танымал болған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты жанынан құрылған "Айгүл"вокалды-аспаптық халық ансамбліде осы жылдары кең танымал болды. Репертуарынан қазақтың халық әндері орын алды. 1975 ж. "Айгүлге" халық ансамблі құрметті атағы берілді Роза Рымбаева 976 жылы Болгарияда өткен эстрада артистерінің дәстүрлі халықаралық байқауына қазақстандықтардың ішінен тұңғыш рет қатысып, бас бәйге - «Алтын Орфей» жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ, 1977 жылы Сопотта, 1979 жылы Стамбулда өткен халықаралық байқаулардың иегері, 1983 жылы Кубада өткен «Гала - 83» халықаралық байқауының бас жүлдегері болса 1970-80 жылдары Ермек Серкебаев,Әлібек Дінішев,Роза Бағланова,Бибігүл Төлегеновалар кең танымал болды. Санкт-Петербург сәулетшілерінің жобасы бойынша Алматыда салынған: (кешендер, ғимараттар, мемориал) Бейнелеу өнерi де қарқынды дамыды. Суретшiлер, мүсіншілер Алматыда ғана емес, сонымен қатар басқа да ipi: Қарағанды, Целиноград , Шымкент, Павлодар қалаларында қажырлы да талантты туындыларымен танылды. Сол уақытта Республикамызда он жетi көрме залымен қатар, шеберханалар мен жылжымалы көрмелер жұмыс iстедi. Алматыда алғашқы қазақ суретшi Әбiлхан Қастеевтiң eciмi берiлген Республикалық ұлттық өнер мұражайы ашылды. Қазақстанның қалалары әр жыл сайын көркейе түсті: ленинградтык сәулетшiлердiң жобасымен Маңғыстау түбегiнде Ақтау қаласы салынды. «Медеу» спорт кешенi, биiк «Қазақстан » қонақүйі, Алматыдағы Достық Yйiнiң жобаларын жасаған сәулетшiлер жоғары марапаттарға ие болды. Керемет сәулет туындылары, аландар, басқа да ғимараттар салынып, көп қабатты үйлер көптеген қалаларда бой көтердi. Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 30 жылдығын тойлауға дайындық кезеңінде Алматының дәл ортасында, 28 панфиловшы паркiнде Отанның бостандығы мен тәуелсiздiгi үшін өмірін қиған батырларға арналып, асқақ Даңқ мемориалы ашылып, мәңгі от жағылды. 9.1960 жылы Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің 9 қаңтардағы №8 бұйрығымен Алматы көркем және хроникалы фильмдер киностудиясы «Қазақфильм» киностудиясы болып қайта құрылды. Қазақ киносының ірі таңдаулы туындылары: 1960 жылы 9 қаңтарда көркем фильмдер мен кинохроникалардың Алма-Ата киностудиясынан «Қазақфильм» киностудиясы болып өзгертілді. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияның көрнекті қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың есімі берілді. “Қазақфильмнің” қалыптасып, өркен жайып өсуіне Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Сұлтанахмет Қожықов,Ораз Әбішев сияқты белгілі киноөнер қайраткерлерінің қосқан үлестері елеулі. 1953 – 1970 жылы Айманов студияның көркемдік жағын басқарды. Махаббат туралы дастан (реж. Айманов, К.Гаккель), Жамбыл (реж. Е.Дзиган), Ел басына күн туса (реж. М.Бегалин), т.б. фильмдер қойылды. Қазақфильмде ұлттық кино өнерінің қайталанбас туындылары Атамекен, Біздің сүйікті дәрігер, Алдар көсе, Атаманның ақыры, Мәншүк туралы ән, Қыз-Жібек, т.б. фильмдер түсірілді. Кинохроника, деректі және ғылыми көпшілік фильмдермен қатар анимациялық фильмдер де түсіріле бастады. Қазақ анимациясының негізін салушы Әмен Қайдаров Қарлығаштың құйрығы неге айыр? деген мультфильмін түсірді (1967). Қазақфильмде 100-ден астам осындай фильм түсіріліп, 1000-нан астам шет елге және ТМД елдерінің фильмдері қазақ тіліне аударылды. 1990 жылдан бастап Қазақфильм киностудиясы Франция, Жапония, Ресей сияқты елдердің киностудияларымен бірлесіп фильмдер түсіріп келеді. Сонымен қатар Нәзік жүрек, Ақсуат, Фара, т.б. фильмдер халықаралық кинофестивальдердің жүлделерін иеленді, шет елдерде кеңінен жарнамаланып, көрсетілді. Қазақфильм павильондарында Тоғысқан тағдырлар, Саранча секілді телевизиялық көп сериалы фильмдер түсірілді. 2003 жылы Қазақфильм киностудиясында Көшпенділер (сценарийдің авторы Р.Ибрагимов, режиссерілері И.Пассер, Талғат Теменов), Сардар (сценарийдің авторы О.Агишев, режисер Болат Нұрғалиұлы Қалымбетов), Ащы көлдің жағасында (сценарийдің авторы И.Вовненко, режиссер Асанәлі Әшімұлы), Аңшының отбасы (сценарийдің авторы және реж. Серік Апырымов), т.б. фильмдері түсіріле бастады. Қазақфильм аумағында (19 га) 2 павильонды киноға түсіру ғимараты, сол сияқты декоративтік-тех. құрылыстар, дыбыс студиясы, өндірістік-лабораториялық құрылыстар орналасты. |