Тесты дифзачет терапия каз 2015. 1. Жіті жне созылмалы бронхиттер
Скачать 236.77 Kb.
|
7. Тақырыбы: өкпе туберкулезі. 1. Өкпе туберкулезі..... а) өкпенің инфекциялық жұқпалы қабынуы б) бронх түтікшелерінің инфекциялық қабынуы в) өкпенің аллергиялық ауруы г) плевра қабының қабынуы 2.Өкпе туберкулезінің қоздырғышы: а) пневмококк б) стафилококк в) микобацилла г) стрептококк 3.Өкпе туберкулезіндегі жөтелу мінездемесі: а) тұрақты, әлсіз, баяу жөтелу б) қатты, үріп жөтелу в) таңертең жөтелу г) секірме жөтелу 5. Өкпе туберкулезінің асқынуы: а) қан кету б) жүрек жетіспеушілігі в) коллапс г) токсикалық шок 6. Өкпе туберкулезінің арнайы алдын-алу шарасы: а) жағымсыз қылықтардан аулақ болу б) флюрография в) жеке басының гигиенасы г) вакцинация 7. Туберкулезде тағайындалатын диеталық стол: а) №5 б) №4 в) №15 г) №9 8. Өкпе туберкулезінің алғашқы белгілері: а) дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, ентігу б) жөтелу, іріңді қақырық бөлу, бас ауру в) түнгі тершеңдік, әлсіздік, қақырық тастау г) кеуде қуысының бөшкеленуі, жөтелу 9. Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастың қақырығын микроскопиялық тексергенде анықталады : а) стрептококк в) Крушман спиралі б) Кох таяқшалары г) атиптік жасушалар 10. Өкпе туберкулезінің емдеу принципі: а) антибиотиктер, бронхолитиктер б) сульфаниламиттер, антибиотиктер в) физиотерапия, емдік дене шынықтыру г) ДОTS – терапия 11. Өкпе туберкулезінің диагностикасы сүйенеді тек біреуінен басқалары: а) рентгеноскопия б) бронхоскопия в) спирометрия г) қақырықты туберкулез таяқшасына тексеру 12.Өкпе туберкулезіне бейімдеуші факторлары біреуінен басқалары: а) дымқыл, қараңғы бөлмеде тұратындар б) иммунитеті төмендеген кісілер в) туберкулез ауруымен ауырған адамдармен қарым-қатынаста болғанда г) ас тұзын көп мөлшерде қолдану 13.Өкпе туберкулезінде туылған нәрестеге анасынан жұғу жолы: а) ауа- тамшы арқылы б) емшек сүті арқылы в) плацента арқылы г) қан арқылы 14. Өкпе туберкулезінде қақырықты неше рет жинау міндетті: а) әр ай сайын бір б) 3 рет қатарынан в) 1 рет г) 3 айда 1 рет 8.Тақырыбы:пневмосклероз. өкпе эмфиземасы. 1. Пневмосклероз... а) өкпенің дәнекер тіндерінің үдемелі өсуі, қатаюы б) өкпенің инфекциялық қабынуы в) өкпеден атиптік жасушаларынан үдемелі өсуі г) бронх түтікшесінің қабынуы 2. Өкпе эмфиземасындағы кеуде қуысының өзгеруі: а) етікші кеуде б) паралиттік кеуде в) бөшкелі г) рахиттік 3. Өкпе эмфиземасында перкуссияда өкпе тұсынан анықталатын дыбыс: а) перкуторлы б) қораптық в) тимпаникалық г) тұйық 4. Пневмосклерозда ентігудің сипаттамасы: а) экспираторлы б) инспираторлы в) аралас г) ентігу болмайды 5. Пневмосклероздағы өкпе жетіспеушілігін анықтайтын тексеру әдісі: а) рентгендік тексеру б) бронхоскопия в) спирография г) томография 6. Қалыпты жағдайдағы өкпенің өмірлік сыйымдылығы: а) 1500-2000 мл3 б) 2500-2700 мл3 в) 3000-3500 мл3 г)3700-5000 мл3 7. Өкпе эмфиземасында «қораптық дыбыс» анықталынады: а) аускультацияда б) перкуссияда в) пальпацияда г) бронхоскопияда 8. Өкпе эмфиземасындағы терідегі өзгеріс: а) диффузды цианоз б) терінің бозаруы в) геморрагиялық бөртпелер г) гематомалар 9. Пневмосклероздың алдын алуы біреуінен басқалары : а) обструкциялық бронхитті емдеу б) бронхтық демікпені емдеу в) өкпе эмфиземасын емдеу г) ревматизмді емдеу 10. Созылмалы обструкциялық өкпе ауруларына жатады біреуінен басқалары: а) обструкциялық бронхит. б) бронхылық демікпе в) пневмосклероз г) өкпе туберкулезді 11. Өкпенің өмірлік сыйымдылығының төмендеуі қандай ауруға тән: а) пневмосклерозға б) катаралды бронхитке в) ошақты пневмонияға г) перикардитке 1.Тақырыбы: ревматизм 1. Ревматизм: а) дәнекер тіндерінің инфекциялық-аллергиялық қабынуы б) дәнекер тіндерінің аллергиялық қабынуы в) дәнекер тіндерінің аутоиммундық ауруы г) жүректің сіре қабының қабынуы 2. Ревматизмді қоздырушы: a) пневмококк б) стафилококк в) β- гемолизді стрептококк А- тобы г) клебсиелла 3. Ревматизмнің белсенділік көрсеткішін анықтайды: a) эритроциттің тұну жылдамдығы б) лейкоциттер в) лимфоциттер г) моноциттер 4. Ревматизмді артриттің ревматоидты артриттен айырмашылығы: a) буын қабынуы ұшпалы, деформацияға ұшырамайды б) буын үсті қызарады, қимылы азаяды в)деформациялық өзгеріске ұшырайды, буын үсті қызарады г) буын ісініп, қызарады 5. Ревматизмнің биохимиялық қан талдауындағы өзгерістері: a) С-реактивті белок пайда болады б) миоглобулин пайда болады в) билирубин жоғарылайды г) қант жоғарылайды 6. Ревматизмнің белсенді кезеңіндегі емдеу принципі: a) буын ішіне кенолог енгізу б) қабынуға қарсы дәрілер қолдану в) массаж жасау г) санаторлық-курорттық емдер қолдану 7. Ревматизмнің асқынуы: a) өкпе жетіспеушілігі б) бауыр жетіспеушілігі в) бүйрек жетіспеушілігі г)жүрек ақаулары 8. Ревматизмдегі арнайы алдын алу шаралары: a) науқастарды оңашалау б) салауатты өмір салтын қалыптастыру в) бициллин- аспирин профилактикасы г) вакцинация 9. Ревматизмдегі жүйелердің зақымдалуы, тек біреуінен басқалары: a) жүрек б) буын в) ми г) сүйек 10. Ревматизмде тағайындалатын дәрі: a) эуфиллин 0,15 б) Бицилин-5 1500000 Б в) пентоксил 0,2 г) фенотерол 100 мкг 11. Ревматизмнің алғашқы шабылуы басталады: a) бронхиттен кейін б) баспадан кейін в) пневмониядан кейін г) жүрек ақауынан кейін 12. Ревматизмде жүректің зақымдалуы, тек біреуінен басқасы: a) перикардит б) эндокардит в) миокардит г) артрит 13. Ревматизмен алғашқы рет жиі ауырады: a) 7-15 жас аралығында б) 20-30 жас аралығында в) 40-50 жас аралығында г) 50 жастан жоғары 14. Ревматизмнің белсенділігінің III-дәрежесінде ЭТЖ көрсеткіші: a) 12мм/сағ б) 20 мм/сағ в) 36 мм/сағ г) 62 мм/сағ 15. Ревматизмнің біріншілік алдын алу шаралары: a) созылмалы инфекциялық ошақтарды емдеу б) тиімді тамақтану в) салауатты өмір салтын қалыптастыру г) «Дипасерлік» тізімге алу 16. Ревматизмнің терідегі өзгерістер: a)диффузды цианоз б)сақина тәрізді эритемалар в) геморрагиялық бөртпелер г) тамыр жұлдызшалары 17. Ревматизм ауруын тудыратын себепші жағдайлар, тек біреуінен басқа: a) отит б) гайморит в) стоматит г) анемия 18.Ревматизмнің синонимдік аталуы: a) Сокольский- Буйо ауруы б) Иценко –Кушинг ауруы в) Минковский Шоффар ауруы г) Бехтерев ауруы 19. Ревматизмді артритті дифференциалды диагностика жүргізу қажет: a) ревматоидты артритпен б) бронх демікпесімен в) миокард инфарктісімен г) гипертониялық кризбен 20. Ревматизмнің диагностикасы сүйенеді, тек біреуінен басқасы: a) жалпы қан талдауға б) биохимиялық қан талдау в) анамнез жинауға г) жалпы қақырық талдау 21. Ревматизмнің екіншілік алдын- алу шараларының ең басты маңызы : a) антибиотиктермен үнемі емдеу б) салауатты өмір салтын қалыптастыру в) жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялық ошақтарын емдеу г) жылына екі рет егу жасау 2.Тақырыбы:Жүрек ақаулары. Митральді, аортальді қақпақшаларының ақаулары. 1. Жүрек ақауы: a) жүрек қан тамырларының тарылуы б) жүрек қақпақшаларының морфологиялық өзгерісі в) жүректің сіре қабының қабынуы г) жүрек қанайналымының бұзылуы 2. Жүрек ақауының негізгі клиникалық симптомы: a) жөтел, қақырық тастау б) жүрек тұсының шаншуы, жүрек ритмінің өзгеруі в) бас ауруы,әлсіздік г) әлсіздік ,бұлшық еттің ауырсынуы 3. Жүрек ақауының ең маңызды аспаптық тексеру әдісі: a) велгоэргометрия б) электрокардиграмма в) эхокардиграмма г) фиброгастроскопия 4. Жүрек ақауының алдын алу шаралары: a) стенокардияны емдеу б) ревматизмді емдеу в) гипертонияны емдеу г) миокардитті емдеу 5. Митральді қақпақшаның жетіспеушілігінде аускультацияда естіледі: a) қолтық астынан диастолдық сырыл б) оң ІІ қабырға тұсынан систолдық сырыл в) жүрек ұшынан систолдық сырыл г) қолтық астынан үрленген систолдық сырыл 6. Пальпацияда «мысық пырылы» симптомы төс сүйегінің оң жанынан ІІ қабырға аралықтан анықталады: a) аорта қақпақшасының тарылуында б) үш жақтаулы қақпақшаның жетіспеушілігінде в) митральді қақпақшаның жетіспеушілігінде г) митральді қақпақшаның тарылуында 7. Митральді қақпақшаның тарылуына тән симптом: a) қан қысымының өзгеруі б) тамыр жұлдызшалары в) көкшіл реңмен бет ұшының қызаруы г) геморрагиялық бөртпе 8. Жүрек ақауындағы хирургиялық емнің аталуы: a) комиссуротомия б) гастроэктомия в) пульмэктомия г) спленоэктомия 9. Аорта қақпақшасының тарылуына тән сиптом: a) іш қуысына сұйықтық жиналуы б) жиі талма болу в) дем алудың жиілеуі г) таңертең бет әлпетінің ісінуі 10. Аорта қақпақшасының тарылуында аускультацияда естіледі: a) қолтық астынан диастолдық сырыл б) оң II қабырға тұсынан систолдық сырыл в) жүрек ұшынан диасталдық сырыл г) қолтық астынан үрленген систолдық сырыл 11. Ай тәріздес қақпақшаларының қолқа сағасын толық жаппауы: a) аорта қақпақшасының жетіспеушілігі б) аорта қақпақшасының тарылуы в) митральді қақпақшасының жетіспеушілігі г) қосылған ақаулар 12. Аорта ақауына жиі әкелетін факторлар, тек біреуінен басқасы: a) ревматизм б) атеросклероз в) жүйелі қызыл жиегі г) подагра 15. Аорта қақпақшасының жетіспеушілігінде кездесетін клиникалық симптом . a) Мюссе б) Мебиус в) Соколовский г) Амбюрже 16. Аорта қақпақшасының тарылуындағы Мюссе сиптомында анықталады: a) басты жүрек ритмімен бірдей изеуі б) бүкіл дененің селкілдеуі в) бет ұшының қызаруы г) дене қызуының 400 С дейін көтерілуі 17. Аорта қақпақшасы жетіспеушілігінің клиникалық белгілері: a) жиі бас ауру, талмаға түсу б) жөтелу, мөлдір созылмалы қақырық тастау в) жүрек аймағының қысып, күйдіріп ауырсынуы г) оң қабырға астының ауырсынуы, қышқылмен кекіру 3.тақырыбы: перикардиттер, миокардиттер, эндокардиттер. 1.Кардиомиопатиялардың қабыну процесіне байланысты жіктелуі, тек біреуінен басқа: a) гипертрофиялық б) дилятациялық в) рестрикциялық г) атрофиялық 2. Эндокардиттің этиологиясы, тек біреуінен басқалары: a) жасылдаушы стрептококк б) алтын сары стафилококк в) энтерококк г) микобацилла 3. Эндокардиттің клиникалық ерекшелігі: a) дене қызуының өте жоғары көтерілуі, терісі «сүт қатқан кофе» тәріздес, геморрагиялық бөртпелер б)ентігу, жөтеліп іріңді қақырық тастау, терісі диффузды цианоз, дене қызуы субфебрильді в)жүрек тұсының ауырсынуы, аяқта ісік пайда болады, бауыр ұлғаюы г) жүрек ритмінің өзгеруі, ентігу, мөлдір ал қызыл көбікті қақырық тастау 4. Инфекциялық эндокардиттің ІІІ- дәрежесінде талдауындағы өзгерісі: a) ЭТЖ – 56 мм/сағ. б) ЭТЖ – 30 мм/сағ. в) ЭТЖ – 16 мм/сағ. г) ЭТЖ – 4 мм/сағ. 5.Эндокардиттің ең тиімді емі: a) витаминдер, глюкокортикоидтар, жүрек гликозидтері б) үлкен дозада антибиотиктер, антикоагулянттар, дезинтоксикациялық терапия в) физиотерапиялық ем, витаминдер, санаторлық-курорттық ем г) антоцидтер, вазодилятаторлар,жүрек гликозидтері 6.Эндокардиттің асқынуы: a) пневмония б) миокард инфаркты в) тромбоэмболия г) стенокардия 7. Жүрек бұлшық етінің инфекциялық қабынулары тек біреуінен басқалары: a) перикардит б) эпикардит в) эндокардит г) плеврит 8. Миокардит басталады: a) инфекциялық аурудан кейін 2-3 аптадан б) миокард инфарктының 4-ші аптасынан в) вирусты гепатиттің 9 – шы айынан г) пневмонияның 1 – ші аптасынан 9. Миокардиттің асқынуы: a) анафилактикалық шок б) миокард инфаркты в) гипертониялық криз г) аритмиялық өзгерістер 10. Перикардиттің жіктелуі, тек біреуінен басқа: a) құрғақ б) эксудатты в) инфекциялық г) токсикалық 11Құрғақ перикардиттің клиникалық белгілері, тек біреуінен басқалары: a) жүрек тұсының сыздап, түйіліп, тырнап ауруы б) науқас өзіне ыңғайлы жағдай жасайды в) аускультацияда жүрек тұсынан перикард үйкелісі естіледі г) жұтынудың қиындауы 12.Эксудатты перикардиттің құрғақ перикардиттен айырмашылығы, тек біреуінен басқасы: a) ауырсынудың сипаттамасы б) перкуссияда жүрек шекараларының ұлғаюы в) аускультацияда жүрек тондарының баяу естілуі г) үйкеліс шуы жүректің нағыз тұйықтығының бетінен естілуі 13. Эксудатты перикардиттің рентгенографиядағы көрінісі: a) жүрек пішіні аортальді б) жүрек пішіні митральді г) «қалқыған жүрек » белгісі в) жүрек пішіні «шар тәріздес» 15.Эксудатты перикардитте диагностикалық және емдік мақсатта жүргізілетін тексеру әдісі: a) ультрадыбыспен тексеру б) рентгендік тексеру в) перикардқа пункция жасау г) биопсия жасау 16. Миокардиттерде қолданылатын дәрілер, тек біреуінен басқасы: a) вибрамицин 0,1г б) преднизолон 30 мг в) агапурин 0,2г г) омез 20 мг 17. Перикардитке әкелетін себепші аурулар: a) туберкулез, ревматизм, мерез б) ларингит, бронхит, пневмония в) бауыр циррозы, холецестит, холангит г) бронх демікпесі , пиелонефрит, гломерулонефрит 4. тақырыбы:Артериалды гипертензия 1.Артериалды гипертензия: a) мезгіл-мезгіл қан қысымының көтерілуі,жүйелермен ағзалардың қызметінің бұзылуы б) қан қасымының күрт көтерілуі в) қан қысымының төмендеуі г) қан қысымының басқа жүйелер ауруы әсерінен көтерілуі 2. Артериалды гипертензияның этиологиясы: a) иммундық жүйенің әлсіреуі б) инфекциялық ошақтар в) нервтік-стрестік жағдайлар г) темекі шегу, ішімдікке салыну 3.Артериалды гипертензияның негізгі клиникалық белгісі: a) іш қату, бас ауруы б) жөтелу,қақырық тастау в) бас ауруы, тахикардия г) жүрек тұсының шаншуы, ентігу 4.Қалыпты жағдайдағы қан қысымының көрсеткіші: a) 140/90 мм.с.б.б б) 180/100 мм.с.б.б в) 90/60 мм.с.б.б г) 120/80 мм.с.б.б 5. Артериалды гипертензияның III дәрежесіне тиісті көрсеткіш: a)130/80 мм.с.б. б б) 100/60 мм.с.б б в) 150/90 мм.с.б. б г) 180/110 мм.с.б.б 6. Артериалды гипертензияның жиі асқынуы: a) аритмия б) бүйрек жетіспеушілігі в) гипертониялық криз г) жүрек жетіспеушілігі 7. Артериалды гипертензияда қолданылатын дәрілер тобы: a) кальций антагонистері б) цитостатиктер в) антибиотиктер г) витаминдер 8. Гипертониялық кризде дәрігерге дейінгі жедел жәрдем көрсету тактикасы, тек біреуінен басқасы: a) науқасты тыныштандыру б) маңдайына мұзды мұйық қою в) орталық нерв жүйесін тыныштандыратын дәрілер беру г) қолдан дем бер 9. Артериалды гипертензияда ЭКГ-де анықталатын өзгеріс: a) жүректің оң бөлігінің гипертрофиясы б) жүректің сол бөлігінің гипертрофиясы в) Гис будасы оң аяқшасының блокадасы г) жүрек бұлшық еттерінің некроздану белгісі 10. Артериалды гипертензияның асқынуы, тек біреуінен басқасы: a) инсульт б)миокард инфаркты в)атеросклероз г)пневмония 11. Гипертониялық кризге әкелетін себепші жағдайлар, тек біреуінен басқалары: a) психоэмоцияналдық стрестер б) гипотензивті дәрілерді күрт тоқтату в) сұйықтықты, тұзды тағамдарды көп мөлшерде қолдану г) инфекциялық ошақтар 12.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымы (ДДҰ) және Гипертония бойынша халықаралық қоғам (ГХҚ)сарапшыларының шешінуінен жіктемесі бойынша артериалды гипертензияның І дәрежесіне тән қан қысымы: a) 140-159/90-99 мм сын б.б. б) 160-179/100-109 мм сын б.б. в) 180/110 мм сын б.б. г) 120/80 мм сын б.б. 13. Артериалды гипертензияда жиі зақымдалынатын нысаналы мүшелер: a) жүрек,ми, бүйрек б) бауыр, асқазан, бүйрек в) бауыр, өкпе, көкбауыр г) өкпе, көз ,құлақ 14. Бас ауру, көз көруінің нашарлауы, жүрек тұсының шаншуы тән: a) артериалды гипертензияға б) стенокардияға в) ревматизмге г) жүрек ақауына 15. Артериалды гипертензияны дифференциалды диагностика жүргізу қажет: a)симптоматикалық артериалды гипертензиямен б) қант диабетімен в) стенокардиямен г)ревматизммен 16. Артериалды гипертензияны емдеудегі алғашқы мақсат: a)қан қысымын оптимальді деңгейде ұстау б) нысана ағзаларының құрылымы мен қызметінің өзгеруіне жол бермеу в) нысана ағзалары жағынан асқынуларға жол бермеу г)ас тұзының 10-15 гр. сұйықтық деңгейін 1,5-2 гр. жеткізу 17. Артериалды гипертензияда гипотензивті дәрілерді тағайындаудың басты ережелері, тек біреуінен басқасы: a) минимальді дозадан бастау б) әсері ұзартылған дәріні қоладану в) дәрілердің бір – бірімен үйлесімдігі г)максимальді дозадан бастау 18. Артериалды гипертензияда қолданылатын дәрілер: a) пентамин,корвалол б) каптоприл, атенолол, гипотиазид в) күкiрттi қышқыл магнезия, анальгин г) дроперидол,фентанил |