Главная страница

1. Жйелер теориясыны негізгі элементтерін натылап крсетііз. Жйені асиеттерін атаыз жне р асиетіне сипаттама берііз


Скачать 2.19 Mb.
Название1. Жйелер теориясыны негізгі элементтерін натылап крсетііз. Жйені асиеттерін атаыз жне р асиетіне сипаттама берііз
Анкорois_dayyn_shpor.docx
Дата12.02.2018
Размер2.19 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаois_dayyn_shpor.docx
ТипДокументы
#15486
страница2 из 7
1   2   3   4   5   6   7

Құқықтық жабдықтау- ақпараттық жүйелерді құқықтық жағынан қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы.

Лингвистикалық жабдықтау- ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін қолданылатын тілдік құралдардың, тілді қалыптастыру ережелерінің жиынтығы.

Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз АЖ-ны тұрғызу (жобалау) мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістері мен жабдықтардың жиынтығы.

5.Классификациялау жүйесінің негізгі түсініктері. Классификациялау жүйесінің құрылымын ашып жазыңыз.

Ақпараттың классификаторын және кодын жобалау - ақпараттық жүйелердің ақпараттық жабдықтау бөлімінің маңызды мәселесінің бірі.

Ақпаратты классификациялау мәліметтер қорындағы ақпаратты өңдеу мен іздеуді жеңілдету үшін қажет.

Кодтаудың мақсаты – ақпаратты ықшам және ыңғайлы түрде көрсету.

Классификация – бұл объектілер жиынының ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша ішкі жиындарға бөлу.

Классификация объектісі – бұл классификацияланатын жиынның элементі. Классификация белгісі – бұл классификация жүргізілетін объектінің қасиеті немесе сипаттамасы.

Классификациялау жүйесідегеніміз объектілер жиынын ішкі жиындарға бөлу ережелері.

Классификациялау жүйесінің құрылымы:

Классификациялаудың иерархиялық жүйесі деп классификациялық топтастырулар арасындағы иерархиялық қатынасты орнататын классификацияны айтады. Топтаманың төменгі сатысындағы объект жоғары тұрған орынға бағынады және қайталанбайды.

Классификациялаудың фасеттік жүйесінде объектілер жиынын тәуелсіз ішкі жиындарға бөлу орындалады.

Классификациялаудан кейін таңдалған кодтау жүйесіне сәйкес ақпараттық бірліктерді кодтау жүргізіледі.

Классификатор – бұл кодтық біріктірулер мен олардың классификациялық топтамалары бойынша кодталатын объектілер атауларының жүйеленген жиынтығы. Басқару деңгейі мен қолдану саласына байланысты жергілікті, салалық және республикалық болып бөлінеді.

Шахматты кодтау жүйесіне мысал:


Иерархиялық классификациялау жүйесіне мысал:



Ақпараттық жүйелердің классификациясы:

Ақпараттық жүйелерді әр түрлі белгілері бойынша классификациялауға болады. Ақпараттық жүйелер төмендегі белгілер бойынша классификацияланады:

  • басқару процесстерінің түрлері ақпараттық процесстерді автоматтандыру дәрежесі есептеу ресурстарын бөлу тәсілі функционалды белгісі.Басқару процесстерінің түрлері бойынша ақпараттық жүйелер бөлінеді:

  • Технологиялық процесстерді басқарудың ақпараттық жүйелері әр түрлі технологиялық процесстерді автоматтандыруға арналған. Ол иерархиялы жүйе түрінде беріледі.

  • Ұйымды басқарудың ақпараттық жүйелері басқарушы органның функциясын автоматтандыру үшін арналған. Жүйенің негізгі функциясына бақылау, реттеу, есепке алу, жоспарлау, талдау және де басқа экономикалық есептер жатады.


6. Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты кодтау. Кодтау түрлерін атаңыз және анықтамаларын беріңіз. Мысал келтіріңіз.

Кодтау дегеніміз объектілерді ықшам түрде көрсету мақсатымен оларға символдық белгілеулер (код) беру үрдісі.

Код – белгілер жиынтығы көмегімен классификация объектілерін шартты белгілеу.

Әрбір код үшін анықталады:

1. Код ұзындығы- кодтық белгілеулердегі белгілер саны;

2. Код разряды- кодтық белгілеулердегі белгінің орны;

3. Код алфавиті- цифр, әріп түрінде берілген белгілер;

4. Код құрылымы - кодтық белгілеулердегі белгілердің орналасу реті.

Қайта кодтау дегеніміз бұрын кодталған объектіге жаңа кодтық белгі беру үрдісі.

Кодтау жүйесі объектілерге код беру ережелерінің жиынтығы.

Кодтау жүйесінің құрылымы:

Реттік, сериялы реттік, тізбектік кодтау жүйелері иерархиялы классификациялау жүйелеріне жатады. Ал параллельдік кодтау жүйесі фасеттік классификациялау жүйесіне жатады.

Кодтаудың реттік жүйесі өте қарапайым. Жүйедегі объектілер кему және өсу ретімен кодталады. Кемшілігі: көп белгісі бар номенклатураларға қолдана алмаймыз, классификация позициясын кеңейту мүмкін емес және есте сақтау қиын.

Кодтаудың сериялы реттік жүйесі объектілерге резервтік код беру арқылы жүргізіледі. Бұл номенклатураның классификациясының бұзылуынан сақтайды. Кемшілігі: көп белгісі бар номенклатураларға қолдана алмаймыз және есте сақтау қиын.

Тізбектік кодтау жүйесінде төменгі тұрған элемент жоғарыда тұрған элементке бағынады. Сәйкесінше, төменгі топтың коды жоғары топтың кодын өзіне қосу арқылы түзіледі.

Артықшылығы: кодты берудің қарапайымдылығы және оны есте сақтау оңай.

Кемшілігі: кодтың ұзындығы.

Кодтаудың параллельдік жүйесі бірнеше тәуелсіз белгілерді сипаттайтын номенклатураларды белгілеу кезінде қолданылады. Жеке жағдайы – шахматты кодтау жүйесі.

Кемшілігі:код көлемін толық қолданбау.

Кодтарды жобалау кезінде төмендегі талаптарды ескерген жөн:

  • кодтау жүйесі объект жөнінде барлық ақпараттарды қамтуы қажет;

  • код өте ұзын болмауы керек;

  • қолданатын техникалық жабдықтардың ерекшеліктерін ескеру қажет;

  • есте оңай сақталуы тиіс;

  • жаңа позицияларды қосу үшін резервте орын сақтауы тиіс.

Жоғарыда айтылған классификациялау және кодтау жүйесінің көмегімен ақпараттардың классификаторы тұрғызылады.




7.Жоба және жобаларды басқару анықтамасын беріңіз. Жобалардың классификациясын толығымен ашыңыз. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі әдістерін атаңыз және сипаттаңыз. 

Ақпараттық жүйені жобалау көлемді, ұзақ уақытты алатын динамикалық процесс. Қазіргі кезде қолданылып жүрген жобау техникасын сатылап тұрғызуға негізделген.

Ақпараттық жүйелерді жобалау әдістері – бұл жобалаудың сәйкес жабдығын қолдану арқылы ақпараттық жүйелерді құру әдістері. Ақпараттық жүйелерді жобалауда тиімді әдістер мен жабдықтарды қолдану сапалы жүйені құруға мүмкіндік береді. Жобалау әдістері 3-ке бөлінеді:

  • Ерекше жобалау әдісінің көмегімен жеке жобалауды тұрғызамыз. Жеке жобалау басқару объектісінің барлық ерекшеліктерін қамтуға мүмкіндік береді.

  • Типтік жобалау әдісі жуйені құрамдас компоненттерге бөлу арқылы жүргізіледі. Құрамдас компоненттерге ішкі жүйелер және алгоритмдер жатады. Типтік жобалау кезінде дайын жобалау шешімдері қолданылады.

  • Ақпараттық жүйелерді құрудың жаңа бағытына жобалаудың автоматизациялау әдісі жатады. Бұл әдісті модельдік жобалау деп те атайды. Бұл әдістің артықшылығы ақпараттық жүйе сенімді жүйе болады

Ақпараттың классификаторын және кодын жобалау - ақпараттық жүйелердің ақпараттық жабдықтау бөлімінің маңызды мәселесінің бірі.

Ақпараттық жүйелер икемділік, сенімділік, тиімділік, қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс. Кәсіпорынның жаңа талаптарына, жаңа шарттарына байланысты ақпараттық жүйелердің икемделуі икемділік қасиетіне тән. Егер ақпараттық жүйелерді құру кезінде құжаттандыру әдістері мен жалпыға бірдей жабдықтарды қолданатын болса, онда бұл шарт орындалады. Жүйені модернизациялауға болады деген сөз, яғни жүйеге ақпараттық жүйені құрушылар (разработчики) өзгерістер енгізе алады. Ақпараттық жүйе ерте ме, әлде кеш пе тозады, сол кезде оны модернизациялау мүмкін болмаса, онда оны толығымен ауыстыру қажет. Ақпараттық жүйенің сенімділігі “техникалық себептермен“ мәліметтердің жоғалмауын қамтамасыз етеді. Сенімділік талабы сақталынатын ақпараттың резервті көшірмесін алу арқылы қанағаттандырылады.

8. Ақпараттық жүйелердің компоненттерін атаңыз және ашып жазыңыз. Ақпараттық жүйелердің функцияларын сипаттаңыз.

Ақпараттық жүйенің компоненттері дегеніміз ақпараттық жүйе құрайтын мәліметтер қоры, ақпараттық процессорлар және концептуалды схема.

Ақпараттық процессор - алынған командаға жауапты мәліметтер қорымен және концептуалды схемамен бірге іздейтін механизм. Ақпараттық процессор есептеу жүйесінен және мәліметтер қорын басқару жүйесінен тұрады.Концептуалды схема (концепт - түсінік) мәліметтер қорында сақталынатын ақпарат бірліктерінің құрылымын сипаттайды.

Кіріс ақпараты дегеніміз құжаттар түрінде берілетін мәліметтер және ақпараттар. Шығыс ақпараты дегеніміз ақпараттық жүйенің қызметінің орындалу барысында алынатын басқару жүйесіне қажетті ақпараттар.Ақпараттық жүйенің функционалды бөлімі ақпараттық байланыстардың қозғалысы мен өңдеуден кейін графикалық түрде көрсетіледі. Жабдықтаушы бөлімінде программалық жабдықтамалар мен есептеу жүйесі сипатталады.

Ақпараттық модельдің бірнеше түрлері бар:

1.Концептуалды модельде блок-схемалар, граф, кесте қолданылады.

2.Логикалық модельде ақпараттық жүйені жобалау және талдау жүргізіледі.

3. Математикалық модель – үлгіленетін процесс параметрлерінің арасында жазылған мәліметтер.

4. Алгоритмдік модель математикалық модельдің құрамына кіреді.

Пәндік сала дегеніміз материалды жүйенің элементтері, яғни олар туралы ақпарат ақпараттық жүйеде сақталынады.

Ақпараттық жүйелердің негізгі функцияларына ақпараттық ресурстарды жинау, тіркеу, сақтау, өңдеу функциялары, сонымен қатар қолданушылардың сұраныстарын қанағаттандыру функциялары жатады.

Жинау және тіркеу функциялары пәндік сала туралы ақпаратты алуды қамтамасыз етеді. Функцияны іске асыру ақпарат көзінен тәуелді. Ақпарат көзі ретінде электронды және қағаз түріндегі тасығыштарды алуға болады. Осы функциялар ақпараттарды бақылауды, сығуды, конвертация жасауды қамтамасыз ету қажеттілігі байланысты. Ақпаратты бақылауды қамтамасыз ету – бұл бірнеше ақпарат көзін қолданғанда мәліметтерді ақпараттық жүйеге жүктеуді дайындау және мәліметтерді өңдеу стадиясы.

Өңдеу стадиясына мәліметтерді сүзгіден өткізу процедурасы, верификация, ақпараттың сапасын жақсарту процедуралары жатады. Сүзгіден өткізу нәтижесінде ақпарат қорынан қажетті ақпаратты таңдау жүргізіледі. Верификация ақпараттың сенімділігін және толықтылығын қамтамасыз етеді. Конвертация жасау ақпараттық жүйедегі бір форматтағы мәліметтерді басқа форматтағы мәліметтерге түрлендіру.

Ақпараттық жүйенің функцияларын тарату әдістері мен тәсілдерін ақпараттық технология деп атаймыз. Технологиялық процесс дегеніміз ақпараттың пайда болу мезетінен нәтижелі ақпаратты алғанға дейін орындалатын процесстердің жиынтығы. Ақпараттық технология есептеу технологиясының жабдықтамаларын қолдану негізінде ақпаратты жинау , сақтау, өңдеу және іздеу жүйесі. Ақпараттық технология түсінігі технологиялық және программалық ортамен байланысты. Ақпараттық технологияның түрлері:

1.Мультимедиа технологиясы.

2.Мәліметтерді өңдеу технологиясы.

3.Сараптау жүйесі.

4.Желілік технология.

Ақпараттық технология 2 режимде жұмыс жасайды:

1.Пакеттік

2.Сұхбаттық

Пакеттік режим келесі қасиеттермен сипатталады:

1.Кіріс және шығыс ақпараттарының көлемді болуы.

2.Есептерді шешу кезінде адамның көмегінің қажет болмауы.

3.Кіріс файлдары үшін есептеулердің орындалуы.

9. Ақпараттық жүйенің өмірлік  айналымының анықтамасын беріңіз және  оның құрылымының  негізгі үдерістерін толық сипаттаңыз

Ақпараттық жүйенің өмірлік айналымы дегеніміз жүйені тұрғызу жөніндегі шешімдерді қабылдау мезетінен жүйе қызметін тоқтатқанға дейінгі стадиялар мен этаптар жиынтығы.

Ақпараттық жүйелерді тұрғызудың өмірлік айналымы мен мағыналық мәні әр түрлі ыңғайда бірдей және келесі стадиялардан тұрады.

1.Талаптарды жоспарлау және талдау. Ағымдағы ақпараттық жүйелерді зерттеу және талдау, тұрғызылатын ақпараттық жүйелерге талаптарды анықтау, техникалық-экономикалық сипаттамаларды және техникалық тапсырманы рәсімдеу орындалады.

2. Жобалау. Бұл стадияға жабдықтаушы ішкі жүйелердің құрамын анықтау (модельдеу), ақпараттық жүйелердің техникалық жобасын рәсімдеу функциялары жатады.

3. Жүзеге асыру. Бұл стадияға программаларды құру, деректер қорын құру, қызметкерлер үшін жұмыс нұсқауын жасау, жұмыстық жобаны рәсімдеу функциялары жатады.

4. Ендіру. Қызметкерлерді оқыту, ақпараттық жүйелерді сатылап ендіру, қабылдау, өткізуді сынау жөніндегі актілерді рәсімдеу функциялары жатады.

5. Ақпараттық жүйелерді пайдаға асыру. Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі жайлы статистикалық мәліметтерді және жарнамаларды жинау, қателерді түзету, ақпараттық жүйелерді модернизациялауға талаптарды рәсімдеу функциялары.

Екінші және үшінші этапты көбінесе бір стадияға біріктіреді. Оны техникалық жұмыстық жобалау немесе жүйелік синтез деп атайды.

Жүйелік талдаудың үдерістерінің негізгі мақсаттарына мыналар жатады:

  1. Жаңа ақпараттық жүйелердегі талаптарды қалыптастыру немесе жеткіліксіз жерлерін ескеру.

  2. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың экономикалық мәнін анықтау және бағытын талдау.

Ақпараттық жүйелердің жүйелік талдауы талаптарға сәйкес қарастырылып отырған экономикалық объектінің жұмысын сипаттау мен талдаудан басталады. Осы этаптың нәтижесінде ақпараттық жүйелердің кемшіліктері шығады. Оның негізінде объектіні басқару жүйесін жетілдіру бойынша талаптар қалыптастырады.

Сонымен бірге басқарудың функцияларын автоматтандыру қажеттілігіне негізделген есептер қойылады. Бұл қажеттілікті анықтағаннан кейін программалық-техникалық жобаларды таңдау негізінде объектілерді жетілдіру бағытын таңтау мәселесі туындайды. Нәтижелер техникалық тапсырма түрінде рәсімделінеді. Осында ақпараттық жүйелерге талаптар және техникалық шарттар бейнеленеді.

10. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымының бірінші сатысына шолу жасаңыз. Техникалық тапсырма және оның құрылымын сипаттаңыз. Мысал келтіріңіз.

Жүйелік синтез. Бұл процесс мыналарды болжайды:

Орындалатын функциялардың құрылымын бейнелейтін ақпараттық жүйелердің функцияналды архитектурасын тұрғызуды.

Ақпараттық жүйелердің архитектурасын, яғни жабдықтаушы ішкі жүйенің құрамын құруды.

Жобаны жүзеге асыру функциясын орындауды.

Функцияларды ішкі жүйелерден олардың байланысынан тұратын функцияналды архитектура ең жауапты болып табылады. Функцияналды архитектура негізінде тұрғызылатын жүйелік архитектураны тұрғызу ақпараттық технологиялық программалау және басқа жабдықтардың модульдерімен элементтерін бөліп ашуды болжайды. Бөлініп алынған элементтерді басқаруды және ақпарат бойынша өзара байланысты анықтау.

Функцияларды ішкі жүйелерден олардың байланысынан тұратын функцияналды архитектура ең жауапты болып табылады. Функцияналды архитектура негізінде тұрғызылатын жүйелік архитектураны тұрғызу ақпараттық технологиялық программалау және басқа жабдықтардың модульдерімен элементтерін бөліп ашуды болжайды.

Бөлініп алынған элементтерді басқаруды және ақпарат бойынша өзара байланысты анықтау.

Ендіру процесі келесі этаптардың орындалуын қадағалайды:

1.Тәжірибелік ендіру жоба модульдері мен элементтерінің қабілетін тексеру мен шектеледі. Сонымен қатар элементтер деңгейін, қателерді жоюдыда қарастырылады.

2.Өндірістік ендіру жүйелік талдау этаптарында қалыптасқан талаптарға сай жобаны тексерумен аяқталады.
Техникалық тапсырма (ТТ)

-ақпараттық жүйелерді құруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу стандарттарына арналған

құжат.

- ТТ программалық өнімге қойылатын негізгі техникалық талаптардан тұрады

- Т Т түп нұсқасын тапсырыс беруші жасайды

ТТ мүмкіндік береді:

Екі жаққа да:

  • дайын өнімді көрсетуге

  • дайын өнімді тексеруге

  • қателер санын азайтуға (талаптарда өзгерістер болса)

Тапсырыс берушіге:

  • не қажет екенін түйсінуіне

  • ТТ айтылған барлық шарттарға өнімнің сәйкес келуін құрастырушыдан талап етуге

Орындаушыға (құрастырушыға):

  • есептің мәнін түсінуге, программалық өнімнің «программалық сұлбасын» тапсырыс берушіге көрсету

  • жобаның орындалу мерзімін жоспарлау, жоспар бойынша жұмыс істеу

  • ТТ берілмеген жұмыстардан бас тартуға

Мысалы:«Банкомат» ақпараттық жүйесінің техникалық тапсырмасының құрылымын сипаттйык.

Бұл жүйе банкоматқа арналған ПЖ жасау.Және жүйе сонымен қатар сенімді,тиімді,қорғанымды болу керек.Алдымен банкомат ақша беретін,транзакциялар мен,төлемдер жүргізуге болатын автоматты механизмді,минибанк.Ал бұл банкоматқа ПЖ жасау өте маңызды.Бұл ПЖ –ның ерекшелігі бұл картанысалған соң,сенім кодын сұрап,мәлімет іздейді,және қанша соммада ақша бар соны экранға шығарады.Бірақ кемшілігі шотта ақша болмаса,транзакция жалғаспайды.Сенімділік талаптары өте қатал,яғни бұл программа ҰҚК-мен бірлесе жұмыс жасайды,күрделі криптожүйе қолданылған.Басқа адамдардың бұзушылығына жол бермейді.Бұның жұмыс істеу принципі:карточканы саламыз-ПИН тереміз—ПИН дұрыс болса-операция жалғасады-болмаса жалғаспайды-сомма жеткілікті болса –операция жалғасады-болмаса-краточка қайтарылады-жалғасқан жаіғдайда-соммасын тексеріп алады-экранға қанша ақша керек соны жазады ды-ақшаны алады.Бұл жүйе арнай ақша беретін компьютер және Windows-2000/ME/2007/XP ОЖ-да орындалады. ПӨ толық функционалды болып табылады, себебі дайын басты модулге орналастырылады, сол модуль бүкіл жүйені басқарады. Осы ПӨ қосымша модульдер де болады Программа құралдарға тәуелді , себебі ол өздігінен жұмыс жасай алмайды Эстетикалық сапасы жоғарғы деңгейде іске асырылған, себебі осы ПӨ қолдануда ыңғайлы және жайлы болуы өте қажет.Бұл тапсырмада негізігі құрылымы Банкоматтағы ПЖ-ның жұмыс жасу принциптеріне сүйеніп жасалған.
1   2   3   4   5   6   7


написать администратору сайта