Документ (1). 1. Жктілікті нешінші аптасында баланы эмбрионды (рыты) даму кезеі аяталады
Скачать 27.5 Kb.
|
1. Жүктіліктің нешінші аптасында баланың эмбрионды (ұрықтық) даму кезеңі аяқталады: А. +5-6 Б. 7-8 В. 8-9 Г. 9-10 Д. 10-11 2. Жүктіліктің нешінші аптасында баланың фетальді (нәрестелік) даму кезеңі басталады: А. 5-6 Б. +7-8 В. 8-9 Г. 9-10 Д. 10-11 3. Ұзақтығы 28 күнге созылған менструалдық циклды қалай атайды: А. +Нормопонирлеуші Б. Антепонирлеуші В. Постпонирлеуші Г. Гиперпонирлеуші Д. Гипопонирлеуші 4. Ұзақтығы 21 күнге созылған менструалдық циклды қалай атайды: А. Нормопонирлеуші Б. Антепонирлеуші В. Постпонирлеуші Г. Гиперпонирлеуші Д. +Гипопонирлеуші 5. Ұзақтығы 35 күннен ұзаққа созылған менструалдық циклды қалай атайды: А. Нормопонирлеуші Б. Антепонирлеуші В. Постпонирлеуші Г. +Гиперпонирлеуші Д. Гипопонирлеуші 6. Жатырдың сыртқы қабаты қалай аталады: А. Параметрий Б. +Периметрий В. Миометрий Г. Эндометрий Д. Базальді мембрана 7. Жатырдың ішкі қабаты қалай аталады: А. Параметрий Б. Периметрий В. Миометрий Г. +Эндометрий Д. Базальді мембрана 8. Жатырдың бұлшықетті қабаты қалай аталады: А. Параметрий Б. Периметрий В. +Миометрий Г. Эндометрий Д. Базальді мембрана 9. Жатыр маңы тіндері қалай аталады: А. +Параметрий Б. Периметрий В. Миометрий Г. Эндометрий Д. Базальді мембрана 10. Қалыпты жағдайда қынап микрофлорасында көп болуы тиіс: А. Кандидалар Б. +Дедерлейн таяқшалары В. Ішек таяқшалары Г. Трихомонадалар Д. Гарднереллар 11. Жатыр түтікшелерінің шырышты қабаты қандай эпителиймен қапталған: А. Бірқабатты жалпақ Б. Көпқабатты жалпақ В. +Кірпікшелі цилиндрлі Г. Кубті цилиндрлі Д. Екі қабатты цилиндрлі 12. Жатырдың жұмыр байламы жатырды иеді: А. Артқа қарай Б. +Алдыға қарай В. Солға қарай Г. Оңға қарай Д. Төмен қарай 13. Аналық без бен жатыр түтікшесінің арасындағы жалпақ байламның бөлігі аталады: А. Жұмыр байлам Б. Оймыш-жамбас байламы В. Кардинальді байлам Г. +Мезосальпинкс Д. Аналық бездің өзіндік байламы 14. Менструалдық циклдың 1-ші фазасында аналық безден басымырақ бөлінеді: А. Прогестерон Б. +Эстроген В. Тестостерон Г. Андростендинон Д. Андроген 15. Менструалдық циклдың 2-ші фазасында аналық безден басымырақ бөлінеді: А. +Прогестерон Б. Эстроген В. Тестостерон Г. Андростендинон Д. Андроген 16. Аналық бездік циклдың лютеинді фазасына эндометрийдің қай фазасы сәйкес келеді: А. Десквамация Б. Регенерация В. Пролиферация Г. +Секреция Д. Децидуализация 17. Аналық бездік циклдың фолликулярлы фазасына эндометрийдің қай фазасы сәйкес келеді: А. Десквамация Б. Регенерация В. +Пролиферация Г. Секреция Д. Децидуализация 18. Қалыпты жағдайдағы менструалдық қанның орташа көлемі: А. 10-25 мл Б. +30-50 мл В. 70-90 мл Г. 110-140 мл Д. 150-200 мл 19. Неғұрлым жоғары контрацепциялық сенімділікке ие: А. Биологиялық әдістер Б. Тосқауылдық әдістер В. +Гормондық контрацепция Г. Жыныстық қатынасты үзу Д. Күнтізбелік әдістер 20. Неғұрлым төменгі контрацепциялық сенімділікке ие: А. Хирургиялық стерилизация Б. Тосқауылдық әдістер В. Гормондық контрацепция Г. +Спермицидтер Д. Жатырішілік контрацепция Д. Жыныстық қатынысты үзу 24. Эректилді дисфункция кезінде контрапцецияның қай түрі қолданылмайды: А. Биологиялық әдіс Б. Жатырішілік контрацепция В. Тосқауылдық әдістер Г. Гормональді контрацепциялар Д. +Жыныстық қатынысты үзу 25. Менструалдық циклы ретсіз әйелдерге контрацепция әдістерінің қай түрі қарсы көрсеткіш болады: А. +Биологиялық әдіс Б. Жатырішілік контрацепция В. Тосқауылдық әдістер Г. Гормондық контрацепциялар Д. Жыныстық қатынысты үзу 26. Нәрестенің антенаталды өлімі - бұл босану әрекеті басталмай тұрып нәрестенің шетінеуі, ол басталады: А. 12 аптадан Б. 16 аптадан В. +22 аптадан Г. 28 аптадан Д. 32 аптадан 27. Қазақстан Республикасында жүктілер, босанушылар және босанғандарға көмек көрсетуге арналған мекемелердің қанша деңгейі бар: А. 1 Б. 2 В. +3 Г. 4 Д. 5 28. Қосарланған ауыз арқылы қабылданатын контрацепцияның әсер ету механизмі: А. +ЛГ және ФСГ рилизинг-факторларының бөлінуін тежеу арқылы овуляцияны тоқтату Б. Эндометрий мен эндоцервикстегі биохимиялық және биофизикалық процестерді тежеу В. Цервикалді шырыштың қоюлануы, сперматозоидтар қозғалысының тежелу Г. Жатыр мен жатыр түтікшелері перистальтикасының жоғарылауы Д. Қынап қышқылдығының жоғарылауы, эндометрийдегі атрофиялық өзгерістер 29. Эндометрийде секреторлық өзгерістер шақыратын гормон түрін көрсетіңіз: А. Эстрадиол Б. Эстриол В. Эстрон Г. +Прогестерон Д. Тестостерон 30. Эндометрийде пролиферативті өзгерістер шақыратын гормон түрін көрсетіңіз: А. +Эстрадиол Б. Эстриол В. Эстрон Г. Прогестерон Д. Тестостерон 31. 20 жастағы К. есімді әйел контацепция түрін таңдау жөнінде кеңес алуға келді. Анамнезінен: тұрмысқа шықпаған, жыныстық қатынасты 16 жастан бастаған, айына ретсіз 1-2 рет кездейсоқ жыныстық жұппен болады, жүкті болмаған. Контрацепцияның қай әдісін ұсынасыз: А. Шүғұл контрацепция Б. +Мүшеқап В. Тосқауылдық әдіс + ҚАК Г. Төменгі мөлшерлі ҚАК Д. Жатырішілік контрацепция 32. Қыз бала К., 16 жаста, контацепция түрін таңдау жөнінде кеңес алуға келді. Анамнезінен: тұрмыс құрмаған, жыныстық қатынасты 15 жастан бастаған, айына ретсіз 1-2 рет кездейсоқ жыныстық жұппен болады, жүкті болмаған. Контрацепцияның қай әдісін ұсынасыз: А. Шүғұл контрацепция Б. Мүшеқап В. +Мүшеқап + ҚАК Г. Төменгі мөлшерлі ҚАК Д. Жатырішілік контрацепция 33. 25 жастағы 2 баласы бар тұрмыстағы әйелге контрацепцияның қай түрін қолданғаны жөн: А. ҚАК Б. Ерікті хирургиялық стерилизация В. +Жатырішілік контрацепция Г. Тосқауылдық әдіс Д. Шұғыл контрацепция 34. 32 жастағы Г. есімді әйел контацепция түрін таңдау жөнінде кеңес алуға келді. Анамнезінен: тұрмыс құрмаған, жыныстық қатынасты 25 жастан бастаған, айына ретсіз 1-2 рет кездейсоқ жыныстық жұппен болады, жүктілік болмаған. Контрацепцидің қай әдісін ұсынасыз: А. Шұғыл контрацепция Б. +Мүшеқап В. Тосқауылдық әдіс + ҚАК Г. Төмен мөлшерлі ҚАК Д. Жатырішілік контрацепция 35. 38 жастағы К. есімді әйел контрацепция түрін таңдау жөнінде кеңес алуға келді. Анамнезінен: тұрмыс құрған, жыныстық қатынасты 18 жастан бастаған, 1 жүктілік болған, 1- мерзімімен босану болған. Қант диабеті қантамырлық асқынумен диспансерлік тіркеуде тұрады. онтрацепцияның қай түрін қолданғаны тиімді: А. Шұғыл контрацепция Б. Мүшеқап В. Тосқауылдық әдісі + ҚАК Г. Төмен мөлшерлі ҚАК Д. +Жатырішілік контрацепция 36. 35 жастағы К. есімді әйел контацепция түрін таңдау жөнінде кеңес алуға келді. Анамнезінен: тұрмыс құрған, жыныстық қатынасты 18 жастан бастаған, 3 жүктілік болған, 3- мерзімімен босану болған. Аяқ көктамырының кеңеюі бойынша диспансерлік тіркеуде тұрады. Контрацепцияның қай түрін қолданбағаны тиімді: А. Ерікті хирургиялық стерилизация Б. Тосқауылдық әдіс В. +ҚАК Г. Таза прогистинді контрацепциялар Д. Жатырішілік контрацепция 37. ҚР перинаталды көмек көрсетуді аймақтандыруына сәйкес алғаш босанушы, 37 жаста, ауылдық жерде тұрады, босануға көмектесетін мекеменің қайсысына жатқызылуы тиіс: А. Ауылдық амбулаторияға Б. Орталық аудандық ауруханаға В. +Облыстық перинаталды орталыққа Г. Қалалық перзентханаға Д. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталықтарына 38. Ана өлiмiнiң көрсеткiшi тірі туылған балалармен қанша босану саны бойынша есептеледi: А. 10 Б. 100 В. 1000 Г. 10000 Д. +100000 39. Аналық өлім коэффициент мына қатынасты көрсетеді: А. +Қаза болған жүкті, босанушы және босанғандар санының тірі туылған 100 000 жаңа туылған балалар санына Б. Қаза болған жүкті, босанушы және босанғандар санының тірі және өлі туылған 100 000 жаңа туылған балалар санына В. Қаза болған жүкті және босанушылар санының тірі туылған 10 000 жаңа туылған балалар санына Г. Қаза болған босанушы және босанғандар санының тірі және өлі туылған 1000 жаңа туылған балалар санына Д. Жүкті, босанушы және босанғандар санының 100 тірі туылған жаңа туылған балалар санына 40. 25 жастағы К есімді әйел контрацепция түрін таңдау жөнінде кеңес алуға келді. Анамнезінен: тұрмыс құрмаған, жыныстық қатынасты 18 жастан бастаған, жүктілігі-1, 1- мерзімімен босанған, никотинге тәуелді (тәулігіне 10-15шылым). Контрцепцияның қай түрін ұсынасыз. А. Жатырішілік серіппе Б. +ҚАК В. Тосқауылды әдіс Г. Жыныстық қатынасты үзу Д. Ерікті хирургиялық стерилизация 41. Перинаталды көмекті аймақтандыруға сәйкес 1-ші деңгейлік босандыруға көмектесетін мекемеге жатады: А. Перинаталдық орталық Б. Қалалық перзентхана В. +Аудандық орталық аурухана Г. Ауылдық дәрігерлік амбулатория Д. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы 42. Перинаталды көмекті аймақтандыруға сәйкес 2-ші деңгейлік босандыруға көмектесетін мекемеге жатады: А. Перинаталдық орталық Б. +Қалалық перзентхана В. Аудандық орталық аурухана Г. Ауылдық дәрігерлік амбулатория Д Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы. 43. Перинаталды көмекті аймақтандыруға сәйкес 3-ші деңгейлік босандыруға көмектесетін мекемеге жатады: А. +Перинаталдық орталық Б. Қалалық перзентхана В. Аудандық орталық аурухана Г. Ауылдық дәрігерлік амбулатория Д. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы 44. Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлiгiнің Ұлттық хаттамасына сәйкес, жүктiлiктің физилогиялық ағымында жүкті әйел әйелдер кеңесіне қанша рет баруы тиіс: А. 3-4 рет Б. +5-6 рет В. 7-8 рет Г. 9-10 рет Д. 11-12 рет 45. Босануға фетоплацентарлы жүйенің дайындығының негізгі белгілері болып табылады: А. +Ананың бүйрекүсті безінен кортизол секрециясының көбеюі Б. Нәрестеде тиреотропты гормон секрециясының көбеюі В. Прогестерон секрециясының азаюы Г. Гистамин секрециясының көбеюі Д.Ананың бүйрекүсті безінен кортизол секрециясының азаюы 46. Физиологиялық жүктілікте жүкті әйелдің асқорыту жүйесінде байқалады: А. Асқазанның секреторлық функциясының төмендеуі Б. +Бауырдың секреторлық функциясының жоғарылауы В. Сілекей секрециясының төмендеуі Г. Асқазанның секреторлық функциясының жоғарылауы Д. Бауырдың секреторлық функциясының төмендеуі 47. Созылмалы артериалды гипертензиясы бар жүктілерде жиі кездесетін асқынулар болып табылады: А. Өзіндік түсік Б. Мерзімінен бұрын босану В. Мерзімінен асқан жүктілік Г. +Преэклампсия Д. Көпсулық 48. Ұрық дамуындағы бірінші қауіпті кезең болып табылады: А. +Имплантация алды және имплантация сатысы Б. Ұрықтану В. Жүйелер мен мүшелер бастамасының дамуы, плацентаның қалыптасуы Г. Плацентация Д. Ұрықтанған аналық жүмыртқа жасушасының тасымалы 49. Ұрық дамуындағы екінші қауіпті кезең болып табылады: А. Имплантация алды сатысы Б. Имплантация В. Ұрықтану Г. +Жүйелер мен мүшелер түйінінің дамуы, плацентаның қалыптасуы Д. Плацентация 50. Жүкті әйел А., 23 жаста, қант диабетінің жеңіл дәрежесімен жүктіліктің 10 аптасында әйелдер кеңесіне келді. Сіздің тактикаңыз: А. Жүктілікті физиологиялық ағымдағыдай амбулаторлы түрде жүргізу Б. Жүктілікті эндокринологтың консультациясын ала отырып, амбулаторлы түрде жүргізу В. Ары қарай тексеру үшін гинекологиялық бөлімшеге жатқызу Г. +Жүктілікті жалғастыру сұрақтарын шешу үшін эндокринологиялық бөлімшеге жатқызу Д. Жүктілікті жалғастыру сұрақтарын шешу үшін гинекологиялық бөлімшеге жатқызу 51. 32 жастағы жүкті әйел жүктіліктің 8-9 аптасында әйелдер кеңесіне келді. Анамнезінен 2 рет мерзімімен босанған, нәрестелердің салмағы 4000,0 және 3500,0 гр. Экстрагениталді ауруы жоқ. Тексеру барысында аш қарындағы қант көлемі 6,6 ммольді құраған. Зәрінің тәуліктік мөлшерінде глюкозурия+. Сіздің диагнозыңыз: А. Жүктіліктің 8-9 аптасы, глюкозаға тұрақтылығы бұзылған Б. +Жүктіліктің 8-9 аптасы, жүктілікке байланысты диабет В. Жүктіліктің 8-9 аптасы, 1 дәрежелі диабет Г. Жүктіліктің 8-9 аптасы, 2 дәрежелі диабет Д. Жүктіліктің 8-9 аптасы, қант диабетінің даму қаупі бар 52. Диффузды-токсикалық зобқа тән: А. Терінің құрғауы Б. Микседема В. +Экзофтальм Г. Энофтальм Д. Психикалық өзгерістер 53. Жүктіліктің қай кезеңінде айналымдағы қанның көлемі көбейе бастайды: А. +6-8 аптада Б. 9-11 аптада В. 12-14 аптада Г. 15-17 аптада Д. 18-20 аптада 54. Жүктіліктің қай аптасында айналымдағы қанның көлемі максималді көбейеді: А. 5-12 аптада Б. 13-20 аптада В. 21-28 аптада Г. +29-36 аптада Д. 37-41 аптада 55. Жүктіліктің соңында қан плазмасының көлемі жоғарылайды: А. 9-21%-ға Б. 22-34%-ға В. +35-47%-ға Г. 48-60%-ға Д. 61-73%-ға 56. Физиологиялық жүктілікте эритроциттер көлемі жоғарлайды: А. 10-17%-ға Б. +18-25%-ға В. 26-33%-ға Г. 34-41%-ға Д. 42-49%-ға 57. Темір препараттарына қажеттілік жүктіліктің мына мерзімінде жоғарылайды: А. 6-10 аптада Б. 11-15 аптада В. +16-20 аптада Г. 21-24 аптада Д. 25-29 аптада 58. Жүктілік кезінде асқазан ішек жолдары перистальтикасының төмендеуі мына гормон деңгейінің жоғарлауымен байланысты: А. Адамның хорионалды гонадотропинінің Б. +Прогестеронның В. Эстрогеннің Г. Андростендионның Д. Тиреотропин-рилизинг факторының 59. Жүре пайда болған жүрек ақауының қай түрі жүктілікке қолайлы: А. +Гемодинамиканың бұзылуынсыз болатын митралды жетіспеушілік Б. Гемодинамиканың бұзылуымен болатын митралды қақпақшаның стенозы В. Гемодинамиканың бұзылуынсыз болатын қолқа ақауы Г. Жыпылықтаушы аритмиясы бар қолқа ақауы Д. Декомпенсирленген жүрек ақауы 60. Жүкті әйел Ж., 24 жаста, жүктіліктің 22-23 аптасында дене температурасының 37,70 С –қа жоғарылауына, іштің төменгі бөлігі мен бел аймағындағы зәр шығару кезіндегі ауру сезіміне, шағымданып келді. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай тексеру әдістері жүргізілуі тиіс: А. Үрпіден алынған жағындыны бактериоскопиялық зерттеу Б. Жалпы қан және биохимиялық анализін зерттеу В. Жатыр мойнының шырышын бактериологиялық зерттеу Г. +Зәрді бактериологиялық зерттеу Д. Қынап сұйықтығын бактериоскопиялық зерттеу 61. Созылмалы гломерулонефриті бар жүкті әйелдерде жиі болатын асқынуларды көрсетіңіз: А. +Преэклампсия Б. Жедел бүйрек жетіспеушілігі В. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы Д. Мерзімінен бұрын босану Г. Плацентаның жатуы 62. Зәр шығару жүйесінің қандай патологиясында жүктілікті жалғастру қарсы көрсеткіш болады: А. Гломерулонефриттің нефротоксикалық түрі Б. Созылмалы пиелонефрит, өршу сатысы В. +Гломерулонефриттің аралас түрі Г. Зәр тас ауруы, бүйректік шаншу Д. Латентті гломерулонефрит 63. Өкпе туберкулезінің ашық түрі бар жүкті әйелдер босануы керек: А. Туберкулез диспансерінің арнайы боксында Б. +Перзентхананың арнайы боксында В. Инфекциялық аурухананың арнайы боксында Г. Перзентхананың обсервациялық бөлімінде Д. Көпсалалы стационардың арнайы боксында 64. Дизентерияның жедел түрі бар жүкті әйелдер босануы керек: А. Арнайы акушерлік стационарда Б. +Перзентхананың арнайы боксында В. Инфекциялық аурухананың арнайы боксында Г. Перзентхананың обсервациялық бөлімінде Д. Көпсалалы стационардың арнайы боксында 65. Жүкті әйелде ревматикалық үрдістің өршуі жиі мына мерзімде болады: А. 8-12 аптада Б. 13-17 аптада В. 18-22 аптада Г. 23-27 аптада Д. +28-32 аптада 66. Жүректің туа біткен ақауының қай түрі жүктілік үшін қолайлы болады: А. Фалло тетрадасы Б. Эйзенменгер кешені В. Қолқа каорктациясы Г. +Жүрекшеаралық перденің ақауы Д. Қарыншааралық перденің ақауы 67. Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары бар жүктілерде өкпе ісінуі жиі дамиды: А. Жүктіліктің І-ші жартысында Б. Жүктіліктің ІІ-ші жартысында В. Босанудың 1-ші және/немесе 3-ші кезеңінде Г. +Босанудың 2-ші кезеңі және /немесе босанғаннан кейінгі ерте кезеңде Д. Босанудың 3-ші кезеңінде және/немесе босанғаннан кейінгі кеш кезеңде 68. Жүктілікке байланысты гипертензияның патогенезінде мынаның синтезінің жоғарылауы маңызды рөл атқарады: А. +Тромбоксан Б. Простагландин Е В. Окситоцин Г. Пролактин Д. Простациклин 69. Жүкті әйел О., 32 жаста, мынадай диагноз қойылды: Жүктіліктің 34 аптасы. Эклампсия. Қарқынды терапия бөлімшесінде тырысуға қарсы және гипотензивті ем жүргізілгеннен кейін, 6 сағаттан соң тырысу ұстамасы қайталанды. Жағдайы тұрақталғаннан соң қынаптық тексерілу жүргізілді: жатыр мойны «жетілмеген». Дәрігердің келесі тактикасы: А. Симптоматикалық емдеу барысында жүктілікті жалғастыру Б. 3-4 күн бойы емдеу, нәтиже болмаған жағдайда -босандыру В. Жағдайын тұрақтандыру, босану әрекетін преиндукциялау және индукциялау Г. +Жағдайын тұрақтандыру және кесар тілігі арқылы босандыру Д. Симптоматикалық ем, жүктілік мерзіміне жеткенде босануды консервативті жүргізу 70. Босанушы П., 24 жаста, перзентханағы келесі диагнозбен түсті: Жүктіліктің 37 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Босанудың І кезеңі. Нәресте өміріне қауіп төніп тұр. Сіздің тактикаңыз: А. Табиғи жолмен босандыру Б. Оксигенотерапия В. Вакуум-экстракция Г. +Шұғыл түрде кесар тілігі операциясы Д. Акушерлік қысқыш салу 71. Жүкті, босанушы, босанған әйелде преклампсия, эклампсия кезінде қолданылатын айқын тырысуға қарсы әсері бар препаратты көрсетіңіз: А. Эуфиллин Б. +Магний сульфаты В. Диуретиктер Г. Спазмолитиктер Д. Валериан тұнбасы 72. Тәуліктік зәрдегі белоктың қандай мөлшері протенурия ретінде бағаланады: А. 0,003 г және одан жоғары Б. 0,03 г және одан жоғары В. +0,3 г және одан жоғары Г. 3,0 г және одан жоғары Д. 33,0 г және одан жоғары 73. Қарқынды терапия бөлімшесінде 28 жастағы К., есімді жүкті әйелге, жүктіліктің 34-35 аптасында ауыр дәрежелі преэклампсияға байланысты қарқынды ем жүргізілген. Мына мерзімде босандыру көрсетілген: А. 2-11 сағаттан соң Б. 12-23 сағаттан соң В. +24-48 сағаттан соң Г. 1-2 аптадан соң Д. 3-4 аптадан соң 74. Жүкті әйел К., 26 жаста, перзентханаға келесі диагнозбен түсті: Жүктіліктің 37 аптасы, преэклампсияның жеңіл дәрежесі. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны «жетілген». Сіздің тактикаңыз А. Преэклампсияны кешенді емдеу спонтанды босану әрекеті басталғанға дейін Б. +Босандыру: амниотомия және окситоцинмен босануды қоздыру В. Преэклампсияны кешенді емдеу, сонымен бірге организмді простагландинмен босануға дайындау Г. Босандыру: жоспарлы түрде кесар тілігі операциясын жасау Д. Босандыру: шұғыл түрде кесар тілігі операциясын жасау 75. Жүкті әйел А., 30 жаста, перзентханаға келесі диагнозбен түсті: Жүктіліктің 37 аптасы, преэклампсияның ауыр дәрежесі. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны «жетілген». Сіздің тактикаңыз: А. Преэклампсияны кешенді емдеу спонтанды босану әрекеті басталғанға дейін Б. +Босандыру: амниотомия және окситоцинмен босануды қоздыру В. Преэклампсияны кешенді емдеу, сонымен бірге организмді простагландинмен босануға дайындау Г. Босандыру: жоспарлы түрде кесар тілігі операциясын жасау Д. Босандыру: шұғыл түрде кесар тілігі операциясын жасау 76. Жүкті әйел А., 30 жаста, перзентханаға келесі диагнозбен түсті: Жүктіліктің 37 аптасы, преэклампсияның ауыр дәрежесі. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны «жетілмеген». Сіздің тактикаңыз: А. Магнезиялық терапия спонтанды босану әрекеті басталғанға дейін Б. Магнезиялық терапия, босандыру: амниотомия және окситоцинмен босануды қоздыру В. +Магнезиялық терапия сонымен бірге организмді простагландинмен босануға дайындау Г. Магнезиялық терапия, босандыру: жоспарлы түрде кесар тілігі операциясын жасау Д. Магнезиялық терапия, босандыру: шұғыл түрде кесар тілігі операциясын жасау 77. Жүктіліктің 31-32 аптасында жүкті әйел А перзентханаға жеткізілді. Үйінде тырысу ұстамасы болған. Жағдайы ауыр,ес түссіз. АҚ 180\100 мм.с. б.б., АҚ 190\110 мм.с. б.б. Жайылған ісіну. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ретті, минутына 140 рет. Сіздің диагнозыңыз: А. Жүктіліктің 31-32 аптасы. Эпилепсия. Кома Б. Жүктіліктің 31-32 аптасы. Жедел ми қанайналысының бұзылысы В. Жүктіліктің 31-32 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Г. +Жүктіліктің 31-32 аптасы. Эклампсия. Кома. Д. Жүктіліктің 31-32 аптасы. Жедел бүйрек зақымдалуы 78. Жүктіліктің 8-9 аптасындағы жүкті әйел тәулігіне 8 ретке дейін құсуға шағымданады. Қойылған диагноз: Жүктілік 8-9 аптасы. Ерте токсикоз. Жүктілікке байланысты құсудың жеңіл түрі. Дәрігердің тактикасы: А. Гастроэнтерологиялық бөлімінде жалпы жағдайын жақсарту терапиясын жүргізу Б. Гинекологиялық бөлімінде жүктілікті үзу В. Гинекологиялық бөлімге жүктілікті жалғастыру үшін жатқызу Г. +Әйелдер кеңесінде жүкті әйелді амбулаторлы бақылау Д. Жүкті әйелді гастроэнтрологпен амбулаторлы түрде бақылау 79. Жүктіліктің 8-9 аптасындағы жүкті әйел үнемі сілекейдің ағуына 1000мл-ге дейін, соңғы 2 аптада дене салмағын 3 кг –ға дейін жоғалтуға шағымданады. Объективті қарағанда: гипотония, АҚ 80/50 мм.с. б.б, тахикардия 110 рет минутына,диурезі төмен, азот қалдығы мен креатинин мөлшері жоғарылаған. Зәрде ацетон +++. Сіздің диагнозыңыз: А. +Жүктіліктің 8-9 аптасы. Ерте токсикоз. Птиализм Б. Жүктіліктің 8-9 аптасы. Ерте токсикоз. Жүктілік остеопатиясы В. Жүктіліктіңғ 8-9 аптасы. Ерте токсикоз. Жүктілікке байланысты құсу Г. Жүктіліктің 8-9 аптасы. Жедел панкреатит Д. Жүктіліктің 8-9 аптасы. Дизентерия 80. Жүктіліктің 8-9 аптасындағы жүкті әйел үнемі сілекейдің ағуына 1000мл-ге дейін, соңғы 2 аптада дене салмағын 3 кг –ға дейін жоғалтуға шағымданады. Объективті қарағанда: гипотония, АҚ 80/50 мм.с. б.б, тахикардия 110 рет минутына, диурезі төмен, азот қалдығы мен креатинин мөлшері жоғарылаған. Зәрде ацетон +++. Қойылған диагноз: Жүктіліктің 8-9 аптасы. Ерте токсикоз. Птиализм. Дәрігер тактикасы: А. +Госпитализация, кешенді дезинтоксикациялық, инфузионды, жалпы жағдайды жақсартушы терапия Б. Госпитализация, диета, жалпы жағдайды жақсартушы терапия В. Госпитализация, гинекология бөлімінде жүктілікті үзу Г. Әйелдер кеңесі жағдайында жүкті әйелді диспансерлік бақылау Д. Гастроэнтерология бөлімшесіне госпитализациялау 81. Босанудың 2-ші кезеңінде қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуының мүмкін болатын себебін көрсетіңіз: А. Босану әрекетінің әлсіздігі Б. Хориоамнионит В. +Абсолютті қысқа кіндік Г. Қағанақ суының мезгілінен бұрын кетуі Д. Плацентаның шынайы бітісіп өсуі 82. Плацентаның жатуында болатын жиі асқынулар: А. Жатырдың айналып кетуі Б. Плацентаның тығыз жапсырылуы В. +Плацентаның бітісіп өсуі Г. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылыну Д. Коагулопатиялық қан ағу 83. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуының негізгі диагностикалық белгісін көрсетіңіз: А. Сыртқы қан ағу , жатыр тонусы қалыпты Б. Метеоризм, диарея В. +Локальды ауру синдромы, жатырдың гипертонусы Г. Нәрестенің макросомиясы Д. АҚҚ төмендеуі, тахикардия 84. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуында кесар тілігі операциясы жасалынады: А. +Нәрестенің жағдайына тәуелсіз Б. Тек қана нәресте тірі болғанда В. Тек қана нәрестеге қауіп төнген жағдайда Г. Тек қана постгеморрагиялық анемия кезінде Д. Тек қана мерзімі жеткен жүктілікте 85. Плацентаның жатуын диагностикалауда толық мәлімет береді: А. Радиоизотопты сцинтиграфия Б. Жылу енгізу В. +Ультрадыбысты сканирлеу Г. Допплерография Д. Кіші жамбас мүшелерінің рентгенографиясы 86. Плацентаның толық жатуында қынаптық тексеру кезінде анықталады: А. Кедір-бұдырлы қағанақ қуығының қабығы Б. Нәресте жамбас бөлігі В. Нәресте қолы Г. +Ішкі ернеу бойымен губка тәрізді тіннің анықталуы Д. Нәрестенің басы 87. Жатырдың алдыңғы қабырғасында орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуына тән белгілер: А. +Жергілікті ауырсыну Б. Толғақ тәрізді аурудың болуы В. Аяқтардың ісінуі Г. Алдыңғы құрсақ қабырғасының ісінуі Д. Артериалды қан қысымының жоғарлауы 88. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуында босанушыға көрсетіледі: А. Окситоцинмен босануды ынталандыру Б. Простагландинмен босануды ынталандыру В. Метилэргометринді көктамырға тамшылатып енгізу Г. Жоспарлы түрде кесар тілігі операциясын жасау арқылы босандыру Д. +Шұғыл түрде кесар тілігі операциясын жасау арқылы босандыру 89. Плацентаның жатуын жүргізу тактикасында ең тиімді болып табылады: А. Нәрестенің жатуы (баспен, жамбаспен) Б. Жатыр мойнының жағдайы (жайылған, қысқарған, толық ашылған) В. Нәресте жағдайы (тірі, өлі) Г. +Қан кетудің айқындылығы Д. Әйел жасы 90. Преэклампсиясы бар жүкті әйелде жүктіліктің 32 аптасында үдемелі плацентаның мезгілінен бұрын сылыну белгілері пайда болды. Перзентханаға жедел түрде жатқызылды. Акушерлік тактика: А. Қарқынды терапия және жүктілікті сақтау Б. Босануды қоздыру мен босануды ынталандыру В. +Шұғыл түрде кесар тілігі операциясын жасау Г. Жоспарлы түрде кесар тілігі операциясын жасау Д. Преэклампсияның қарқынды терапиясы 91. Жүктіліктің 9-10 аптасында диагноз қойылды: Жүктілік 9-10 апта. Көпіршікті тығын. Сіздің тактикаңыз: А. +Жатыр қуысын қыру Б. Жүктілікті жалғастыру В. Жатырдың қосалқыларынсыз ампутациясы Г. Жатырдың қосалқыларынсыз экстирпациясы Д. Химиотерапия 92. Жүкті әйелге жүктіліктің 9-10 аптасында көпіршікті тығынға байланысты жатыр қуысын қыру жүргізілді. Гистологиялық диагноз: трофобластикалық ауру, көпіршікті тығын. Қандай гормонды жүйелі түрде анықтап тұру қажет: А. +Адамның хорионалды гонадотропині Б. Қандағы прогестерон деңгейін В. Қандағы тестостерон деңгейін Г. Зәрдегі 17-КС Д. Қандағы фолликулостимулдеуші гормонды 93. Плацентаның жатуының негізгі клиникалық белгілері: А. Жергілікті ауру сезімі мен жатырдың қатаюы Б. Нәрестенің жүрек соғысы ырғағының бұзылысы В. Жатырдың пішіні шар тәрізді Г. +Жыныс жолдарынан қайталанатын қан кету Д. Қағанақ суының ерте кетуі 94. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуының негізгі клиникалық белгілері: А. +Жергілікті ауру сезімі мен жатырдың қатаюы Б. Босану әрекетінің ауытқулары В. Жатырдың пішіні шар тәрізді Г. Жыныс жолдарынан қанның кетуі Д. Қағанақ суының ерте кетуі 95. Алғаш босанушы әйелге қынаптық тексеру жасағанда жатыр мойының 4 см-ге ашылғандығы, плацентаның толық емес жатуы және нәрестенің жамбаспен келуі анықталды. Босануды жүргізу тактикасы: А. Амниотомия және босануды ынталандыру Б. Босануды консервативті жүргізуді жалғастыру В. +Шұғыл түрде кесар тілігін жасау Г. Босануды Цовьянов бойынша жүргізу Д. Нәрестенің жамбасы арқылы эктракциясы 96. Қабылдау бөліміне алғаш жүкті 24 жастағы Н., есімді мерзіміне жеткен көпұрықты жүктілік, босану әрекеті жоқ жүкті әйел қаралуға келді. УДЗ тексергенде егіз жүктілік анықталды, екі нәресте де ұзынша орналасқан, басымен жатыр. Нәрестелердің болжама салмағы 2800-3000 г. Қынаптық зерттеуде жатыр мойны «жетілген». Босануды жүргізу жоспары: А. Жоспарлы түрде кесар тілігі Б. +Консервативті босану, босану әрекетінің әлсіздігі дамығанда кесар тілігін жасау В. Консервативті босану, босану әрекетінің әлсіздігі дамығанда босануды ынталандыру Г. Босану әрекетін преиндукциялау және индукциялау Д. Амниотомия, окситацинмен босануды қоздыру 97. Мезгілінен бұрын босану каупі кезінде глюкокортикоидтарды дистресс-синдромының алдын-алу үшін канша аптаға дейін қолдануға болады: А. Жүктіліктің 28 аптасына дейін Б. Жүктіліктің 30 аптасына дейін В. Жүктіліктің 32 аптасына дейін Г. Жүктіліктң 34 аптасына дейін Д. +Жүктіліктің 36 аптасына дейін 98. Перзентханаға жүктіліктің 31-32 аптасында жүкті әйел жеткізілді. Тексеру барысында: Жағдайы ауыр, ес түссіз . АҚҚ 180/100 мм.с. б.б , жайылған ісіну анықталады,жатыр қозбаған, нәресте ұзынша орналасқан, басымен жатыр, нәрестенің жүрек соғысы минутына 140 рет, анық, ретті. Сіздің диагнозыңыз: А. Жүктіліктің 31-32 аптасы. Вирусты менингит Б. Жүктіліктің 31-32 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі В. Жүктіліктің 31-32 аптасы. Жедел ми қанайналысының бұзылысы Г. +Жүктіліктің 31-32 аптасы. Эклампсия. Кома Д. Жүктіліктің 31-32 аптасы. Жедел бүйрек жетіспеушілігі 99. Жатыр мойнының ашылуын партограммада қандай белгімен белгілейді: А. «О» Б. +«Х» В. «М» Г. «А» Д. «I» 100. Нәресте басының орналасуын партограммада қандай белгімен белгілейді: А. +«О» Б. «Х» В. «М» Г. «А» Д. «I» 101. Жасыл қағанақ суын партограммада қандай белгімен белгілейді: А. «В» Б. «А» В. +«М» Г. «С» Д. «I» 102. Бүтін қағанақ суын партограммада қандай белгімен белгілейді: А. «О» Б. «Х» |