Главная страница
Навигация по странице:

  • Ұстазым

  • 4-сынып Ата-әже

  • 1-4 сынып ұстаздар мен қарттар күні. 1. Жресіз баршамызды сйсіндіріп,(Маржан) Даналытан азына жрсіз жиып


    Скачать 22.59 Kb.
    Название1. Жресіз баршамызды сйсіндіріп,(Маржан) Даналытан азына жрсіз жиып
    Дата01.03.2022
    Размер22.59 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1-4 сынып ұстаздар мен қарттар күні.docx
    ТипДокументы
    #377995

    4-сынып

    1.Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп,(Маржан)

    Даналықтан қазына жүрсіз жиып.

    Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа,

    Тұғырында өмірдің тұрсыз биік.

    Асыл қасиет жас жүрекке сенсеңіз,

    Шәкірт бойына білім нәрін септіңіз

    Мектептің абыройын биік ұстап,

    Еліңізге адал қызмет еттіңіз

    Үстем болып әрқашан мерейіңіз,

    Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз.

      2.Алғаш қалам ұстатып,(Мансур)
    Білім құйған көңілге
    Әріп сырын ұқтырып
    Қақтырып қанат өмірге.

    Жақсы оқып жүрсің деп
    Сенім артты біздерге
    Жылдар сайын биіктеп
    Біздер ұшып барамыз.

    Қандай жақсы атыңның
    Қамқор болған ұстазым
    Білім беріп, жақсы көрік
    Шабыт берген ұстазым. 

    3.Білімнің ғана тиегі,(Бексұлтан)
    Мектебін жаны сүйеді.
    Қарапайым мамандық -
    Ұстаздық атты киелі.

    Бойына жиған нұр ағын,
    Білімнің жаққан шырағын.
    Шәкіртімен көркейер
    Қастерлі тұлға - Мұғалім!

    4.Мұғалім-ұстазысың балалардың,(Ердос)

    Болашақ ғалымдардың, даналардың

    Өмірде сенің алар орыныңды

    Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

    Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

    Бойына құйдың ақыл , ой мен сана

    Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

    Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға

    Атағым Алатаудай болып биік,

    Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

    Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

    Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
    2-сынып

    1.Армысыздар, ұстаздар, асыл жандар,(Алимжан)
    Шуақ болып көңілге шашылғандар!
    Білім беріп біздерге талмай, тынбай,
    Ғылым, ілім, оқуға шақырғандар!
    2. Данышпан да, дана да оқып сенен,(Аяжан)
    Атақ - даңқын асырды бар әлемнен.
    "Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
    Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
    3. Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,(АЛИ)
    Көңілді күндер тусын алдан әлі
    Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
    Бүгінгі күн сіздерге арналады.

    4. Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!(Нұрайша)
    Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
    Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
    Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

    4-сынып

    Ұстазым

    Ғалым да, кенші де бас иетін,

    Ұстазым, бар сенің қасиетің.

    Білім берген, ой берген, ақыл берген,

    Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.

    Ұстазым!

    Ақылшы дос, ой-арманым,

    Арналсын саған осы аяулы әнім.

    Күтеді біздерді үміт алдан,

    Ұстазым, мен сені ұмыта алман.

    Үйретем деп өмірдің парасатын,

    Ағарды ғой біз үшін қара шашың…

    Ұстазым!

    Ақылшы дос, ой-арманым,

    Арналсын саған осы аяулы әнім.

    2-сынып

    Ата әже

    Менің атам ақыл адам

    Менің әжем адал жан

    Екеуіне жақын жаным әкем анамнан

    Тыңдап әрбір өсиетін

    Мәнін ұқтым өмірдің

    Атам әжем қасиетті сәні төрімнің

    Аман болындар қос бәйтерегім

     

    Сүйемін мен ата әжемді

    Екеуінің ізімін

    Ата маған бата берді

    Әжем берді жүзігін

     

    Сүйемін мен ата әжемді

    Екеуінің ізімін

    Ата маған бата берді

    Әжем берді жүзігін

     

    Менің атам тұлғалы жан,

    Асыл әжем сенерім.

    Артық көрер ұлдарынан немерелерін

    Бақытты ғой көрген адам әжесі мен атасын,

    Менде бастым төрге қ адам алып батасын

    Аман болындар қос бәйтерегім

     

    Сүйемін мен ата әжемді

    Екеуінің ізімін

    Ата маған бата берді

    Әжем берді жүзігін

     

    Сүйемін мен ата әжемді

    Екеуінің ізімін

    Ата маған бата берді

    Әжем берді жүзігін

    4-сынып

    Ата-әже

    Қалмасын деп қатардан, ойлайтынын сезем мен,

    айналайын атамнан, айналайын әжемнен,

    мақтанбаймын бекер мен, өшпейсіңдер санамнан,

    айналайын әкемнен, айналайын анамнан,

    күн сияқты ашылар, қамқоршылар осылар,

    Қ-сы:

    Ата, әже, мен сіздердіі сүйіп өсемін,

    ана, әке, силаймын ғой бәріңді,

    мен сендерге қарап өсемін.

    2. Қанша көрдім дегенмен, көрмегенім көп менің,

    қанша білдім дегенмен, білмегенім көп менің,

    мен дегенде ештеңе, аямайтын осылар,

    тәңертең де, кешке де аялайтын осылар,

    қалай жаман боламын, мен бақытты баламын.

    Қ-сы:

    Ата, әже, мен сендерді сүйіп өсемін,

    ана, әке, силаймын ғой бәріңді, 2 рет

    мен сендерге қарап өсемін.

    1-сынып

    1.Ұстаз сені әрбір адам бағалар,
    Сенен ұшқан білім алып ағалар.
    Сенен ұшқан дарынды да, дана да,
    Сен арқылы мына ғалам жаңарар

    2.Ұрпақтан өмір жолы жалғанады,
    Көңілді күндер тусын алдан әлі
    Ән-шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
    Бүгінгі күн сіздерге арналады

    3. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
    Ұстаз деген – анасы ол адамның.
    Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
    Сен де одан адам болып жаралдың.
    4. Ұстаз деген – сырлас данам, арлы шың

    Шәкіртінен аямаған бар күшін

    Бұл өмірде адам болып қалуың

    Ұлы адамға шексіз-шексіз алғысым
    5. Ұстазыңды түсінгін сен тереңнен,
    Бар әлемге еңбегімен еленген.
    Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
    Ол да бірге қуанышқа кенелген.
    6. Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
    Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
    Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
    Ол өзіңнің орындалған арманың.
    7. Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
    Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
    Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
    Қасиетке бас иелік мәңгілік

    1-сынып

    Ардақты ұстазым

    Мейірімді көзіңнен, даналық сөзіңнен
    Жаныңның жылуын сеземін
    Үйрендім өзіңнен, оқуды төзіммен
    Үмітің ақталар, сенемін

    Ардақты ұстазым, өзіңе ұқсадым
    Қолыма әліппе ұстадым
    Ардақты ұстазым, өзіңнен қыс-жазы
    Нәр алып білімді ұштадым

    Осынау әлемде бәрі де, бәрі де
    Өтеді ұстаздың алдынан
    Есейіп кетсек те, биікке жетсек те
    Ардақсты ұстазды ұмытпан

    Ардақты ұстазым, өзіңе ұқсадым
    Қолыма әліппе ұстадым
    Ардақты ұстазым, өзіңнен қыс-жазы
    Нәр алып білімді ұштадым


    написать администратору сайта