Сценарий 8 март. 1 жргізуші Кктемді жасы кремін, ыстан со налып келген. Аналарымны мерекесін, Мдірмей алып келген. 2 жргізуші
Скачать 18.93 Kb.
|
«Әйел-өмірдің гүлі» атты мерекелік концерт сценариі. 1 жүргізуші : Көктемді жақсы көремін, Қыстан соң налып келген . Аналарымның мерекесін, Мүдірмей алып келген . 2 жүргізуші : Өткенді жақсы көрем, Анама сәби болған. Анамен отбасымыз, Береке сәнге толған. 1 жүргізуші : Құрсағында тоғыз ай, Жүректе мәңгіміз. Аналар үшін жыр төгіп, Шырқайықшы әнді біз. 2 жүргізуші : Күй төгіліп би билеп, Барлық өнерді таңдаймыз. Бүгінгі көңіл шабытын, Тек сіздерге арнаймыз ! 1 жүргізуші :Армысыздар ,мейірімі кең, жүрегі алтын, сөздері ем, жүзі жарқын асыл аналар мен, 2 жүргізуші : Бармысыздар,ақылына көркі сай, айдай сұлу келбетті,көркем қыздар! 1 жүргізуші :Білім көгінде бір қанатын,білім екінші қанатын өнер деп қаққан, Ы Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының бейнелеу өнері және музыкалық білім кафедрасының аға оқытушылары,біздін сүйікті ұстаздарымыз бүгінгі мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!. 2 жүргізуші : Сіздерді 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 1 жүргізуші : Ортада ______________________________________________________ Қарсы алыңыздар 2 жүргізуші : Бойдағы барын берген , Ақ сүтін нәрін берген . Бақытын бәрін берген аналарымыздын айтулы мерекесін 365 күн тойласақта артықтық етпейді. Сахнада өзінің құлақ құрышын қандырар күйімен Еркебұланды қарсы алайық 1 жүргізуші : Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін, ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен.Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана. Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйілеріңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз! Музыкалық нөмер 2 жүргізуші : Анаға ән арнамаған сазгер, жыр арнамаған ақын жоқ шығар?! Өмір сыйлаған жанға деген құрметін қазақ әркез өлеңмен өрнектеген.Соның біріҚадыр Мырза Әлі – «Ана» туралы өлеңін оқып берейін Бәрі де, Ана, Бір өзіңнен басталды. Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды. Қуандым ба, Өзің бар деп қуандым. Жыладым ба, Өзің жоқ деп жас тамды. Бәрі де, Ана, Бір өзіңнен басталды. Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды. Еркелесем, бір өзіңе еркелеп, Жасқандым ба, Тек өзіңнен жасқандым. Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді, Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді, Отанымның өзі сенен басталып. Жауларыма жеткен жерден бітеді Ортада__________________________________________________ 1 жүргізуші : Бүкіл әлем аналардың ақ сүтінен нәр алған, Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған. Әлемде егер ана болмаса осылайша, Туар ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман?! – деп ақын ағамыз жырлағандай, мақтасақ бүгін барлығын және білетін, тіршіліктің бұлағы әйел – ананы мақтайық! 2 жүргізуші : Сіздердің назарларыңызға____________________орындалуында__________________ әні Қабыл алыңыздар! 1 жүргізуші : Құрметті ару жандар, аяулы аналар! Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын адамзат баласының рухы, жігерісіздер! 2 жүргізуші : Сіздер Тәуелсіз еліміздегі бейбіт, тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысыздар. 1 жүргізуші : Отанымыздың игілігі жолында аянбай тер төгіп, елдің саяси, әлеуметтік, рухани өмірінде табысты еңбек етіп жүрсіздер. 2 жүргізуші : Осымен өздеріңізге арналған салтанатты жиын да аяқталуға жақындады. Сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға береке - бірлік, еңбектеріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық тілейміз! Хормен ән Гүлдерді табыстау Қош сау болыңыздар! |