Главная страница
Навигация по странице:

  • 1-жүргізуші: Көңілде көп қуаныш, Әр көңілде - әр қылық. Кетер жылға мың алғыс, Әкелген көп жақсылық.2-жүргізуші

  • Аяз атаның көрінісі: Аяз ата

  • Ақшақар

  • 2- жүргізуші

  • (Би: Ақшақар, Нұрдана, Айару)

  • 1-жүргізуші

  • 1-Жүргізуші

  • Барыс жылы -Cаян

  • Қоян жылы -Ералы

  • Ән

  • Ойын

  • Ән: «Кел жаңа жыл» 2-жүргізуші

  • жаңа жыл. 1Жргізуші Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, лаатты стаздар мен шабытты шкірттер! 2жргізуші


    Скачать 23.66 Kb.
    Название1Жргізуші Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, лаатты стаздар мен шабытты шкірттер! 2жргізуші
    Дата08.03.2023
    Размер23.66 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлажаңа жыл.docx
    ТипДокументы
    #974957

    1-Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!

    2-жүргізуші:

    Аппақ бүгін қыр, далам,

    Ақ мақтаны жапқандай!

    Бүкіл әлем – бір ғалам,

    Қонақ күтіп жатқандай.

    1-жүргізуші:

    Көңілде көп қуаныш,

    Әр көңілде - әр қылық.

    Кетер жылға мың алғыс,

    Әкелген көп жақсылық.

    2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Қоян жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін мектеп директоры Кудайбергенова Б.К. ортаға шақырамыз!

    2-жүргізуші:

    Уа, халайық жараңдар,

    Айналаға қараңдар!

    Жаңа жылдың бұл тойын,

    Салтанатқа санаңдар.

    Қызық көріп, шат болып,

    Шаттық күліп тараңдар,

    Уа, халайық құрметті,

    Көмейіме жыр кеп тұр

    Жаңа жылды қарсы алып,

    Өткізейік дүрмекті

    Аяз атаның көрінісі:

    Аяз ата: Қане жұмыс істейміз! Жаңа 2023 жылға 2 күн қалды. Не істеп тұрсыңдар? Ақшақар маған тезірек қай жерге қанша сыйлық апару керек екенін соның отчетын әкеп бер.

    Ақшақар: қазір істеп әкелемін.

    Аяз ата: Ал сендер не істеп тұрысыңдар? Жұмыс істеңдер. Жұмыс істеғдер. Маған әлі сыйлықтарды тарату керек. Ақшақар бәрі дайын ба?

    Ақшақар: Қәзір міне сіздің отчетыңыз.

    Аяз ата: Жарайды. Тезірек жұмыс істейміз. (өзі оқып тұрады). Тоқта! Мынауын не? Неге жоғарғы сынып оқушыларына сыйлық жоқ?

    Ақшақар: Олар 18-ге келіп қалған жоқ па..Баяғыда балалық шақтан өтіп кеткен емес пе?

    Аяз ата: Қарсыласпа! Оларға осы жылы қиын түспек: емтихан тапсырады, оқуға түседі. Қане сен тырысып көр, оларға көп нәрсе керек емес. Қане сиқырынды қолдан. Ата-анасы үйді босатып берсің.Оларға одан әрі бақыт жоқ қой.

    Ақшақар: Жарайды, қәзір бәрі дайын болады.

    Аяз ата: Ал бәрі дайын, енді Қ.Сәтпаев атындағы Шеңгелді негізгі орта мектебіне барамын!

    (Жаңа жыл әнімен шыршаны айналып Аяз атаны шақыру)

    Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 5-ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
    Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.

    Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршап та қалдық. Енді бізге қай төрден орын табылады екен?

    (Шырша жанына тұрғызып , мерекелік шыршаны күтпеген сәтте жағады).

    2- жүргізуші: Ақшақар сізден Жаңа жылымызға деген сыйлық сұрасақ қалай қарайсыз?

    Ақшақар: Әрине балалар. Менің Жаңа жылға деген сыйлығымды қабыл алыңыздар.

    (Би: Ақшақар, Нұрдана, Айару)

    (Осыдан кейін есіктің қоңырауы соғылады )

    1-жүргізуші: Бекнұр бұл кім болды екен?

    2- жүргізуші: Білмеймін Аяжан . Жалмауыз кемпір сыпырғышымен келіп тұр деп айтайын десем , қазір ешкім сенбейді-ау. Қазір заман басқа, сыпырғыш емес пылесос қолданатын заман болды ғой.

    1-жүргізуші: Рас айтасың. Қонағымыз кетіп қалмай тұрғанда шақырайық. Кіріңіз есік ашық тұр.

    (Осы кезде Барыс пен Қоян ортаға билеп келеді)

    2-жүргізуші: Аяжан біздің ескі жылымыз бен жаңа жылымыз сондай көңілді екен. Қош келдіңіздер. Сіздер келіп көңіліміз бір көтеріліп қалды ғой.

    1-Жүргізуші:
    Жаңа жыл жол болсын
    Басқан қадам оң болсын
    Төрлет, төрлет жаңа жыл
    Бізге құтты жыл болсын.
    2-Жүргізуші:
    Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
    Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
    Қоян жылы кеп қалды ортамызға,
    Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.
    Қоян жылы: Армысыздар жиналған қауым!
    Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
    Жаса, жаса достық бірлік туыстық.
    Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
    Қуаныштың әр минуты тым ыстық.
    (Ортадан ескі жыл шығады)
    Барыс жылы -Cаян : Сәлеметсіздер ме ұстаздар, оқушылар! Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.
    Жасампаз заман бұл заман
    Бүгіннен ертең ғаламат
    Алдыңғы сапта боларсың
    Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді)
    Қоян жылы -Ералы :
    Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
    Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар
    Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар.

    1-Жүргізуші:

    Ортамыз нұрға толып, 

    Төрт құбыламыз түгел болды. Ендеше Аяз ата мен Ақшақар, достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар. Жаңа жылымыздың ең алғашқы әсем әніне кезек берейік.

    Ән: Сезім мен Ақсезім (Жаңа жыл )

    1-Жүргізуші: Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,

    Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.

    Әнші ұлың ән салғанда беу шіркін,

    Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар – дей келе келесі кезекте биші балаларымыздың вальсін қабыл алыңыздар.

    Би: «Карнавальный вальс»

    2- Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар

    Әсем ән мен тәтті үн,

    Көңілге түрлі ой салар

    Әнді сүйсең менше сүй

    Ән: Медетқызы Сезім – Жаңа жыл әнімен

    2-жүргізуші: Аяжан, Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалып келіпті. Осындай өнерлерімен белсенділік танытып жүрген оқушыларымзға қол соғып қояйық. Олай болса, келесі кезекте қызықты ойынымызға берсек, қалай қарайсыздар?

    Ойын:

    Би: «Last Christmas»

    1-Жүргізуші: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдеріңіз шат, өмірлеріңіз думанға толы болсын.

    Ән: «Кел жаңа жыл»

    2-жүргізуші: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық.


    написать администратору сайта