пнпн (1). анааттанарлы
Скачать 17.99 Kb.
|
5 Балдық
Формативті бағалау (қазіргі бағалау жүйесі)
Бағдаршам бағалауы
Жапония мектебінде оқушылардың білім деңгейі жеке бағаланбайды. Білім сапасының жалпы пайызы анықталып, тұтас сыныпқа орташа балл шығарылады. Десе де, орта және жоғары мектеп оқушылары пайыздық жүйе бойынша бағаланатын әр триместрдің аяғында және бірінші, екінші триместрдің ортасында емтихан тапсырады. Францияда білімді 20 балдық жүйе бойынша бағалайды. Осыған байланысты, жоғары баға – 18 балл. Француздар 20 балды тек Жаратқан ие ғана 11 алады деп санайды, ал 19 балл мұғалімге беріледі. 10-ға дейін және одан жоғары балл «жақсы» деп саналады. «Төртке» оқитын француздықтардың көпшілігі 12-14 балл алады. 14-16 балл алу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Польшада 6 балдық жүйе қолданылады. Сонымен қатар, оқу мекемелері оқу процесін ұйымдастыруда өз бетінше жұмыс істеудің белгілі бір үлесін алды. Осыған байланысты әрбір мектептің өз қызметі аясында оқушылардың үлгерімін бағалаудың «ішкі» шкаласы аталатын артықшылығы бар. Алайда, басқа оқу мекемелеріне берілетін мектеп құжатындағы бағалар бағалаудың сыртқы жүйесінің жалпы қабылданған шеңберінде болуы тиіс. Германиядағы орта білім беру жүйесінде де бағалаудың 6 балдық жүйесі қолданылады, бірақ керісінше жүргізіледі: 1 – өте жақсы 2 – жақсы 3 – жеткілікті 4 –қанағаттанарлық; 5 – қанағаттанарлықсыз; 6 – өте нашар. |