Главная страница
Навигация по странице:

  • Даттаушы топ.

  • Жақтаушы топ.

  • 4. Даттаушы.

  • Ұялы телефонды қажетті кезде ғана қолданғанымыз дұрыс.

  • Дариға ИСМАИЛОВА, мектеп мұғалімі

  • Айнаш ӨТЕМҰРАТОВА, Алматы қаласының тұрғыны

  • Ұялы телефон

  • Ұялы телефон дебат (2). деп Борис Лаврентьев з пікірімен блісті


    Скачать 58.08 Kb.
    Названиедеп Борис Лаврентьев з пікірімен блісті
    Дата19.12.2022
    Размер58.08 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҰялы телефон дебат (2).docx
    ТипДокументы
    #851892

    Кездесуге қоғамдық қорлар, қамқоршылық кеңестер, білім беру бөлімінің өкілдері, мектеп меңгерушілері мен педагогтары қатысты. Барлық қатысушылар мектеп телефондарын ұстау керек деп санайды, бірақ сабақ кезінде қолданудың қажеті жоқ. Немесе осы мәселені мектеп ішінде әкімшілікпен және оқушылардың ата-аналарымен бірлесіп айту керек.

    Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Борис Лаврентьев әрбір мектептің ішкі тәртібіне ұялы телефонды қалай және қашан пайдалану керектігін көрсететін пункт енгізуге болады деп есептейді.

     Мектептерде телефондарды пайдалануға тыйым салу үшін бұйрық немесе нормативтік құжат жоқ. Бірақ мектептерде қамқоршылық кеңестердің өкілеттігі бар, олар ішкі тәртіп ережелеріне телефондарды қолдануға тыйым салу немесе қандай да бір шектеулер туралы пункттер енгізе алады, –деп Борис Лаврентьев өз пікірімен бөлісті.

    Бизнесмен Макуст Мерғалиев, оның немерелері Англия лицейінде оқитынын және онда ұялы телефондарға тыйым салынғанын айтты.

    — Онда өзінің интернет ресурстары жеткілікті және оқытуды мектеп сайты арқылы ата-аналар мен мұғалімдер бақылайды. Бізде ұялы телефондар үшін әрбір сыныпта арнайы орнатылған шкафтар немесе ұяшықтарды пайдалануға болады. Бұл өте ыңғайлы болады, ол кезде оқушы сабақ басталғанда телефонды шкафқа тапсырады. Содан кейін, сабақтан кейін оны алады. Менің ойымша, оқушылар оған жақсы қарайды. Телефондарға жазып, алаңдап отырмайды, ал сабақтан кейін ата — аналарына қоңырау шалады, өз кезегінде олар да тыныш болады, – деді Мақсұт Мерғалиев.

    Мақсұт Мерғалиевтің айтуынша, жасөспірімдерде тұрақты психика жоқ.

    — Бір оқушы қымбат телефонмен келді, ал екіншісінде ата-аналардың мұндай мүмкіндігі жоқ. Баланың жағдайы қандай? Әрине, ол психологиялық жарақат алады, – деді Мақсұт Мерғалиев.

    Педагогика ардагері Асқар Әкішев сабақ кезінде телефондарға тыйым салу немесе шектеу туралы шешім шығару керек деп есептейді.

    – Әрине, телефондар әкелу керек және олар болсын, бірақ сабақта қолдануға болмайды. Өйткені, сабақта балалар мұғалімді тыңдау керек. Бұл тек пайда әкеледі деп ойлаймын, – деді Асқар Ақышев.

    Асқар Әкішевтің айтуынша, оқушылар мектепте оқығанша балалардың телефон модельдері жеңіл әрі арзан болуы керек.

    Нәтижесінде талқылаудан кейін әр мектептің қамқоршылық кеңесінің өкілдерімен және директорлармен кездесу туралы шешім қабылданды. Мектептегі ішкі тәртіптерді толықтыру туралы шешімге келу үшін.

    – Кездесу жемқорлыққа қарсы орталықтың үлкен залында өтеді. Күні мен уақытын мессенджерлер арқылы кейінірек жариялаймын, – деді жобалық кеңсенің төрағасы Әлия Сәлімова.

    Кіріспе: Қазіргі  адамдардың  ерекше  сүйіспеншілігіне  бөленіп, « сотка » аталып  кеткен  ұялы  телефондар  барлық  тіршілігімізді  билеп  алған.  Онсыз  күніміз  жоқ.

         Ұялы  телефон  20  ғасырдың  ортасында  Японя , Қытай , Америка  мемлекеттерінде  шыға  бастады.  Ол  мемлекеттерден  біздің  мемлекетке        20  ғасырдың  аяғында  келді.

    1.   Ұялы  телефон  оқушыларға  қажет.

    1.  2. Егер  боранды  күні  жолға  шығып,  далада  машинаң  жүре  алмай   

         қалса, соткамен  хабар  бересің  де,  құтқарушы  келеді.

    1.  3. Ата – анамыз  жұмыста  болғанда,   біз  сабаққа  кетеміз.  Олар  бізді

          ойлайды. Сол  кезде   ұялы   телефонмен  жағдайымызды  біліп 

          отырады.

    1.  4. Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  халқымызға  арнаған                 

         жолдауында   « Қазақстан  болашақта  бәсекеге  қабілетті, дамыған  елу

                  елдің   қатарынан  табылатын  болады » деп  алдымызға  үлкен  міндет

                  қойған. Дамыған  елу  елге  теңесу  үшін  әрбір  оқушы  телефонды  да, 

                  компютерді   де   меңгеру  керек.

    1. Даттаушы  топ.

    Кіріспе:   Ал  біз сіздердің   пікірлеріңізді  қолдамаймыз. 

       Ұялы   телефонның  қаншалықты  зиян  келтіретінін  неге  ойламайсыздар.

       Бекерге  қызыға  бергенше  бізді  тыңдап, ойланыңыздар  достар.

     

    • Сіздердің  қарарларыңыз ?

    Хормен : « Ұялы  телефон  оқушыларға  қажет  емес.»

    • Критерилеріңіз ?

    Критериіміз: «Салауатты  өмір  салтын  ұстану.»

     

    1.  1. Біздің  пікіріміз, ойымыз.   Оқушыларға  ұялы  телефон  қажет  емес.

    1.  2. Денсаулыққа  зиянды  радиациялар  бөледі.

    1.  3. Ұялы  телефон  алуға  және  бірліктерге  яғни  идиницаға  қаншама   

         қаражат қажет.

    1. 4. Ұялы  телефонның   көбі  Қытайда  жасалады  оның  зиянының  көптігін

                   тіпті тарақан,  қоңыз  тәрізді  жәндіктер  де  біліп,  үйлеремізден  қашып 

                   кетті.   Бірақ  олардың   үйде  болмағаны  бізге  жақсы  ғой.  Дегенмен 

                   біз  ұялы  телефонның   зияны  жайлы  айтып  отырмыз.

    1. Жақтаушы  топ.

    1. 1 .Алыстағы  ата –  әжелерімізге  хабарласып,  құттықтаймыз

    1. 2. Тойларда,  мерекелерде  суретке  түсеміз.

    1. 3. Сабақтан  аурып  қалап  қойсаң,  ұстазыңа  хабарлап  айтасың.   

        Достарыңнан  сабақ  сұрайсың.

    1. 4. Ата – анамыз  ерте  жұмысқа  кетеді . Бізді  кім  оятады ?  Әрине  анамыз

        соткаға  тұратын  уақытымызды  белгілеп  кетеді.

    1. 5. Музыка  тыңдап,  ойын  ойнайсың.

     

    4.  Даттаушы.

    1. 1.Сабақта  шырылдап,  көңіліңді  бөледі,  басқа  балаларға  кедергі 

       болады.

    1. 2. Ұялы   телефонды  жатса да,  тұрса да  қолынан  тастамайтын  бала 

        тұйық,  жеке  жүретін,  көп  сөйлемейтін  болыды .

    1. 3. Жүргізушілерге   соткамен  сөйлесуге  болмайды.  Апаттың  көбі  қазір 

        соткамен  сөйлескендіктен  болып  отыр.

    1. 4. Кейбіреулер  балаларды  төбелестіріп,  соткаға  түсіріп  алады.

    1. 5.Соткамен  көп  сөйлессең, музыка  тыңдасаң ,  құлағың  аурады.  Ал одан 

        ойындарды  көп  ойнасаң,  көзің  аурады.

     

    1. Сараптаушы.

     

    1. 1.Егер  отбасының  қаражаты  жетпесе,  сатып  беріңдер  деп  мазалаудың

        қажеті  жоқ.  Сотка  қажеттілік  емес,  онсыз да  өмір  сүре  аласың.

    1. 2.Ұялы  телефонның  денсаулыққа  зиянды  екенін  ескеру  керек.  Сондықтан   тек  қажетті  кезде  ғана  қолдану  керек.

    1. 3.Сабақ  кезінде  соткаларыңды  сөндіріп,  немесе  ешкім  сабақ   

       уақытында   қоңырау  соқпауын  ескертіп  қойсаңдар  дұрыс  болады.

    1. 4.Ұялы  телефонға  көп  бірлік  кетірмей  ,  ең  керекті  сөздермен

       шектелу  қажет. Бос  әңгіме  айта  бермеу  керек.

    1. 5.Төбелестерді  соткаға  түсіріп,  оны  басқаларға  тарату ,    

        тәртіпсіздің  ісі.

    1. 6. Сотка  қажет  екені  жасырын  емес.  Қажет  кезінде  тез  хабарласа 

         аласың.

    1. 7. Жүргізуші   жүріп  келе  жатып,  соткамен  сөйлеуге  болмайды.

    1. 8. Адасып  кетсең,  сотканың  көмегі  өте  қажет.

     

    Ұсыныс:  Екі  жақты  тыңдай  келе , біз  мыныдай  шешімге  келдік.  Әрине,  заман  талабына  сай,  ұялы  телефон  қажет.  Бірақ,  жаңағы  даттаушы  топтардың  айтқандарын  да  жоққа  шығара  алмаймыз.  Ұялы  телефонның  зиянды  кездерін  де  ескеру  керек. 

    Ұялы  телефонды  қажетті  кезде  ғана  қолданғанымыз  дұрыс.

    Қонақтардың   ұсынысы  қандай ?

    "Мен жаңа талаптарға қарсымын. Смартфондар, плейерлер және басқасы суық қаруға жатпайды. Оның бәрі баланың жеке меншігі. Ал жеке меншіктен уақытша болса да тек сот қана айыра алады. Ата заң және Азаматтық кодекстің 188-бабы жеке меншікті иесі қалай қолданамын десе де соған рұқсат етеді. Оның үстіне ұялы телефондар мен смарт-сағаттар баламен байланыс ұстауға, оның қай жерде жүргенін қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Одан айырса, мектеп керісінше, баланың қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Неге мұны педагогтер кеңесі шешуге тиіс? Ата-аналар арасында сауалнама жүргізсін, дауыс беру арқылы шешсін", – дейді ана, қоғам белсендісі Полина Фомина.

    "Менің балам мектепте немесе оның аумағында өз қауіпсіздігіне қауіп төнгенін, не әлдебір қысым жасалып жатқанын кез келген уақытта маған хабарлай алуы қажет. Ұстаздар балалардың әрбір басқан қадамын бақылай алмайды. Ұлдар мен қыздар үзілісте үнемі төбелесіп жатады. Неге біреудің баласының өмірі мен денсаулығына қатысты мәселені бөгде біреулер, әлдебір кеңестер шешуі керек. Бұған жол беруге болмайды", – дейді ол.

    Оқушының анасы Диана Рогозина да қоғамдық талқылауға белсене қатысып, оның мына күйде қабылданбауына ықпал етуге тырысуда.

    "Әрине, мұғалімді тыңдамай, сабақ үстінде ұялы телефонымен ойын ойнап, не әлеуметтік желіде отыратын оқушылар көп. Оған тыйым салу үшін "сабақ кезінде ойын-сауық мақсатында девайстар мен гаджеттерді пайдалануға шектеу қойылады" деп нақтылау керек. Әйтпесе, әртүрлі форс-мажорлық оқиғалар, төтенше жағдайлар болуы мүмкін. Мысалы, АҚШ-та мектепке қарулы жендет басып кіріп, кездескендерді қырып жатқанын полицияға балалар хабарлаған. Ал оқушы атаулының бәрі байланыс құралынсыз қалса, қалай құлағдар етеді?" – деді ол.

    Д.Рогозина тағы бір мәселеге назар аудартады. Құжатта мектеп және оның аумағына "шегелерді соғуға және болттарды бекітуге арналған өнеркәсіптік құрылғыларды, тесетін немесе кесетін қару ретінде қолдануға болатын өнеркәсіптік құралдарды" енгізуге тыйым салынған.

    "Мұнда оны кімдерге әкелуге рұқсат етілмейтіні нақтыланбаған. Оқушыларға балта, балға, дрель және басқасын алып жүруге тыйым салу қажет. Бірақ білім ордасын жөндеуге шақырылған жұмысшылар не істейді? Бұйрық жобасы шикі", – дейді ол.

    Оқушының әкесі Әсет Сыздықбаев та құжатқа келіспейді.

    "Тәжірибе көрсеткендей, педагогтер кейде оқушыға доқ көрсетеді, қорқытады, ұрып-соғады. Видеоға түсірмесе, ата-аналар мұны дәлелдей алмайды. Оларды қорғайтын "Педагог туралы" заңы бар. Наразылық білдірген ата-ананың өзін жазалап, айыппұл салуы мүмкін. Бұл құжат ата-аналарды осал ете түспек. Кейде бала ауырып, жүрегі айнып, құсып жатса да мұғалімі босатпауы мүмкін. Ондайда баланың ата-анасына хабарласып, шақыртуға мүмкіндігі болуға тиіс. Балаларды жарты күннен көпке байланыс құралынсыз қалдыруға келісе алмаймын", – дейді ол.

    Мұғалімдер смартфондарды жинап алуда

    Бұл тұйықтан шығу үшін барлық, соның ішінде ауылдардағы мектептерді де бейнебақылаумен жаппай жабдықтап шығу және ұдайы бақылау жүргізетін мамандармен қамту қажет болар еді. Бұған мемлекеттің бюджеті де, кадрлары да жетпейді.

    Халида Витязева тұтынушылар құқығы да аяққа басылатынын ескертті.

    "Білім беру – қызмет көрсету болып табылады. Тиісінше, тұтынушылар құқығын қорғау заңымен де реттеледі. Ал ол заңда тұтынушылардың видео және фототүсірілімге құқығы бары айтылады. Оның үстіне кіреберісте балаларды тыйым салынған заттарға қалай тексереді? Телефонды қыз бала ішкі қалтасына салса, күзетші бойжеткеннің өне-бойын күн сайын тінте ме? Бұл жерде тыйым салу керек емес, керісінше, оқушыларды мектептегі ережелерді мүлтіксіз сақтауға, оқу процесіне кедергі келтірмеу үшін сабақ үстінде гаджеттерді рұқсатсыз пайдаланбауға үйрету қажет. Ол қолынан келмегесін, тыйым салуға көшеді", – дейді ана.

    Нұрсұлтандық мұғалім Сәбира Маралбай бірқатар мектептерде балалардан смартфондар онсыз да алып қойылатынын, жаңа бұйрық осы ережені тек заңдастыратынын жеткізді.

    "Қазір кезекші сыныптар ғой. Сыныбыма 7 бала келіп жүр. Ереже бойынша таңертең өзім жетекшілік ететін сыныптағы балалардан барлық ұялы телефонын жинап аламын. Үйлеріне кетер кезде қайтарып беремін. Бастапқыда балалар шкафтарында қалдырсын деген ұсыныс болған, алайда ол жерден ұрлап кетуі мүмкін. Сондықтан класс жетекшілерін міндеттеп қойды", – деді ұстаз.

    Білім және ғылым министрлігі ата-аналарды сабырға шақыруда.

    "Бұйрық жобасы халықпен бірге пысықтау, нақтылау үшін әдейі қоғамдық талқылауға шығарылды. Бұл жерде "тыйым салынған" және "шектелген" деген терминдерге назар аударуды өтінеміз, бұлар әртүрлі ұғымдар! Министрлік балалардың смартфондарды пайдалануына мүлдем тыйым салуды қарастырып жатқан жоқ. Тыйым салмаймыз. Ал оны пайдалану уақытын шектеуге қатысты әр мектеп өз бетінше шешім қабылдайды. Бұл ретте қамқоршылармен, педагог кеңестерімен, ата-аналар комитетімен келісуі керек", – деді құжатты әзірлеушілер.

    Қазір электронды техниканың ғарыштап дамыған уақыты. Ай сайын смартфон, планшет дегендердің жаңа түрлері шығып жатыр. Тіпті бүгінгі таңда мектеп оқушылары ұялы телефон, смартфон, планшетсіз жүре алмайтын күйге жетті. «Заманына қарай адамы» демекші олар ондай қондырғыларды жақсы меңгерген. Алайда...
    Алайда, таяқтың екі ұшы болатыны сияқты смартфон мен планшеттің де пайдасы мен зияны қоса бар. Пайдасы бәрімізге белгілі. Кез келген уақытта ата-ананың баласымен хабарласып отыруға мүмкіншілігі бар. Сонан соң оқушылар ғаламторға кіріп қажетті мәліметті жылдам алады, тағысын тағы...
    Зияны ше? Компьютер, смартфон, планшет секілді қондырғыларды шектен тыс пайдалану бала денсаулығына зиян екендігі туралы бұған дейін де талай айтылған. Бұл жайлы дәрігерлер алаңдаушылығын әлі де айтып келеді. Енді дәрігерлерге ұстаздар мен құқық қорғау органы мамандары да қосылып отыр.
    Ұстаздардың айтуына қарағанда, сабақ үстінде Ұялы телефон, смартфон, планшет пайдаланып, мұғалімнің дәріс өткізуіне, өзге оқушылардың сабақ тыңдауына кедергі келтіретін мектеп оқушыларының қатары артып келеді. «Ал сабақ үстінде оқушылардың Ұялы телефон, смартфон мен планшеттерін тәркілеуге мұғалімнің құқығы жоқ. Өйткені ол оқушының жеке мүлкі. Ал азаматтың жеке мүлкін сот шешімінсіз тәркілеуге ешкімнің құқығы жоқ. Егер ондай жағдай орын алса, оқушының ата-анасы сотқа беруі мүмкін» дейді ұстаз қауымы.

    Дариға ИСМАИЛОВА, мектеп мұғалімі:
    - Мұндай мәселенің бары рас. Қазір ұялы телефон ұстамайтын оқушы жоқ. Жоғарғы сынып оқушылары да, бастауыш сынып оқушылары да ұстайды. Баланың аты бала емес пе, қанша ескертсең де сабақ үстінде бір-біріне хат жазып отыратын оқушылар бар. Біреуі сабаққа қатысты сұрайды, біреуі әңгімесімен бөліседі. Телефон арқылы хат алмасу сән сияқты ма? Ондай балалар сабақ тыңдамайды және мұғалімнің жұмысына кедергі жасайды. Ал оқушының ұялы телефонын алуға құқғымыз жоқ. Ата-аналарға айтсаң, кейбірі өзіңе ренжиді. Қай мектепте екені есімде жоқ, бір мектепте мұғалім сабақ кезінде сыныптағы оқушылардың ұялы телефонын жинап алға екен. Сабақ біткенде бір оқушының телефоны жоқ болып шығыпты. Сондықтан оқушылардың ұялы телефонын жинап алу да мәселе туындатуы мүмкін. Шынымды айтсам, бұл мәселені қалай шешуге болатынын да білмеймін.
    Ал құқық қорғау органы мамандары болса, соңғы уақытта ұялы телефон, смартфон және планшетке қатысты қылмыстық әрекеттердің көбейгенін айтып, алаңдаушылық білдіріп отыр. Олардың айтуынша, қолына қымбат баға ұялы телефон, смартфон немесе планшет ұстаған балалар қарақшылардың құрбанына айналып жататын көрінеді. Сондықтан құқық қорғау органы мамандары жас балаларға қымбат бағалы ұялы телефон әпермеуге кеңес береді. Ресми деректерге қарағанда, мұндай қылмыстардың саны күн сайын артып келеді. Сондай-ақ, соңғы уақытта мектеп оқушылары арасында ұялы телефон, смартфон, планшет ұрлау жағдайлары да көбейген.
    Қостанайлық прокуратура мамандарының мәліметіне қарағанда, қаладағы мектептерде 26 ұрлық жағдайы тіркелген. Оның 23 жағдайында ұрлық ұялы телефонға қатысты болған. Олардың арасында бағасы жүз мың теңгеден асатын аппарат та болған. Осы жағдайларды ескерген қостанайлық құқық қорғау органы мамандары сабақ уақытында ұялы телефон, смартфон, планшет ұстауға мүлде тыйым салу туралы ұсыныс айтып отыр.
    Негізі бұл ұсынысты қолдайтын ата-аналар да баршылық көрінеді.

    Айнаш ӨТЕМҰРАТОВА, Алматы қаласының тұрғыны:
    - Сабақ үстінде ұялы телефон, смартфон, планшет ұстауға мүлде тыйым салу керек деген ұсынысты мен қолдаймын. Өйткені әр сыныпта нашар оқитын, сотқар немесе еркелігі басылмаған екі-үш оқушы болады. Олар мұғалімге де, қалған оқушыларға да кедергі жасауы мүмкін. Барлық баланың оны дұрыс мақсатта пайдаланбайтыны рас. Біреу ән тыңдайды, екіншісі ойын ойнайды, үшіншісі кино көреді. Әрине әрбір ата-ана үшін өз баласы дана. Сондықтан бәріміз де қатарынан қалмасын деп шамамыз келгенше жақсы смартфон әперуге тырысамыз. Оның зиянды жағын ескере бермейміз.
    Әрине оқушылар сабақ үстінде ұялы телефонмен ойнамай, дәріс тыңдауы тиіс. Ол әрбір оқушының міндеті. Алайда сол міндетті оқушылардың бәрі мүлтіксіз орындай бермейді. Сондықтан да оқушылардың сабақ үстінде ұялы телефон, смартфон, планшет ұстауына тыйым салу қажет. Демек оқушылардан байланыс құралдарын уақытша тәркілеу тетігін қарастыру керек. Бұл заңмен немесе білім ордасының ішкі ережесімен реттелуі тиіс сияқты.

    Қазақстан оқушыларына смартфон телефондарды қолдануға тыйым салуы мүмкін. Биліктегілер мектеп қабырғасында заманауи ұялы телефондарды қолдануға қарсылық білдірді. Депутаттардың пікірінше, осындай шаралар мұғалімнің оқушы алдындағы беделін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы КТК хабарлады.

    Қазіргі кезде мектеп оқушылары  сабақ барысын видеоға түсіріп желіге жариялап жүр. Депутаттардың айтуынша, ешкімнің тіпті оқушылардың сынып бөлмесінде не болып жатқаны туралы желіге жариялауға құқығы жоқ. Сондай-ақ, депутаттар мұғалімдердің сөзін сөйлеп, оқушылардың ұстаздарға қарсылық көрсетіп шағымдауын құптамады. Сондықтан биліктегілер білім беру мекемелеріндегі тәртіпті қадағалау керек деп отыр. Олар мектеп қабырғасында телефон қолдануға тыйым салмақшы. Бұл ереже тек оқушыларға ғана қатысты емес, сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналарға да қойылатын талап.
    «Мектеп мемлекеттік мекеме болғандықтан білім беру мекемелерінде смартфон қолдануға тыйым салған жөн. Оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналарда білім беру мекемесіне келгенде телефон қолданбағаны дұрыс. Мысалы мемлекеттік мекемелерде заманауи телефондарды қолдануға болмайды. Себебі, бөлменің ішінде айтылған әңгіме сыртқа жариянбауы керек. Сондықтан да мектептерге осындай ереже бекіту керек»,-дейді ҚР Парламентінің Сенат депутаты Динара Нукетаева.


    Бүгінде ұялы телефондарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы ауылдарыңыздың «өзінде» соткасыз» үй жоқ. Ал енді екінің бірінің қолында, жамбасында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген осы «сотка» дегеніңіз адамға қаншалықты зиянды? Америкалық мамандар ашқан жаңалыққа бұл күнде ешкім таңғалмайтын болды. Осыдан екі жыл бұрын «екіқабат әйелдер мен жас балалардың ұялы телефонды пайдалануы олардың денсаулығына орасан зиянын тигізеді» деп иондық емес сәулелерден қорғану жөніндегі Ресей ұлттық комитеті де дабыл қаққан болатын. 

    Ұялы телефон балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез құриды. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді. 

    Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе, жастар күндіз-түні ұялы телефонға жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен. 

    Шведтік ғалымдар пайдаланушылардың 84%-ы құлақ тұсында температураның көтерілуін, 60 ұйқышылдыққа бейімделуін, 50%-ы бас ауруының күшеюін анықтаған. 

    Анкара дәрігерлер палатасынан жасалған мәлімдемеде ұялы телефон және оның станцияларының мектептің ауласына, бала бақшалар, ауруханалар, саябақ секілді әлеуметтік тұрмыс мекендеріне құрылмауы керек екені айтылды. 

    Мәлімдемеде сондай-ақ былай делінді: « Еуропаның 5 елінде жасалған зерттеудің қорытындысы ең аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетті. Осы мәселемен бірге ДНК-дағы өзгерістер, жүйке клеткаларындағы өзгерістер, мидың жұмысы мен ұйқыдағы өзгерістер секілді аурулар да ортаға шығуда».

    Ұялы телефонмен сөйлесуден гөрі хабарлама жазу балалар мен жасөспірімдер үшін қолайлы. Себебі сөйлесу кезінде құлаққа берілетін электромагниттік сәулелер хабарлама жіберуден әлдеқайда көбірек бөлінеді.

    Ұялы телефонның адам ағзасына қаншалықты зиянды әсер ететіні туралы әрбір қолданушы сенеді, бірақ мән бермейді. Телефонның қосулы қалпында жай жатқанда зияны тимейді. Алайда аппараттың құрамдас, айырылмас мүшесі "Transmitter" ("таратқыш", передатчик) іске қосылған кездері ғана адам ағзасына зиян әкеледі. Әсіресе, телефондағы sim-картаны оператормен байланыстыру мақсатында аппарат антеннасында өндірілетін электромагнитті энергия зиян. 

    Телефон антеннасынан бөлініп шығатын энергия ауаға таратылып қоймай, адамның құлақ тұсындағы тірі клеткаларға жұтқызылады. Өйткені энергия ешқайда жоғалып кетпейді, бір түрден екінші бір түрге айналады. 

    Ол клетка миға құтқару сигналын жібереді, алайда ол сигналдың қуатын телефоннан шығып жатқан сигнал қуаты басып кетеді. 

    Ұялы байланыс құралымен сөйлесу ұзақтығын 3 минуттан артық қолдану өте зиян. Құлақ тыңдағыш арқылы 70%-дай азаяды. Зиян тигізілетін уақыт сигналды 

    қабылдағаннан кейінгі 20-30 секунд. Одан ары зиян күші күрт азаяды. 


    Электромагниттік сәулелендірудің адам ағзасына тигізер зияны туралы жинақталған білімдер, телефонның сәулеленуі сияқты басқа да электромагниттік сәулелендірулер онымен байланысқа түскен адамдар денсаулығына, физиологиялық жай-күйіне әсер етеді. 

    Ұялы телефонның жұмыс жасап тұрғандағы сәулелендіру аумағы бастың ми қалпақшасы мен есту, көру қабілетіне едәуір әсері болатындығында. Ұзақ мерзімді сәулелендіру мидың кейбір құрылымдарының биоэлектрлік белсенділігіне әсер етуі мүмкін және оның жұмысына (айталық, есте сақтаудың қысқа және ұзақ мерзімді жағдайына) кері әсерін тигізеді. Еуропа ғалымдары жақында мынадай қорқынышты қорытынды жасады: 10 жылдан артық ұялы телефонды пайдаланған адамда мидың гематоэнцефаликалық кедергілерінің бұзылуы басталады, яғни миға зиянды заттардың кірмеуіне себепкер болатын сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Бұл

    5 из 6

    болашақта адамды мидың қатерлі ісік ауруына шалдығуына әкеліп соқтырады. Біздің өміріміздегі соқпақтар мұндай электромагниттік қысымды көтере алмауы мүмкін. Кейбір сарапшылар «адамдардың басым көпшілігі Альцгеймер және Паркинсон ауруларына шалдығады» деп жорамалдайды. Сонымен қатар жүргізілген тәжірибеге сүйене отырып, сәуленің әсері тек жинақталып қалмайды, кейінгі ұрпаққа беріледі деген қорытындыға келіп отыр. 

    SAR (ағылш. Specific Absorption Rates) – ұялы телефон пайдаланған 1 секунд ішінде адам ағзасына жұтылатын ең жоғары меншікті қуатты көрсететін меншікті коэффиценті. Оның өлшем бірлігі 1Вт/кг. 

    Еуропада рұқсат ету мәні 10 граммға 2 Вт/кг 

    АҚШ-та 1 граммға 1,6 Вт/кг 
    Ресей, ТМД-да 1Вт/см22о 

    SAR неғұрлым төмен болса, ұялы телефонның сапасы жоғары. 

    Өз ұялы телефоныңыздың SAR білу үшін нұсқаулықты оқу керек. www.cnews.ru/reviews/phones/sar.shtmlask.li/sar.html

    Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының басшылығымен «Interphone» деген атаумен зерттеу жүргізілген 2000-2004 жж. Аралығында 13 елде жүргізілген зерттеуге 12800 адам тартылған. Ұялы телефон пайдалану мен ми ісігі арасында өсу жағдайы 8 жағдайдың алтауында анықталса, 1 зерттеу 

    бойынша ми ісігінің бірі глиома 39% өскен. 

    Күніне 4 реттен артық пайдаланушылардың бас ауруы 3,6 есе көбейген, қан қысымы жоғарылаған. 1 сағаттан артық күніне 2 реттен артық сөйлесушілерде ми рагына шалдығушылар артқан. 

    Ұлыбритания, Жапония елдерінде жасөспірімдердің ойлау қабілетінің 
    төмендеуі, тұйықталуы, ашуланшықтығы жиі кездесіп, ұялы телефонды 16 жастан бастап ұстауға болады. Алайда асыра пайдалануға, уақытты ұтымсыз бөлуге рұқсат бермеуді ұсынады.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша адам денсаулығының 50%-ы өмір сүру сипатынан, 17-20%- әлеуметтік және табиғи жағдайдан, 17-20%- тұқымқуалаушылық ерекшеліктерінен, 8-9%-ы денсаулық сақтау ұйымдарының тиімді жұмыстануынан тәуелді екен. Бұдан, адам өмірінің зиянды әсерден қашық болуы өз денсаулығына немқұрайлы қарауынан, салауатты өмір салтын ұстануынан, сауаттылығынан байланысты екені шығады. Адам өркениеттің жетістіктерін өз денсаулығына зиян келтіруіне жол бермеуі тиіс. 

    Кеңестер: 

    1. Ұялы телефонды қажеттілікке қарай пайдалану керек. 

    2. Үйде болсаңыз, ұялы телефонды пайдаланбай, үй телефонымен сөйлескеніңіз дұрыс. 

    3. SAR бойынша ұялы телефон үлгісін таңдаған дұрыс. 

    4. Жасөспірімдер мен балаларға ұялы телефон пайдалану мәдениетін үйреткен жөн. 

    5. 12 жасқа дейін ұялы телефонды пайдалануға тыйым салу қажет. 

    6. Ұялы телефонмен қысқа сөйлесуге үйрену керек. 

    7. Ұялы телефонмен сөйлескенде құлақты алмастырып, 8 түрінде ұстаған дұрыс. 

    8. Сөйлесуді SMS қызметіне алмастыруға тырысқан жөн.

    9. Динамик арқылы дауыстық байланысқа ұмтылған дұрыс. 

    10. Сөйлесу уақытын 3 минуттан арттырмауға тырысқан жөн. 

    11. Екі сөйлесу арасындағы үзіліс уақыты 15 минуттан кем болмауы тиіс. 

    12. Найзағай ойнауы, күн күркіреуі кезінде ұялы телефонды пайдаланбау керек. 

    13. Автомобильде, желіні антеннна ұстамайтын орындарда қолданбаған дұрыс. 

    Сыныптардағы ұялы телефондарды қолданудың көптеген кемшіліктеріне қарамастан, олардың мектеп жағдайында қол жетімділігі бар. 2017 жылы доктор Джеймс Деруниан жүз қатысушыны қамтыған зерттеу жүргізді Глостершир университеті. Оның зерттеуі оқушылардың 45% -ы телефондарды сыныптарда пайдалану олардың білімін қолдайды деп санайтынын анықтады. Телефондардың академиялық қолдауды ең көп айтатын тәсілдерінің бірі оқулықтарға сандық қол жетімділік болды. Ғылыми материалдарды мобильді құрылғылардан алу мүмкіндігі студенттерге ұсынылған ақпаратпен тереңірек айналысуға мүмкіндік берді. Деруниан әлі де «берілген студенттердің көзқарастарында берілетін әлеуметтік қалаушылық элементі» болуы мүмкін екенін айтты

    Журналист Эмма Хендерсонның мақаласы Біріккен Корольдігі (Ұлыбритания) басылымы Тәуелсіз, сипаттайды елес тербелістер дененің телефон жақын тұрған бөлігі өте сезімтал болатын «білімді дене қимылынан» туындайды. Нәтижесінде, тіпті кішкене тербелістер де адамның телефон шындығында жоқ болған кезде дірілдегеніне сенуіне әкелуі мүмкін. Бұлар белгілі елес тербелістер. Он адамның тоғызы осы фантомды тербелістерді өз қалталарында сезіндім деп мәлімдеді, бұл ұялы телефондардың шамадан тыс қолданылуына және соның салдарынан адамдар дамып келе жатқан тәуелділікке қатысты алаңдаушылық туғызды. Сондықтан телефонды жиі тексеріп отыру әдетінен арылу студенттер үшін пайдалы болып қана қоймай, сонымен қатар дәрістерін үнемі ұялы алшақтықтармен тоқтататын профессорлар мен оқытушыларға деген құрмет сезімін арттырады.[10]

    Ережелер

    Австралия


    Австралия мектептерінде ұялы телефондарды тек ата-аналарына немесе қамқоршыларына қоңырау шалған жағдайда және ата-анасы немесе қамқоршы мектептегі экскурсиялар, лагерьлер және мектептегі сыныптан тыс іс-шаралар кезінде телефонды үйренуге мүмкіндік береді.

    Камералары бар ұялы телефондар мектеп қабырғаларында шектелген, ал киім ауыстыратын бөлмелер, жуынатын бөлмелер, спорт залдары мен бассейндер сияқты кейбір бөлімдерде мүлдем тыйым салынған. Олар адамдарға тек қол қойылған рұқсатымен ғана фильм түсіруге немесе суретке түсіруге рұқсат етіледі, немесе егер он сегіз жасқа толмаған болса,[11] ата-анасының немесе қамқоршысының қолымен осы әрекеттерді жасауға рұқсат беретін белгі беруі керек. Егер студент ұялы телефонмен немесе осы аудандарда құрылғылармен кездессе, олар тәркіленеді; және жағдайға байланысты төлемдер немесе салдарлар алынады.

    Ұялы телефондарды қорқыту немесе қорқыту хабарламаларын жіберу үшін пайдалануға тыйым салынады. Егер студент мұндай әрекетке барса, жоғары органдар, соның ішінде, араласады полиция өйткені бұл жеке өмірді бұзу және қудалау. Австралияда қорқыту, жеке өмірге қол сұғу және қудалау мәселелері басты мәселе болғандықтан, егер студент немесе оқытушы осы заңды бұзса, бұл оларды соттылыққа қалдыруы мүмкін, және болашақта оларды қолайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін.

    Ұялы телефондарды оқу жағдайына лайықты түрде енгізу мүмкіндігі болмаса, оларды сынып ішінде пайдалану тұрғысынан ескерту жасалады. «Біз ұялы телефондар мен басқа да ақылды құрылғылар оқушылардың білімін толықтыратындығын және мектепте жас ерекшеліктеріне сай жұмыс істейтінін қалаймыз», - деді. Премьер Глэдис Бережиклиан ан ABC жаңалықтары мақала.[12]

    Австралияның білім беру институттары телефондарда сыныптарда шынымен тыйым салынуы керек пе немесе тек сабақ уақытында белгілі бір уақытқа пайдалануға рұқсат етілуі керек деген мәселеде екіге жарылды, бірақ Жаңа Оңтүстік Уэльс үкіметі телефондарына мүлдем тыйым салған бастауыш мектептер 2019 жылдан бастап. «Баланың білім алуына көмектесетін технологиялар болуы керек. Мұнда оларды ренжіту немесе ыңғайсыз сезіну керек емес», - деді премьер-министр Глэдис Бережиклиан.

    Телефондарға тыйым салудың себебі - желіде де, физикалық тұрғыда қорқытуды тоқтату және сыныптағы алаңдаушылықты жою. «Ұялы телефондар, өкінішке орай, алаңдаушылықты тудырмайды, сонымен қатар кішкентай балаларға стресс туғызады - және біз мұны жалғастыра алмаймыз», - деді NSW премьер-министрі Глэдис Бережиклиан. Жеті Күннің шығуы.[13] Бұл ата-ана немесе қамқоршы оқушының оны қолдануын талап етпесе, оқушылардың телефондарға күндізгі қол жетімділігін жою арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім әрдайым телефонды оқушының мектепке барар алдында және одан кейін қол жетімді жерде сақтайтын болады.

    Қытай


    2018 жылдың қараша айынан бастап барлық бастауыш және орта мектептер Қытай Шандун провинциясына сыныптарда ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынды.[14]

    Франция


    3-тен 15 жасқа дейінгі студенттерге ұялы телефондарға тыйым салынды, 2018 жылдың қыркүйегінен бастап.[15] 2017 жылдың желтоқсанында білім министрі Жан-Мишель Бланкер 15 жасқа дейінгі балалардың мектептерде смартфондарды қолдануға тыйым салатын директива шығарды.[16]

    Греция


    Мектеп қабырғасында ұялы телефонмен қоңырау шалуға, SMS хабарлама жіберуге немесе басқа камера, видео немесе басқа жазба құрылғыларын немесе бейнесі мен дыбысы бар құралдарды пайдалануға заңмен тыйым салынған және оқушылардың ұялы телефондарды қолдануына тыйым салынады. сияқты өңдеу жүйесі ақылды сағаттар, құлаққаптар. Студенттер ұялы телефондарын өшіріп немесе дыбыссыз күйге келтіріп, сөмкелерінде ұстауы керек.[17][18][19][20]

    Түрікменстан


    2020 жылдан бастап барлық орта мектептер Түрікменстан оқу процесінің өнімділігін арттыру мақсатында сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салған. Тыйым тек мектеп оқушыларына ғана емес, мұғалімдерге де қатысты: енді сабақ кезінде олар телефондарын үнсіз режимге қоюы керек. Оқушылар телефонды мектептен тыс жерлерде ғана қолдана алады.[21]

    Біріккен Корольдігі


    Ұлыбританияда жүргізілген зерттеу көрсеткендей, 2001 жылы мектептерде ұялы телефондарға тыйым салынбаған, бірақ 2007 жылға қарай мектептердің 50% -ы оқу күнінде ұялы телефонға тыйым салған. Бұл сан 2012 жылға қарай 98% -ға дейін өсті. Бұл тыйымдар оқушыларға телефондарды мектеп ғимаратына әкелуге тыйым салу немесе күндіз оқушыларға телефондарын тапсыру арқылы жүзеге асырылды.[22] Жүргізген зерттеуге сәйкес Лондон экономика мектебі, мектептерде ұялы телефонды пайдалануға тыйым салу саясатын жүзеге асырған кезде оқушылардың оқу үлгерімі жақсарды. Бұл тыйым студенттерге жоғары балл жинауға көмектесіп қана қоймайды емтихандар сонымен қатар студенттердің ұялы телефондарды ғылыми емес мақсатта пайдалануға деген құлшынысын азайтты.[23]

    Орта мектептер он алты жасқа толмаған оқушылар өздерінің телефондарын бір күн бойы алып тастауға мәжбүр болатын ұялы телефондарға жаңа, қатаң заңдар енгізуде, ғылыми дәлелдемелер көрсеткендей, оқушылар оларсыз мектеп жағдайында көпшіл, сергек және белсенді бола бастайды.[24] Оқушылар мектепке келген кезде телефондарын тіркелген шкафтың ішіне орналастырады және оларды мектеп бітірген кезде ғана алуға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда мектептер оқушыларға оң әсерін тигізді: көбірек оқушылар сыртта белсенді, клубтар мен қоғамдық шараларға көп қатысады. Ник Гибб айтты The Times, «Мен балалар үйде [телефонды] пайдалануды шектеуі керек дегенге қатты сенемін. Интернетте өткізген әр сағат және а смартфон отбасымен сөйлесу бір сағатқа аз, ал жаттығу бір сағатқа және ұйқы бір сағатқа аз. Әрине, бұл зерттеулердің баланың психикалық денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін екенін көрсететін ұйқының болмауы ».[25]

    Мектептер оң әсер үлкен жастағы оқушыларға қарағанда он бір жасқа дейінгі оқушыларға көбірек әсер еткенін атап өтті. Іс жүзінде, ересек студенттердің телефондарда оқу платформаларын, мысалы, білім алуға немесе дағдыларды игеруге көмектесетін білім беру қосымшалары шектеулі пайдаланылуынан зардап шеккені көрсетілді.[26] Оқу уақыты аралығында ұялы телефонымен ұсталған студенттерге осындай жазалар берілді ұстау, шығару немесе ескерту. Осылайша, балаларға интернетте өткізетін уақытты шектеуге және басқа қоғамдық жұмыстармен қатар мектеп өміріне көбірек көңіл бөлуге үйретілді. Осыған қарамастан, Англияда адамдар бұған қарсы пікір білдірді. Пэти Кейн: «Қазір қайта қарауға арналған керемет қосымшалар бар - және студенттер оларды қолдануға шынымен ынталы» деп мәлімдеді.[27]

    АҚШ


    Бұрын Америка Құрама Штаттарының кейбір мектептері орнатылған ұялы телефонды кептірушілер қалашықтарда ұялы телефондардың жұмыс істеуін болдырмау.[28] Алайда, АҚШ-та джеммерлерді сату және пайдалану заңсыз болып табылады 1934 жылғы Федералды байланыс туралы заң, өйткені джеммерлер кесіп тастады 9-1-1 қоңырау шалады және бұзуы мүмкін аэронавигация егер олар әуежайлардың жанында қолданылса. 2012 жылы Федералдық байланыс комиссиясы (FCC) джеммерлерге тыйым салуды қатаңдата түсті.[29] Mt. Спокан орта мектебі жылы Вашингтон штат студенттердің қоңырау шалуына және хабарлама жіберуіне жол бермеу үшін джеммер орнатқан, бірақ құрылғы федералды заңға сәйкес «мүмкін емес» деп шешкеннен кейін оны алып тастаған.[30] 2015 жылы а Флорида жаратылыстану пәнінің мұғалімі өз сыныбына джеммер орнатқаны үшін бес күндік ақысыз тоқтата тұру құқығын алды.[31]

    2005 жылы Нью-Йорк қалалық білім бөлімі ұялы телефондарға жалпы қалалық тыйым салды мемлекеттік мектептер.[32] Алайда, сәйкес The New York Times, тыйым «сәйкес келмеді», кейбір мектептерде оқушылар телефон естуге немесе көрмегенге дейін, басқа мектептерде, әсіресе телефондары бар оқушыларға телефон ұстауға рұқсат етілді. металл іздегіштер есік алдында - қатаң тыйым салу ».[32] Тыйым ата-аналарға да ұнамады, өйткені олар балаларымен қарым-қатынасқа кедергі келтірді.[32] 2015 жылы наурызда жалпы қалалық тыйым алынып тасталды,[33] әкіммен Билл де Блазио науқандық уәдесін орындау.[32] Жаңа саясатқа сәйкес мектеп директорлары мұғалімдермен және ата-аналармен келісе отырып, оқу уақыты мен түскі үзіліс кезінде ұялы телефондарды пайдалану және сақтау ережелерін белгілей алады.[33][32] Әдепкі ереже бойынша телефондар жасырын болып қалуы керек болса, директорлар сонымен қатар «студенттерден телефондарды рюкзактарда немесе басқа белгіленген жерлерде сақтауды, түскі ас кезінде телефондарды пайдалануға рұқсат беруді немесе телефондарды нұсқаулық мақсатында пайдалануға рұқсат беруді» таңдай алады.[32] Де Блазио саясаттың өзгеруі ата-аналарға балаларымен, әсіресе төтенше жағдайлар кезінде, үнемі байланыста болуға мүмкіндік беретінін айтты. The Нью-Йорк қаласының мектептер канцлері, Кармен Фаринья, бұл өзгеріс металл іздегіштері бар мектептердегі оқушыларға сабақ кезінде телефондар сақтау үшін сырттан сатушыларға ақы төлемейтіндігін білдіретіндігін ескерте отырып, осы саясатты қолдады.[33]

    Телефонды шектеу саясатының қай түрін жақсы көресіз деген сұраққа оқушылар мектеп қалашығына ұялы телефондар әкелуге мүмкіндік беретін тарапты қолдауға ұмтылды, егер қандай-да бір мәселе туындаса, телефондар ата-аналарына жетуге мүмкіндік береді. Ата-аналар мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас мәселесіне жауап ретінде, ата-аналар сонымен қатар ұялы телефондарды алмастыруға болмайтынын, сондықтан телефондар оқушылардың қол жетімді болуы үшін маңызды құрал болып табылады, бұл баланың қауіп-қатерге ұшырауына немесе өздерін қауіпсіз сезінбеуіне алаңдайды ата-анаға хабарласып, көмек ала алады. Ата-аналар сонымен қатар балаға телефон беру жауапкершілікке үйретеді деп санайды.[34]

    Ұрлық кейбір мектептерде ұялы телефон мәселесі тағы бір мазалайды. 2012 жылы жасырын тергеуден кейін он үш кәмелетке толмаған студенттер кірді Бакс округі, Пенсильвания, бірнеше мың доллар тұратын ұялы телефондарды ұрлауға әкелген ұялы телефонды ұрлаумен айналысқан деген айыппен қамауға алынып, таблеткалар, және басқа да электроника.[35]

    Қазір мектептер саны артуда, ұялы телефондарды оқыту құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.[36] Алайда мектептерде ұялы телефондарды ұжымдық пайдалану басқа технологиялық қиындықтарды тудырады. Кейбір мектептер барлық оқушыларға бір уақытта ұялы телефон пайдалануға рұқсат беру мектепті баяулатады деп хабарлады өткізу қабілеттілігі жылдамдық, сондықтан кейбір мектептер телефондардың мектептегі Wi-Fi-ға кіруіне тыйым салды.[37]

    Мектептерде телефонды пайдалану тек оқушылар мен мұғалімдер үшін ғана емес, сонымен қатар басқа білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін де маңызды мәселе. Сәйкес Әкімдер автомобиль жолдарының қауіпсіздігі қауымдастығы Сонымен, бірде-бір мемлекет барлық жүргізушілер үшін ұялы телефонды пайдалануға тыйым салмайды, жиырма штат және Колумбия ауданы тыйым салу мектеп автобусы жүргізушілер ұялы телефондарды пайдаланудан.[38] Мектеп автобусының жүргізушілері телефондарын пайдаланғаны үшін жұмыстан шығарылды немесе тоқтатылды көлік жүргізу кезінде мәтіндік хабарлама жіберу.[39][40]

    Хабарлама қосымшалары


    Ұялы телефон қосымшалар телефондарды мектеп ортасында қолдануды қолдау үшін жасалған. 2018 жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша мұғалімдердің пайдалануында шамамен 80 000 өтінім бар.[41] Хабар алмасудың әртүрлі қосымшалары студенттер мен студенттер арасындағы қарым-қатынасты, сондай-ақ мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Оқушыларға, мұғалімдерге және ата-аналарға арналған кейбір танымал қосымшалар Еске салу және ClassDojo. Ең көп сатылатын білім қосымшаларының шамамен 72% -ы iOS арналған мектеп жасына дейінгі балалар және бастауыш мектеп студенттер.[42] Бұл қолданбалар тілдік аударма, жоспарланған еске салулар және ата-аналарға хабарламалар сияқты көптеген қызметтерді ұсынады.

    ClassDojo бүкіл мектептерде кеңінен қолданылады. Қосымша мұғалімдерге ата-аналармен және әкімшілермен суреттер, бейнелер және есептермен бөлісуге арналған алаң ұсынады.[43]

    Еске салу қосымшасы - мұғалімдердің ата-аналармен және мектеп әкімшілігімен байланысының тағы бір әдісі. Бұл бағдарлама мұғалімдерге ата-аналарға жоспарланған мәтіндік хабарламалар жіберуге мүмкіндік беріп қана қоймай, мұғалімдерге алдағы күндер, тестілер мен викториналар және басқа сынып ақпараттарымен бөлісу үшін сынып блогын ұсынады.

    Оқушылардың бір-бірімен сөйлесуіне мүмкіндік беретін тағы бір қосымша GroupMe. GroupMe студенттерге топтық чат форматында сөйлесуге мүмкіндік береді Сымсыз дәлдiк ұялы деректерді пайдаланудың орнына. Тіпті кейбір колледж жасындағы студенттер осы қолданбаны курстық ақпаратпен бөлісу үшін пайдаланады.[44]

    Мектептегі технологиялар көптеген сыныптар мен жас топтары үшін жалпы академиялық сипатқа айналуда. Хабарлама қосымшаларын құру мектептерде телефонды қолданудың осы қарқынын қолдауға көмектеседі. Хабар алмасу қосымшаларының артықшылығы студенттерге, мұғалімдерге және ата-аналарға оларды оңай пайдалану және қол жетімділік.[42] Бұл қосымшалар мүмкіндігі шектеулі ата-аналар үшін, күндізгі жұмыс талап етілетін ата-аналар үшін немесе тілдік проблемалары бар ата-аналар үшін тиімді байланысты жеңілдетеді.[45] Мектептерде ұялы телефонды пайдаланудың бір кемшілігі - бұл барлық оқушылар мен ата-аналардың қол жетімді технологиясы емес. Бұл ұялы телефондары мен компьютерлері бар студенттер мен жоқ студенттер арасында әлеуметтік-экономикалық алшақтықты тудыруы мүмкін. Тағы бір мәселе, ақпарат алмасудың қарапайымдылығы академиялық адалдыққа әкелуі мүмкін. Колледждер мен университеттерде, атап айтқанда, тестілер мен басқа да маңызды материалдарды цифрлық бөлісу арқылы академиялық адалдыққа қатысты көптеген мәселелер туындады. Нәтижесінде, бұл институттар өз саясатына қатаңдық танытып, плагиат пен академиялық адалдықтың басқа әрекеттері үшін салдардың ауырлығын күшейтеді.

    Уақыт өте келе хабар алмасу қосымшалары үнемі жетілдіріліп отырады. Егер әкімшілер, мұғалімдер және саясатты жасаушылар оқушылар мен ата-аналардың құқықтарын барынша азайту үшін, коммуникация шекараларын белгілеу, мемлекет күтуін ерте орнату және оқушылардың жауапкершілігін күшейту үшін көп жұмыс жасаса, хабарлама жіберу қосымшалары туындаған кейбір проблемаларды азайтуға немесе жоюға болады.[45]

    Ұялы телефон — радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.

    -----------Ұялы телефонның зияны

    1. Ұялы телефонның қосылып тұрғандағы сәулелендіру деңгейі есту, көру, мидың кейбір бөліктеріне кері әсерін тигізеді.

    2.Ғалымдар зерттеп, қызықты қорытынды жасады; 10 жылдан астам уақыт ұялы телефонды үзбей пайладанған адамның миына зиянды заттарды енгізбейтін сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Болашақта адамды мидың қатерлі ісігіне шалдықтыруы мүмкін.

    3. Шетелдік ғалымдар телефонды көп қолдану адамды Альцгеймер және Паркинсон ауруына шалдықтырады деп шешті.

    4. Шетелдік ғалымдар Сәуленің әсері кейінгі ұрпаққа беріледі деген. 1 ай бойы түрлі телефон арқылы атжалмандарды сәулелендіру тәжірбиесін жасады. Екі аптадан соң олардың иммундық жүйесі өзгерді. Сәулеленген атжалмандар қанын басқа атжалман тышқандарға екті. Кейін өліп қалды.

    5. Еуропаның электронды ғылыми зерттеу институты жүргізген көрсеткіші, телефон арқылы сәуле қабылдау гемоглобин талшықтары кеңейіп кетті.

    6. Телефонға тым әуес адам бүйрегінде тас байлануына, жүрек қан тамырлары ауруына әкеледі. Дәлелдеу үшін, қан айналымын зерттеп, 60 сағат аралығында сәулелендіру жұмыстары жүргізілді.

    7. Зерттеу кем дегенде он жыл бойы телефон қолданған адамдарда ми обырының жиілігі арттыратындығын көрсеткен.

    8. Обыр тудыратын басты себепкер ұялы телефон алғашқы орын алады. Бөлініп шыққан зиянды сәулелер кішкентай баланың қалыптасып үлгермеген иммундық жүйесіне зақым келеді. Ұзақ уақыт телефонды ұстатуға болмайды.

    9.Ұялы телефон ер адамның ұрығына арақ пен темекіден екі есе көп зиян келтіреді деген ой жасады. Себебі ер адамның репродукциялық, яғни бала туғызу қызметіне зиянды.

    10. Швеция ұялы телефонға аллергияның болу ресми мойындаған мемлекет. Егер бойыңызда осы аталған аурулар мен сырқаттар байқалса, швед өкіметінен өтемақы ретінде ақшалай талап ету құқыңыз бар.

    11. Күнделікті тұрмыста көптеген адамдардың хат, электронды хабарлама, телефон қоңырауы келмесе, тағатсызданатынын байқаған. Әр жарты сағатта шырылдамаса, қарағыштап, қуатын тексеріп, алаңдап отыратынын зерттеген. Хат, қоңырау шалу, ғаламторда ұялы телефонмен ену, жолдаумен әуреге түсетін адамдардың қабілеті төмендейтінін зерттеді. Ғалымдар бұны «Ақпарат Құмарлығы» деп атады.


    написать администратору сайта