Главная страница
Навигация по странице:

  • Прокариоттар

  • Эндоплазмалық тор

  • Лизосома

  • Гольджи жиынтығы

  • Жасуша орталығы

  • Жасушааралық байланыстар жасуша кабықшалары — плазмолеммалар араларындағы өзара жанаса байланыс. Қарапайым жанасу

  • Синапстық байланыс

  • Саусақша жанасу немесе құлып

  • биология. био. Жасушаны рылысы. Жасуша трлері. Жасушааралы байланыстар


    Скачать 2.36 Mb.
    НазваниеЖасушаны рылысы. Жасуша трлері. Жасушааралы байланыстар
    Анкорбиология
    Дата03.03.2022
    Размер2.36 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлабио.pptx
    ТипДокументы
    #380944

    Жасушаның құрылысы. Жасуша түрлері. Жасушааралық байланыстар


    Орындаған: Бақытқызы Ясина

    Тобы: 1505-21

    Қабылдаған: Туртаева Райхан

    Жоспар

    • Кіріспе
    • Жасуша типтері
    • Жасуша құрылысы
    • Жасушааралық байланыс

    Кіріспе бөлім

    • Жасуша — тірі организмдердің құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді.

    Прокариоттар — Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1—10 мкм. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Бір сақиналы ДНҚ молекуласы тікелей цитоплазмада болады және эукариот жасушасындағы сияқты ядро екі мембрана арқылы бөлінбейді. Ал қозғалу мүшесінің қызметін бір немесе бірнеше талшықтары атқаруы мүмкін. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады.

    Эукариоттар (грек. еu – жақсы, толығымен және karyon – ядро) – құрамында ядросы бар организмдер.

    Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ бір немесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Эукариоттар жасушалары прокариоттармен салыстырғанда күрделі келеді. Эукариоттар жасушалары көптеген ішкі мембраналармен жеке бөліктерге (компартементтерге) бөлінеді. Бұл бөліктерде бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз әр түрлі хим. реакциялар жүреді. 

    Прокариоттар мен эукариоттардың айырмашылығы

    Жасуша құрылысы


    Ядро (nucleus) – жасушаның негізгі бөлігі. Ол көбіне жасушаның орталығында орналасады. Ядро бір немесе бірнешеу болуы мүмкін. Көбіне жасуша бір ядролы болады. Ядроның да пішіні әр түрлі: домалақ, сопақ, таяқша т.б. болуы мүмкін. Ядроның пішіні оның тіршілік әрекетіне байланысты өзгереді. Ядрода дизоксирибонуклеин қышқылы бар. Дизоксирибонуклеин қышқылында нәсілден нәсілге өтетін хабаршы “ген” сақталады.

    Цитоплазма – жасушаның негізгі бөлігі. Оның құрамында гиалоплазма және органеллалар мен кіріспелер болады. Гиалоплазма гректің “шыны” деген сөзінен шыққан, цитоплазманың негізгі бөлігі. Оның құрылысында тұрақты органеллалар болады. Органеллолар ядро мен цитоплазманың байланысын қамтамасыз етеді, жасушаның қалыпты қызметіне жағдай туғызады.  Жасушаның органеллаларына митохондриялар, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, жасуша орталығы, лизосомдар жатады.
    • Эндоплазмалық тор (ЭПТ) - (гр. эндо - ішкі, гр. плазма - жапсырылған) - жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі.

    Рибосома (лат. rіbes — ағыс және грек. some — дене) — ақуыз синтезін жүзеге асыратын жасуша-ішілік органоид. Рибосомалар - екі орташа: үлкен және кіші өлшем бірлігінен тұрады. Нәруыздар биосинтезін (нәруызда аминқышқылдарды қосады) іске асырады.
    • .Митохондрия (гр. mitos - жіпше, гр. chondrion - дәнек) - барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді түзіліс. Жасушада ондаған, мыңдаған митохондриялар кездеседі. Сыртын 2 қабатты жарғақша қаптайды. Сыртқы жарғақшасы тегіс, ішкі жарғақшасы қатпарлы. Митохондриялар - май қышқылдарьш синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін энергия жинақтаушы құрылым. ішкі жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен аминқышқылдарды ыдыратып, май қышқылдарын тотықтырады.

    Лизосома (гр. 'λύσις' – еру және sōma – дене) – жануарлар мен саңырауқұлақ жасушасының органелласы, жасуша ішінде ас қорыту қызметін атқаратын және гидролиттік ферменттердің қор ретінде жиналатын орны. Оның диам. 0,2 – 0,7 мкм. Лизосомалар қоректі, зиянды бөлшектерді, жасушаның ескі бөліктерін немесе жасушаның өзін қорытуы мүмкін.
    • .Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.
    • .Жасуша орталығы - центриоль (лат. centrum - орталық нүкте, орталық) Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бірінен-бірі екі полюске карай ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.

    Жасушааралық байланыстар


    Жасушааралық байланыстар

    жасуша кабықшалары — плазмолеммалар араларындағы өзара жанаса байланыс. 

    Қарапайым жанасу — жасушааралық байланыстың ең көп тараған тұрі. Ені 15-20нм жасушааралық саңылау — көрші жасушалар плазмолеммалары гликокаликс қабаттарының өзара әрекеттесетін аймағы;

    Саңылаулы жанасу немесе нексус 0,5-3 мкм жасушаарлық аймақты қамтиды. Көрші жасушалар плазмолеммалары аралығында 2-3 нм саңылау қалады. Нексус аймағындағы көрші жасушалар плазмолеммаларында арнайы протеиндік кешеннен түзілген, арналары 1,5-2 нм өзекшелер болады. 

    Синапстық байланыс — жүйкелік қозу мен тежелуді бір бағытта өткізуге маманданған, нейроциттер, нейроцит - Бұлшықет жасушалары, нейроцит-эпителиоциттер плазмолеммалары аралықтарындағы жасушааралық жанасу.

    Саусақша жанасу немесе құлып — көрші жасушалар плазмолеммаларының бір-біріне қарама-қарсы саусақ тәрізді еніп, құлып тіліне ұқсас байланысуын айтады.

    НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



    написать администратору сайта