Лекция Метрология. Метрология және өлшеу лекция интернет. 1. Кіріспе. Метрология негіздері. Терминдер мен анытамалар
Скачать 423 Kb.
|
Негізгі әдебиеттер: Қосымша әдебиеттер: Бақылау сұрақтары: 1. Өлшеу қателігі дегеніміз не? 2. Өлшеу қателіктерінің қандай топтарын білесіз? 3. Өлшеу қателігі құрамдары қандай? 4. Өлшеудің қандай әдістері өндірісте қолданылады? 5. Өлшеу нәтижелерін өңдеу қандай мақсатта орындалады? 6. Орташа арифметикалық мән қалай анықталады? 7. Өлшеу нәтижелерінің ОКА (орташа квадратты ауытқуы) қалай анықталады? 8. Өлшеу нәтижелерінің түзетілген қатары деген не? 9. Қателік қанша қайтара санмен болуы керек? 10. Есептеу нәтижелерін дөңгелектеу тәртіптері қандай? Дәріс 3. Өлшеу және бақылау құралдары. Өлшеу және бақылау құралдарын, бақыланатын физикалық мәндердің тегі бойынша жіктеу –суретте келтірілген, ал бақыланатын физикалық мәндердің түрі бойынша 2-суретте келтірілген.
1-сурет. Өлшеу және бақылау құралдарын физикалық мәндердің түрлері бойынша жіктеу
2-сурет. Өлшеу және бақылау құралдарын өлшенетін геометриялық мәндер түрі бойынша жіктеу. Әмбебап өлшегіш құралдар мен аспаптар жекелеген және ұсақсериялы өндіріс жағдайында, сондай-ақ сандық мәндер мен ауытқуларды, дұрыс геометриялық бейнеден және беттердің өзара орналасуынан ауытқуын анықтауда кең қолданыс тапты. Машина жасау өнеркәсіптерінің технологиялық үрдістерін автоматтандыру жағдайында, өнімділікті көтеруге, өңдеу дәлдігі мен сапасына деген талаптардың өсуі бақылаудың автоматты құралдарын кең қолдануды талап етеді. Олар тексерілетін көрсеткіштер саны, өлшенетін импульсті түрлендіру тәсілі, технологиялық үрдісте орнату орыны, технологиялық үрдіске әсері бойынша жіктеледі. Өлшегіш жүйелер, өлшеудің жеке құралдарын жасау және зерделеу үшін жиі өлшеумен бақылаудың жалпы құрылымдық схемаларын қолданады. Бұл схемаларда өлшеу құралдарының жекелеген элементтері символдық блоктар түрінде көрсетіледі, олар өзара физикалық мәндерді сипаттайтын белгілермен жалғасады. МЕСТ 16263-70 өлшеу құралдарының келесі ортақ құрылымдық элементтерін анықтайды: сезімтал, түрлендіргіш элементтер, өлшегіш тұйық, өлшегіш механизм, есептеуші құрылғы, шкала, көрсеткіш, тіркегіш құрылғы. Кез келген өлшеу құралының бірінші міндеті болып физикалық мәнді қабылдау саналады. Бұл функцияны сезімтал элемент орындайды. өлшеу құралдарының сезімтал элементі түрлендіргіш элементтің бірінші өлшеу тұйығындағы бір бөлігі, ол тікелей өлшенетін мән әсері астында болады. Тек осы элемент өлшеу құралдарының өлшенетін мәннің өзгеруіне жауап беру мүмкіндігін анықтайды. Сезімтал элементтің конструктивтік түрлері сан алуан. Бұл элементтің негізгі міндеті- өлшеу ақпараттарының белгісін, оны одан әрі өңдеуге ыңғайлы түрде тудыру болып табылады. Ол белгі механикалық (ығысу, бұрылу), пневматикалық, электрлік болуы мүмкін. Белгілі физикалық құбылыстарды өлшеген кезде, сезімтал элементтен алған белгіні басқа физикалық мәнге түрлендіру қажеттілігі туады (мысалы, қысымды-электр мәніне, қызуды-қысымға, т.с.с.). Бұл функцияны түрлендіруші элемент атқарады. Ол өлшеу ақпаратының белгісін, беруге, түрлендіруге, өңдеуге және (немесе) сақтауға ыңғайлы түрде тудыруға арналған. Өлшеу тұйығында бірінші тұрған түрлендіргіш элементі әдетте біріншілік түрлендіргіш деп атайды (мысалы, термопар). Аралық (екіншілік) түрлендіргіштердің көп топтары бар, олар, әдетте, физикалық мәннің тегін өзгертпейді. Аналогты, аналог-санды (АСТ) және саналогты (САТ) түрлендіргіштер кең қолданыс тапты. Өлшеу ақпаратты белгісін арақашықтыққа беру үшін беретін өлшегіш түрлендіргіштері, ал оны берілген сан ете өзгерту үшін масштабтық өлшегіш түрлендіргіштері қарастырылады. Өлшегіш механизм- өлшеу құралы конструкциясының бір бөлігі, өзара әсері оларға қатысты ығысулар шақыратын элементтерден тұрады. Мысалы, сағат тектес индикатордың өлшегіш механизмі (1, а-сурет) 1,2,3 тісті дөңгелектерден және 4 тісті рейкадан тұрады. Милливольтметрдің өлшегіш механизмі (1, б-сурет) магнитөткізгіш бөлшекті тұрақты магниттен және оған ток әкелетін сүріппелі жылжымалы рамкадан тұрады.
|