Главная страница
Навигация по странице:

  • Дәріс 5. Тақырыбы геометриялық мәндерді өлшеу және бақылау

  • Лекция Метрология. Метрология және өлшеу лекция интернет. 1. Кіріспе. Метрология негіздері. Терминдер мен анытамалар


    Скачать 423 Kb.
    Название1. Кіріспе. Метрология негіздері. Терминдер мен анытамалар
    АнкорЛекция Метрология
    Дата20.01.2020
    Размер423 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаМетрология және өлшеу лекция интернет.doc
    ТипДокументы
    #105043
    страница4 из 4
    1   2   3   4

    Негізгі әдебиеттер:

    Қосымша әдебиеттер:

    Бақылау сұрақтары:

    1. Таразы деген не?

    2. Таразылар әсер ету принципіне байланысты қалай бөлінеді?

    3. Гир деген не?

    4. Гирлер арналуына байланысты қалай бөлінеді?

    5. Гирдің қабылданған белгісіне нелер кіреді?


    Дәріс 5. Тақырыбы геометриялық мәндерді өлшеу және бақылау

    Геометриялық мәндерді өлшеу үшін әртүрлі құралдар пайдаланады.

    Тұтқылдық жайпақтар ұзындықтар мәндері өлшемдерді үлгіден бұйымға беруге арналған. Бұл ұзындықтың тұтқылдық мәндерінің негізгі арналуы келесідей атқарылады: оларды ұзындық бірлігін сақтау және беру үшін қолдану жолымен, әртүрлі мәндер мен өлшеу құралдарын тексеру және белгілеу арқылы, калибрлерді тексере, бұйымдар мен саймандар өлшемдерін өлшеу арқылы, дәл белгілеу және координатты жону жұмыстары мен, станоктар мен құралдарды байыптау арқылы.

    Ұзындықтың тұтқылдық мәндері тікбұрышты параллелепипед бейнесінде, екі жайпақ өзара қатар орналасқан өлшеу беттерімен болып келеді. (1, а-сурет).

    1-сурет.Ұзындықтың жайпақ қатар тұтқылдық мәндері

    Ұзындықтың жайпақ қатар тұтқылдық мәндерінің өлшемі ретінде оның орташа ұзындығы қабылданады (1, б-сурет), ол бір өлшеу бетінен қарама-қарсы өлшеу бетіне жүргізілген тіксызық (перпендикуляр) ұзындығымен анықталады. Мән қимасындағы а және б жақтарының мәндері қалыпты өлшемге байланысты анықталады. Орталық ұзындықтың қалыпты өлшемі әр мәндерде қойылады.

    Тұтқылдық мәндерді келесі дәлдік кластарымен жасайды: 00; 01; 0; 1;2; 3- болаттан; 00; 0; 1;2; 3- қатты құймадан (00 класы-ең дәлі).

    Тұтқылдық мәндерді әртүрлі жиынтықтарға олардың саны және қалыпты ұзындық өлшемдері. Ұзындық мәндерінің қалыпты өлшемдері мен өлшемдерінің бөлінуі, сондай-ақ оларды жиынтықтарға жинақтау, мәндердің ең аз сандарынан үшінші ондық белгіге дейінгі кез-келген өлшем блоктарын құруға болатындай етіліп атқарылады.

    Жиынтық дәлдігінің класы жиынтыққа кіоетін жеке мәндердің төмен класымен анықталады. әр жиынтыққа паспорт қосылады, онда әрменнің қалыпты ұзындығымен ауытқуы көрсетіледі.

    Тұтқылдық мәндерді пайдаланған кезде, табандар блокының өлшемі тек мәндердің мәндердің қалыпты өлшемдерімен ғана анықталмайды, сондай-ақ атестатта келтірілген нақтылы ауытқуларды да ескереді.

    Ұзындықтың тұтқылдық мәндеріне кең қолданысты қамтамасыз ететін, негізгі қасиеттерінің бірі сүрткіленгіштігі, демек бір-біріне қойғандағы немесе бір-біріне қатысты жылжытқандағы өзара берік қабысу қабылеттілігі (1, в-сурет). берілген өлшемді блокты барынша аз мәндер санымен құрастыру керек. Алдымен миллиметрдің мыңдық үлесін алуға мүмкіндік беретін тұтқылдық мәндерді, содан кейін жүздік, ондық және соңында бүтін миллиметрлерді таңдау керек. Мысалы, өлшемі 28, 495 мм блок алу үшін жиынтықтан тұтқылдық мәндерді келесі кезекпен алу керек: 1, 005+1,49+6+20=28,495 мм. Блоктағы тұтқылдық мәндердің ең аз саны, бір жағынан, блоктың дәлдігін көтереді (блок өлшемінің қосынды ауытқуы төмендейді), екінші жағынан блоктың сенімділігін көтереді. Блоктағы тұтқылдық мәндердің саны бес данадан аспауға тиісті.

    Тұтқылдық мәндердің орташа сақталу мерзімі (болаттан жасалған)- бір жылдан кем емес, ал қатты құймалардан екі жылдан кем емес.

    Қабылданған белгілеулер мысалы, дәлдік класы 1 болаттан жасалған тұтқылдық мәндер жинтығы: тұтқылдық мәндер 1-Н2 Мемст. 9038-83.

    Тұтқылдық мәндерді олардың жиынтық құрамдарымен бірге пайдаланғанда оларды қолдану аймақтары өсе түседі. Жиынтық құрамына келесілер кіреді: ұстағыш (струбцина) негіз; өлшемі 100 мм-ден асатын блоктарды бекітуге арналған тартқыш; тұтқылдық мәндерді блоктар тартқышымен бекітуге арналған қысқыш сухарь.

    Өлшегіш сызғыштар штрихты мәндерге жатады және бұйым өлшемдерін тікелей әдіспен өлшеуге арналған. Сызғыштар конструкциялары біртекті. Олар ені 20...40мм және қалыңдығы 0,5... 1,0 мм металл жолақ металл түрінде болып келеді, кең бетіне бөлімдер түсірілген. Сызғыштарды бір немесе екі шкалалармен жасайды, өлшеудің жоғарғы шектері 150, 300, 500 және 1000 мм және бөлім бағасы 0,5 немесе 1 мм.

    Сызғыштар шкаласының нақтылы жалпы ұзындығының рұқсат ауытқулары қалыпты мәністерінен шкаланың жалпы ұзындығына байланыты (0,10... 0,20) мм шегінде жатады.

    Сызғыштарды тексеруді үлгілік өлшегіш сызғыштар бойынша атқарады, оларды штрихтық мәндер деп атайды. Мұндай салыстыру қателігі 0,01 ммден аспайды.

    Штангенқұрал сыртқы және ішкі беттердің сызықтық өлшемдерін абсолютті өлшеуге арналған, сондай-ақ бөлшектерді белгілеуде өлшемдерін анықтайды.

    Оған штангенциркульдер (2-сурет), штангентереңдік өлшегіштер және штангенрейсмастар жатады. Штангенқұралдардың негізгі бөлігі боып, шкала бөлімі 1 мм және сызғыш бойынша жылжитын шкала-нониусты штанга-сызғыш саналады. Шкала-сызғыш бойынша миллиметрлердің толық саны, ал нониус бойынша-миллиметрдің ондық және жүздік саны.





    2-сурет. Штангенциркульдер конструкциясы

    а- ШЦ-І тектес; б-ШЦ-ІІ тектес, в-ШЦ-ІІІ тектес;

    1-штанга-сызғыш; 2-өлшеуіш ернеулер; 3-рамка; 4-рамканы қысқыш бұранда; 5-нониус; 6-тереңдікті өлшегіш сызғышы; 7-рамка.

    Нониус көмегімен есептеу үшін алдымен негізгі шкала бойынша нониустың нөлдік бөлімі алдындағы миллиметрлердің бүтін санын анықтайды. Содан кейін нониус бойынша үлестік сандарды қосады, бұл ретте нониус шкаласының негізгі шкалаға жақын тұрған штрихы алынады.

    Нониустердің негізгі түрлері (І-ІV) 3-суретте келтірілген.



    3-сурет.Нониустардың түрлері

    Нониустың негізгі сипаттамалары болып нониус бойынша өлшеу мәні (а) және нониус модулі (γ) саналады, олар келесі формулалар бойынша анықталады:

    a=i/n; γ=(l+i)/ (n i),

    мұндағы i- негізгі шкала бөлімінің бағасы; n-нониус бөлімдерінің саны, мм; l-нониус шкаласының ұзындығы, мм.

    Аса кең тараған нониустардың өлшеу дәлдігі -0,1; 0,05; 0,02мм.

    Мемст. 166-80 штангенциркульдерінің үш түрін шығаруды және пайдалануды қарастырады: ШЦ-І, бөлім бағасы 0,1мм; ШЦ-ІІ, бөлім бағасы 0,05 мм және ШЦ-ІІІ, бөлім бағасы 0,05 және 0,1мм. Жылжымайтын ернеулі негізгі сызғыш бойынша жылжымалы өлшегіш ернеулі рамка қозғалады. Рамканың штанга сызғыш бойымен байыппен жылжуы үшін микрометрлік құрылғы қарастырылған, ол хамыттан, қысқыштан және микрометрлік ілгерілету гайкасынан тұрады. Жылжымалы рамкаға тіркегіш бұранда орнатылған.
    1   2   3   4


    написать администратору сайта