Главная страница

тест. РК тест. 1. Коммерциялы туекелділік бл


Скачать 15.26 Kb.
Название1. Коммерциялы туекелділік бл
Дата19.04.2022
Размер15.26 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаРК тест.docx
ТипДокументы
#484133

1.Коммерциялық тәуекелділік бұл:

A) өнім өндіру, өндірістік қызметтің барлық түрлерін жүзеге асырумен байланысты тәуекелділік;

B) өндірістік немесе кәсіпкерлермен сатып алынған тауарларды өткізу процесінде пайда болатын тәуекелділік;

C) қаржылық ресурстардың жоғалту қаупімен байланысты және кәсіпорынның банктермен және басқа қаржылық институттармен қатынасы сферасында пайда болатын тәуекелділік;

D) проценттік ставкалар ағымдағы деңгейінің өсуі немесе төмендеуі салдарынан болатын қарыз міндеттемелері бағасының өзгеру тәуекелділігі;

E) мемлекеттен мемлекетке аударуды мүмкінді шектеумен байланысты тәуекелділік:

*****

2.Тәуекелділікті талдау қалай бөлінеді:

A) перспективті, ретроспективті;

B) оперативті, қорытынды;

C) жүйелілік, функционалды-құқықтық;

D) салыстырмалы, факторлы;

E) сандық, сапалық;

*****

3.Барлық инвестициялар қандай екі топқа бөлінеді:

A) балама, жалпы;

B) банктік, бюджеттік;

C) жоспарланған, индустрияланған;

D) портфельдік, нақты;

E) интеллектуалды, капитал құрайтын;

*****

4.Кәсіпорынның инновациялық қызметі-бұл:

A) ғылыми техникалық идеяларды, жаңалықтарды жеткізу, тәжірибелік қолдануда өңдеу бойынша қызмет;

B) бағалы қағаздарды сақтау және бағалы қағаздарға құқық есебі бойынша қызметі;

C) табыс алуға бағытталған тауарларды өндіру және өткізу бойынша қызмет;

D) нәтижесі меншікті және қарыз қаражаттарының құрамындағы және көлеміндегі өзгеріс болып табылатын қызмет;

E) негізгі қызметті жүзеге асыру үшін жағдайларды құру мақсатында кәсіпорын шегіндегі қызмет;

*****
5.Қаржылық талдаудың басты мақсаты-бұл:

A) ұйымның қызмет етуіндегі қаржылық жағдайлардың өзгерісіне негізгі ұсыныстарды және болжамдарды дайындау;

B) өнім шығаруды арттыру және оның өзіндік құнын азайту;

C) өндіріс ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттырудың резервтерін айқындау;

D) ұйымның қаржылық тұрақтылығын анықтайтын факторларды айқындау және бағалау;

E) ұйымның қаржылық жағдайына объективті және нақты сипат беретін негізгі параметрлердің аздаған санын алу;

*****

6.Ұйымды басқаруда қаржылық талдаудың ролі:

A) алынған ақпараттың шындылығын анықтайды;

B) өндірістің ұйымдастырушылық техникалық деңгейін зерттейді;

C) қолданылатын технологиялардың прогрессивтілігін бағалайды;

D)өнімді шығару ырғақтылығын және еңбек сыйымдылығын зерттейді;

E) қабылданатын қаржылық шешімдердің ғылыми негізделуінің құралы болып табылады;

*****

7.Қаржылық талдаудың әдістемесі-бұл:

A) шаруашылық құбылыстарды танудың жалпы ғылыми әдістерінің жиынтығы;

B) экономикалық құбылыстарды зерттеудің аналитикалық аппараты;

C) ұйым жұмысы туралы экономикалық ақпаратты дайындауда қолданылатын амалдардың жиынтығы;

D) аналитикалық жұмысты мақсатты жүргізудің ережелер тәсілдерінің жиынтығы;

E) ұйымның қаржы шаруашылық қызметін зерттеу әдістері туралы ілім;

*****

8.Қаржылық есеп берудің қандай элементтері ұйымның қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелерін бағалаумен тікелей байланысты:

A) активтер, міндеттемелер

B) табыстар, шығындар

C) міндеттемелер, табыстар;

D) активтер, табыстар;

E) міндеттемелер, шығындар;

*****

9.«Болашақ кезең шығындары» бабы қайда сипатталады:

A) «ұзақ мерзімді активтер» бөлімінде;

B) «ағымдағы активтер» бөлімінде;

C) «меншікті капитал» бөлімінде;

D) «ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінде;

E) «ағымдағы міндеттемелер» бөлімінде;

*****

10.Ұйымның инвестициялық қызметі нені сипаттайды:

A) бағалы қағаздарды өткізумен байланысты қызмет;

B) ұзақ және қысқа мерзімді несиелерді алу және өтеумен байланысты қызмет;

C) ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сатумен байланысты қызмет;

D) ағымдағы активтер және меншік капиталының өзгерісіне әкелетін қызмет;

E) ұйымның меншікті және қарыз капиталы өзгерісіне әкелетін қызмет;

*****

11.Мобильдік құралдарға жататындар:

A) меншікті капитал

B) ұзақ мерзімді активтер;

C) ағымдағы активтер;

D) ұзақ мерзімді міндеттемелер;

E) ағымдағы міндеттемелер;

*****

12.Жеделділік дәрежесі бойынша пассивтің қай тобына «болашақ кезең табыстары» жатады:

A) тұрақты міндеттемелер

B) жедел міндетемелер;

C) қысқа мерзімді міндеттемелер;

D) ұзақ мерзімді міндеттемелер;

E) қиын өтетін активтер;

*****

13.Баланс пассивтері қандай белгімен құрастырылған:

A) міндеттемелерді өтеу жеделдігіне бойынша;

B) ұйым міндеттемелерінің маңыздылығы бойыншы;

C) баланс активтерінің өтімділік дәрежесі есебінен;

D) меншікті капитал шамасына байланысты;

E) ұйымның қаржылық тұрақтылық коэффициенттері есебінен;

*****

14.Қаржыландыру коэффициенті келесі көрсеткіштердің қатынасымен анықталады:

A) меншікті капиталдың қарыз капиталына;

B) ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларға;

C) қарыз капиталының жиынтық капиталға;

D) қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың валюта балансына;

E) ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдағы міндеттемелерге;

*****

15.Маневрлеу коэффициенті қай қатынаспен анықталады:

A) қарыз капиталының жиынтық капиталға

B) меншікті айналым капиталының қарыз капиталына;

C) меншікті капиталының ұзақ мерзімді активтерге;

D) меншікті айналым капиталының меншікті капиталға

E) қарыз капиталының меншікті капиталға;

*****

16.Қандай көрсеткіштермен кәсіпорынның төлем қабілеттілігін сипатталады:

A) абсолюттік, тез, ағымдағы және жалпы өтімділік коэффициенттері;

B) қор қайтарымдылығы, еңбектің қормен қаруландырылуы және өнімділігі;

C) қор сиымдылығы, өнімнің материал сиымдылығы және еңбек сиымдылығы;

D) активтердің табыстылығы, өнімнің өзіндік құны және жалпы табыс;

E) тәуелсіздік, активтердің мобильділік және қаржыландыру коэффициенттері;

*****

17.Ағымдағы міндеттемелердің табыстылық коэффициенті нені сипаттайды:

A) кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттілігін;

B) кәсіпорынның ағымдағы төлем қабілеттілігін;

C) кәсіпорынның перспективті (ұзақ мерзімді) төлем қабілеттілігін;

D) күрделі шығындарды жабуға кәсіпорынның ақша табу қабілеттілігін;

E) кәсіпорынның айналым құралдарын пайдалану тиімділігі;

*****

18.Несиені беру және өтеумен байланысты сұрақтарды реттейтін нормативтік құқықтық құжаттарды атаңыз:

A) азаматтық және салық кодекстері

B) банк ережелері және несиелік келісім шарттары;

C) салық және еңбек кодекстері;

D) бухгалтерлік есеп және аудиттің халықаралық стандарттары;

E) азаматтық кодекс және қаржылық есеп беру стандарттары;

*****

19.Жалпы табыс және кезең шығындары арасындағы айырма – бұл:

A) қарапайым қызметтен түскен табыс;

B) материалдық шығын;

C) негізгі емес қызметтен түскен табыс;

D) негізгі қызметтен түскен табыс

E) таза табыс;

****


написать администратору сайта