культура. ІІ семестр. 1межелік баылау ткізуге арналан лексикалы сратар Білім, ылым жне жастар саясаты
Скачать 22.33 Kb.
|
ІІ семестр 1-межелік бақылау өткізуге арналған лексикалық сұрақтар: Білім, ғылым және жастар саясаты Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі. Қоғамның негізгі өзегі – жастар. Cондықтан жастардың сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуына қоғамның да ықпалы зор екені анық. Саналы қоғамда білімді азаматтармен бірлесе өмір сүрген жастар өз бойында білімге деген құштарлық пен ізгі сезімдерді қалыптастыратыны сөзсіз. Біздің мемлекетіміз жастардың сапалы білім алып, саналы азамат болуы үшін де қазіргі заманда білім – ғылымға және мәдениетке аса көп назар аударады. Сондықтан, Қазақстанның жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ! Жас дарынды қазақстандықтарға әлемдегі үздік университеттерде білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасы еліміздегі адам капиталының дамуына қосылған елеулі үлес болды. Әрбір жеке тұлғаның болашағы өз білім ордасында шыңдалады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі жастар. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім», - деп ұлы жазушымыз М.Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында білім сапасы тұрады. Білім беру жүйесіндегі жаңашылдық Білім беру жүйесі, оның құрылымы үздіксіз оқу тұжырымдамасына (концепциясына) сәйкес жасалады. Республикалық білім беру жүйесі өзара тығыз байланысты бірнеше баспалдақтардан тұрады: мектеп жасына дейінгі тәрбие; жалпы орта білім беру; кәсіптік–техникалық, орта арнаулы, жоғары білім беру орындары; жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; кадрлар біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау; қосымша білім беру (екінші мамандық). Білім беру балабақшаларда, жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, институттар мен университеттерде, академияларда жүзеге асырылады. Білім берудің барлық саласы мемлекет есебінен іске асырылады. Жалпы білім беретін мектеп үш сатылы: бастауыш (1-4 сынып), толық емес (5-9 сынып) және толық орта (10-11 сынып). Бірінші және екінші сатылы білім міндетті. Ал үшінші сатыны жалпы білім беретін күндізгі немесе кешкі мектептерде, кәсіби-техникалық, арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жалғастыруға болады. Орта білім алудың қазіргі кезде жаңа түрлері бар. Олар: белгілі бір пәнді тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназиялар, лицейлер, жеке меншік мектептер т.б. Жастарға арналған білім беру бағдарламалары Бүгінгі таңдағы өнертабыс түрлері мен оларға сипаттама Қазақстан Республикасының Патент заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес өнiмге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнiң штаммына, өсiмдiктер немесе хайуанаттар клеткаларының көбеюiне), әдiске (материалдық объектiмен iс-әрекеттi материалдық құралдардың көмегiмен жүзеге асыру процесiне), сондай-ақ белгiлi өнiмдi немесе әдiстi жаңа мақсатта немесе жаңа өнiмдi белгiлi бiр мақсатта қолдануға жататын кез келген саладағы техникалық шешiмдер өнертабыс ретiнде қорғалады. Егер жаңа, өнертабыстық деңгейге жеткен әрi өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнертабысқа құқықтық қорғау берiледi. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы – өз ақыл-ойын, талантын, еңбекқорлығын Еліміздің көркеюіне қосқан адамдардың тарихы туралы жоба. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының негізгі мақсаты - заманауи Қазақстанның дамуына белгілі бір үлес қосқан нақты адамдарды мысалға алып, олардың табысқа жету идеясын, ұстанған қағидаларын, бәсекеге қабілеттілігін, білімге құштарлығын танымал ету. Демек, өмір жолы еліктеуге үлгі болатын замандастар туралы дерек беру. Олардың өзін-өзі дамытуға және тәрбиелеуге деген құлшыныстары мен болашаққа сеніммен қарауы үлгі бола алатындай болуы керек. Бұқаралық ақпарат құралдары, оның түрлері БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б. БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процестер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес. БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Əрине, ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады. Көлік, көлік қатынасы. Көліктің түрлері Көлік – материалдық өндірістің жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын аса маңызды саласы, экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі. Автомобиль көлігі Автомобиль көлігінің үлес салмағы жыл сайын арта түсуде. Оған дәлел — тасжолдардың ұзындығының күрт өсуі; қазіргі кезде дүниежүзі бойынша олардың жалпы ұзындығы 25 млн км-ге жуықтады. Теміржол Дүниежүзіндегі теміржолдың жалпы ұзындығы 1 млн 250 мың км-ге жуық. Теміржолдың ұзындығы жөнінен де АҚШ алда келеді. Бірақ жолдардың жиілігі Батыс Еуропада өте жоғары, онда 100 км² жерге 10 км теміржол тиесілі болады. Жүк айналымындағы теміржол үлесі 15% шамасында. Құбыр көлігі Құбыр көлігі соңғы жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты жедел қарқынмен дамуда. Ұзындығы 4,5—5 мың км болатын мұнай және газ тасымалдайтын құбырлар Ресей, Канада, АҚШ жерінде орналасқан. Құбыр көлігінің үлесіне жүк айналымының 10%-ы тиесілі. Теңіз көлігі Теңіз көлігінің үлесіне елдер арасындағы жүк тасымалының 80%-ы, дүниежүзілік жалпы жүк айналымының 60%-ы тиеді. Ірі теңіз державалары арасындағы өзара бәсеке салдарынан көптеген ірі кемелер салық тұрғысынан ұтымды болатын дамушы елдердің туы астында жүзеді. Сондықтан теңіз жүк тасымалындағы жетекші елдер қатарынан Панама, Либерия, Грекия, Кипрді көруге болады. Ірі сауда кемелерінің үлесі Ұлыбритания, Жапония, Норвегия, АҚШ, Ресей, Қытай елдерінде де жоғары. Көлік логистикасының міндеттері. Логистика - клиенттердің талаптарын қанағаттандыру үшін бір орыннан екінші орынға тасымалданатын жүктерді басқару дегенді білдіреді. Логистика ұғымы ақпарат, тасымалдау, қоймалау, қаптау және қауіпсіздік сияқты түсінікті береді. Логистика көптеген кәсіпорындардың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Логистика және қазіргі заман Бүгінгі күні логистика белгілі бір жүкті қандай да бір көлікпен мейлінше ыңғайлы және пайдалы жолдармен: теңізбен, құрлықпен, сумен немесе пойыздармен тасымалдау дегенді білдіреді. Заманауи кәсіпорындардың айналымы өте үлкен, сондықтан оларға көлік және логистика ауадай қажет. Қазақстан Республикасының экономикасы Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 160-тан астам елі мойындаған. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 250-дей біріккен кәсіпорын құрылды. Соңғы жылдары инвестицияның келуі өсті. Әлемдік деңгеймен салыстырмалы түрде қарағанда еліміздің макроэкономикалық көлемі жоғары емес. Осыған қарамастан Қазақстанның сытрқы экономикалық саласын болащақта дамытуына орасан зор шамасы бар. Атап айтқанда, бүгінде 500-ден астам кен орындары барланып, минералды шикізаттың 1220 түрінің бар екені анықталған. Осылайша, Қазастан цинк, вольфрам және барит қорлары бойынша әлемде бірінші орында болса, күміс, қорғасын және хромит қорынан екінші орында, мыс, марганец, флюорит бойынша үшінші сонымен қатар алтын қоры жөнінен алдыңғы қатардағы он елдің қатарында. Елімізде темір рудасы әлемдік қордың 8 пайызын, уранның жобамен 25 пайызын құрайды. Қазақстан мұнай қорын барлаудан әлемдегі он елдің қатарында. Еліміздің ұзақ мерзімді даму бағдарламалары «Қазақстан – 2050» Стратегиясы 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады: 1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм 2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау 3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік 4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары 5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту 6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту 7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі Грамматикалық сұрақтар: Диалог туралы Диалог – екі адам арасындағы сөйлеу әрекеті (егер сөйлеушілер екеуден көп болса онда полилог деп аталады). Монологтан айырмашылығы диалогта сөйлеумен қатар тыңдау механизмдеріқатар жүреді Етістік шақтарының жіктелуі Етістіктің шақ категориясы —іс-әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктің шақ категориясы қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, әр түрлі жолдармен жасалады. Мазмұны [жасыру] 1 Етістіктің шақтары 1.1 Осы шақ 1.2 Өткен шақ 1.3 Келер шақ 2 Сілтемелер Етістіктің шақтары[өңдеу] Етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ. Есімшенің анықтауыштық қызметі Есімше төрт түрлі жолмен жасалады: 1) -қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады; 2) -ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін -с жұрнағы арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады; 3) -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары мақсатты келер шақ есімше жасайды; 4) -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары ауыспалы өткен шақ жасайды. Есімше көптеліп, тәуелденіп, септеліп, жіктеліп қолданылады. 4. Шектік (тежеу) демеуліктері (ғана, тек қана 5. Мекен үстеулері (жоғары, төмен, алыс, жақын, тысқары, ілгері). 6. Көмекші есімдер (бойында, айналасында, сыртында, маңайында, қасында) Қазақ тілінде жеке тұрғанда толық мағынасы болмайтын, сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайтын, алдындағы есім сөзге көмекшілік қызмет атқаратын сөздерді көмекші есімдер деп аталады. Көмекші есімдер зат есіммен ілік септігі арқылы байланысады, яғни, зат есім ілік септігінде, көмекші есім тәуелдік жалғауында келеді. Мысалы, қаланың сырты, жердің асты, үстелдің үсті, мектептің алды, дүкеннің қасы, үйдің жаны, ауылдың маңы, көшенің арасы, бөлменің іші. 7. Себеп-салдар, қарсылықты, ыңғайластық жалғаулықтар 8. Монолог туралы Монолог – бір адамның аудиторияға немесе өзіне қарата айтқан сөзі. 9. Қалып етістіктері |