Главная страница

реферат. медсестра тест 2020-2021. 1. Мейірбике процесіні бірінші кезеі болып табылады мейірбикелік диагностикалау


Скачать 0.56 Mb.
Название1. Мейірбике процесіні бірінші кезеі болып табылады мейірбикелік диагностикалау
Анкорреферат
Дата24.06.2021
Размер0.56 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файламедсестра тест 2020-2021.docx
ТипДокументы
#220958
страница24 из 27
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Флюорография

Қақырықтың бактериоскопиясы

Компьютерлі томография

Диаскинтест

36.АИТВ - инфекциясына күдік тудыратын симптомдарды белгілеңіз:

Лимфоаденопатия, 1 айдан артық субфебрильді дене қызуы.

Лимфоаденопатия, 3 айдан артық қайталанбалы қызба.

Ұзақ жөтел, әлсіздік, бұрыс типті қызба

Әлжуаздық, бас ауыру, субфебрильді температура

Тері қышымасы, дақты- папулалы бөртпе, жоғары қызба

37.Жөтелі ұзаққа созылған науқасқа туберкулез микобактериясын анықтауға микроскопиялық зерттеуге қақырық алу тағайындалған. Зерттеуге қақырық алудың ретін белгілеңіз.

2 тәулік ішінде 2 қақырық үлгісін тәуліктің кез келген мезгілінде

Таңертеңгі мезгілде 2 тәулік ішінде 3 қақырық үлгісін

Кез келген уақытта тәулік бойы 2 қақырық үлгісін

Тәуліктің екінші жартысында 3тәулікте 3 қақырық үлгісін

1 апта ішінде 3қақырық үлгісін

38.Жамбастың сыртқы өлшемін анықтау үшін акушер әйел адамнан бір қырына жатуын өтінді, үстінгі аяғын созып, ал астынғы аяғын тізе буынынан бүгіп жатуын өтінді. Акушер жамбастың кандай өлшемін анықтайды?

Conjugata externa

Conjugata lateralis

Conjugata vera

Distancia spinarum

Distancia cristarum

39.Акушер партограммада "10 минут ішіндегі толғақ санында" 5 торды бояды. Босану қандай жиілігімен және толғақ түрімен өтуде?

аз күшпен 5 толғақ

орта күшпен 5 толғақ

жақсы күшпен 5 толғақ

жақсы күшпен 2 толғақ

ретсіз толғақ

40. 39-40 аптада босанудың 1 кезенінде болашақ ана перзентханаға түсті. 5 сағаттан кейін сау қыз баланы дүниеге алып келді. Сәби туылғаннан кейін акушер құрсақта екінші бала болуын анықтау үшін ішке пальпация жасады. Құрсақта екінші бала болмауына көзі анық жеткенде акушер қан кетудін алдын алу шараларына кірісті. Акушер қандай дәрі-дәрмек қолданды?

2,0 папаверин, б/е

1,0 метилэргометрин, б/е

1,0 дицинон, б/е

Окситоцин, б/е

2,0 анальгин т/і

41.6 сағат толғақ басталғаннан кейін 39 жастағы қайта босанатын әйел адам перзентханаға түсті. Жағдайы қанағаттанарлық. Ұрық бойымен орналасқан, басымен шығұда, жүрек соққысы анық, ырғақты. PV: құрсақ мойыны тегіс, жатыр безінің ашылуы 10 см. Ұрық қабы тұтас. Басымен шығуда. Босанудың қандай кезені?

дайындалу кезені

латентті фаза, босанудың І кезені

белсенді фаза, босанудың І кезені

босанудың ІІ кезені

босанудың ІІІ кезені

42. 26 апта аяғы ауыр әйел амниотикалық сұйықтықтың төгілу шағымына байланысты істеу қажет:

Терапиялық бөлімшеге жіберу

Гинекологиялық бөлімшеге жіберу

Перзентханаға жіберу

Уақытша үйде бақылау

Хирургиялық бөлімшеге жіберу

43. 53 см ұзындығы, салмағы 3500, тірі, сау ұл баланы 28 жастағы босанушы дүниеге алып келді. Сәби туылғанда: жүрек соғысының жиілігі минутына 120, терісі қызғылт, дем алуы ырғақты минутына - 16, гипертонус. Жана туған сәбиге Апгар шкаласы бойынша қанша балл беруге болады?

2-3 балл

4-5 балл

5-7 балл

Балл

9-10 балл

44. 35 жастағы бірінші босанушы әйелге акушерді шақыртты. Жүктілік 35 апта. Күні бойы бас ауруы мазалады, сонғы сағаттарда күшейді, лоқсу пайда болды. Объективті қарау барысында: беттің, қолдың, аяқтың ісінуі анықталды, ҚҚ 170/110 мм. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 140. Магнезиальды терапия қолданып акушер ауыр преэклампсия диагнозын қойып шұғыл көмек көрсете бастады. Сульфат магнезиясының старттық дозасын көрсетіңіз?

10-15 минут бойы 20 мл 25 % MgSO4 т/і баяу еңгізу

10-15 минут бойы 5 мл 25 % MgSO4 т/і баяу еңгізу

10-15 минут бойы 10 мл 25 % MgSO4 т/і баяу еңгізу

10-15 минут бойы 20 мл 20 % MgSO4 т/і баяу еңгізу

10-15 минут бойы 20 мл 15 % MgSO4 т/і баяу еңгізу

53. Электрокардиографиялық зерттеу науқаста:

Жүрек бұлшық еттерінің ишемиясын

Жүрек клапандарының жетіспеушілігі

Жүрек қуыстарының гипертрофиясы

Жүректегі қабыну ошағы.

Перикардтың жағдайы

54. Қозғалу активтілігінің «палаталық» режимін түсіндіріңіз

палатаның ішінде шектеулі уақыт ішінде жүруге рұқсат етілген

тек қана төсекте қозғалуға ұсынылған

өзін-өзі күтудегі шектеулі қимылдар жасауға болады

тек қақна медбикенің қарамағында жүруге болады

тек қана палатаның ішінде жүру және өзін-өзі күтуге рұқсат етілген

55.Пульстің жиілігі дене температурасының 1 ° C жоғарылауымен қалай өзгереді

1-2 тербеліске көбейеді

10-12 тербеліске азаяды

өзгермейді

10-12 тербеліске көбейеді

100 рет минутына күшейеді

56. Дененің барлық жеріне таралған ісік аталады?:

Асцит

Анасарка

Гидроперикардит

Гидроторакс

Пиопневмоторакс

57. Пациент қолымен төсекке сүйеніп, аяғын төмен түсіріп отыр. Пациенттің отырған қалпы қалай аталады ?:

Пассивті                                          

Ортопноэ                                 

Белсенді (активті)                          

Шынтақ-тізе қалпы                         

Ауырған жағына жату                   

58. Терінің бозғылт түсі байланысты?:

Тамырлардың түйілуімен                      

Тамырлардың кеңеюімен                                

Қанның оттегімен қанығуы азайғанда           

Қанда өт пигменттерінің шамадан тыс көбеюі  

Қанда қалдық азоттың көбеюі    

59. Жүріп–тұруының, сөйлеуінің, дененің бір бөлігіндегі сезімталдылықтың бұзылуы симптомына жатады :

ошақты

жалпы милық

шешім қабылдайтын

реттелетін

реттелмейтін

60. Өнеркәсіптік кәсіпорынның медициналық пунктіне бетінің асимметриясына, көздің жасаурауы, қабақтың жабылмауы, қасын жоғары көтере алмауына қатысты шағымдармен әйел қаралды. Нервтің қайсысының зақымдалуы:

көру нерв

Бет нерв

үштік нерв

иіс сезу нерв

көз қозғалтқыш нерв

61.Субдуральды гематоманың жиі кездесетін себебі:

инфекциялық ауру

бас сүйегінің зақымдануы

тамырдың тромбозы

артериалды гипертензия

артериалды гипотензия

62. Инсульт кезіндегі бастың ауруы, жүрек айнуы, құсу, естен тану симптомына жатады:

ошақты

жалпы милық

шешім қабылдайтын

реттелетін

реттелмейтін

63. Балалардағы ойық жаралы аурудың патогенезінде маңызды:

Шырышты қабықтың муцин түзу интенсивтілігінің жоғарлауы

Қышқыл-пептидті агерессияның жоғарлауы

Helicobacter мен індеттену

Гастрино-гистамин түзуші клеткалардың төмендеуі

Асқазанның антралды бөлігінде бикарбонаттар секрециясының жоғарлауы

64. Терең тыныс алу мен жөтелдің үзілуі бұл –

Апноэ

Брадипноэ

Реприз

Асфиксия

Тахипноэ

65. А вирусты гепатиттінің сарғаюсыз түріне биохимиялық көрсеткіштердің қандай өзгерістері тән:

Гипербилирубинемия

Трансаминазалар деңгейінің жоғарлауы

Сілтілі фосфатазаның жоғарлауы

Холестерин деңгейінің жоғарлауы

Трансаминазалар деңгейініңтөмендеуі

66. Фебрильді тырысуларды басу үшін бірінші кезектегі таңдаулы препарат:

10% кальций глюконат ерітіндісі

25% магний сульфаты ерітіндісі

0,5% седуксен ертіндісі( диазепам,реланиум)

5% глюкоза ертіндісі

10% глюкоза ертіндісі

67. Сальмонеллездің клиникалық көрінісіне жатады:

 Өте жоғары улану белгілері мен нейротоксикоз

 Нәжісі жасыл түсті, «балдыр» тәрізді, мөлшері көп

 Нәжісі «күріш қайнатпасы» сияқты

 Іштің ауырсынуы болмауы

 Тенезмдер

68. Нәрестеде ортақ 4 қауіпті белгілерінің бірі болса, оны тездетіп ауруханаға жіберу керек.Соны белгілеңіз:

Нәресте нашар емеді

Қатты жөтеледі

Мазасыздану

Қатты жылайды

69.  3 айлық бала, омырау емеді. Анасына қанша жасқа дейін тек омырау сүтімен тамақтандыру керегі туралы кеңес беріңіз:

3 айға дейін.

4 айға дейін.

6 айға дейін.

9 айға дейін.

1 жасқа дейін

70. 9 жасар қыз қант диабетімен ауырады. Таңертең 20 бірлік инсулин егеді. Инсулин енгізілгеннен кейін мектепке асығып таңғы ас ішпеді. Бірінші сабақта кенеттен конвульсиялар пайда болып, санасынан айрылды. Тері ылғалды, беткей тыныс алу, көзінің қарашығы кеңейтілген, клонико-тоникалық конвульсиялар. сіздің болжамды диагнозыңыз?

Гипогликемиялық кома

Гипергликемиялық кома

Кетоацидотикалық кома

Конвульсиялық синдром

Ацетонемиялық кома

71. Бала 6 жаста, медициналық көмекке жүгінді. Жіті аурды, ангинадан кейін дене қызуы 39 дейін көтерілді, ісінулер пайда болды. Баланын жалпы жағдайы ауыр, терісі бозарған, жалпы ісінулер. Қан анализі: лейкоцитоз,ЭТЖ -44 мм сағатына. Зәр анализі: ақуыз -3,8%, эритроциттер -10-15, лейкоциттер -6-8. Қандай ауру туралы айтылған?

Жедел гломерулонефрит

Жедел пиелонефриті

Несеп-тас ауруы

Созылмалы гломерулонефрит

Созылмалы пиелонефрит

72. 9 айлық бала жедел ауырды. Жалпы жағдайының нәшәрләп, дене ыстығы 38,2º дейін көтеріліп, дауыстың қарлығуы, тыныс қиындықтар «үрген» дөрекі жөтел пайда болды. Тынысы шулы, кеуде үйлесімді орын шамалы кері кетіп, мазасызданғанда өсіп отырып, бар. Тыныс алуы минутына 50. Жұтқыншақтың артқы қабырғасының жарқын гиперемиясы бар. Өкпесінде - қатты тыныс алу. Басқа ішкі органдардан- ерекшеліктері жоқ. Балалар ауруларын кешенді басқару бағдарламасы бойынша сұрыптау

Сары жол

Жасыл жол                               

Қызғылт жол

Тоқ сары жол

Көк жол

73. Сізге 1 жасар баланың анасы баласының тәбетінің нашарлығына, әлжуаздығына шағымдана келді. Қарап тексергенде: тері жамылғысы мен кілегейлі қабаттары айтарлықтай бозарған. Жүрек ұшы аймағында систолалық шу естіледі. Қанның жалпы анализінде: гемоглобин - 72 г/л; эритроциттер- 3,1х1012/л; түсті көрсеткіші 0,7. Сіздің баланың диагнозы туралы ең дәлірек тұжырымыңыз:

В-12 тапшылық анемиясы

Ақуыз тапшылық анемиясы

Гемолитикалық анемия

Теміртапшылық анемиясы

Гипопластикалық анемия

 74. 6 жасар бала. Шағымдары: дене қызуының 38,60 дейін көтерілуі, жұтынғанда тамағының ауыруы, әлсіздік. Аранын (тамағын) қарағанда: қызарған, ұлғайған бадамша бездерінде ақшыл жұқпа бар. Ішкі мүшелер тарапынан өзгеріссіз. Дифтериямен дифференциалды диагностикалық мақсатпен жүргізілетін қосымша зерттеу әдісін көрсетіңіз

Қанның жалпы анализі

Леффлер бацилласына -жұқпа алу

Несептің жалпы анализі

Қақырықты бактериологиялық зерттеу

Қақырықтың микроскопиясы

75. Стационарға оң табанның түйрелген жарақатымен науқас түсті. Анамнезінен: 5 күн бұрын тот басқан шегеге басып кетті, жараны йодпен өңдеп, таңғыш салды. Бірақ жағдайы нашарлап, жара аймағында ауырсыну, гиперемия, ісіну пайда болды. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тахикардия, дене температурасы 40° С, ентікпе, аузын қиналып ашады, жұту қиындаған, бет бұлшықеттерінің тырысулары анықталады. Сіздің болжам диагнозыңыз:

Тілмелік қабыну

Абсцесс

Сепсис

Сіреспе

Бет нервісінің невриті

 76. Қақпақшалы пневмоторакс кезінде жасау керек:

Микротрахеостома

Кеңірдек интубациюсын

Қабырғаны орнына келтіру

Жасанды өкпе вентиляциясын

Окклюзивті танғышты салу

77. Жұлын зақымдалуының тұрақты көрінісі:

Жамбас ағзаларының функцияларының бұзылысы

Буындағы пружиндік фиксация

Жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылысы

Тыныс алудың бұзылысы

Бет нервісінің парезі

78. Эпигастрий аймағындағы ауырсыну, жеңілділік әкелмейтін көпретті құсу қандай клиникаға сәйкес?

Жара перфорациясына

Жедел аппендицитке

Жедел холециститке

Жедел панкреатитке

Жедел ішек өтімсіздігі

79. Күйік бөлімшесіне келесі медициналық диагнозбен науқас түсті: кеуде торының алдыңғы беткейі мен екі аяқтың термиялық күйігі. Күйік алаңын анықтаңыз:

54%

18%

27%

9%

72%

80. Науқаста тік ішектің ампулярлы аймағында ісік анықталған. Саусақпен тексергенде ісікке жетпейді. Қандай диагностикалық әдіс қолданылады:

Колоноскопия

Ирригоскопия

Ректороманоскопия

Лапароскопия

Іш қуысы УДЗ

81. Жараны инфекциядан қорғаудың эффективті алдын алу шарасы:

Асептикалық таңғыш салу

Көктамыр ішіне антибиотик енгізу

Жараға протеолитикалық ферменттер енгізу

Жараға антибиотиктер енгізу

Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу

Жедел парапроктитті туындататын жиі кездесетін факторы:

Геморрой

Медициналық манипуляциялар кезіндегі тік ішіектің шырышты қабатының зақымдалуы

Тік ішектің атылған (оқ) жарасы

Тік ішектің шырышты қабатының микрожарақаттары

Тік ішек маңындағы ағзалардың қабынуы

84. Клетчаткадағы жедел жайылған іріңді қабыну процесі қалай аталады:

Абсцесс

Флегмона

Фурункул

Эмпиема

Эритема

 86. Қою шие түстес қанның ұздіксіз ағуы қандай қан кетуге тән:

Капиллярлы

Аралас

Венозды

Артериальды

Тамырлық

87. Жедел холециститтің негізгі клиникасы

Оң жақ қабырға астындағы тұрақты ауырсыну, жүрек айну, құсу

Іш аймағындағы ауырсыну, іш өту

Іштің кебуі, іш қату, температураның жоғарлауы

Бел аймағында, жауырынға иррадиация беретін ауырсыну, іштің кебуі

Белді айналдыратын ауырсыну, көп ретті құсу

88. "Бірінші курс студенті 3 апта бұрын денесінде, тізе мен шынтағының терісіне қызарған қышыма түйіндердің пайда болу шағымдарымен дәрігерге қаралды.

Қарап тексергенде: терісінде шектелген, беті ақшылт қабыршықпен қапталған қызғылт түсті дақтар. Бөртпелер аяқ-қолдардың бүгілетін беттерінде симметриялы түрде орналасқан. Денесінде ретсіз орналасқан қызғылт түлеген папулалар.

"

экзема

кәдімгі псориаз

атопиялық дерматит

рубромикоз

сифилис

90. Стрептококкты пиодермияларға жатады:

Тілме

шиқан

сыздауық

гидраденит

сикоз

91. Көру өткірлігін анықтауда науқас пен Головин-Сивцев кестесі аралығындағы қашықтық тең:

5 м

М

3 м

2 м

1 м

93. Ларинготрахеитке тән үш белгілер:

Жөтел, мұрын бітелуі, дене қызуының көтерілуі

Үрген жөтел, ентігу, дауыстың үнсіз болуы

Тамақ ауырсынулары, жөтел, дауыстың үнсіз болуы

Дисфагия, дисфония, мұрын бітелуі

Мұрын бітелуі, жөтел

94. Ер адам супермаркеттің парфюм бөліміне барған соң, мұрынның қышуы, түшкіру, мұрынның бітелуі, мұрынмен тыныс алудың қиындауына шағымданды. Ауруды анықтаңыз. Дұрыс жауап вариантын таңдаңыз:

бактериялы ринит

вирусты ринит

саңырауқұлақты ринит

аллергиялық ринит

токсикалық ринит

95. Эпилепсиялық талмаға тән:

Мәнерлеп қимылдардың массасы бар жаяу қозғалыстар

Жағдайды реттеу

Ауыр жаракаттар, тілдің тістелуі

Тұтылу кезеңі үшін толық амнезия болмауы

Оқушылар реакцияларын сақтау

97. Ойылудың алдын алу үшін уқалау қай аймаққа жүргізіледі?

Сүйектердің үзінділеріне

5 см сүйек үзінділеріне

Тек жақсы көрсетілген б.е. Қабаты

Тек жоғарғы және төменгі бөліктер

Белмен мойынның аймағы

98. 7 жастағы балаға сирақ-табан буынының шығуына байланысты салынған гипсті алғаннан кейін массаж тағайындалды. Массаждың қандай тәсілдерін қолданасыз

сипау, сылау, ұрғылау тәсілі

Сипау, сылау

сылау, сипау, үздіксіз діріл

сипау, үздіксіз діріл

сипау, ұрғылау тәсілі

99. Физиотерапияға жалпы кері көрсеткіштер:

Бронхылы демікпе

Тілме ауруы

Қатерлі ісіктер

Гингивит

Түтікшелі сүйектердің сынулары

100. "Пациентке бел аймағына физиотерапиялық емшара-электрофарез тағайындалды.

Медбике жастықшаларды қоятын жерде тырналған ізді анықтады. Медбикенің әрекеті:

"

дәрігерге хабарлап, емшараны жүргізбеу

тырналғанды йодпен өңдеп, емшараны жүргізу

тырналғанды клеенкамен орап, емшараны жүргізу

енгізілетін дәрінің мөлшері мен концентрациясын азайтып, емшараны жүргізу

емшараның ұзақтығын азайтып, емшараны жүргізу
01.Тыныс алу жүйесін функционалдық зерттеу әдісін көрсетіңіз:

1.спирография

2.пифлоуметрия

3.велоэргометрия

4.пульсоксиметрия

5.капнография

02. Психикалық бұзылыстары бар науқастарға дәрі бергенде мейірбикені іс әрекеті:

1. дәріні көзінше жұтуын сұрайды және ауызын тексереді

2.науқастың төсегінің қасындағы төмбешкесіне қалдырады

3.науқастың өзінің қолына береді

4. дәрі қабылдауында жайлы нұсқаулықтары айтады

5.маңыздылығы жоқ

03.Стационардың қабылдау бөлімінің мейіргері толтырады:

1.медициналық картаның бастапқы бетін

2.температуралық парақты

3.еңбеккке жарамсыз парақшасын

4.дәрігерлік тағайындау парақшасын

5.ауру тарихын

05.Жедел коронарлық синдромның белгілері:

1.бірнеше сағат бойы төс артындағы күйдіретін батып ауырсыну

2.төс артындағы қысқамерзімді ауырсыну, қысатын сипатта

3.жүрек ұшында шаншитын сипаттағы ауырсыну

4.жүрек аймағындағы тұрақты сыздап ауырсыну

5.жөтел кезінде күшеетін кеуде торының сол жақ жартысындағы шаншу

06. Науқаста түнде кенеттен ауа жетіспеушілік сезім пайда болып,тыныс алудың қиындауымен тұншығуға алмасқан. Сонымен қоса әлсіздік,алғашында құрғақ жөтелден кейін қызғылт түсті көпіршікті қақырық пайда болған.Обьективті аяқтарын төмен түсіріп отырып,мазасы кеткен,мойын көк тамырлары шодырайған.Осы жағынан көрсетілетін шұғыл жәрдем:

  1. көк тамырға эуфиллин егу

  2. оттегін спирт арқылы ингаляциялау+

  3. бумен ингаляция жасау

  4. вентолинмен ингаляция жасау

  5. амбробенемен ингаляция жасау

07. Тромбофлебиттің алдын алу үшін тамырішілік иньекция жүргізуде медбике мына ережеге сүйену керек:

  1. венепункция орындарын ауыстыру

  2. аллергиялык анамнезді мұқият жинау

  3. асептика және антисептика ережелерін сақтау

  4. иньекция алдында шприцтен ауаны шығару

  5. шприцта бірнеше миллилитр ерітіндіні қалдыру

08. Ас қорыту мүшелерінің мүмкін болатын ауруларын диагностикалау мақсатында адамның нәжісін (микроскопиялық,, макроскопиялық, химиялық) зертханалық зерттеу әдісін көрсетіңіз:

1.копрологияға нәжіс

2.бактериялық тексеруге нәжіс

3.құрттар жұмыртқасына нәжіс

4.жасырын қанға нәжіс

5.дисбактериозға нәжіс

09. Инъекция жасағанда асептика және антисептика ережелерін бұзу салдарынан дамитын асқыну:

  1. абцесс

  2. ауалы эмболия

  3. аллергиялық реакция

  4. гепатит А

  5. дерматит

10. Көзді күту үшін қолданады:

  1. 1:5000 фурациллин ерітіндісі

  2. су асқан тотығы 3%

  3. ағынды су

  4. хлорамин ерітіндісі 3%

  5. спирт ерітіндісі

11. Ауруханада емделіп жатқан науқастың дене қызуы күнделікті біртіндеп жоғарылап,біртіндеп қалыпты болғанша төмендейді.Қызбаның түрін анықтаңыз

  1. толқын тәріздес

  2. тұрақты

  3. гектикалық

  4. бұрыс

  5. қайталанбалы+

12.Анафилактикалық шокта жедел көмек

  1. адреналин

  2. диуректиктерді енгізу

  3. антибиотиктер

  4. магнезия енгізу

  5. тіл астына нитроглицерин

13.Қабылдау бөліміне науқас ес түссіз түсті, қарау кезінде терісі салқындаған, науқас бозарған, анамнезіндегі І типті қант диабеті. Терең шулы сирек тыныспен сипатталатын тыныс түрін көрсетіңіз:

  1. Куссмауль

  2. Биот

  3. Грок-Фругониэ

  4. Чейна-Стокст

  5. Гаспинг

14. Пациент тамақтан және судан бас тартқан жағдайда хоспис медбикесінің іс-әрекеті

  1. пациенттің ернің ылғаландыру

  2. күштеп тамақтандыру

  3. зонд арқылы тамақтандыру

  4. 5 % глюкоза ерітіндісің көк тамырға еңгізу

  5. 40% глюкоза ерітіндісің көк тамырға еңгізу

15.Ағза гипоксиясының алғашқы белгісі:

  1. сұрлану

  2. қалғу

  3. ықылық

  4. мидриаз

  5. пароксималды тахикардия

16.Балалар урологиясы бөлімшесіне несеп шығару жолдарының туа пайда болған ақауын хирургиялық коррекциялаудан кейін зәр шығарудың функциоанльды бұзылыстарымен науқас келді. Науқаста никтурия байқалады, никтурия деген не?

  1. түнгі диурездің күндізгі диурезден көп болуы

  2. ауырсынатын, қиын зәр шығару

  3. тәуліктік зәр көлемінің литрден асуы

  4. зәр шығарудың жиілеуі

  5. тәуліктік зәр көлемінің мл аз болуы

17. 40 жастағы В. есімді науқас ревматология бөлімшесіне аяқ-қолдың ұсақ буындарының ісінуі мен ауырсынуы, 1 сағатта жақын таңертеңгілік буындардың сіресуі мен қимылының шектелуі, субфебрильді температура шағмдарымен түсті. Өзін-өзі күтуі қиын, әсіресе таңертең өз бетімен жуыну, тарану, түймесін салу. Қарағанда: аяқ-қол саусақтары ісінген, олардың деформацияланғанына байланысты қимылы шектелген. Аталған симптомдар тән:

  1. ревматоидты артритке

  2. остеоартрозға

  3. Бехтерев ауруына

  4. жүйелі қызыл жиегіне

  5. бруцеллезге

18.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27


написать администратору сайта