Главная страница
Навигация по странице:

  • Наркологиялық көмектің құрылымы.

  • 2. Экспертизалардың түрлері.

  • Шинкаренко – Мохова сынамасын

  • 3.Психобелсенді заттардың жіктелуі.

  • 4. Нашақорлық синдромы.

  • 5.Маскүнемдік. Жасқа байланысты салыстырмалы ерекшеліктер. Маскүнемдіктің және маскүнемдіктен кейінгі психоздардың емі және алдын алу шаралары.

  • 6тема6 те а. 6 тема. 1. Наркологиялы ауруларды тексеру тсілдері жне диагностикалау тсілдері


    Скачать 23.77 Kb.
    Название1. Наркологиялы ауруларды тексеру тсілдері жне диагностикалау тсілдері
    Анкор6тема6 те а
    Дата10.11.2020
    Размер23.77 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла6 тема.docx
    ТипДокументы
    #149513

    1.Наркологиялық ауруларды тексеру тәсілдері және диагностикалау тәсілдері.

    Наркологияда науқастарды анықтау және диагностикалау өзіндік ерекшелігі бар. Кей кезде едәуір қиындық туғызады, себебі:

    *Науқас маскүнемдігін жасырады

    *Өз маскүнемдігіне бей жай қарап, зияндығын түсінбейді.

    Маскүнемдік диагнозын тек сертификацияланған маман қоя алады (нарколог немесе психиатр).

    Наркологияда диагностика негізделеді:

    *Абстинентті синдром белгілеріне

    *Ішімдікке тәуелділік пен оны ұзақ қабылдауды анықтау

    *Соматикалық, неврологиялық, вегетативті, психикалық бұзылыстарды анықтау

    Абстинентті синдром белгілері

    *Тершеңдік

    *Бет, кеуде, білезік гиперемиясы

    *Тремор және қозғалыс тепе-теңдігінің бұзылысы

    *Артериальды гипертензия мен тахикардия

    *Мазасыздық, ұйқысыздық, ұйықтататын дәрілер беруін сұрау

    *Госпитализациядан кейін 1-3 күнде өткір психоз

    *Госпитализациядан кейін 1-3 күнде эпилеитикалық талмалар

    Ішімдікке тәуелділік пен оны ұзақ қабылдауды анықтау :

    *Ішімдіктен ұзақ уақыт толықтай бас тарту

    *Ішімдікке жоғары толеранттылық

    *Белгіленген уақытта науқастың сау болу-болмауын анамнезінде белгілеу

    *Жұмыс орнын жиі ауыстыру, ұзақ уақыт жұмыссыз жүру

    *Отбасының болмауы немесе отбасы ішіндегі татулықтың болмауы

    *Мас кезінде жасаған құқық бұзушылық

    *Отбасы мен әлеуметтік жағдайына тигізетін кері әсеріне қарамастан ұзақ уақыт бойы ішімдік ішу

    *Лабораториялық көрсеткіштеріндегі бейспецификалық өзгерістер (АСТ, ЖТЛП, ІгА, зәр қышқылы, т.б)

    Наркологиялық науқастардағы физикалық өзгерістер:

    НЕВРОЛОГИЯЛЫҚ СИМПТОМДАР. Есте сақтау бұзылуы, талмалар, дірілдеу, алкогольды делирий, ВерникеКорсаков синдромы, мишық дегенерациясы, нейропатия, миопатия.

    ГАСТРОЭНТЕРОЛОГИЯЛЫҚ СИМПТОМДАР. Эзофагит, панкреатит, гастрит, гепатит, бауыр циррозы, АІЖ қан кетулер.

    ЖҮРЕК ҚАНТАМЫРЛЫҚ СИМПТОМДАР. Артериалды гипертензия, кардиомиопатия.

    ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ СИМПТОМДАР. Макроцитоз, тромбоцитопения, фолат дефициті.

    ТІРЕК ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗАҚЫМЫ. Сүйек сынығы, остеонекроз.

    Наркологиялық көмектің құрылымы. Наркологиялық көмек құрылымына кіреді: Өндірістегі фельдшер – нарколог кабинеттері; дәрігер-нарколог кабинеттері; жеке және диспансер құрамындағы емханалар; емхана немесе стационар ішіндегі күндізгі стационарлар; диспансер қүрамындағы, сонымен қатар бөлек (наркологиялық ауруханалардағы) өз еркімен емделу стационардағы; диспансер құрамындағы күшпен емдеу бөлімдері және бөлек-ЛСПУ – науқастарды емдеу үшін арнайы емдеу-профилактикалық мекеме; бөлек немесе диспанцер құрамындағы наркологиялық науқастардың медициналық-әлеуметтік реабилитация бөліндері; наркоманияның медициналық-әлеуметтік мәселелердің Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы.

    2. Экспертизалардың түрлері. Алкогольдік маскүнемдікті анықтау үшін әртүрлі пробалармен лабораторлық зерттеулер жүргізіледі:

    Раппопорт сынама – күкірт қышқылынла калий перманганатының әсерінен этил спиртының қышқылдануы әсерінен пайда болатын сынама(түссіздені). Ол үшін 2 пробиркаға 2 мл дистиллденген су құямыз. 1-ші пробиркамен зерртелуші адам аузын шаю керек, 2-ші пробиркаға 20-30 рет көпіршік пайда болғанша үрлеу керек.Содан кейін 25 тамшы концентрленген химиялық күкірт қышқылын, 1-2 тамшы 0,5% калий перманганатын пробирка қабырғасымен құямыз. Егер 2 минуттан кейін түссізденсе ашық күлгін түске дейін өзгерсе сынама «+», егер 10-15 минуттан соң өзгермесе сынама «-» .

    Шинкаренко – Мохова сынамасын жүргізу үшін трубканы перманганат калиймен суланған мақтамен трубканың жуан соңын сүртіп, трубканың екі соңын кесіп алып тастайды да зерттелуші адам 20-30 секунд үрлейді, егер де этил спиртінің пары болса немсе сынама «+» болса,  ортасында жасыл сақина пайда болады. Ал түі өзгермесе сынама «-».

    Қандағы алкоголь құрамына байланысты мастық деңгейін анықтау: 0,3 промиле аз -Алкоголь әсері жоқ

    0,3 тен 0,5 дейін -Шамалы алкоголь әсері

    0,5 тен 1,5 дейін- Жеңіл масю

    1,5 тен 2,5 дейін -Орташа дәрежелі масаю

    2,5 тен 3,0 дейін -Қатты масаю

    3,0 тен 5,0 промилеге дейін -Ауыр алкогольмен улану, өлімге қаупі

    Созылмалы алкгольдік интоксикацияны бауыр қызметін зерттеу арқылы анықтауға болады. Ол үшін бауыр ферменттерін: Гамма –глутамилтранспептидаза, трансаминаза , сілтілі фосфотаза, тығыздығы жоғары майлар.
    Опиатты қолданғанын анықтау үшін келесі лабороториялық тесттер арқылы анықтауға болады.
    - Зәрді токсикологиялық зерттеу- соңғы 48 сағат аралықында қабылдаған болса, нәтиже 90% оң болады;
    - Налаксон(опиаттар антогонисті ) арқылы – көктамырға 0,2-0,4 мг наолоксрн 5 мин ішінде енгізеді ,15-30 минуттан кейін синдром отмены болмаса тағы 0-4 мг көктамырға енгізеді. Өзгеріс болмаса сынама теріс.

    Кокаин анықтау – 38 сағатқа дейін зәрде және бэнзоилэлектонин маркеры, кокоин метоболиты арқылы  7 күнге дейін анықтауға болады.

    Гашиш анықтау – каннабиноидтарды зәрде анықтауға болады. Анаболитикалық стероидттарды анықтау үшін лабороториялық зерттеулер: Зәрді токсикалық зерттеу Аш қарынға глюкоза деңгейінің жоғары болуы ТЖЛ сарысуда төмен, ТТЛ сарысуда жоғары болуы. Мочевина азотының азот кретининге қатынасы

    3.Психобелсенді заттардың жіктелуі.

    Психоактивті зат - психикалық жағдайды өзгеріске әкелетін, ОЖЖ-нің қызметіне әсер ететін, жасанды және табиғи кез келген зат. Бір рет қолданғаннан кейін эйфория немесе басқа психотропты эффективті (галлюцинация, қозу) және жүйелі түрде қолданғанда психикалық және физикалық тәуелділікті шақыратын химиялық зат.

    *Психотроптар: жоғары психикалық функцияларға әсер ететін психоактивті зат , жиі медицинада психикалық ауруларды емдеуге қолданады.

    *Наркотиктер (есірткілер): заң бойынша рұқсат етілмеген немесе тәуелділікті шақыратын психоактивті затттар.Психоактивті заттардың жіктелуі:

    Жасалу жолына қарай:

    *Өсімдік текті

    *Жартылай синтетикалық

    *Синтетикалық

    *Өсімдік текті:

    Заңсыз:

    *Дельта-9-тетрагидроканнабинол(канапля)

    *ДМТ (диметилтриптамин)

    *Кодеин (мак)

    *Кокаин (кокки)

    *Мескалин (кактус)

    *Морфин (мак)

    *Псилоцибин (саңырауқұлақ)

    *Сальвинорин (шалфей)

    *Эфедрин (хвойник)

    Заңды:

    *Атропин (дурман красавки)

    *Кофеин (шай, кофе, мате, кола жапырақтары)

    *Миристицин (мускатты жаңғақ)

    *Мусцимол (мухомор)

    *Никотин (табак, махорка)

    *Теофиллин (шай, мате, какао)

    *Туйон (туе, кипарис)

    *Эвгенол ( корица)

    ОЖЖ әсер ету типіне қарай

    A.Ми функциясын төмендететін заттар (ОЖЖ супрессорлары)

    *Алкоголь

    *Опиоид

    *Седативті ұйыктататын дз.

    *Ұшатын органикалық заттар

    Б. Ми функциясын стимулдайтын заттар

    *Кокаин

    *Амфитамин қатарындағы психостимуляторлар

    *Кофеин және ксантин туындылары

    В. Галлюциногендер (психомиметиктер, психодизлептиктер)

    *Диэтиламид лизергин қышқылы

    *Мескалин

    *Псилоцибин

    *Фенциклидин

    Г. Каннабиодтар

    *Тетрагидроканнабинол

    *Каннабигерол

    *Каннабидиол

    Д. Никотин

    Наркогенділік дәрежесіне қарай:

    *Жоғары (героин, метадон, кокаин)

    *Орташа (алкоголь, тетрагидроканнабинол, кодеин, алпразолам)

    *Төмен (оксазепам, никотин, кофеин)

    4. Нашақорлық синдромы. Наркомания дегеніміз адамдардың психикасына әсер ететін заттарға тәуелділігі. Наркомания (грек тілінен- меңіреу, естен айырылу, құштарлық)- белгілі наркотикалық заттарды қабылдау нәтижесінде туындайтын созылмалы ауру .

    Наркоманияда (нашақорлық) комплексті психикалық, неврологиялық, вегето-соматикалық бұзылыстар және жеке тұлғаның терең өзгерістері болады.

    Наркоманияның жеке түрлерінің клиникалық көріністері, олардың динамикасы аурудың түзілуіне алып келген шектен тыс қолданылған затпен тығыз байланысты. Наркоманияның әр түрін біріктіретін ортақ белгілері бар.

    Наркотик қабылдағаннан кейін наркоманияның әртүрлі формаларында байқалатын наркотикалық мастану жағдайы пайда болады.

    Наркотикалық мастанудың клиникалық көрінісі көтеріңкі көңіл-күймен, күлегештікпен, алаңғасарлықпен, зейін елітпелігімен, ойлау жылдамдауымен, қозғалыстық қозумен немесе, керісінше босаңсумен (обнубиляция), қозғалыс координациясының бұзылуымен, тұрақсыз жүріспен көрінеді. Кей жағдайларда ашушаңдық, тітіркенгіштік, агрессивтілік байқалады.

    Тері жабындыларының гипермиясы немесе бозаруы, көздердің бұлыңғырлануы және олардың тынышсыз жылтыры, қарашықтардың тарылуы немесе кеңеюі болады. Ағза реактивтілігінің өзгеруі нәтижесінде түзілетін наркоманиялар мен токсимониялардың барлық түрлерінің ортақ белгілері дәрілік және басқа заттарға психикалық және физикалық тәуелділік, және де толерантылығының өзгеруі болып табылады.

    Психикалық тәуелділік - препаратты наркотикалық әсер тудыру немесе психикалық дискомфорт синдромын жою мақсатында қолдануға дертті сипаттағы талпыныс (үнемі немесе кезеңмен пайда болатын). Наркотикалық препаратқа дертті талпыныстың даму жылдамдығы бірқатар факторлармен, соның ішінде маңыздысы, препараттың наркогенді әсерімен анықталады. Күшті наркогенді әсер опий және оның туындылары – кокаинге тән, ал наркогенді қасиеті төмен - гашиш және ОЖЖ-нің ынталандырушылары болып табылады.

    Физикалық тәуелділік - наркотикалық препараттарды созылмалы қолдану нәтижесіндегі дертті жағдай, препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін, және де наркотикалық препараттар әсерін олардың антогонистімен басқанда пайда болатын айқын физикалық және психикалық бұзылыстармен көрінеді.

    Бұл күй наркотикалық препараттың немесе оның антогонистінің кезекті дозасын енгізгенде басылады.

    Толеранттылықтың өзгеруі наркотикалық препараттарға әдеттену синдромымен сипатталады, бұрынғы психофармакологиялық нәтижеге жету үшін наркотикалық заттардың мөлшері барған сайын ұлғайтылып отырады.

    Наркомандар дәрілік наркотикалық препараттардың медициналық мақсатта қолданылатын мөлшерінен 5-10 рет жоғары мөлшерін қабылдай алады.

    Наркомания түзілуінде шартты түрде 3 сатыны ажыратады.

    Бастапқы саты, немесе адаптацияның І сатысы, ағза реактивтілігінің өзгеруі және психикалық тәуелділік пайда болуымен сипатталады.

    Екінші, немесе созылмалы сатыда физикалық тәуелділік толық қалыптасады.

    Кеш, немесе ІІІ сатысы ағзаның барлық жүйесінің қажуы, толеранттылықтың, жалпы реактивтіліктің төмендеуі, созылмалы ауыр абстиненциямен сипатталады.

    Наркоманияның әр формасында абстиненцияның клиникалық көрінісінің арнайы ерекшеліктері болады, осыған сүйене отырып, клиникалық дифференциальды диагностика жасауға болады. Бұл, әдетте ауыр психикалық және физикалық бұзылыстар болып табылады. Наркоманияның алғашқы сатысының өзінде тұлға өзгеруі, олардың жүріс-тұрыстарының асоциальдылығы, наркотикалық препараттың созылмалы әсері нәтижесіндегі соматоневрологиялық асқынулар айқын көрініс береді.

    Біздің елімізде негізінен көкнәр және жабайы өсетін сорадан қолда дайындалған наркотикалық препараттар кездеседі. Наркотикалық заттарды қабылдағанда бақыланатын психикалық және соматикалық бұзылыстарға апиындық наркомания мысал болып табылады.

    5.Маскүнемдік. Жасқа байланысты салыстырмалы ерекшеліктер. Маскүнемдіктің және маскүнемдіктен кейінгі психоздардың емі және алдын алу шаралары.

    Алкоголизм - медициналық тілмен айтқанда созылмалы ауру, спирттік ішімдіктерді жиі және көп мөлшерде қолдану және оларға деген дертті әуестік нәтижесінде дамиды. Алкоголизмнің әлеуметтік анықтамасы –денсаулыққа, тұрмысқа, еңбекке және қоғам сәттілігіне зиянды әсер тигізумен жүретін спирттік ішімдіктерді шектен тыс пайдалану.

    Алкоголизм үдемелі ағыммен және алкогольге патологиялық әуестік, абстенентті синдром, мастану көрінісінің және толеранттылықтың өзгеруі, өзіне тән тұлғалық өзгерістердің дамуы, токсикалық энцофалопатия тәрізді психикалық және соматикалық бұзылыстардың жиынтығымен сипатталады. Аурудың белгілі бip кезеңінен бастап психопатологиялық көріністер невриттермен және iшкі мүшелердің ауруларымен (жүрек-қантамыр жүйесі, асқазан-ішек жолының ауруларымен) қоса жүреді

    Жастық фактордың алкоголизм дебютi және дамуында маңызы бар. Алкоголизм неғұрлым ерте жаста (жасөспірімдік, жастық шақта) басталса, соғұрлым қатерлі өтеді: сатылардың ауысуы мен ауырлауы жылдам жүреді, ал алкоголизм көріністері айқын сипатта өтеді. Жас кезде түзілген алкоголизм тұлғаға айрықша теріс әсер көрсетеді, энцефалопатиялық синдромның жылдам үдеуіне, психоздардың ерте дамуына ықпал етеді.

    Картаю алдындағы кезеңде пайда болған алкоголизм токсикалық экдефалопатияның жылдам дамуына және өpшуіне алып келеді: және де ауру сатылары тез алмасады. Бұл кезеңде алкоголизм жедел психоздармен сирек, ал созылмалы психоздармен жиірек асқынады. Соматикалық бұзылыстар ерте анықталады.

    Соңғы уақытта әйелдер арасындағы алкоголизм кең таралып кетті. Әйелдер алкоголизмінің бірқатар ерекшеліктері болады.

    Әйелдерде алкоголизм жылдам қарқынмен дамып, және клиникалық көpiнiстepi бойынша ерлермен салыстырғанда ауыр өтеді. Бірақ алкоголизмнің жеңіл ағымы жөнінде және әйелдер алкоголизмін қатерлі деп санауға мүмкіндік бермейтін мәліметтер де бар (ауырлатушы факторлар болмағанда).

    Ерлерден айырмашылығы әйелдерде ішімдікке патологиялық әyecтік алкогольді шектен тыс қолданудың алғашқы 1-2-ші жылдарында түзіледі, және осы уақыт аралығында спирттік ішімдіктерге физикалық тәуелділік, яғни абстинентті синдром анықталады. Әйелдерде тұлғаның алкогольдік өзгерісі сексуальды азғындықпен және әлеуметтік деградациямен көріне отырып, жылдам қарқынмен дамиды.

    Алкоголизммен науқастар емінің схемасы

    І. Психотерапиялық әдістер және микросоциальды ортаны өзгертуге бағытталған әдістер.

    ІІ. Медикаментозды терапия:

    Дезинтоксикациялық терапия.

    Седативті терапия.

    Ішкі ағзалардың қызыметін қалыпқа келтіретін терапия.

    Сенсибилизациялаушы терапия.

    Шарттырефлекторлы терапия.


    написать администратору сайта