Главная страница
Навигация по странице:

  • Диазепам

  • Вальпрой қышқылы

  • 2) Топикалық диагноз

  • Ажыратпалы диагностика Синкопальды тырысулар

  • )

  • Сипаттамасы Гипогликемиялық жағдай Эпилепсия Психогенді талмалар

  • невро. Сымбат невро. 1 Науаса ойылан диагноз Криптогенді эпилепсия


    Скачать 21.38 Kb.
    Название1 Науаса ойылан диагноз Криптогенді эпилепсия
    Анкорневро
    Дата26.03.2020
    Размер21.38 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСымбат невро.docx
    ТипДокументы
    #113687

    1)Науқасқа қойылған диагноз: Криптогенді эпилепсия

    Жедел кідіріссіз көмек көрсету: Бүйір қырына жатқызу, жағасын, киімдерін, белдігі болса оны да босату, басын фиксация жасау, ұстама кезінде басын соққыдан қорғау, таза ауамен қамтамасыз ету, оттегі беру. Тырыспа кезінде тыныс жолдарының өткізгіштігін қадағалау, тілін тістеп алу,артқа ығысуының алдын алу

    Диазепам  0,5% ерітінді т/і немесе б/і амп 2 мл/10 мг,
    0,1 мл/0,5 мг/кг есебімен; Бір ретті доза 2 мл көп емес. Мах тәуліктік доза 40 мг көп емес
    Негізгі жанама әсері Тыныстың тежелуі!!

    Вальпрой қышқылы ерітінді т/і немесе б/і амп. 5 мл №5 (100 мг/мл)
    т/і біртіндеп бастапқы доза 15 мг/кг 5 мин аралығында 20 мг/кг/сут ересектерде
    Созылмалы немесе қайталанған құрысулар туындаған кезде 5-20 минуттан кейін диазепамды қайта (2-3 рет) енгізу мүмкін;

    -қарқынды терапия блогы немесе реанимация бөлімшесі бар екінші немесе үшінші медициналық көмек көрсететін емдеу мекемесіне дереу ауруханаға жатқызуды қамтамасыз ету.
    2) Топикалық диагноз: Зақымдалу ошағы оң жақ шарты жардың прецентралды иірімінің жоғарғы бөлігі аймағында орналасқан

    3) Диагноз: Жабық бас ми жарақатынан болған симптоматикалық ошақты эпилепсия. Парциальды соматомоторлы ұстамалар (джексондық марш)

    Ажыратпалы диагностика

    Синкопальды тырысулар. олар көбінесе вегетативті лабильді адамдарда және лептосомдық конституциясы бар адамдарда байқалады. Мұндай адамдарда физикалық шаршаудан, психикалық шамадан тыс күштенуден кейін бастың ауырлығы, бас айналуы, жүрек соғуы, беттің мұздануы, тер бөлінуінің күшеюі, қан қысымының төмендеуі және бұлшықет әлсіздігі пайда болады. Науқас бұл жағдайда аяқта тұра алмайды. Бір мезгілде бірнеше минутқа созылатын сананың жеңіл бұзылуы пайда болады. Синкопальды талмалар аралық мидың реттеуіш функциясының бұзылуымен байланыстырады. Вегетативті мұндай ұстамалар эпигастральды аймақтағы қысым сезімімен, 10 минут және одан да көп созылуымен, тыныс алудың қиындауымен, брадикардиямен, қан қысымының төмендеуімен, зияткерлік қызметтің қиындықтарымен жүреді, бірақ сананың бұзылуынсыз. Егер жүрек қызметіндегі іркілістер 6 секундтан асатын болса, онда сананың бұзылуы болады.

    Ал электрэнцефалограммада жайылған баяу толқындар пайда болады; егер бұл іркілістер 10 секундтан астам жалғаса берсе, бұлшықеттердің атиптік клоникалық және тез өтетін тоникалық тырыспалары байқалады.

    2)Гипогликемиялық талмалар. Гипогликемиялық талмалар, олардың негізінде ұйқы безінің инсулярлық жасушалық аденомасы немесе бүйрек үсті безінің аурулары немесе гипофиз жатады, әдетте, ерте таңертең немесе аш қарынға эпилептикалық талмалар сияқты пайда болады. Олар үшін бастағы ауырлық, аштық сезімі, тершеңдік, тремор, мұздану, әлсіздік сезімі, үрей және біртіндеп есін ашу тән. Қандағы қант мөлшері 30-20 мг% - ға дейін төмендеуі мүмкін. Қандағы қанттың төмен деңгейі эпилептикалық ұстамалардың пайда болуына қолайлы. Көмірсуларды енгізу гипогликемиялық жағдайларды жояды.

    Электроэнцефалография. Инсулярлық клеткалық аденомада және аш қарынға гипогликемиялық ұстамаларға көп жағдайда электрэнцефалограммада қантты енгізгеннен кейін 30 минуттан кейін өтетін жалпы өзгерістер (өкпеден бастап айқын көрінгендерге дейін) жүреді. Онда эпилептикалық статусқа ұқсас толқындар да пайда болуы мүмкін.

    Сипаттамасы

    Гипогликемиялық жағдай

    Эпилепсия

    Психогенді талмалар

    Синкопальды талмалар

    Анамнез

    Қант диабеті, инсулин қабылдағанда талманың қайталануы

    Отбасылық анамнез, бас ми жарақатымен байланысы, интоксикация, қайталамалы циклді ұстамалар

    Жедел немесе созылмалы стресспен байланысы

    Отбасылық анамнез, жүрек қан тамыр аурулары

    Әсер етуші факторлар

    Жеткіліксіз тағам қабылдау, қантты түсіретін препараттар ішу

    Болмауы мүмкін. Алкоголь қабылдау, стресс антиконвульсанттардан бас тарту

    Конфликтті жағдайлар

    Ұзақ уақытты вертикалды қалып, қорқыныш, духота

    Талма алды жағдай

    Қозу, аштық сезімі, күшейетін әлсіздік

    Жоқ, кейде аура болу мүмкін,(есту, көру, дәм сезулік)

    Көбіне болмайды, демонстративті ойлау

    Липотимия түрінде; әлсіздік, жүрек айну, бас айналу, бозару

    Талма

    Айқын тершеңдік, қалыпты АҚ, ЖЖЖ

    Тонико клоникалық ұстамада бұлшықет гипертонусы, абсанста бұлышқет атониясы немесе өзгеріссіз, артериялық гипонтония болмайды

    Вегетативті бұзылыстар жоқ, фотореакция сақталған, еріндерін тістеу, дыбыстар шығару, еріксіз қимылдар

    5-20с есін жоғалту,белсенділік төмендейді, еріксіз зәр шығару болуы мүмкін

    Науқас бозарған, терісінің құрғауы, гиперсаливация

    Ұстамадан кейінгі жағдай

    Ұзақ уақыт есеңгіреу, әлсіздік

    Эпилептоидты бет әлпет, кейде ұстама амнезиясы

    Науқас ұстама кезінде жағдайды жақсы есінде сақтайды

    Науқас тез есін жинайды, бірақ жалпы әлсіздік, бас ауруы, бас айналуы біраз сақталады

    Қосымша зерттеулер

    Қанда және зәрде гликемияны бақылау, гликозирленген гемоглобин мөлшері

    Эпилептолог, психиатр кеңесі, ЭЭГ мониторинг, бас миының КТ,МРТ

    ЭЭГ, психиатр кеңесң

    ЭЭГ қалыпты, өзгеріссіз


    написать администратору сайта