Главная страница

зертхана. Зертх-3 ДЗ БХ. 15. 09. 2021 Практикалы саба 2 Таырып Дрілік формалар. Рецептура


Скачать 45.35 Kb.
Название15. 09. 2021 Практикалы саба 2 Таырып Дрілік формалар. Рецептура
Анкорзертхана
Дата26.12.2021
Размер45.35 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЗертх-3 ДЗ БХ.docx
ТипДокументы
#318319

Студенттің аты-жөні, тобы___Ермекова Динара БТ 18-03__

Күні_15.09.2021___

Практикалық сабақ №2

Тақырып: Дәрілік формалар. Рецептура

Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз:

  1. Рецепт: анықтамасы, құрылымы.


Рецепт (Formula medica, Praescriptio, Receptum) — белгілі бір нысан бойынша құрастырылған жазбаша, науқастың дәрі-дәрмегін дайындау және босату туралы дәрігердің дозасы мен оны қолдану тәсілдері көрсетілген ұйғарымы.
Қазіргі рецепт 9 бөліктен тұрады:

  1. Insscriptio (жазу) — рецепт, оның коды мен мөрін, сондай-ақ нұсқауларды беретін медициналық мекеменің толық атауы: жеңілдікті, тегін, балалар.

  2. Datum (рецепт берілген күн).

  3. Nomen aegroti (науқастың аты-жөні).

  4. Aetas aegroti (науқастың жасы).

  5. Nomen medici (дәрігердің аты-жөні).

  6. Designatio materiarum (дәрілік заттардың белгіленуі және олардың саны).

  7. Subscriptio (фармацевтке нұсқаулар: алынған ингредиенттерді қандай дәрілік түрде беру керек, дозалар саны, Технологиялық нұсқаулар, қай пакетте).

  8. Signatura (дәрі-дәрмекті қолдану тәсілі; орыс немесе ұлттық тілде жазылады).

  9. Sigillum medici (дәрігердің қолы және жеке мөрі).


Рецепттің VI-VII бөліктері латын тілінде толтырылады, VIII бөлігінде латын тілінде тек Signa (Signetur) — белгілеу сөзі жазылады.
Рецепт – дәрігер (медициналық мекеме) мен фармацевт (дәріхана) арасындағы байланыстың ресми түрі. Бұл медициналық құжаттаманың бір түрі, яғни медициналық және заңды құжат.

Егер емдеудің дұрыстығына күмән туындаса, рецепт дәрігердің пайдасына куәландыратын ақтау құжаты бола алады. Дәрілік заттарды тегін босатқан жағдайда рецепт қаржылық құжат болып табылады және дәріханалар мен емдеу мекемелері арасындағы есеп айырысу үшін негіз болады.


  1. Рұқсат етілген рецептурлық қысқартулар (дәрілік формалар және арнайы рецептурплық атаулар).




Қысқартулар

Толық жазылуы

Аудармасы

āā

ana

ортасынан

ac.acid.

acidum

қышқыл

amp.

ampulla

ампула

aq.

aqua

су

aq. destill.

aqua destillata

Дистилденген су

but.

butyrum

май (қатты)

comp., cps

compositus (a, um)

күрделі

D.

Da (Detur, Dentur)

Берілу (берілсін)

D.S.

Da. Signa Detur. Signetur

Берілу, белгіле

Берілген, белгіленген болсын

D.t.d.

Da (Dentur) tales doses

Осындай дозалар берілсін

dil.

dilutus

ерітілген

div.in p.aeq.

divide in partes

aequales

тең бөліктерге бөліңіз

extr.

extractum

экстракт, сығынды

f.

fiat (fiant)

Түзілсін (образуются)

qtt.

qutta, guttae

Тамшы, тамшылар

inf.

infusum

тұнба

in amp.

in ampullis

ампулада




in tabl.

in tab(u)lettis

таблеткада

lin.

linimentum

сұйық мазь

liq.

liquor

сұйықтық

m. pil.

massa pilularum

пилюльді масса

M.

Misce, Misceatur

араластырыңыз (араластырылсын)

N.

numero

санмен

ol.

oleum

май (сұйық)

past.

pasta

паста

рil.

pilula

пилюля

p.aeq.

partes aequales

Бірдей бөліктер

ppt., praec.

praecipitatus

тұндырылған

pulv.

pulvis

ұнтақ

q.s.

quantum satis

қанша қажет

r., rad.

radix

тамыр

Rp.

Recipe

ал, алыңыз

Rep.

Repete, Repetatur

қайтала (қайталанылсын)

rhiz.

rhizoma

тамырсабақ

S.

Signa, Signetur

Белгіле (белгіленілсін)

sem.

semen

тұқым

simpl.

simplex

жай

sir.

sirupus

сироп

sol.

solutio

ерітінді

supp.

suppositorium

свеча

tabl.

tab(u)letta

таблетка

t-ra, tinct.

tinctura

тұнбалар

ung.

unguentum

мазь

vitr.

vitrum

Сауыт (склянка)


  1. Әрбір дәрілік формаға анықтама беріңіз, құрамы, рецептерде жазылуы, қолдану әдісі:


Қатты дәрілік қалыптар

Ұнтақтар - Pulveres(атау сеп,ж-ше түрі- Pulvis,ілік сеп, ж-ше түрі Pulveris)Ұнтақтар,- сыртқа қабылдау қабылдауға арналған қатты дәрілік қалып.

Ұнтақтардың жіктелуі: 1.Қолдану әдісі бойынша:ішке,сыртқа 2.Құрамына қарай
.жай(1 заттан тұрады) күрделі(құрамы 2 не одан көп) 3.Дозалау сипатына
қарай:бөлінбеген(дозаланбаған)бөлінген(дозаланған)

Ұнтақтарды рецепттерде жазу ережесі

1.Жай дозаланбаған ұнтақ: «Rp.:» сөзінен кейін үлкен әріппен ілік септігінде дәрілік заттың аты
мен жалпы мөлшері граммен жазылады(Pulveris сөзі көрсетілмейді)Келесі жолда-D.S
Мысалы:
Rp.: Magnesii sulfatis30,0
D.S 1І 2 стакан жылы суда ерітіп,күніне 1 рет
2.Жай дозаланған ұнтақ:«Rp.:» сөзінен кейін үлкен әріппен ілік септігінде дәрілік заттың аты мен жалпы мөлшері граммен жазылады(Pulveris сөзі көрсетілмейді)1 ұнтақтың граммен дозасы жазылады.Келесі жолда D.t.d. N.. Одан кейін S-жазылады
Мысалы: Rp.: Magnesii oxydi 0,5 D.t.d. N10 S. тамақтан соң 1 ұнтақтан

Күрделі дозаланбаған ұнтақ :«Rp.:» сөзінен кейін үлкен әріппен ілік септігінде дәрілік заттың аты(Pulveris сөзі көрсетілмейді)мен граммен жалпы саны жазылады,Келесі жолда қосымша заттың аты мен дозасы,әрі қарай
M.f.pulvis,Келесі жолда- D.Sжазылады.
Мысалы:
Rp.:Zinci oxydi 5,0
Talci 15,0
M.f.pulvis
D.S.сеппе
Өсімдік текті ұнтақтарға рецепт жазғанда :«Rp.:» сөзінен кейін-Pulveris жазылады,ілік сеп.ұнтақ жасалған өсімдік бөлігінің аты,өсімдік аты,саны(дозаланбаса)1 ұнтақтың дозасы(дозаланған) Келесі жолда-D.t.d. N…одан кейін-S(дозаланған болса)D.S(дозаланбаған болса).

Таблеткалар – Tabulettae (атау сеп.ж-ше түрі-Tabuletta;табыс сеп.ж-ше турі Tabulettam; табыс сеп.кше түрі-Tabulettas;қысқартылуы-Tab.)
Таблеткаларды рецеттерде жазу ережесі:
1. «Rp.:» сөзінен кейін табыс септігінде жекеше түрде-Tabulettam дәрілік қалыптың аты
жазылады,дәрілік заттың аты ілік септігінде бас әріппен және 1 таблетканың дозасы граммен жазылады
D.t.d N…одан кейін S.
2. «Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты үлкен әріппен ілік септігінде және 1 таблетканың дозасы
граммен жазылады.Келесі жолда D.t.d N…одан кейін S.
Мысалы: Rp.:Tabulettam Analgini 0,5
D.t.d N10
S.1 таблеткадан бас ауырғанда.
3. . «Rp.:» сөзінен кейін табыс септігінде,көпше түрде- Tabulettas жазылады,дәрілік заттың аты атау
септігінде бас әріппен тырнақша ішінде жазылады,N...келесі жолда-D.S
Мысалы: Rp.:Tabulettas «Benalginum»N10
D.S.1 таблеткадан буын ауырғанда

Драже - Dragee-ішке қабылдайтын,дәрілік және қосалқы заттарды
түйіршіктерге бірнеше қайталап жағу арқылы алынатын қатты дәрілік
қалып.
Дражеге рецепт жазу ережесі
1.«Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде,ж-ше түрде-Dragee
жазылады,дәрілік қалыптың аты бас әріппен ілік септігінде 1 драже дозасы граммен жазылады. Келесі жолда D.t.d.N…одан кейін-S.
Мысалы: Rp.: Dragee Diazolini 0,05 D.t.d.N10
S.күніне 1 дражеден.
2. .«Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде,-Dragee жазылады,дәрілік қалыптың аты атау септігінде бас әріппен тырнақша ішінде жазылады,N…келесі жолдаS.
Мысалы: Rp.: Dragee»Hexavitum»N100
D.S.күніне 3 рет 1 дражеден

Гранулалар - Granula - ішке арналған біртектес бөлшектер түріндегі дозаланбаған қатты дәрілік қалып.
Гранулаға рецепт жазу ережесі
1. «Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде,»Granulorum»дәрілік заттың аты бас әріппен ілік септігінде (егер комерциялық атпен шыққан болса,тырнақша ішінде дәрілік зат аты бас әріппен атау септігінде жазылады)жалпы саны граммен жазылады,келесі жолдаD.S.
Мысалы: Rp.:Granulorum Plantag lucidi 50,0 D.S.Күніне 2-3 рет тамаққа дейін
Капсулалар-Capsulae-ішке қолданылатын,дозаланған, ұнтақ тәрізді, паста,түйіршік,сұйық дәрілік заттарға арналған қабықтар.Капсула түрлері: қатты және жұмсақ. Капсулалар рецептін капсулаға арналған ережелері бойынша жазады,содан соң D.t.d. N…, берілген зат қандай капсулаларда беріледі-in capsulis gelatinosis,in oblatis және т.б.
Мысалы: Rp.: Olei Ricini 1,0
D.t.d. N15 in capsulis gelatinosis S.жарты сағат ішінде қабылдау

Пилюлалар - Pilulae-салмағы 0,1-0,5 г,пішіні шар тәрізді,біріңғай серпімді заттан жасалған, ішке енгізуге арналған қатты дәрілік қалып. Қазіргі таңда өте сирек рецепт жазып беріледі.

Карамельдер - Caramel.Карамельдер-дәрілік заттарды қантпен және сірнемен араластыру арқылы алынатын қатты дәрілік қалып.Негізінде жұтқыншақ пен ауыз қуысы шырышты қабатының ауруларында қолданылады.Карамельдер рецепте ресми таблеткалар сияқты жазылады.

Қарындаштар - Stilus- дәрілік заттарды балқыту жолымен алынатын,бір жақ ұшы сүйірленген қатты дәрілік қалып.Қарындаштарды қармаушы және күйдіргіш әсер алу үшін теріге,шырышты қабыққа жағады.(мысалы,қан тоқтатаын қарындаштар)

Жұмсақ дәрілік қалыптар

Жағылмалар - Unguenta-консистенциясы тұтқыр,сыртқа қолданылатын жұмсақ дәрілік қалып. Жағылма негізі ішінде біркелкі бөлінген бір немесе бірнеше дәрілік заттан тұрады.

Жағылмаларды рецептте жазу ережесі:

1.«Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде-Unguenti6дәрілік заттың аты бас әріппен ілік септігінде жазылады,консентрациясы процентпен немесе граммен және жалпы жағылма мөлшері граммен көрсетіледі,келесі жолда D.S

Мысалы: Rp.: Unguenti Oxalini 0,25%-5,0

D.S Күніне 3-4 рет мұрынның шырышты қабатынан жағу.

2.Егер күрделі болса,Толық рецепт түрінде ілік септігінде,мөлшері граммен көрсетіліп немесе ӘБ негізгі әрекет ететін зат пен жағылмалық негіздері қоса жазылады. Келесі жолда M.f.unguentum-одан

кейін D.S.
Мысалы: Rp.: Oxolini0,0125
Vazelini ad 5,0
M.f.unguentum
D.S.Куніне 3-4 рет мұрынның шырышты қабатына жағу

Пасталар - Pastae-жағылмалардан ұнтақ сияқты заттардан тұратынымен ерекшеленді.Дене

температурасында пасталар жұмсарады.Пасталар адсорбциялаушы,кептіретін қасиетке ие.Қолданылуына байланысты стоматологиялық,ддерматологиялық т.б бөлінеді

Пасталарды рецептте жазу ережесі:

1.Rp.:-сөзінен соң жағылмалы негіздің аты мен мөлшері граммен көрсетілген,ілік септігінде жазылған,негізгі әсер ететін заттан бастап,жалпы мөлшеріне дейінгі компоненттері көрсетіледі.Келесі жолда M.f.pasta,одан кейін-D.S.

Мысалы: Rp.: Anaesthesini 5,0
Amyli 12,5
Vaselini ad 50,0
M.f.pasta
D.s.Тері зақымдалған аймаққа жағу

2.Официналды пасталарға «Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде-Pastae,дәрілік заттың аты бас әріппен ілік септігінде жазылады және мөлшері граммен көрсетіледі,келесі жолда D.S

Мысалы:

Rp.:Pastae Zinci-Salicylatae 100,0
D.S.зақымдалған аймаққа жағу

Суппозиториялар – Suppositoria - бөлме температурасында қатты,дене температурасында еритиін,балқитын,дозаланған,жұмсақ дәрілік қалып.Пішініне қарай шарлар,жұмыртқа тәрізді,пессария болып бөлінеді.

Суппозиторияларды рецептте жазу ережесі:

1.Қысқартылған түрі: «Rp.:» сөзінен кейін табыс септігінде жекеше түрде-Supositorium,содан соң cum дәрілік зат аты бас әріппен жазылады.Келесі жолда D.t.d. N… S.

Мысалы: Rp.: Supositorium cum Glycerino 1,5

D.t.d. N16

S. 1 суппозиториядан тік ішекке

2.Толық рецепт түрі: «Rp.:» сөзінен кейін дәрілік зат аты бас әріппен ілік септігінде,1 суппозиторияның дозасы жазылады.Келесі жолда M.f. suppositorium rectale Одан кейін D.t.d. N.... S

Мысалы:Rp.: Euphyllini 0,2 Olei Cacao 3,0

M.f. suppositorium rectale
D.t.d. N 10
S.1 суппозиториядан тік ішекке

3.Комеррциялық атпен шыққан суппозиториялар «Rp.:» сөзінен кейін табыс септігінде көпше түрде «Suppositoria» содан соң

тырнақшада дәрілік заттың аты бас әріппен атау септігінде, келесіде N D.S Мысалы: Rp.: Suppositoria « Anosolum» N10
D.S. Тік ішекке күніне 2 рет

Пластырьлер -Emplastra-сыртқа қолдануға арналған,дене температурасында жұмсарған соң теріге жабысатын қабілеті бар дәрілік қалып.Бұл көне дәрілік қалыптардың бірі болып келеді,сирек қолданылады.

Линименттер -Linimenta-сыртқа қолдануға арналған қою сұйықтық түріндегі,дене температурасында балқитын қоймалжың дәрілік қалып.Гомогендігіне байланысты бөлінеді: гомогенді, эмульсиялық, суспензиялық.

Линименттерді рецептте жазу ережесі:

1. «Rp.:» сөзінен кейін дәрілік зат аты бас әріппен ілік септігінде,»Linimenti»
дәпілік заттың аты бас әріппен ілік септігінде жазылады,одан кейін
концентрациясы %көрсетіледі және жалпы мөлшері келесі жолда D.S.

Мысалы: Rp.: Linimenti Synthomycini 10%-30 ml
D.S. Конъюктивті қапқа күніне 2 рет енгізу

Ерітінділер

Ерітінділер - Solutiones-дәрілік затты арнайы еріткіштерде еріту арқылы алынатын сұйық дәрілік қалып.Ерітінділердің спиртті,майлы,сулы түрлері бар.Қолдану әдісіне байланысты:сыртқа,ішке,иньекцияға арналған ерітінділер деп бөлінеді.

Ерітінділерді рецептте жазу ережесі:

1.Қысқартылған рецепт түрі. «Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде «Solutionis»6дәрілік заттың аты бас әріппен ілік септігіде жазылады,одан кейін концентрациясы мен жалпы мөлшері көрсетіледі,келесі жолда-D.S.

Мысалы:
Rp.: Solutionis Naphthyzini 0,1%-10ml
D.S.Күніне 3-4 рет 1-2 тамшы мұрынға.

2.Толық рецепт түрі.Негізгі зат ілік септігінде,мөлшері граммен немесе ӘБ көрсетіледі,әрі

қарай(ad)ерітіндінің жалпы мөлшері көрсетілуімен еріткіштің аты жазылады,келесі жолда M.D.S.

Мысалы: Rp.: Solutionis Cholini chloridi 20,0
Aquae purificatae ad 100ml

M.D.S.1 шай қасық күніне 3 рет.

Тұндырмалар мен қайнатпалар-Tincturae et Decocta-өсімдік шикізаттарынан алынатын сұйық дәрілік қалыптар.Тұндырмалар өсімдіктің жұмсақ бөліктеріненжапырақтардан,гүлерінен,шөптерінен,ал қайнатпалар өсімдіктің түбірінен,тамыр сабақтан,қабықтан,түйнекшесінен жасалады.Оларды ішке сондай-ақ клизма түрінде қолданады.

Тұндырма мен қайнатпаларды рецептте жазу ережесі:

1.«Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде»Tinctura немесе Decocti»,дәрілік өсімдіктің аты бас әріппен ілік септігінде жазылады,әрі қарай мөлшері граммен және жалпы мөлшері миллилитрмен көрсетіледі,келесі жолда D.S.

Мысалы: Rp.: Tintura Foliorum Plantaginis10,0-200m
D.S.1 ас қасық күніне 3-4 рет

Тұнбалар - Infusi-сұйық,мөлдір,көп немесе аз боялған,өсімдік шикізатынан қыздырмай алынатын спиртті сұйықтықтар.

Тұнбаларды рецептте жазу ережесі:

1. .«Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде(Infusi)дәрілік өсімдік аты бас әріппен ілік септігінде жазылады және мөлшері мл мен көрсетіледі.Келесі жолда D.S.

Мысалы: Rp.: Infusi Convallariae 15 ml
D.S.15тамшы күніне 2-3 рет

Сығындылар -Extracta- ішке және сыртқа қолдануға арналған,дәрілік өсімдік икізатынан алынған,қоюлатылған сірінділер.Консистенциясына қарай сұйық,қю,құрғақ сығындылар ажыратады.

Сығындыларды рецептте жазу ережесі:

1.Rp.: сөзінен соң дәрілік қалыптың аты ілік септігінде «Extracti»,ал дәрілік өсімдік аты бас әріппен ілік септігінде жазылады,консистенциясы мен жалпы мөлшері мл –мен көрсетіледі.Келесі жолда D.S.

Мысалы: Rp.: Extracti Eleutherococci fluidi 50ml
D.S. 20 тамшыдан күніне 2рет

Жаңа галенді препараттар-Галендік тұнбалар мен сығындылар байланысты заттардан тұратын галендік препараттар болып келеді.Оларды парентеральды ішке және сыртқа қабылдайды.Оларды өсімдік шикізатынан,тазартылған тартқыштардан алады.

Препараттар тек қана қыстартылған рецепт түрінде жазылады.Rp.: сөзінен соң дәрінің аты бас әріппен ілік септігінде жазылады,жалпы мөлшері мл-мен көрсетіледі,келесі жолда D.S.

Мысалы:Rp.: Adonisidi 15 ml

D.S. Күніне 2-3рет 20-40 тамшыдан ішке.

Эмульсиялар - Emulsa- 2 фазалы дисперсті жүйе болып табылатын,өзара ерімейтін сұйықтықтардан тұратын,ішке,сыртқа қолдануға арналған сұйық дәрілік қалып,оның құрамына эмульгатор қосады.Өзара тұқымдық ,майлы болып бөлінеді.

Қысқартылған рецепт түрінде: 1.Rp.: сөзінен соң дәрілік қалыптың аты ілік септігінде «Emulsi»майдың аты бас әріппен ілік септігінде,жалпы мөлшері мл-мен көрсетіледі. Келесі жолда D.S.

Мысалы: Rp.: Emulsi olei Ricini 20-200ml
D.S. Түнге қарай 1 ас қасықтан ішке қабылдау

Толық рецепт түрінде: Rp.: сөзінен соң майдың аты,көлемі,эмульгатор аты,оның мөлшері, келесі жолда Aquae purificatae ad содан соң M.f. emulsum және D.S.

Мысалы: Rp.: Olei Ricini 20ml
Gummi Armeniacae10,0
Aquae purificatae ad 200ml
M.f. emulsum
D.S. Ішке 1-2ас қасықтан 1қабылдауға

Суспензиялар - Suspensiones- ұсақ бөлшектенген ерімейтін қатты дәрілік заттар.Сол күйінде қандай да бір сұйықтықта суда,глицеринде сұйық майларда болатын сұйық дәрілік қалып.

Суспензияларды рецептте жазу ережелері:

1.Қысқартылған түрде: .«Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде «Suspensionis» дәрілік зат аты бас әріппен ілік септігінде жазылады,концентрациясы % және жалпы мөлшері мл-мен көрсетіледі.Келесі жолда-D.S.

Мысалы: Rp.: Suspensionis Hydrocortisoni acetasis0,5%-10ml
D.S.көзге 2 тамшыдан күніне 3-4 рет

2.Толық түрдегі рецептте:»Rp.:» суспензиялардың құрамына кіретін барлық заттар және олардың мөлшері көрсетіледі ,содан соң M.f. suspesio жазылады ,келесі жолда D.S.

Мысалы: Rp.: Trishomoncidi 0,25

Olti Vaztlini ad 50ml
M.f. sushtsio Sterilisetur
D.S. 10мл-ден қуыққа енгізу үшін

Микстуралар - Mixturae- әртүрлі сұйық негіздерде бірнеше қаттызаттарды
еріту,араластыру арқылы алынатын сұйық дәрілік қалып.Микстуралар 3 не одан көп ингредиенттерден тұрады.Рецепт жартылай қысқартылған түрде жазылады,егер толық түрде жазғанда компонентердің барлығы мөлшері граммен жалпы мөлщерше дейінгі ертікіш жазылады,содан сон M.D.S.

Мысалы: Rp.: Coffeini natrii-benzoftis0,2
Natrii bromidi 0,25
Aquae purificatae ad 200 ml
M.D.S. 1ас қасық күніне 3 рет

Шырыштар - Mucilagines –тұтқыр жабысқақ сұйықтық,майдаланған құрамында шырышты заттары бар дәрілік шикізаттың сула тұгдыру немесе еріту әлісінен алынады.Күйгенде, ісінулерде қолданылады.Шырыштарға рецепт жазғанда Rp.: соң дәрілік зат аты ілік септігінде жазылады және мл-мен жалпы мөлшері көрсетіледі.Шырыштар мен қатар қышқылдарды, сілтілерді, спирттік ерітінділерді тағайындауға болмайды,себебі олар шырыштың консистенциясын өзгертіп жібереді.


  1. Замануи қатты дәрілік формалар, оларды қабылдау ережелері, оң сипаттамалары.


Қатты дәрілік қалыптар - қатты қасиетінің арқасында көлемі мен геометриялық формасы тұрақты болып табылатын дәрілік қалып түрі. Дәрілік қалыптардың қатты формасы қолданылуы мен сақтау ерекшелігі ыңғайлы, кең таралған дәрілік қалып.
Қатты дәрілік қалыптарға брикеттер, гранулалар, драже, капсулалар, қарындаштар, микрокапсулалар, ұнтақтар, пеллеттер, жинақтар, таблеткалар жатады.
Драже - қосымша заттардың микробөлшектеріне қантты шәрбаттарды қоса отырып, дәрілік затты қабаттармен жағып дайындалатын дозаланған қатты дәрілік қалып түрі.
Брикет - дәрілік затқа немесе ұсақталған дәрілік өсімдік шикізатына (немесе әртүрлі өсімдік шикізаттарының жинағына) қосымша заттар қоспай престеліп дайындалатын, ерітінді, тұндырма (тұндырмаға арналған брикет) және қайнатпа (қайнатпаға арналған брикет) дайындауға арналған дозаланған қатты дәрілік қалып.
Карамель - ауыз қуысында қолдануға арналған, құрамында жоғары мөлшерде қант болатын қатты дәрілік қалып түрі. Гомеопатиялық карамель құрамында гомеопатиялық дәрілік заттар болады.
Имплантат - денеге тері астына енгізуге арналған стерильді қатты дәрілік қалып, депо. Имплантаттарға имплант- таблеткалар, депо таблеткалар, тері асты капсулалары, имплант өзектер жатады.
Микрокапсулалар - полимерден немесе басқа материалдан жасалған жұқа қабықтан тұратын, шар тәрізді немесе басқадай пішінді, көлемі 1-ден 2000 мкм аралығында болатын, қатты немесе сұйық дәрілік заттардан жасалған капсулалар. Микрокапсулалар басқа дәрілік формалардың (капсула, ұнтақтар, жақпа майлар, таблеткалар мен эмульсиялардың) ақырғы өніміне кіреді.
Таблеткалар - қосымша заттар қосылып немесе қосымша заттарсыз, бір немесе бірнеше дәрілік заттардан тұратын, ұнтақтар мен гранулаларды престеу арқылы алынатын дозаланған қатты дәрілік қалып түрі.

Өз кезегінде таблеткаларды келесі белгілері бойнша жіктеуге болады:

  • дайындау әдісіне байланысты;

  • жабынның бар-жоғына байланысты;

  • дәрілік заттың дозасына байланысты;

  • қолдану аясы мен тәсіліне байланысты және т.б.




  1. Стерильді дәрілік формалар, олардың сипаттамалары, ерекшеліктері, инъекциялық дәрілік формаларды дайындау түрлері, дайындау орны.


Стерильді дәрілік заттарға жатады (Еуропалық фармакопея):

  • парентеральды препараттар;

  • көзге арналған препараттар (тамшылар, лосьондар, майлар, кремдер мен гельдер, көзге арналған кірістірулер);

  • ашық жараларды емдеуге арналған препараттар (сұйық препараттар, оның ішінде суару үшін, ұнтақтар және т.б.):

  • сыртқы қолдануға арналған стерильді препараттар (теріге жағу үшін);

  • стерильді дәрілік көбіктер (терінің ауыр зақымдануы мен үлкен ашық жараларды емдеуге арналған):

  • стерильді құлақ препараттары (жараларды емдеуге арналған, әсіресе тимпаникалық мембрананың перфорациясымен немесе операцияға дейін қолданылады): уретраны немесе жараларды емдеуге арналған таяқшалар;

  • стерильді мұрын препараттары;

  • өңдеу мен қолдану шарттарына сәйкес стерилділікті қажет ететін басқа препараттар, мысалы, ветеринарияда – ішілік (гамма ішіне, емізік каналына) гельдер және құрсақішілік енгізуге арналған стерильді препараттар.


Стерильділікке қойылатын талаптар организмге енгізілген жасушалар мен ұлпаларға да қолданылады. Парентеральды препараттар ең кең таралған, олар:

  • инъекциялық препараттар;

  • инфузиялық препараттар (сулы ерітінділер немесе эмульсин көп мөлшерде енгізіледі);

  • инъекцияға және инфузияға арналған концентраттар;

  • инъекцияға және инфузияға арналған ұнтақтар, оның ішінде лиофилденген өнімдер;

  • инъекциялық гельдер;

  • имплантаттар (парентеральды имплантацияға және ұзақ уақыт бойы белсенді затты шығаруға жарамды стерильді қатты препараттар).


  1. Стерильді дәрілік формаларды дайындауға арналған еріткіштер, олардың концентациясы, атаулары.


Күрделі еріткіштер құрамында этил спирті, глицерин, пропиленгликоль, макрогол 400, бензил бензоат, бензил спирті және басқаларын қолдануға болады.

Парентеральды қолдануға арналған дәрілік формаларды алу үшін қолданылатын еріткіштер «Бактериялық эндотоксиндер» немесе «Пирогенділік» көрсеткіштері бойынша фармакопеялық монография талаптарына сәйкес келуі керек.

Егер фармакопея монографиясында өзгеше көрсетілмесе, парентеральды қолдануға арналған дәрілік формаларды дайындауға арналған өсімдік майлары келесі талаптарға сәйкес келуі керек: 10 ° C температурада мөлдір, иіссіз немесе иіссіз дерлік және ащы иісі жоқ. Қышқыл саны 0,56 аспауы керек, сабындалу саны 185-тен 200-ге дейін, йод саны 79-дан 141-ге дейін болуы керек. Май қышқылдарының сұйық синтетикалық моно- және диглицеридтерін де қолдануға болады, олар 10-ға дейін суыған кезде мөлдір болуы керек. ° C және йодтың мәні 140 -тан аспайды. Инъекциялық немесе инфузиялық дәрілік формаларды дайындауға арналған концентраттар

Қолданар алдында концентраттар көрсетілген стерильді еріткішпен көрсетілген көлемге дейін сұйылтылады. Сұйылтудан кейін алынған ерітінді инъекцияға немесе инфузияға арналған дәрілік формаларға қойылатын талаптарға сай болуы керек.

Концентраттарға арналған «Мөлдірлік», «Түс» және «рН» индикаторлары бойынша сынақтар, егер фармакопеялық монографияда өзгеше көрсетілмесе, еріткіштегі сұйылтылған ерітіндіде және қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген концентрацияда жүргізіледі.


  1. Қандай таблеткаларды бөлуге болмайды және неге?


Мына таблеткаларды бөлуге болмайды:

  • Бөліктерге бөлу үшін арнайы қауіп-қатері жоқ таблеткалар;

  • Оңай ыдырайтын борпылдақ таблеткалар;

  • Ауыздың шырышты қабығын тітіркендіретін өткір дәмі бар таблеткалар;

  • Бірнеше белсенді компоненттері бар таблеткалар;

  • Тууды бақылау құралдары;

  • Химиотерапияға арналған препараттар;

  • Құрысуға қарсы немесе тамыр тарылтқыш дәрілер;

  • Ұнтақ немесе гель капсулалары.


Таблеткаларды бөлуге болмайтын себептері:

Біріншіден, егер таблетка бөлуге арналмаған болса, компоненттер біркелкі бөлінбеуі мүмкін, сондықтан жартысында нақты дозаны анықтау мүмкін болмайды. Әсіресе, дәрі-дәрмектердің бірнеше қолданыстағы заттар.
Екіншіден, кейбір таблеткалар арнайы қорғаныс қабығымен жабылған. Егер ол бұзылса, белсенді заттар қанға тез енеді және әсер дұрыс болмайды. Сонымен қатар, дәрі асқазан сөлімен жағымсыз реакция тудыруы мүмкін.
Үшіншіден, күн сәулесінің немесе жоғары ылғалдылықтың әсерінен бөліктерге бөлінген таблетка тез өз қасиеттерін жоғалтады.



  1. Қандай таблеткаларды ұнтақтау қажет және неге?


Қарапайым классикалық таблеткаларды ұнтақтауға болады. Олар кез-келген түсті болуы мүмкін, бірақ барлығы төртбұрышты жиектерге ие. Оларды ұсақтауға болатын тағы бір кеңес – бұл таблеткаларды сындыру қаупі бар. Ацетилсалицил қышқылы, аскорбин қышқылы, парацетамол – суыққа қарсы барлық классикалық дәрі-дәрмектер қауіпті, сондықтан оларды қолданар алдында суда ұсақтап, еріту керек және қажет.
Егер сіз осындай препаратты ерітіндіде ұнтақтайтын болсаңыз, онда ол, әрине, өзінің қасиеттерін жоғалтады және тіпті оның артық дозалануы мүмкін (егер препараттың күнделікті дозасы болса). Сіз тек қарапайым сығымдалған таблеткаларды ұнтақтай аласыз, ал кейде, мысалы, температураны төмендету үшін қолданылатындар ғана жақсы.

Тапсырма № 1.

Кестені толтырыңыз:

Грамм үлесі

Граммов мөлшері

1 сг

0.01гр

1 мг

0.001гр

1смг

0.0001гр

1дг

0.1гр

1дмг

0.0001гр

1мкг

1×10-6 гр

Қасық

Миллилитр мөлшері

1 шай

5мл

1 десерттік

10мл

1 ас

15мл

1 миллилитр

Тамшы мөлшері

спиртті-эфирлі ерітінді

0.1мл

Сулы ерітінді

0.05мл

Спирттік ерітінді

0.025мл

Тапсырма № 2.

Кестені толтырыңыз.

Тұндырмалар мен тұнбалар арасындағы негізгі айырмашылықтар.

Дәрілік формалардың сипаттамасы

Тұндырмалар

Тұнбалар

Алынуы

Қарапайым тұндырмалар
өсiмдiк шикiзатының бiр түрiнен алынады Күрделi тұндырмалар әртүрлi өсiмдiк
шикiзатынан, кейде дәрiлiк заттар қосу арқылы
алынады.

Суда жақсы еритін сұйытылған ыстық ерітінділерден,концентрлі ерітінділерден алынады.

Дайындалуы

 Тұндырманы 1:5 қатынасындай етіп жасайды. Яғни, 20 грамм шөпке – 100 мл спирт. Егер өсімдік уытты болса, онда 1:10 қатынасындай етеді. Тұндырманы бөлме температурасында, қараңғы жерде, жақсы жабылатын ыдыста сақтайды.

Тұндырманы өсімдік ұнтағына одан бес не он есе көп спирт құйып дайындайды. 7 тәуліктей тұруы тиіс.


Тұнбаны суық сумен де, ыстық сумен де дайындайды.

Суық сумен дайындау кезінде майдалап ыдысқа салынған өсімдіктікке қайнаған суық суды құю керек. 4-8 сағат тұндырады. Сосын тұнбаны дәкеден өткізіп барып ішеді. Ал ыстық сумен дайындау кезінде өсімдікке ыстық су құйып, 15-20 минуттай ыстық пештің үстіне қойып, суды қайнауға дейін жеткізбей дәкемен сүзіп алады.


Сақтау мерзімі

Тұнырмаларды қатты
тығындалған
бутыльдерде,
жарықтан таса жерде
15°С температурада
сақтайды, бiрақ, ол
(+8°)С төмен болмауы
керек, өйткенi,
тұндырмалар төмен
температурада тұнып,
қайтадан тұнба
түзіледi

Тұнба мен қайнатпа тез бұзылады, сондықтан күнде дайындап тұрған жөн. Әсіресе, жаз кезінде керек. Салқын жерде 2-3 тәуліктен артық сақтамайды.


Ішке қабылдау мөлшерлемесі

Емдік тәжірибелерде жеке препарат ретінде ішке және сыртқа , сондай-ақ микстура, тамшылар, жағылмалар, пластырлар құрамына енгізіліп отырады.

12 жастан ересектерге күніне 3 рет тамақтан кейін 4/1 стакан сумен қабылдау керек.

Тапсырма№ 3.

Есепті шығарыңыз:

1. Пайыздық концентрациясын анықтаңыз:

а). фурацилин ерітіндісі 1 : 5000;

1/5000= 0,0002

0,0002*100% = 0,02%

б). сынап оксицианиді ерітіндісі 1 : 10000;

1/10000=0,0001

0,0001*100%= 0,01%

2. 0,1% қатынастағы калия перманганаты ерітіндісініңпайыздықконцентрациясынанықтаңыз (1 : ?).

1*100/0.1=1000

1 : 1000

Екерту!Есептерді шығару үшін % концентрация дененіміз не,соныбілукерек

Пайыздық концентрация–дәрілік заттың (грамм) .......... еріткіште еріген мөлшері.

______________


написать администратору сайта