Главная страница

Сабпк. Физиология рубеж-2 3. 1) Нерв жне блшы ет рекет потенциалыны (П) реполяризациялы кезеі андай ионды озалыстара байланысты


Скачать 152.01 Kb.
Название1) Нерв жне блшы ет рекет потенциалыны (П) реполяризациялы кезеі андай ионды озалыстара байланысты
АнкорСабпк
Дата20.04.2022
Размер152.01 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаФизиология рубеж-2 3.docx
ТипДокументы
#486172
страница1 из 6
  1   2   3   4   5   6

1) Нерв және бұлшық ет әрекет потенциалының (ӘП) реполяризациялық кезеңі қандай

иондық қозғалыстарға байланысты:

СА2+ иондарына мембрана өткізгіштігінің артуымен;

+, СІ- иондарына мембрана өткізгіштігінің артуымен;

натрий иондарына мембрана өткізгіштігінің артуымен;

барлық иондарына мембрана өткізгіштігінің артуымен;

аниондарға мембрана өткізгіштігінің төмендеуімен
2)Медиаторлардың синапстық саңылаудан босауы пресинапстық мембрана өткізгіштігінің қандай иондарға артуымен байланысты:

Na+;

+Са++, АТФ;

К+;

Cl-;

А-.
3)Нерв орталығындағы суммация қандай болады:

толық және толық емес;

+уақытша және кеңістікті;

шеткі және орталықты;

оң және теріс;

қысқа және ұзақ.
4)Синапстан кейінгі (постсинапстық) тежелуге қатысатын тежегіш нейрондар қандай синапстар құрайды:

мультиполярлы;

+аксо-, сомалық;

дендро, -аксональдық;

дендро-, соматикалық;

дендро-, дендриттік.
5) Моторлы қыртыстан қаңқа еттеріне келетін импульстарды бақылауда мишықтың ролі қандай?

+қозғалыс актісіне «артық» бұлшық еттер тобының қосылуына тиым салады;

бұлшық еттер тонусын төмендетеді;

көз алмасының нистагм құбылысына тиым салады;

бұлшық етттер тонусын жоғарлатады;

бұлшық еттердің қажуына тиым салады.

6) Автомат градиенті нені білдіреді:

барлық түйіндердің және жүректің талшықты өткізгіш жүйесінің әр уақыттағы автоматиясын;

СА-дық түйіннен Пуркинье талшықтарына қарай автоматияның өсуі;

атриовентрикулярлық түйіндегі автоматияның өсуі;

+СА-дық түйіннен жүрек ұшына қарай автоматияның төмендеуі;

атриовентрикулярлық импульстің кешігуі.
7) Жүректің изометрлік жиырылуы кезеңінің соңында оң және сол жақ қарыншаларда қысым қандай болады, сәйкес түрде (мм.с.б.):

4-6 және 5-8 мм с.б.;

10-12 және 40-50 мм с.б.;

+15-20 және 70-80 мм с.б.;

25-30 және 110-130 мм с.б;

0-ге жуық және 25-40 мм с.б.
8) ЭКГ-ның Р тісшесі нені сипаттайды:

қозудың АВ-түйін арқылы өтуін;

қарынша аралық пердемен өтуін;

қарыншалар түбімен қозудың өтуін;

қарыншалардың толық қозуымен;

+қозудың жүрекшелермен өтуін
9) Жүрек тондарын тыңдау - аускультация әдісі арқылы болады. І - тон (систолалық) анық естіледі:

оң жақ 2-қабырға аралықтан;

сол жақ 2-қабырға аралықтан ;

оң жақ 4-қабырға аралықтан ;

+сол жақ бұғана ортаңғы сызығы 5-қабырға аралықтан және семсер тәрізді өсінді қасынан;

барлық аталған нүктелерден.
10) Ацетилхолин жүрекке қандай әсер етеді:

қозуды арттырады ;

өткізуді жақсартады;

+тахикардия тудырып, жиырылуды артырады;

брадикардия тудырып, жиырылуды бәсеңдетеді;

жүрек автоматиясын арттырады
11) Плазманың құрамындағы қандай заттар онкотикалық қысымды қамтамасыз етеді:

+белоктармен;

электролиттермен;

гормондармен;

медиаторлармен;

формалы элементтермен.
12) Ер адамдар қанындағы гемоглобин мөлшері (г/л):

80-85;

+130-160;

40-50;

150-160;

20-35.
13) Өкпенің тіршілік сиымдылығы дегеніміз не?:

екі өкпенің толық сиымдылығы;

тыныстық көлем + қалдық көлем;

тыныстың резервтік көлемдерінің қосындысы;

қалдық көлем + тыныс шығарудың резервтік көлемдері;

+тыныстық көлем + тыныстың резервтік көлемдері
14) Бүйрек шумағындағы сүзілістік қысымның орташа шамасы (мм.с.б.)

+20-25;

8-12;

45-50;

50-75;

0,5-1,0.
15) Ұйқы безі сөлінің құрамын атаңыз?

пепсин, трипсин, амилаза, липаза;

+липаза, химотрипсин, трипсин, амилаза;

энтерокиназа, амилаза, липаза;

энтерокиназа, пепсин, трипсин, липаза;

трипсин, мальтаза, пепсин, лизоцим
16) Белок диссимиляциясының ақырғы өнімдері:

+мочевина, зәр қышқылы, креатин, индикан;

көмір қышқыл газы, су;

аминқышқылдары;

аминқышқылдары, мочевина, су;

көмір қышқыл газы , креатин.
17) Жалпы зат алмасу неден құралады:

негізгі зат алмасу (НА) + жұмыстық зат алмасу;

4+НА + жұмыстық зат алмасу + тағамның арнайы динамикалық әсері;

терморегуляциялық энергия шығыны + жұмыстық зат алмасу;

физикалық белсенділіктің энергия шығыны + тағамның арнайы динамикалық әсері.

18) Қолтық асты және тік ішектегі температура (C о) қаншаға тең:

32.1-33; 39.0-40.0;

38.0-38.5; 35.0-36.5;

37.0-37.8; 36.1-36.8;

35.0-36.1; 38.0-38.7;

+36.5-36.9; 37.2-37.5
19) Мотивациялық қозу түзілуі алғаш пайда болады?

таламуста;

торлы құрылым (ретикулярлық формация);

+гипоталамуста;

үлкен ми қыртысында;

мишықта.
20) Көздің торлы қабатында қандай фоторецепторлар бар?

родопсин және опсин;

пигментті клеткалар;

иодопсин;

+таяқшалар, сауытшалар;

биполярлы клеткалар.
21) Қандай жағдайларда химиялық гемолиз байқалады:

қаны бар ампуланы мықты шайқағанда;

+эритроцит қабығын бұзғыш заттар әсерінен;

қанды мұздатып және еріткенде;

сәйкес келмейтін қан тобын құйғанда;

гипотониялық сұйықтықта.
22) Белоктың калориялық коэффициенті неге тең:

9,3 ккал

+4,1 ккал

5,5 ккал

4,8 ккал

3,5 ккал
23) Дене температурасының тәуліктік максимальды ауытқуы:

кешкі сағат 21-23;

+күндізгі 16-18 сағат;

түнгі 01-02 сағат;

таңғы 03-04 сағат;

ертеңгілік 9-10 сағат.
24) Жұлын мотонейрондарының синапстан кейінгі тежелу медиаторы:

гамма-аминмай қышқылы;

ацетилхолин;

норадреналин;

+глицин;

гистамин.

25) Ацетилхолиннің мускарин тәріздес әсерін қандай затпен тежеуге болады:

ганглиблокаторлар;

моноаминооксидаза;

+атропин;

холинэстераза;

ацетилтрансфераза.
26) Экстрасистола дегеніміз:

СА-түйін ритмінің өсуі;

АВ-түйін ритмінің өсуі;

АВ-түйін ритмінің азаюы;

қарыншалар қызметінің артуы;

+эктопиялық қозу орталығы әсерінен болатын кезектен тыс жиырылу.
27) Адам сілекейінің негізгі ферменттері?

+амилаза, мальтаза;

амилаза, липаза;

липаза, энтерокиназа;

амилаза, пепсиноген;

энтерокиназа, мальтаза.
28) Қанның ұю процесінің бірінші фазасында не болады?

тромбиннің түзілуі;

+ткандегі және қандағы протромбиназаның түзілуі;

фибриногеннің фибринге айналуы;

фибринолиз;

қандағы белсендіруші заттардың түзілуі.
30) Жетілмеген белоктар, бұл:

құрамында майда еритін витаминдері бар белоктар;

құрамында барлық ауыспайтын амин қышқылдары бар белоктар;

+құрамында бір немесе бірнеше амин қышқылдары жетіспейтін белоктар;

құрамында А, Д, Е, К жоқ белоктар ;

кулинарлы өңделмеген белоктар.
31) Күші 2 реобазаға тең тітіркендіргіштің әсерінен байқалатын қозудың минимальды уақыты қалай аталады:

пайдалы уақыт;

+хронаксия;

рефрактерлік кезең;

лабильдік қасиеті;

қозғыштық.
32) Егер соңғы нейрон деңгейінде афференттік импульстер соңғы жалпы жол үшін таласқа түсетін болса, мұндай рефлекстер қалай аталады:

соматикалық;

вегетативтік;

+қарама-қарсы (антогонистік);

одақтас;

шартты.
33) Жүректің автоматиялық бейімділігі дегеніміз:

жүрекшелердің қанға толғаннан жиырылуы;

жүректен тыс нервтердің әсерінен қозуы;

сыртқы тітіркендіргіш әсерінен қозбауы;

+сыртқы әсерсіз жүректің өзінде пайда болатын қозу;

қарыншалардың қанға толғаннан жиырылуы.

34) Ер адамдар қанындағы эритроциттер мөлшері (1012):

+4,0-5,1;

1,5-3,7;

2,7-3,0;

7,5-8,0;

3,5-3,8.
35) Талдағыштың шеткі бөлімі қандай қызмет атқарады:

ақпарат қабылдау және талдау;

+ақпараттың мәнін өзгертпей түйсіну және таңбалау;

ақпаратты таңбалау және өңдеу;

ақпаратты анализдеу және синтездеу;

барлық жауап дұрыс.
36) ЭЭГ әдісі, бұл:

+ми нейрондарының жинақы белсенділігін тіркеу;

мидың терең орналасқан құрылымдары белсенділігін тіркеу;

жеке нейрондардың электрлік белсенділіігн тіркеу;

ми құрылымдарын визуальды (көріп) бақылау;

шеткі рецепторларды тітіркедіру кезіндегі мида пайда болатын потенциалдарды тіркеу
37) СА-түйін жүрек соғу жиілігінің келесі ритмдерін береді (имп/мин):

15-20;

30-40;

90 -120;

+60-80;

40-50.
38) Қанның ұю процесінің екінші фазасында не болады?

+тромбиннің түзілуі;

ткандегі және қандағы тромбопластининнің түзілуі;

фибриногеннің фибринге айналуы;

фибринолиз;

қандағы белсендіруші заттардың түзілуі.
39) II - қан тобының құрамында қандай агглютиногендер бар?

ОВ;

ОО;

+ОА;

АВ;

ВВ.
40) Оң азоттық баланс дегеніміз:

өндірілген (синтезделген) белок ыдыраған белоктар мөлшеріне тең;

тәуліктегі организмге түсетін азот шығарылатын азот мөлшерінен аз;

+тәуліктегі организмге түсетін азот шығарылатын азот мөлшерінен көп;

тәуліктегі организмге түсетін және шығарылатын азот мөлшерінен теңдігі;

организмдегі белоктар синтезінің өсуі.
41) Тіл ұшы сезімтал:

ащыға;

тұзды дәмге;

қышқылға;

қышқыл және тұзды дәмге;

+тәттіге.

42) Фибриногеннің қызметі:

+фибриннің түзілуіне қатысады, плазмадағы І - фактор;

қан ұюына қатысады, ткандегі 3 - фактор;

фибринолиз процесіне қатысады;

проконвертиннің белсенділігіне қажет;

тромбоцитарлық гемостазды бастайды.
43) Жылу өндірімді аталған гормондардың қайсысы күшейтеді?

инсулин;

СТГ;

+тироксин;

минералокортикоидтар;

глюкагон.
44) Шумақтық сүзілістің көлемі қандай факторларға тәуелді және алғашқы несептің тәуліктік мөлшері қанша?

+гидростатикалық қан қысымы, белоктардың онкотикалық қысымы, бүйрекішілік қысым; 150-180 л дейін;

гидростатикалық қан қысымы, осмостық қысым: 100 л дейін;

белоктардың онкотикалық қысымы, осмостық қысым: 250 л дейін;

осмостық қысым, бүйрекішілік қысым: 80 л дейін;

онкотикалық қысым, түтікшелер жүйесіндегі гидростатикалық қысым.
45) ЭКГ-ның S-тісшесі нені бейнелейді:

қозудың АВ-түйін арқылы өтуін;

қарынша аралық пердемен өтуін;

+қарыншалар түбімен қозудың өтуін;

қарыншалардың толық қозуымен;

қозудың жүрекшелермен өтуін.
46) Нерв-ет синапсы арқылы қозуды өткізуде қандай медиатор қатысады?

адреналин и норадреналин (НА);

дофамин;

гистамин;

серотонин;

+ацетилхолин.
47) Аш ішектегі қозғалыс түрлері:

перестальтикалық, антиперестальтикалық;

маятник тәрізді, ырғақты бунақтану, антиперистальтикалық;

тонустық, антиперестальтикалық, ырғақты бунақтану;

+маятник тәрізді, бунақты, тонустық, перистальтикалық;

антиперистальтикалық, маятник тәрізді.
48) Постсинапстық тежеуші потенциальдың (ПСТП) пайда болуы неге байланысты?

мембрана өткізгіштігі Na + және Ca++ иондары үшін артуына;

мембрана өткізгіштігі Mg++ және Mn++ иондары үшін артуына;

мембрана өткізгіштігі К+ және СІ- иондары үшін азаюына;

+мембрана өткізгіштігі К+ және СІ- иондары үшін артуына;

барлық иондарға мембрана өткізгіштігінің жоғарлауына.
49) Жас адамдар үшін дыбысты есту жиілігі қанша?

10 - 20 Гц;

+16000 - 20000 Гц;

100 - 160 тыс. Гц;

20 - 16000 Гц;

1 - 50 Гц.

50) ЮГА клеткалары қандай гормон бөледі?

окситоцин;

вазопрессин;

адреналин;

соматотропин;

+ренин.
51) Терінің қандай арнамалы рецепторлары ауырсыну тітіркендіргіштерді қабылдайды?

Руффини денешіктері;

Краузе сауытшалары;

+бос нерв ұштары;

Мейснер денешіктері;

Меркеля дискілері.
52) Көз аккомодациясы дегеніміз не?

заттардың анық көрінуі сақталатын аралық;

циллиарлы бұлшық еттердің жиырылу себебінен көз бұршағының жазылуы;

цилиарлы бұлшық еттердің жиырылу себебінен көз бұршағының ұлғаюы;

+көздің әртүрлі қашықтағы нәрселерді айқын көруін қамтамасыз ететін көз бұршағының жарық сындыру күшінің өзгерісі;

цилиарлы бұлшық еттердің түйілуі.
53) Қанның ұю процесінің үшінші фазасында не болады?

тромбиннің түзілуі;

ткандегі және қандағы тромбопластининнің түзілуі;

+фибриногеннің фибринге айналуы;

фибринолиз;

қандағы белсендіруші заттардың түзілуі.

Факультативті реабсорбция нефронның қай бөлімінде жүреді?

Генли тұзағының өрлеу бөлігінде;

проксимальды каналда;

Генли тұзағының құлдыраушы бөлігінде;

бүйрек шумақтарында;

+дистальды иірімді канальдарда, жинаушы түтікшеде.
55) Миеленді нерв талшықтарының бойымен қозудың өтуі:

рецептордан жүйке орталығына қарай;

мембрана бойымен үздіксіз электротондық жолмен;

жүйке орталығынан жұмысшы мүшеге қарай;

қозғалтқыш нейроннан сезгіш нейрондарға ;

+бір үзілістен келесі үзіліске секірмелі түрде
56) Альфа-1 адренорецепторларының орналасу орны және оның тітіркендіру кезіндегі әсерлері:

қаңқа еті, жүрек, бронхтар, жатыр тамырларында, тежейді;

+тері мен асқорыту жүйесінің тамырларында, қоздырады;

миокардта - белсендіреді;

адренергиялық синапстың пресинапстық мембранасында - тежейді;

холинергиялық синапстың постсинапстық мембранасында- қоздырады.
57) Қандай тамырлар қан ағысына ең үлкен кедергі тудырады?

капилярлар;

+артериолалар;

аорта және ірі артериялар;

веналар;

венулалар.
58) Перифериялық қандағы нейтрофилдерің % -тік қатынасы:

0-1 %;

13-37%;

+47-72%;

0,5-5%;

3-11%.
59) Зат алмасудағы белоктардың негізгі физиологиялық маңызы?

антитоксикалық;

қорғаныштық;

энергетикалық;

+пластикалық;

гомеостатикалық.
60) Зат алмасудағы көмірсулардың негізгі физиологиялық маңызы?

антитоксикалық;

қорғаныштық;

+энергетикалық;

пластикалық;

гомеостатикалық
61) АДГ қайда пайда болады және гиалуронидазаның пайда болуына қалай әсерін тигізеді?

эпифизде - белсендіреді;

аденогипофизде - белсендіреді ;

нейрогипофизде - тежейді;

аралық гипофизде - тежейді;

+гипоталамуста (супраоптикалық ядрода) - белсендіреді.
62) Тыныштық күйде қарыншалар систоласының ұзақтығы (с):

0,08 - 0,25;

+0,3 - 0,33;

0,05 - 0,12;

0,09 - 0,16;

0,1 - 0,2.
63) Астың арнайы- динамикалық әсері дегеніміз тамақтанудан кейінгі:

негізгі алмасудың (НА) төмендеуі;

+НА күшеюі;

ішек тамырларының кеңеюі;

дене температурасының көтерілуі;

қарынның босаңсуы (релаксация).
64) Кезбе нервін қоздырғанда жүректе туындайтын әсерлер:

жүрек жиырылу жиілігінің төмендеуі және күшеюінің артуы;

жүрек жиырылу жиілігінің мен күшеюінің артуы;

+жүрек жиырылу жиілігінің төмендеуі және күшінің әлсіреуі;

жүрек жиырылу жиілігі мен күші өзгермейді;

жауаптардың барлығы дұрыс.

65) ЭКГ-ның Т тісшесі нені сипаттайды:
+миокардтағы МП-дың қайта қалыптасуын;

қарынша аралық пердемен қозудың өтуі;

қарыншалар түбімен қозудың өтуі;

қарыншалардың толық қозуын;

жүрекшелермен қозудың өтуі.

66) Ас қорыту процесіндегі секретиннің ролі қандай?

қарын сөлінің бөлінуінің қоздырады;

+ұйқы безі сөлінің бөлінуін күшейтеді;

сілекей бөлінуін қоздырады;

қарын және ішек сөлінің бөлінуін қоздырады;

өт бөлінуін тежейді
67) Қай фазаның болуы СА-дық түйіндегі ӘП-ның ерекшелігін сипаттайды ?

рефрактерлік;

латенттік (жасырын);

+баяу диастолалық деполяризация;

жедел деполяризация;

гиперполяризация.
68) Қандағы тромбоциттер мөлшері (Xх109):

+180 - 320;

250 - 400;

400 - 500;

300 - 400;

400 - 600.
69) Тыныс коэффициентінің (ТК) шамасы неге тәуелді?

оттегінің жылулық эквивалентіне;

тыныстық көлем шамасына;

тыныстың минуттық көлеміне;

+рациондағы қоректік заттардың ара қатынасына;

негізгі қөректік заттардың жылулық коэффициентіне.
70) Синапстық саңылауындағы норадреналиннің ыдырауы (гидролизі) ненің әсерінен өтеді:
  1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта